Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Меншік құқығының ұғымы

Читайте также:
  1. A) Меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке іске біреудің араласпауын
  2. E) Меншік иелерінің әл-ауқатын арттыру
  3. G) Актив пен меншік капиталдың пайдасы мен табыстылығына жету
  4. Ақпарат ұғымы. Ақпарат қасиеттері.
  5. Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері, мәселелері, қасиеттері.
  6. Ажеттілік ұғымының мәнін ашатын анықтамалар: Адамның мәдени, рухани мұқтаждықтары
  7. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  8. Азаматтық құқық ұғымы, пәні, әдісі
  9. Алгоритм, оның ұғымы, қасиеттері.
  10. Аржы ұғымы және қажеттігі, оның табиғаты

ҚР Азаматтық құқық кодексы (188 -бабы) бойынша меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Иелену құықғы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заңмен қамтамасыз етілуі

Пайдалану құқығы – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудын,сондай - ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеу мүмкіндігің заңмен қамтамасыз етілуі.

Меншік иесі өзінің мүлкін сақтауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан әрекет етпеуіне тыйым салуына хақысы бар. Егер құқықтары бұзылып жатса, онда затты қайтарып алуға, қалпына қелтіруге, келген залалдың орнын толтыруға құқылы. Меншік құқығының мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте қөзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.

Меншік иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік құқығының қалай жүзеге асырады өзі шешеді. Бірақ қоғамдық игілікке қарсы келмеуі керек. Демек, қоғамдық маңызы бар объектіні пайдаланғанда, меншік иесі тек өзінің ғана емес, қоғамның да мүддесін ойлауына тура келеді.

Меншік құқығының нысанары мен түрлері

ҚР Конституциясының (6-бабы) бойынша ҚР мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

ҚР Азаматтық кодекске сәйқес - жеке (191-бап) және мемлекеттік (192-бап) болады.

Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық болып екіге бөлінеді.

Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйқес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. (республикалық бюджет қаражаты алтын-валюта қоры мен алмаз қоры жер, табиғи ресурстар жатады).

Коммуналдық меншік жергілікті казынадан және заң құжаттарына сәқес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. (жергіліқті бюджет қаражаты).

Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару органдарының қарауына жатады деп делінген.

Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің органдары мен мемлекеттік заңды тұлғалары арқылы басқарады.

Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіқтерінің меншігі ретінде көрінеді. Заң кұжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтың жекелеген мүлік жеке меншікке болуы мүмкін. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.

Меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшіліқ-аумақтық бөліністер, заңды тулғалар мен азаматтар бола алады.

ДӘРІС

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Дәріс мақсаттары:

1. Еңбек құқығының негізгі ұғымдармен таныстыру

2. Құқықтық тәрбие

 

ЖОСПАР

1. Еңбек құқығының ұғымы пәні және әдістері

2. Еңбек құқығының қайнар көздері

3. Еңбек құқығының қағидалары

4. Жеке еңбек шарты

 

 

СӨЖ:

1. Еңбек даулары

2. Жұмыс және демалыс уақытының ұғымы, түрлері

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері А., 2004

2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері А., 2001

3. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері Астана, 2001

4. Ашитов З.О. ҚР құқық негіздері А., 2003

 

 

НҚА:

ҚР «Еңбек туралы” заң

«Кәсіптік одақтар туралы»; «Ұжымдык шарт туралы»; «Еңбекті корғау туралы»




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 67 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав