Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақша - тауардың жалпы эквиваленті

Читайте также:
  1. B) Ақшалай
  2. B. Банк жүйесінен тыс қолма қол ақша мен ағымдық шоттардағы қаражаттар
  3. C. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша І курс студенттеріне арналған дифференциальды сынақтың тест сұрақтары.
  4. D) Қолқа қақпақшасының жеткіліксізігі
  5. G. Халықтан салынымдар бойынша ақша алу арқылы ағымдағы шоттар бойынша өз міндеттемелерін өсірсе
  6. I. Жалпы ережелер
  7. Lt;variant> ҚР кедендік шекарасы арқылы өтетін тауардың сапалық құрамын зерттеуді жүргізу
  8. Lt;variant>Жалпы эквиваленттік пен абсолютті ликвидтілікке ие ерекше тауар.
  9. Ақша айналыс заңы

 

Ақша кез келген тауар құнын бiлдiретiн ерекше тауар ролiн атқарады. Осыдан қелiп ақшаның жаппай өктем күшi пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнiн К.Маркс "индивид өзiнiң қоғамдық билiгiн де, қоғаммен байланысын да өзiнiң калтасына салып жүредi" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын қөрiнедi:

Бiрiншiден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар коғамдық еңбектiң нәтижесi екенiн анықтауға болады. Мы­салы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуi арқылы қоғамдық еңбеқтiң сапалық деңгейi айқындалып, сандық есебi жүргiзiледi.

Екiншiден, әр адамның еңбектегi, яғни қоғамдық өнiмдегi үлесiн де ақша арқылы анықтауға болады. Себебi адамның қоғамдық еңбектегi үлесiн жалақы ретiнде алғанда ақша төлем құралы қызметiн атқарғаны.

Үшiншiден, айырбас процесiнде ақшаның делдалдық етуiмен тауардың iшкi қайшылықтары да шешiледi. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкiл тауарлар тұтыну кұндары түрiнде айырбас қатынасының бiр жағында тұрады да, ал екiншi жағында бүкiл тауарларға қарсы құннын тұлғасы ретiнде ақша қарсы тұрады.

Тауарлар дүниесiнiң тауар және ақша болып екiге бөлiнуi оның тұтыну құнымен құнының, яғни тауардың iшкi қарама-карсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткенi, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының бiреудiң қажетiн өтеуге керек болғандығы. Бұл бiр жағынан, ал екiншi жағынан оның құнының бар екендiгi дәлелденгенi.
Сатылған құн ендi ақша түрiнде тауар өндiрушiнiң қолына түседi. Сөйтiп, тауар өндiрушiге түскен ақшаның мөлшерiне карай өз өндiрiсiне басқа кез келген қажеттi тұтыну құнын алуға мүмкiндiк туады.

Қорыта айтқанда, құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша - тауардың жалпы эквивалентi болуы тауар өндiрiсiнiң ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемi қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуiне жол ашты.

Тауар өндiрiсiнiң тарихи даму барысында ақшаның ролiн әр түрлi тауарлар атқарды. Әрбiр тауарлы өндiрiс тауардың жалпы эквивалентiн пайдаланды. Қоғамдық еңбектiң бiрiншi iрi белiнуi нәтижесiнде малшы тайпалары пайда болып, олар айырбас кұралы ретiнде малды қолданды. Оның нақты түрi жергілiктi жердiң жаратылысына байланысты әр түрлi болды. Мысалы, далалық жерлерде тауардың жалпы эквивалентi
ролiн жылкы, өгiз немесе кой атқарса, шел және шөлейт жерлерде - түйе қысы ұзақ тундрада бұғы атқарды. Ақшаның айырбас кұралы қызметiн мал атқаруы әр халықтардың ауыз әдебиетiнде сақталғаны соншалық, кейiн металдан соғылған ақшаны да мал атауларымен атаған. Мысалы, латын сөзi "пекус" "мал", ал "пекуня" - "ақша"; үндiлердiң ақша өлшемi "рупия" "рупа" - "мал" деген сөзден шыққан.

Қазiргi кезде көп қолданылып жүрген "капитал" деген сөздiң шығу тарихы да мал атауымен байланысты көрiнедi, өйткенi ескi герман тiлiнде меншiгiнде көптеген мал басы болса, оның байлығын "капитал" деп атаған.

Кейiнiрек қолөнер кәсiбi дами бастаған кезде әр түрлi
халықтардың айырбасқа қолданған алғашқы тауары сирек кездесетiн аңдардың терiсi болған. Ертедегi скандинавтар мөлшерi әр түрлi тауарларды сатып алғанда оларды түлкi, сусар, бұлғын терiлерiне айырбастаған. Сiбiр халықтары айырбаста бұлғынның терiсiн қолданса, ал құндыздың терiсi
Солтүстiк Америкада жүрген. Сондай-ақ терi ақшаларын
Моңғолияда және Тибет пен Памир тауларының етегiн мекендеген халықтар кең пайдаланған. Ертедегi Русьте сусар терiсi айырбастың басты құралы болған. Оған дәлел мынандай мысал - 1610 жылы қарсыласының жаулап алған орыстың әскери кассасында күмiс 5450 рубль және терiден жасалған 7000 рубль болған екен [31;2.].

Ал теңiздердiң жылы жағалауын мекендеген тайпалар айырбас құралы ретiнде теңiзден шығатын қабыршақты (раковина) қолданған. Тарихта қабыршақтан жасалған әшекей бұйымдарының бiраз атаулары сақталған. Солардың iшiнде ең көп тарағаны ақшыл сары түстi, үлкендiгi түймедей -
каури деп аталатыны. Әшекей ретiнде жiпке тiзғен каури Үндiстанда, Қытайда, сол сияқты Африканың Шығыс жағалауында және Цейлон мен Филиппин аралдарында ең алғашқы ақша ретiнде жүрген. Ал Америка үндiстерi кабыршақ ақшаны терiден тiгiлген белбеуге өрнек немесе
аңдар мен құстардың бейнесiн салып қолданған.

Қабыршақ ақша материалының ең бiр орнықты формасы болып келдi. Себебi XX ғасырдың 70-жылдарының бас кезiне дейiн Соломоновтар аралдарындағы ақша айналымында қабыршақ ақшаның үш түрi: ең арзаны - курила (қара), галиа (ақ) және ең қымбаты - ронго (қызыл) жүрген.

Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде кұлдарды пайдаланған. Мысалы, бiр құл үш сыйырға, алты бұзауға, он екi қойға теңгерiлген.

Қолөнер кәсiбiнiң жетiлуi ақша эквивалентiн де жетiлдiрдi. Оңай бөлiнетiн, бiр-бiрiне оңай бiрiгетiн, ұзақ сақталатын және бiртектес эквивалент тауарлар, яғни өсiмдiк 27,5%-ке жоғары. Әлемдегi соғыстан кейiн екiншi рет алты құрамы жоғарылаған жалғыз валюта осы кеңестiк руслиа. Осыған сәйкес оның шетел валюталарына қарағандағы бағамы өзгердi: 1 АҚШ доллары 0,9 сомға тең (бұрынғысы 4 сомға), 1 фунт стерлинг - 2 сом 52 тиынға (бұрынғысы 11 сом 20 тиынға) және с.с.

Сөйтiп, рубльдiң жаңа алтын құрамы рубльмен көрсетiлген алтынның ресми әлемдiк бағасын тауарлар бағасымен теңестiрiп, сыртқы сауда мен мемлекеттiк бюджеттiң арасындағы күрделi қайта есеп айырысу қажеттiлiгін жойды.

 

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 70 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав