Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

OSI Эталондық моделі

Читайте также:
  1. Бейбітшілік моделі. Рим клубы
  2. Визначення та моделі стилю керівництва.
  3. Дослідження залишків побудованої моделі на адекватність
  4. ЕКОЛОГІЧНІ МОДЕЛІ
  5. Захист прав на винаходи, корисні моделі і промислові зразки
  6. Лекція 4. Моделі представництва інтересів.
  7. Лінійні регресійні моделі в програмах обробки ЕТ
  8. Математичні моделі, вимоги до математичних моделей та їх класифікація
  9. Математичні та фізичні моделі Землі.

Екі түрлі құрылғының бірегей жұмыс істеуі үшін әр құрылғының жұмысын қанағаттандыратын келісім керек. Келісім ережеге сай стандарт түрінде жазылады. Бір-бірімен тығыз байланысты тапсырмалар мен проблемаларды шешуді қажет ететін желідегі құрылғылардың байланысы күрделі процесс болып табылады. Әдетте күрделі проблемаларды жеке дара бөліп қарау керек. Әрбір бөліктегі проблеманы шешу қарапайым болып саналады. Барлық бөліктегі проблемаларды шешу қойылған тұтас проблеманы шешуге мүмкіндік береді. Қарастырылған төмендегі модель операциялық жүйелер принципі бойынша жасалған.

50 жылдары стандарттаудың халыкаралық ұйымы ISO стандарттаудың басқа да ұйымдарының қолдауымен ашық жүйелердің байланыс моделі ОSІ моделін жасады. Компьютерлер арасындағы мәлімет алмасуда ОSІ моделі негізгі модельдердің біріне айналды. ОSІ моделі операциялық жүйе іске асыратын жүйелік утилиттердің, аппараттық құралдардың жүйелік байланыс құралдарын сипаттайды. Модель соңғы қолданушының байланысын сипаттамайды. ОSІ моделі байланыс құралдарын жеті деңгейге бөледі.

Әр деңгей салыстырмалы түрде тәуелсіз. Әрбір деңгей моделі басқа деңгей моделдеріне ешөзгерілместен оңай ауыстырылады. Әрбір деңгей желі құрылғыларының нақты анықталған байланыс функцияларын сипаттайды. Барлық деңгейлер қандай-да бір деңгейде қорытылған сұранысты өзінен кейінгі деңгейге беретін иерархиялық жүйені құрайды. Өңделген сұраныс нәтижесі жоғарғы деңгейге беріледі. Қолданбалық деңгей басқа компьютерге берілетін, компьютерде хабар түрінде жұмыс істейтін сұранысты қабылдайды. Физикалық деңгей дайындалған мәліметтеді физикалық сымдарға жіберумен айналысады. Екі деңгей арасындағы байланысты сипаттау үшін интерфейс деп аталатын келісім немесе ереже орнатылады. Интерфейс бір деңгейден көрші деңгейге көрсетілетін кызметтер жиынын аныктайды. Мәлімст алмасу процесінс екі компьютер қатысады. Компьютерлердің байланыс прроцесі бірдей деңгейлердің байланыс процесі түрінде көрсетілуі мүмкін. Бірдей деңгейлер арасындағы мәлімет форматын анықтайтын ереже протокол деп аталады. ОSІ моделіндс протоколдар екі типке бөлінеді. Сымдарды бір-бірімен жалғауды орнату

протоколы мәліметтер алмасу алдында компьютерлер арасында анықталған параметрлер байланысының орнатылуын кажет етеді. Дейтаграммалық протокол арқылы мәліметтер желіге жалғауды алдын ала орнатпай-ақ жіберіледі. Әрбір деңгей өз деңгейіндегі протокол мен көрші деңгейдегі интерфейстерді өңдейді. Желі байланысын ұйымдастыру үшін жеткілікті протоколдар жиыны коммуникацинлық протоколдар ағыны деп аталады. Деңгейлер арасында алмасатын ақпаратгар блогы стандартты форматга болады, яғни тақырыбы, қызметші ақпарат, мәліметтер, аяқтаушы ақпарат. Акпараттар блогын беруде әрбір деңгей төменгі деңгейлерді өзінің тақырыптарымен қамтамасыз етеді. Жоғары жатқан деңгей тақырыптарын төменгі жатқан деңгейлер акпараттар блогы ретінде қабылдайды. Әрбір деңгейде ақпарат белгіленген функцияға сәйкес өңделеді, яғни мәліметтер шифрланады. Төмендегі деңгейден ақпараттар блогы алынған соң ағымдағы деңгейдің такырыптары мен басқа да қызметші ақпаратгар кетіріледі. Мәліметтер өңделеді, демек мәліметтер кайтга шифрланады (дешифруются). Бүл уақытта тақырыптар жоғарғы деңгейге түскен мәліметтерде деболады.

Физикалық деңгей. Физикалық денгейде мәліметтер берілетін, физикалық байланыс арнасы, әрбір байланыс орнатылған разьем типтеріндегі электрлік сигналдар сипаттамасы аныкталады. Физикалық деңгей физикалық арналар бойынша берілетін ақпараттар битінің алмасуын сипаттайды. Компьютерде физикалық деңгей функциясы желілік адаптер арқылы орындалады.

Арналық деңгей. Арналық деңгей екі тапсырманы іске асырады. Бірінші мәселе — мәлімет жіберілетін ортаның мүмкіндігін анықтау болып табылады. Бұл мәселе дәл бір уақытта байланыс арнасы бір компьютермен жұмыс істеген жағдайда, желідегі мәліметтердің бөліну ортасын шешеді. Екінші мәселе — қарастыру механизмдері мен қателерді түзеуді анықтайды. Мәліметтер алмасу кадрлар деп аталатын арнайы бір бөліктермен іске асырылады.

Әр кадрға кадрды белгілеу үшін басына және соңына белгілі бір рет бойынша бит, жіберуші-компьютер адресі, қабылдаушы-компьютер адресі қосылады. Сонымен қатар кадрларды жіберуде қатесіздігін тексеруді кажет ететін, есептеуіш қадағалаушы сумма қосылады. Табылғн қатені тек кадрды қайта жіберу кезінде түзету мүмкін болады.

Компьютерлерде арналық деңгей протоколдары желілік адаптерлермен және олардың драйверлерімен іске асырылады.

Жергілікті желілерде қолданылатын арналық деңгей протоколдары белгілі бір топология бойынша желілерге арналып шығарылады. Топология — бүл төбелері желі компьютерлері немесе коммуникациялык кұрылғылар болатын, ал олардың арасындағы физикалық байланыс қабырғалары болатын құрылымдық граф.. Комппьютерлер желі тораптары деп аталады.

Арналық деңгей протоколдары мынадай топологиялармен: «сақина», «жүлдызша», «жалпы шина» және аталған топологиялар негізінде арнайы коммуникациялық құрылғылармен (көпірлер, коммуникаторлар) жұмыс істей алады.

Арналық деңгей протоколдарын, бүкіләлемдік желіде жеке байланыс сымдарымен жалғанған екі компьютер арасында мәлімет алмасуда қолдану мүмкіндігі шектеулі. Әртүрлі желідегі соңғы тораптар арасында мәлімет алмасуды, келесі желілік деңгей мүмкіндіктері іске асырады.

Желілік деңгейде, бірегей транспорттық жүйе құру үшін соңғы тораптар арасындағы мәліметтер алмасудың әртүрлі принциптерін, әртүрлі топологиядағы желілерді біріктіру сұрақтары шешіледі. Мұнда желі жай ғана компъютерлерді біріктіріп қоймай, сонымен қатар арналық деңгейлердегі моліметтердің алмасуын қолданатын типтік технологияның бір-бірімен біріктірілуін де қамтамасыз етеді. Желілік деңгей желі арасында мәліметтер алмасу сұрақтарын шешеді. Мәліметтер алмасу пакеттер деп аталатын бөліктермен іске асырылады. Әрбір пакет компьютер адресінен бөлек, жіберуші ретіндс сондай-ақ кабылдаушы ретінде де желілік адреспен камтамасыз етіледі.

Желілерді біріктіру үшін желі арасындағы топологиялар жайлы ақпарат жинайтын маршрутизатор колданылады. Мәлімет алмасу топтары әртүрлі желілердегі соңғы тораптар арасында транзиттік алмасу керек болатын аралық желілерде болуы мүмкін. Осыған орай пакет маршрут құратын бірнеше маршрутизатордан өтеді. Мұндай маршрутизатор бірнешеу болуы мүмкін. Маршрутизаторға иек артатын желілік деңгейдің негізгі мақсаты ең ұтымды маршрутты тандау мәселесі болып табылады. Таңдау критерилері мынадай болуы мүмкін: пакет алмасу уақыты, алмасудағы сенімділік. Желілік деңгейде желі арасындағы ақпарат ағымдарын ретке келтіру, әртүрлі технологиялардың келісімділік сұрақтары шешіледі. Желілік деңгейде протоколдар екі түрге бөлінеді. Бұлар желі арқылы пакеттердің жылжуын қамтамасыз ететін желілік протоколдар. Оларға маршруттық ақпарат алмасатын маршрутизаторға көмек беретін маршрутизатор протоколдарын жатқызуға болады. Протоколдың екінші түрі — жергілікті желі адресіндегі желілік деңгейде қолданылатын торап адресін өңдеуге жауап беретін рұқсат протоколы.

Транспорттық деңгей. Транспорттық деңгейде қателерді (пакеттердің қосарлануы, закымдануы, жоғалуы) табу мен түзету, мәлімет алмасудағы сенімділікті қамтамасызету сұрақтары шешіледі. ОSІ моделі сенімдіділігі бойынша сапалы қызмет көрсететін сервисгің бес класын аныктайды. Сервис кластарын таңдау жоғары деңгейлі косымшалар мен протоколдарды ғана емес, сондай-ак төменгі деңгейлермен (желілік, арналық, физикалық) қамтамасыз етілетін сенімділік деңгейіне де байланысты болады. Егер байланыс арналарының сапасы мысалы, отандық телефон сымдары, одан да сапалы құралдарды таңдауды қажет етсе, онда мәлімет алмасуда сенімділікті қамтамасыз ететін транспорттық деңгейдің анағүрлым дамыған сервисін қолдану әрине ақылға қонымды болар еді. Транспортгық деңгей мен одан жоғары протоколдар желілік жүйенің компоненттерімен және желі тораптарыныц программалық мүмкіндіктерімен іске асырылады.

Сеанстық деңгей. Сеанстық деңгейде ұзақ мәліметтер алмасуда орнатылатын арнайы қадағалау нүктелерін, мүмкін болатын ақаулар кезінде бастапқы емес, соңғы қадағалау нүктелеріне жіберетін синхрондау

мүмкіндіктері іске асырылады. Сеанстық деңгей соңғы тораптар арасындағы сұхбатты басқаруды қамтамасыз етеді. Әдетте сеанстық деңгейдің жеке протоколдары қолданылмайды. Оның функциялары қолданбалы деңгейдің протоколдарында жүзеге асырылады.

Өкілдік деңгей. Өкілдік деңгейінің функциялары бір жүйенің колданбалы деңгейінен алынған мәлімеітерді қажет кезінде басқа жүйенің қолданбалы деңгей формасына өзгертуімеи ереккшеленеді. Осы деңгейде мәліметтерді кодтау және әртүрлі синтаксистік таңдаулар жүзеге асырылады. Өкілдік деңгейінде сондай-ақ өкілдік деңгейінің барлық кызметтері үшін мәлімет алмасудағы құпиялылық қамтамасыз етіледі.

Қолданбалы деңгей. Қолданбалы деңгей протоколдары қолданушының желінің бөлінген ресурстарын (файлдар, принтерлер, факстер. сканерлер. гипертекстік беттер) пайдалану

мүмкіндігін камтамасыз етеді. Оларға электрондық. почта протоколдары басқа да ұйымдастырылған жұмыстардың протоколдары жатады. Бұл деңгейдің протоколдары акпарат бірлігі ретінде хабарларды (сообщение) пайдаланады.

 




Дата добавления: 2014-12-23; просмотров: 209 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав