Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тезистерi және оларға дайындалуға арналған әдiстемелiк нұсқаулар

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. C. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша І курс студенттеріне арналған дифференциальды сынақтың тест сұрақтары.
  4. D) ертикальды және горизонтальды
  5. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  6. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  7. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  8. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  9. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  10. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.

Тақырып№1. Статистика ғылымының ұғымы, мақсаттары

Статистика әдістері

Жоспар:

Статистиканың ұғымы және оның салалары

Статистика пәні және міндеттері

Статистикалық әдістер және оның әдістемелері

 

Қазіргі кезде статистика белгілі бір қоғамдық құбылыстың сандық жағын білдіретін таным саласы ретінде қолданылады. Статистиканың мұндай мағынада қолданылуын, ерте уақыттармен байланыстыруға болады. Ерте кездердің өзінде-ақ, көптеген патшалықтарда нақты құбылыстардың санын білу туралы қажеттілік болған. Алғашқы уақыттарда статистика ретінде мемлекеттің жағдайы, яғни мемлекет туралы зерттеу жұмысы алынса, кейінгі уақыттарда, қоғамда кен таралған құбылыстардың санын жинақтау ретінде қолданылды. Ал қазіргі уақытта статистика-қоғамға жаппай таралған, саны көп құбылыстарды зерттейтін жеке ғылым саласы ретінде бағаланады.

Кез келген мемлекет өзінің басты міндеттерінің бірі ретінде, өз аумағындағы барлық қозғалысты, өмір тіршілігін бақылап отыруды көздейді. Ол бакылау - сол мемлекет қоғамындағы барлық салаларға таралады. Нәтижесінде, мемлекет мүддесіне сәйкес келетін немесе сәйкес келмейтін кейбір жағдайлардың беті ашылады. Мысалы, бұрынғы уакыттармен салыстырғанда қылмыстылықтың көп тіркелуі, мемлекетке бұл орайда тиісті шараларды қолдануға негіз болады.

Статистика — тек қана коғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейтін таным болып табылады. Қоғамдык құбылыстар ретінде, белгілі бір уақыттарда пайда болатын және белгілі бір уакыттарға дейін өмір сүре алатын болмыстарды түсінуіміз керек. Қоғамдық құбылыстар қоғамдағы қозғалысты білдіретін, ал кейбір түрлері бойынша қоғамды дамытуға немесе әлсіретуге себепші болатын болмыстардан құралады. Қоғамдық құбылыстарға халықтың өсуі немесе олардың арасындағы өлімнің деңгейі, өрт, көлік апаттары, жұмысшылардың еңбек өнімділігінің деңгейі т.б. жатады. Міне осы тәріздес қоғамдық құбылыстардың ішіндегі елеулі, маңызды деген түрлерінің саны мемлекетті немесе халықты қызықтыруы мүмкін. Қоғамдық кұбылыстар тек белгілі бір коғамдық ортада, яғни қоғам бар жерде ғана кездесе алады. Қоғам болу үшін, ол жерде оны қоз-ғалысқа итермелейтін коғам мүшелері яғни жан-жақты болып көріне алатын адамдар немесе субъектілер тобы болуы керек. Қоғамдық орта жоқ жерде қоғамдық құбылыстар пайда бола алмайды. Әйтсе де, статистиканы адамның қатысуы болған жерлерде ғана қолданылады екен деп түсінуге болмайды. Статистика - табиғат көзінің бір түрі деп санауға болатын жан-жануарлардың да сандық жағын өз зерттеуінің объектісі ретінде ала алады. Сонымен, статистика - ең алдымен қоғамдық құбылыстарды, оның сандық жағын зерттейді деп түсіну керек. Егер белгілі бір құбылыс қоғамдық кұбылыс ретінде бағаланбаса немесе қоғамдық құбылыстың қатарына жатпаса, ондай құбылыстар статистиканың зерттеу объектісіне жатпайды.

Статистика — қоғамдық құбылыстың мағынасын, мәнін, яғни түсінігін зерттейтін таным саласы емес. Кез келген қоғамдық кұбылыстың түсінігін, мәнін, мазмұнын ашуға, оны зерттеуге болады. Бірақ бұл статистикада емес, сол құбылыстың түрін арнайы зерттейтін ғылымда жүргізілетін жұмыс. Мысалы, экономикалық құбылыстардың түрлері, олардын түсінігі, экономика немесе соған ұқсас таным түрлерінде ашылады. Немесе қылмыс деген ұғымның не екенін, оның түсінігін, қылмыстың түрлерін қылмыстық құқық ашады. Яғни статистика қоғамдық құбылыстар түрлерінің мағынасын ашумен айналыс, бірден дайын түсінікті қолданады. Статистика қоғамдык құбылыстардың сандық жағын зерттейді дедік. Әрбір қоғамдық құбылыс белгілі бір уақытта белгілі бір аумақта өз себептеріне қарай пайда болатындықтан, олардың саны болады. Мысалы, перзентханада бір адам дүниеге келді десек, бұл құбылыстың саны біреу, ал бір күнде он сәби дүниеге келсе, ол мекемедегі осы құбылыстың саны 10 болады. Статистика осындай құбылыстардың санын ала отырып, оларды осы ғылымда белгіленген әр түрлі есептеу тәсілдеріне алады. Әр түрлі есептеу тәсілдеріне алу дегеніміз, статистиканың қызмет, көрінісі болып саналатын, қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттеу болып табылады. Қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттеу — статистиканың өзіне ғана тән, тек осы ғылым саласында ғана кездесе алатын негізгі қызметі деп түсіну керек.

Статистика — қоғамдық құбылыстардың сандық жағын белгілі бір уақытқа және кеңістікке (аумаққа) қарай зерттейді дедік. Бұл сөздің мағынасын мынандай қарапайым мағынада түсіну керек. Зерттеуге алынатын құбылыстың түрі қоғамдық құбылысқа жататындықтан, ол құбылыстар белгілі бір уақытта және кеңістікте ғана пайда бола алады. Кез келген пайда болған құбылыс белгілі бір уақыттың, яғни белгілі бір жылдың, айдың, күннің еншісіне жатады. Мысалы, өрт уақиғасы болғанда, ол нақты бір күндері ғана пайда бола алады. Сол болған өрт уақиғасы кейінгі статистикалык мәліметтерде белгілі бір айдын, жылдың көрсеткішіне кіреді. Сондай-ақ кез келген қоғамдық құбылыс белгілі бір аумақта ғана жасалады. Жоғарыда келтіріп отырған өрт уақиғасы аумағы бойынша белгілі бір облыстың, ауданның жерінде ғана бола алады және сол жердегі осындай уақиғаның санын білдіреді. Кұбылыстар жер үстінде ғана емес, аспанда, жер астында жасалсын, бәрібір ол жердің ауа кеңістігі, жер асты белгілі бір мемлекеттің аумағына жатады. Яғни, пайда болған уақиғаның міндетті түрде саны болса, оның пайда болу уақыты мен аумағы да міндетті түрде болады. Статистикада сан, сапасыз болуы мүмкін емес, олар бір медальдің екі жағы іспеттес. Егер бір заттын бір жағы болса, оның екінші жағы да міндетті түрде болады, сол тәрізді қоғамдық кұбылыстардың пайда болу уақыты болса, ол тек нақты бір аумақта ғана пайда бола алады. Бұл екі ұғымды да бір медальдың екі жағына теңестіруге болады. Яғни бұл ұғымдар бірінсіз бірі кездеспейді.

Статистикалық есепке, зерттеуге алынатын құбылыстардың саны қашан да көптеп кездеседі. Себебі ол құбылыстар, сол қоғам үшін үйреншікті, кен таралған, кездесуге мүмкіншілігі бар құбылыстар болып саналады. Егер ол құбылыстың сол ортада пайда болуға мүмкіншілігі елеулі болса, онда ол құбылыстың саны ай, жыл сонында жүздеп, мыңдап саналады.

Статистика дегеніміз қоғамдық өзгермелі құбылыстардың сандық жағын (сапасымен байланыстыра отырып) арнайы тәсілдерді қолдану арқылы зерттеп олардың сандық жағын бейнелейтін және сандық жағындағы заңдылықтарды ашатын ғылым саласы болып табылады.

Статистика салаларға бөлінеді. Әлеуметтік-қоғамдық кұбылыстар адамзаттың әр түрлі қажеттіліктерін камтамасыз ету мақсатында пайда болды. Мұндай қоғамдық кұбылыстардын қарапайым саласы халықтың өз отбасынан керінсе, оның жоғарғы денгейі, адам мен мемлекеттің ортақ мүдделерін, қажеттіліктерін білдіретін және қоғамның жұмыс істеуін көрсететін салаларға дейін көрінеді. Мемлекет бұл қоғамдық құбылыстар салаларының айрықша түрлеріне мән беріп, олардың сандық сипаттамасын анықтау барысында жұмыстар жүргізеді. Себебі, қоғамдык құбылыстардың айрықша түрлері қоғам мен мемлекеттің өмір сүруіне, дамуына әсер ете алатын жағдайлар деп танылады. Қоғамның ор салалығына байланысты салалық статистикалар пайда болып, олардың негізгі міндеті, өз салалары бойынша халық пен мемлекетті қажетті сандық мәліметтермен қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан, әр түрлі статистика салаларын келтіруге болды. Мысалы демографиялық, денсаулық сақтау, өрт, көлік, әскери, ауыл шаруашылығы статистикалары. Кейбір қоғамдық құбылыстардың мағынасы өзара ұқсас болған жағдайда оларды бір статистика саласына жатқызуға болады. Бірақ мұндай кезде өзара ұқсас құбылыстар мағынасы, қызметі, ролі бойынша бәрібір ерекшеленіп, нақты салалық статистиканың жүйесін кұрайды. Мысалы экономикалық қызметтің әр алуан нысанда іске асырылуына байланысты, экономикалық статистикаға жататын, бірақ жекеше де алатын бірнеше статистиканың түрлерін келтіруге болады.

Бұл статистика салаларының бір бірінен айырмашылығы, олардың зерттеу объектісінің түрінде. Мысалы, демографиялық статистика халықтың тууы мен қайтыс болған адамдардың, сондай-ақ көші-қон бойынша келген және басқа елге кеткен адамдардың сандық мәліметін жүргізсе, ал әскери статистика тек әскери салада ғана кездесе алатын уақиғаларды (мысалы әскерге шақырылым жүргізу кезіндегі денсаулығы жарамды адамдардың саны туралы мәліметтер) тіркеуге алады және оның мәліметтеріне қарай тиісті жоспарлар, шаралар белгілейді.

Салалық статистикалардың барлығы да статистиканың жалпы теориясында қарастырылған қағидаларды, құралдарды және есептеу тәсілдерін басшылыққа алып міндеттерін орындайды.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 60 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав