Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ық ұғымы мен белгілері

Читайте также:
  1. A) вакуумдық электрондық шамдарға
  2. A) Заттар немесе мүліктік құқықтар
  3. A) мақсаттық басқару
  4. A) Меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке іске біреудің араласпауын
  5. B) ауылдық корпорациялар
  6. B) ауылдық корпорациялар
  7. B) Соттық тәртіппен
  8. B. Банк жүйесінен тыс қолма қол ақша мен ағымдық шоттардағы қаражаттар
  9. C) Функционалдық жабдықтау
  10. C)& иықтың үш басты бұлшыќ еті, шынтаќ

7 Шишкин И.Ф. Метрология, стандартизация и управление качеством. – М.: Изд-во стандартов, 1990.

8 Основы стандартизации и контроля качества. / Под ред В.В. Ткаченко - М.: Издательство стандартов, 1981.

ДӘРІС

 

Ық теориясының негіздері

 

Дәріс мақсаттары:

1. Мемлекет, құқық және мемлекеттіқ құқықтық негізгі ұғымдармен таныстыру

2. Құқықтық тәрбие

 

ЖОСПАР

 

1. Құқық ұғымы мен белгілері

2. Құқық функциялары (қызметттері)

3. Құқықтық нормалардың ұғымы және тұрлері (құрылымы)

4. Құқықтың қайнар қөздері (негіздері)

5. Құқық бұзушылық ұғымы, белгілері, түрлері

6. Құқықтың қағидалары

 

СӨЖ

1. Құқықтық жауапкершіліқ ұғымы және тұрлері

2. Құқық қатынастары: ұғымы, тұрлері

3. Құқықтық саңа және құқықтық мідениет

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері - Алматы: 2004. -

2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 2001

3. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері Астана, 2001

4. Ашитов З.О, Б.З. Ашитов ҚР құқық негіздері: Оқу құралы. – Алматы:

Жеті Жарғы, 2003. – 296 б.

5. Айтжан Б.Е., Хусаинова А.М. Рим құқығы: Оқу құралы. – Алматы:

«Жеті Жарғы», 2005. –80 б.

6. Төлеугалиев Ғ.И. ҚР Азаматтық құқығы: Жоғару оқу орындарына арналған акад.

курс. I-том. - Алматы; «Жеті Жарғы», 2001. – 376 б.

7. Сапаргалиев Г. С. ҚР Конституциялық құқық: акад. курс. 2-басылымы. - Алматы:

«Жеті Жарғы», 2004. – 480 б.

8. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. –Алматы: Заң

әдебиеті. 2004. – 106 б.

 

НҚА:

1. ҚР Конституциясы А., 1995

2. ҚР Қылмыстық кодексі А., 1997

3. ҚР Азаматтық кодексі А., 1994; 1999

4. ҚР Әкімшііліқ кодексі А., 2001

5. ҚР «Еңбек кодексі А., 2007

6. ҚР «Неке және отбасы туралы» заң А., 1999

ық ұғымы мен белгілері

Біріншіден заң ғылымында «құқық”ресми түрде танылған жәке және заңды түлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, адам өмір сүруге, еңбек етуге, кәсіпкерлікпен шығылдануға құқығы бар. Заңды түлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.

Субъективтік (тұлғалар) құқық- тұлғалардын мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мұмкіндіктері.Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен қейін азамат оқұ орнының ішқі тәртібіне бағынуға, оқұ бағдарламасың орындауға міндетті.

Екіншіден «құқық» дегеніміз нормативтіқ құқықтық ақтілерде белгіленген нормаларың жиынтығы. Бұл объективтіқ мағынадағы құқық себебі олардың жасалуы жәке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтық мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады.

Үшіншіден, «құқық” термині оқу пәннін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, қылмыстық құқық, енбеқ құқығы.

Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мұліқтіқ және мұліқтіқ емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Құқықтын жалпы әлеуметтіқ мәнің мойындай отырып оған мынандай анықтама беруге болады.

Құқық (объективтіқ тұргыдан қарағанда) – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қүшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, занда және басқа да ресми қүжаттарда анықталган құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.

Жалпы алғанда құқық дегеніміз – мемлекет белгілеп мақулдаған жалпыға міндетті мінез-құліқ ережелерінін (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі онын нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.

Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп, тиянақталған онын)түпқазық бастауларында, негізгі қағидаларында ашылады. Оларға жататындар: саяси биліқтың халықтың атынан жүзеге асуы, меңшіқтың дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі; демократизм, интернационализм, гуманизм, формалды анықталған заңдық нормалар жүйесі..

Құқық - қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз ететін, жалпыға міндетті, формалды анықталған заң нормалардың жиынтығы.

 

Құқықтың белгілері:

1. нормативтіқ сипаты;

3. формальды анықтылық;

2 жүйелілігі;

4. Мемлекеттің қушіне сүйенуі (мемлекетпен байланыстылығы); 5. Жалпы міндеттіліқ сипаты 6. Рәсәмділігі

2. Құқықтың фунциялары (қызметттері)

Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау.

Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысың, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.

Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, құқықбұзушылықтарға тыйым салу.

1. статистикалық - реттеуші 3. бағалау қызметі

2. динамикалық – реттеуші 4. қоргауші қызметі

3. Құқықтық нормалардың ұғымы және тұрлері (құрылымы)

Құқықтық норма дегеніміз мемлекет таныған камтамасыз еткен қоғамдық қатынастарға араласып тұсушілердің құқықтары мен міндеттерің туындататың олардың әрекеттерің үлгі эталон өлшем есібінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже.

Құқық нормалары – мемлекеттіқ және қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар, барлық азаматтар орындауға міндетті мемлекет белгілеген және бекіткен мінез-құліқ ережелері

Құқықтық норма – заңға сәйкес келетің мінез, жүріс-тұрістың айырымдылық белгісін білдіреді. Оның қзі заңмен қөзднлген істің шешімің табуға мұмкіндіқ береді. Әрбір құқықтық норманың үш элементі болады: гипотеза (жорамалы); диспозиция (мазмұны, өзегі); санкция.

Гипотеза (жорамалы) – құқықтық норманы қолдау немесе қолданбау үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екеннің қөрсететің құқықтық норманың болшегі. Мысалы, егер адам іс-әрекет жасаса ғана заң бұзышы жауапка тартылады.

Диспозиция – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екеннің құқықтың норманың болшегі. Диспозиция-құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі.

Санкция – құқықтық норманың қорытынды бөлігі, диспозициядағы әрекетті жасағаны үшің немесе әрекетсіздігі ұшін жауапкершілік өлшеміне ие. Бұл мінез-құліқ ережесін сақтамаудан немесе құқық нормасы белгілеген шектен шығып кетуден болатын салдар.

4. Құқық бастаулары (негіздері)

Заң ғылымында «құқық негіздері» дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін ресми түрде бекітілген жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жигері.

Әдетте құқық негіздері 4 тұрге бөлінеді:

1. құқықтық әдеттер; 2. сот прецеденті (ұлгілер),

3. құқықтық келісім-шарттар; 4. нормативтык - құқықтық актілер (НҚА).

Құқықтық әдеттер – қоғам өмірінен шыққан адамдардын қарым-қатынасын реттейтін ресми тұрде беітілген әдет-ғұрыптар («Жеты жарғы», «Қасым ханның қасқа жолы»,).

Құқық прецеденті (ұлгілер) – жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім тқменгі мемлекет органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады (АҚШ, Англия, Үндістан, Австралия).

Құқықтық келісім-шарттар – екі, немесе көп жақтытың өз еркінімен жасалған, ресми түрде бекітілген келісім (халықаралық келісім - шарттар).

Нормативтык-құқықтық актілер (НҚА) – мемлекеттіқ органдар ресми тұрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, акт. (ҚР Конституциясы).




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 74 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав