Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

WWW –сервердің функциялары

Читайте также:
  1. Аппараттық терминалдарды конфигурациялау. Терминал драйверінің арнайы символдары мен функциялары.
  2. Аржы функциялары, қаржы бойынша екі концепцияның мазмұны
  3. Арым-қатынастың функциялары.
  4. Лттық банктің мақсаты және функцияларына сипаттама беріңіз
  5. Мемлекеттік несиенің функциялары мен түрлері
  6. Трансұлттық банктердің рөлі мен функцияларын атап, олардың мағынасын ашыңыз
  7. Цехты басқару құрылымы және басқару функциялары

WWW –сервер құрастыру үшін арналған программалық жасақтамалар тізімі өте үлкен. Бұл серверлердің құрылымы мен конфигурациясы әртүрлі болғанымен, ортақ мәселер де аз емес. WWW –сервер орнату кезінде пайда болатын негізгі каталогтарды қарастырайық.

Конфигурация каталогы. Бұл жерде сервердің жұмысшы сипаттамаларын анықтайтын файлдар орналасады. Бұл каталогтың желі үшін маңызы зор болғандықтан оны өзгертуге рұқсат етілген адамдар саны өте шектелген.

Администратордың саймандық каталогы. Бұл каталог сервердің администраторы пайдаланатын утилиттерден тұрады. Бұл жерде енуді басқару программалары, криптографиялық кілттер генерациялары және іздеу индекстері қалыптастырылады.

Операцияларды тіркеу файлдарының каталогы (LOG файлдар). Бұл жерде серверге кірудің барлық процедуралары,сонымен қатар, болатын қателер мен тоқтатылулар тіркеледі.

CGI каталогы. Бұл каталогта интерактивті есептер орындауға және мәліметтер базасына кіруді ұйымдастыруға қажетті, оның ішінде динамикалық өзгерістері болатын құжаттарды қалыптастыру үшін пайдаланатын CGI-скриптер орналасады.

Сонымен қатар, бұл жерде администратор-программистке серверге өзінің жеке функцияларын қосуға, яғни оның мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Құжаттар каталогы (құжаттардың түбірлік каталогы). Бұл каталог сервердің құжаттар каталогының иерархиялық ағашының негізін құрайды.

 

WWW -клиенттердің екі түрін келтіруге болады: web-браузерлер және қызметтік қосымшалар.

web-браузерлер www-мен тікелей жұмыс жасау және одан информациялар алу үшін пайдаланылады.

Қызметтік web-қосымшалар сервермен кейбір статистикалық мәліметтер алу үшін немесе ондағы информацияларды индекстеу үшін хабар алмасады. (осы жолмен информациялар іздеу жүйелерінің мәліметтер базасына түседі.). Бұдан басқа қызметтік web-клиенттер де бар. Олардың жұмысы осы берілген серверде информацияларды сақтаудың техникалық жағымен байланысқан.

Программа-клиент www-серверден алатын құжаттар көп жағдайларда арнайы бір тілде жазылған текстік файл түрінде болады. Ол тілді, html (HyperText Markup Language, бөлудің гиперстекстік тілі) деп атайды. Бұл тіл келісімдер жиынынан тұрады. Осы келісімдерге сәйкес текстік файлдарға оның форматталуы мен браузердің терезісіндегі сыртқы бейнесін анықтайтын белгі қойылады. Дәл осы html тілінің келісімі бойынша құжат авторларына оған суреттер мен бейнелер кіргізуіне және web-кеңістігінің басқа ресурсрына гипертекстік сілтемелер жасауға мүмкіндік береді.

Әрине, клиент серверден тек қана текстік файлдар ғана сұрамайды, сонымен қатар графиктік суреттер, аудио- и видеомәліметтер және тағы сол сияқты басқалар - былайша айтқанда, гипертекстік сілтеме көрсете алатын кез-келген рсеурсты сұрай алады.

Таңдаған сілтемені талдай отыра, клиент оған сәйкес протокол көмегімен информациялық серверге қосылады да өзіне қажетті информацияларды ала алады.

UrL – ресурстардың әмбебап локаторы.

world wide web сервисі Internet-тің информациялық серверлерінде орналасқан файлдарды адрестеу үшін UrL (Uniform resource Locator, Универсальный локатор ресурсов) пайдаланады. UrL-адрес құрамында протокол аты (ол бойынша http, gopher ресурстарына ену жүзеге асырылады), сондай – ақ сервер және ондағы сақталып отырған файл адрестері болады.

Internet-тің UrL-адресінің форматы төменде келтірілген (квадратты жақшада адрестің қажет емес элементтері де көрсетілген):




Дата добавления: 2014-12-23; просмотров: 91 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав