Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. lt;question2>Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы....

Анкетаның сұрақтары үш негізгі топқа бөлінеді:
1. Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады;
2. Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады;
3. Аралас сауалдар, бұл бірінші және екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде жауаптары да жазылады, бұлармен қатар «Басқасы не екенін көрсетіңіз?» - деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді.
Анкеталық сұрақтардың түрлері түсінікті болу үшін мысалдар келтірейік:
1. Ашық сұрақ: «Қазақстандық газеттердің қайсысы халықаралық жағдайлар туралы сауатырақ жазады?». Мұнда алдын ала сұрақ – жауабының тізімі берілмеген, сондықтан жауап беруші жауапты өзі әзірлеуге міндетті болады;
2. Жабық сұрақ: «Сіздің болашақ мамандығыңызды таңдауға ықпал жасаған кім?» - ата – анам, мектептегі ұстаздарым, жолдастарым, болашақ мамандықты өзім таңдадым;
3. Аралас сұрақ: «Сіздің пікіріңізше нарықтық экономикаға көшу жастарға не береді?» - материалдық жағдайды жақсартады, материалдық жағдайды нашарлатады, жұмыссыздықты көбейтеді, жұмыс орнын кеңейтеді. «Сізді қазір қандай әлеуметтік проблемма қатты толғандырады?». Қалған жауаптарды өзінің жазыңыз.

Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.

Социологиялық зерттеу — методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.

Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады:

- зерттеуге дайындық;

- бастапқы ақпаратты жинақтау;

- жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау;

- өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.

Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).

Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның құрылымдық кезеңдері жөнінде біршама тұтас түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі талдау объектісі — үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.

Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады.

Социологиялық зерттеу бағдарламасы – ғылыми құжат, әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және барлық бөлімдері бір тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды қолданудан тұрады. Зерттеу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің негізделуі мен тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері кіреді.

Бағанадан тұратын кесте сызыңыз, сол жақ бағанада берілген әлеуметтанулық зерттеу әдістерін жазыңыз: анкета, сұхбат, бақылау, фокус топ, эксперимент. Осы әдістердің сипаттамасын оң жақ бағанаға толтырыңыз.

Әлеуметтанулық зерттеу әдістері Сипаттамасы
анкета Зерттеушінің жауапшымен (респондент) анкета арқылы контактыға негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуіндегі әлеуметтік өлшеуіштің бірден-бір кеңінен тараған тәсілі. Кез-келген анкетаның үш құрамдас бөлігі: кіріспе, мазмұндық және қорытынды бөлімдері болады. Сұрақтар түзу анкета жасаудың ең күрделі кезеңі: оның алдында зерттеудің негізгі ұғымдарын эмпириялық тұрғыдан анықтау, әрқайсысына анкета сұрақтарының бір, не бірнешеуі сәйкес келетін эмпириялық индикаторларды іріктеп алу процедурасы өтеді.
сұхбат Әлеуметтану зерттеуінің сауалдау тәсілі, әлеуметтанушының алдын ала әзірлеген жоспары бойынша қайсыбір адаммен немесе адамдар тобымен мақсатты әңгімелесу формасы, оларға қойылған сұрақтарға қайтарылған жауаптар әлеуметтік ақпараттың бастапқы қайнар көзі қызметін атқарады. Әлеуметтік сұхбат жүргізгенде сұхбат алушы социолог пен сұралушы арасындағы байланыс тікелей болады. Сұхбат мынандай түрлерге жіктеледі: Формальді сұхбат, Жартылай формальді сұхбат, Формальді емес сұхбат. Жеке және телефондық болып бөлінеді. Жеке сұхбат, өз кезегінде, пәтердегі сұхбатқа және көшеде сұхбатқа бөлінеді. Сұхбат жүргізушінің міндеті сұхбатты ұйымдық жағынан дайындау, қажетті сұралушыларды табу, оларды зерттеуге қатысуға шақыру.  
бақылау Бақылау өзінің әр түрінде зерттеушіге сандық, сол сияқты сапалық, кейде екеуінің бір жиынтығында ақпарат береді. Ұйымдастыру жағдайы бойынша далалық және лабораториялық бақылау бөлініп шығады. Жүйелілігі бойынша бақылау жүйелі, эпизодтық және кездейсоқ болуы мүмкін. Бақылау әдісінің қолдану аясы айтарлықтай кең - маркетингтен бастап ғылым социологиясына дейін, кіші топтарды зерттеуден бұқаралық сана мен жүріс-тұрысты зерттеуге дейін болады.
фокус топ Зерттелетін объект жөнінде ақпарат алу мақсатындағы топтық пікір алысулар. Фокус-топтар құрамы (6-дан 12-ке дейінгі әрбір адам) зерттелетін жиынтық ішіндегі пікірлер, көңіл-күй, қажеттіліктер, талғамдар айырмашылығын барынша көрсету үшін іріктеп алынады. Топтар ішінде жасы немесе білім деңгейі бойынша үлкен айырмашылықтарға жол берілмейді. фокус-топты іріктеп алу рекруттеу деп аталады.
эксперимент Эксперимент дегеніміз – әртүрлі факторлардың әсер етуі нәтижесінде әлеуметтік обьектінің қызмет көрсеткіштерінің өзгеруі туралы мәліметтер алу әдісі. Әлеуметтік эксперимент элементтерінің жиынтығы және олардың байланысы эксперименттік жуйе деп аталады. Әлеуметтік эксперимент құрылымының негізгі элементтері мыналар: 1. Эксперимент жүргізуші;2. Экспериментальды факторлар; 3. Экспериментті жағдай; 4.Экспериментальды обьект

О.Конттың ғылымға енгізген ұғымдарын таңдап алыңыз және сипаттама беріңіз: арнайы орта деңгей теориясы, әлеуметтік іс-әрекет, аномия, идеалды тип, жүйе, функция, стратификация.

Огюст Конт (August Conte) (1798 - 1857) - француз философы, социологы, ғылым методологы, социологияның ғылым ретінде негізін салушы, философиядағы позитивтік мектебін құрушылардың бірі

Адамзат тарихында Конт бірнеше тамаша афоризмдердің авторы болып қалды, олар мыналар: “Тәртіп және прогресс”, “Болжай алу үшін білуің керек, бір нәрсе істеу үшін болжай алуың керек”, “Бір нәрсе істеу үшін білуің керек, іс-әрекет жасау үшін ойлау керек”, “Басқалар үшін өмір сүру”, “Жарық күнде өмір сүру”, “Махаббат принцип сияқты, тәртіп негіз сияқты, прогресс мақсат сияқты болсын”, “Біз алмастыратын нәрсені ғана қиратамыз”.

Конт шығармашылығын үш кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең (1819 - 28), Сен-Симонмен бірге қызмет істеген уақытына сәйкес, алты шағын бағдарламалық шығармалардың жеке еңбектердің басылуымен сипатталады. Кейін Конт бұл шығармаларды қосымша ретінде өзінің “Позитивті саясат жүйесінің” ІV томына қосады. Жеке еңбектерінде ол “анархия” күйінде тұрған адамзат интеллектуалды және әлеуметтік мәжбүр болып отырған реформаларды жүзеге асыру принциптері мен жолдарын көрсетеді.

Екінші кезең (1830 - 42) - бұл алты томдық “Позитивті философия курсы” жасалып, басылып шыққан кемелденген кезең. Бұл кезде Конт позитивистік дүниетанымның философиялық және ғылыми негіздерін зерттеді.

Үшінші кезең, Конт шығармашылығының қорытынды кезеңі 40-жылдардың екінші жартысынан басталады. Бұл кезде төрт томдық “Позитивті саясат жүйесі немесе Адамзат дінін орнықтырушы социологиялық трактат” (1851 - 1854), “Позитивтік катехизис” (1852) және “Субъективті синтез” (1856) жасалды. Осы уақытта Конт “субъективті” көзқарас пен “субъективті” тәсілге баса көңіл бөледі. Оның ілімінде бірінші орынға “жүрек” ұғымына кірген адамзаттық және әлеуметтік өмірдің эмоционалдық факторлары шығады. Басты объектіге сәйкес, оның назарына адамның эмоционалды қажеттіліктеріне (мораль мен дін) жауап беретін институттар ілінеді. Теориялық көрініс ауысады: егер “Курста” Конт әлеуметтік заңдардың “табиғи” сипатын, оларды тану және оларға бағыну қажеттілігін көрсетсе, ендігі жерде, керісінше, “субъективті” көзқарасқа сәйкес әлеуметтік дүниені адам сезімінің, ерік-жігері мен қызметінің жемісі ретінде қарастырады. Сонымен қатар бұл кезеңде ол тек ғылым рөлінде емес, басқа рөлдерде де (жаңа діннің моралисі, пайғамбары және бірінші попы, саяси-әлеуметтік жобалардың авторы) алға шығады.

Адамзат тарихында Конт бірнеше тамаша афоризмдердің авторы болып қалды, олар мыналар: “Тәртіп және прогресс”, “Болжай алу үшін білуің керек, бір нәрсе істеу үшін болжай алуың керек”, “Бір нәрсе істеу үшін білуің керек, іс-әрекет жасау үшін ойлау керек”, “Басқалар үшін өмір сүру”, “Жарық күнде өмір сүру”, “Махаббат принцип сияқты, тәртіп негіз сияқты, прогресс мақсат сияқты болсын”, “Біз алмастыратын нәрсені ғана қиратамыз”.

33. О.Конт қоғам дамуының 3 сатысын атап көрсетті: теологиялық,...... Сатыларын жалғастырыңыз және әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасаңыз. Конт жүйесінде позитивті ойлау орнын - өзінің ашқан басты жаңалығы деп есептейтін атақты “үш саты” немесе “үш жағдай” заңымен байланысты түсінуге болады. Осы заңға сәйкес, жеке адам, қоғам және адамзат жалпы алғанда өзінің дамуында міндетті түрде және біртіндеп үш сатыдан өтеді.

1) Теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап б.з. 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол “абсолюттік білімге ұмтылады”. Теологиялық ойлау, өз кезегінде, дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм. Бұл саты өз заманында қажетті болып есептелді, себебі, ол адамның әлеуметтенуінің алдын ала дамуы мен ақыл-ойдың өсуін қамтамасыз етті.

2) Метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың бастамасын, қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға тырысады. Бірақ теологиямен салыстырғанда метафизика тылсым күштер факторымен емес, мән-мағына немесе абстракциялар жолымен түсіндіреді. Бұл сатыда құбылыстарды “бақылаудың орнына дәлелдеуге ұмтылудың салдарынан” спекулятивті және дерексіз бөлігі өте жоғары болады. Метафизикалық ойлау, теология сияқты болмай қоймайтын сатыны құрай отырып, өзінің табиғаты бойынша шиеленісті және жойқын болып табылады.

3) Позитивті не шынайы немесе ғылыми сатыда (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі - қиял бақылауға тұрақты бағынатын заң қолданылады. Бұл сатыда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни “бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға” жүгінеді.

Леуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады. Адамдар топтан әртүрлі себептермен кетеді, яғни тұрғылықты мекен-жайын өзгертуіне, жасына байланысты, мамандығын ауыстыруына және т.б.; олардың орнына жаңа адамдар келіп отырады. Осы өзгерістерге қарамастан әлеуметтік топтар біртұтас жүйе ретінде жұмысын тоқтатпайды. Әлеуметтік топтардың мұндай тұрақтылығы қалай түсіндіріледі, өз жауабыңызды дәлелдеңіз. «Әлеуметтік топ», «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым» ұғымдарына салыстырмалы талдау жасаңыз.

«Әлеуметтік топ» ұғымы жайлы бірыңғай пікір жоқ, сондықтан оның анықтамасы да көп. Солардың ішінде, біздің пікірімізше, мына анықтама ең дұрысы сияқты: әлеуметтік топ дегеніміз адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыру мақсатында өзара қарым-қатынас орната отырып, түрлі іс-әрекеттерді жүзеге асыратын көптеген адамдардың үлкенді-кішілі жиынтығы. Әлеуметтік топ- жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі, бірігу дәрежесі арқылы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Әлеуметтік топтар теориясынды топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:

1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.

2. Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әртүрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.

3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтағы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.

Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.

Топ – мүшеліктін ресми немесе бейресми критерийлерімен шектелген индивидтердің (адамдар немесе заттардың) ұжымы немесе көпшілігі. Әлеуметтік топ оның мүшелері өзара рөлдер мен әрекеттерді қамтитын әлеуметтік интеракцияға қосылған кезде пайда болады.

Әлеуметтік қауымдастық – ортақ мүдделер, құндылықтар, көзқарастар, істер арқылы біріккен адамдардың тобын айтады. Олар бір бірімен әртүрлі критерийлер арқылы ерекшеленеді.

Әлеуметтік ұйым – көп мазмұнды кең ұғым. Кең мағынада алғанда, бұл ұғым жеке адамдар мен топтардың әрекет етуі тәсілдерінің жүйесін, әлеуметтік бақылау құралдарымен институттардың әрекетін, қоғам мүшелерінің әлеуметтік өмірін реттеп, қамтамассыз ететін, өмірде орын алып отырған проблемаларды шешіп отыру жүйесін білдіреді.

Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.

І. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:

1) қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы

төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп атайды.

2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы,

құрылыс бригадасы, студенттер тобы)

3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар)

35.Ф.Энгельс бойынша «Бұл отбасының түрі ер адамның билігіне негізделгендіктен балаларының ата-тегі күмән туғызбайды, ал бұл дегеніміз алдағы уақытта балалар мұрагер ретінде әкесінің мүлкін иеленуі тиіс» деген тұжырымдама айтқан болатын. Аталып отырған отбасының түрін сипаттаңыз,қазіргі қоғамға қандай отбасының түрі сай және неліктен,өз жауабыңызға дәлелдер келтіріңіз. Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.

Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру. Ең басты мәселе отбасында орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын «Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері»деп анықтадық.

Энгельс бойынша,бұл-репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);деп аталады. Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесікешеуілдеп,психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасынды орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын «Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері»деп анықтадық.

36. Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Ауытқымалы мінез-құлықтың әр түрін жеке-жеке сипттаңыз және өзара салыстырыңыз. Олардың әрқайсысы қандай әлеуметтік бақылауды қажет етеді. Өз жауабыңызға нақты дәлелдемелер беріңіз..

Егер де әлеуметтену процесінде адамның тұлғасы дамитын болса, онда ол адам үшін сәтті әлеуметтену болады. Әлеуметтену кемшілігінің көрініс табуы девиантты мінез-құлық болып табылады. “Девиантты мінез-құлық” категориясы мазмұнының үш қырын бөліп қарауға болады - біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианты деп әлеуметтік “жамандықтың” жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады. Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттік мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады.

Девианттік мінез-құлықтың өзіне тән белгісі мәдени релятивизм болып табылады: мәселен бір іс-әрекет бір қоғамда дұрыс саналуы, ал басқа қоғамда - әлеуметтік патология ретінде қарастырылуы мүмкін. Мәдени релятивизм екі түрлі қоғамның ғана емес, сондай-ақ бір қоғамның ішіндегі екі немесе бірнеше үлкен әлеуметтік топтардың салыстырмалы сипаттамасы бола алады. Девианттік мінез-құлықтың социологиялық түсіндірілуі объективті әлеуметтік бағыттылықты және тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтар мен тұтас қоғамның қызмет атқаруы және дамуы тұрғысынан алғандағы мінез-құлқының қоғамдық нәтижелері сияқты көрсеткіштерді, мінез-құлықтың әлеуметтік құндылықтар мен нормаларға сәйкестігін, қоғамдық пікірге берілген бағалар мен әлеуметтік санкцияларды қамтиды.

Девианттік мінез-құлықтың себептери

• Доминанттық(басқаларға баұылау жасауға және олардың мінез құлығын басқаруға ұмтылу)

• Агрессия (қарсыласты қорлау, төмендету құрту үрдісі)

• Басқаларды жоққа шығару, сыртқа тебу

• Автономия(барлық шектеуден қашу)

• Бейімделу ырыққа көну

• Ойын қажеттілігі(шындықтан бас тарту)

• Эгоизм,нарциссизм(өзін өзі жақсы көру,өз мүддесін басқалардан жоғары қою)

• Қамқоршы іздеу

• Жазадан қашу(қоғамды, үлкендерді айыптау)

Социологиялық аспектіде алғанда қылмыскерлердің негізгі 3 түрі бар:

1. жүйелі қылмыскер тип

2. кездейсоқ типтер

3. жағдайға байланысты қылмыскер(қылмысқа дейінгі адамгершілігінің бұзылуы)

37. Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан талдау жасаңыз. Әлеуметтену кемшілігінің көрініс табуы девианттық мінез-құлық болып табылады. “Девианттық мінез-құлық” категориясы мазмұнының үш қырын бөліп қарауға болады - біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианттік деп әлеуметтік “жамандықтың” жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады. Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттік мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады.

Девианттік мінез-құлықтың өзіне тән белгісі мәдени релятивизм болып табылады: мәселен бір іс-әрекет бір қоғамда дұрыс саналуы, ал басқа қоғамда - әлеуметтік патология ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұған әр түрлі халықтардың отбасы құқығы мен отбасылық дәстүрлерінен, әдет-ғұрыптарынан көптеген мысалдар келтіруге болар еді. Егер де Голландия, Швеция, Норвегия сияқты елдерде гомосексуалдық некелерге рұқсат етіп, мұндай жұптардың бала асырап алу құқығын мемлекет қамтамасыз ететін болса, көптеген елдерде сияқты біздің Қазақстан қоғамында да мұндай жағдай қоғамдық мораль тұрғысынан да, заңнама тұрғысынан да мүмкін емес. Тіпті біртұтас заңнама қолданылатын, бірақ тұрмыста әр түрлі салт-дәстүрлерді ұстанатын халықтар тұратын, әсіресе бұл салт-дәстүрлер діни нормалармен сақталатын бір мемлекеттің өзінде қиындықтар пайда болады. Мысалы Қазақстандағы азаматтық құқық бойынша бір некелілік талаптары мен ислам мойындайтын көп әйел алу дәстүрі арасындағы қақтығыс осындай. Мәдени релятивизм екі түрлі қоғамның ғана емес, сондай-ақ бір қоғамның ішіндегі екі немесе бірнеше үлкен әлеуметтік топтардың салыстырмалы сипаттамасы бола алады. Мұндай топтардың мысалы - саяси партиялар, үкімет, әлеуметтік тап немесе топ, діндарлар, жастар мен жеткіншектер, әйелдер, аз ұлттар.

Девианттік мінез-құлықтың социологиялық түсіндірілуі объективті әлеуметтік бағыттылықты және тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтар мен тұтас қоғамның қызмет атқаруы және дамуы тұрғысынан алғандағы мінез-құлқының қоғамдық нәтижелері сияқты көрсеткіштерді, мінез-құлықтың әлеуметтік құндылықтар мен нормаларға сәйкестігін, қоғамдық пікірге берілген бағалар мен әлеуметтік санкцияларды қамтиды

38. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттер: ата-ана, мұғалім, достар, сыныптастар (курстастар), БАҚ (СМИ). Ең бірінші кезекте ата-анадан бастап тұлға әлеуметтене бастайды деп ойлаймын. Ата-анасы баласына тумысынан тәрбие беріп, ақыл айтып ненің жақсы ненің жаман екенін өздерінің өмірлік тәжірибелерінен айтып, үйретіп отырады. Мұғалім ол екінші анамыз демекші, мұғалімнің де біздің әлеуметтенуімізде өзіндік рөлі бар. Мұғалімдер берген білімнің арқасында біздің көзіміз ашылып өмірге бейімделе бастаймыз. Бала өзінің есін білген соң, сөйлей алған соң айналасындағы адамдармен араласып өзіне жақын достар таба бастайды, өз ортасын табады. Сол достарының ортасы да тұлғаның әлеуметтуіне өз әсерін тигізеді. Яғни тұлғаның мінез-құлқының калыптасуына күнделікті жандарында жүретін достарының да әсері бар. Ал БАҚ жайлы айтсам бұқаралық коммуникация адамдар әлеуметтік сезім мен әлеуметтік тәжірибеге ие болған кезде ғана жүзеге асады. Бұл жерде рухани іс-әрекет пен қоғамдық пікірді зерттеумен қатар, идеологиялық үгіт-насихатқа көп көңіл бөлінеді.. Эксперимент түрінде қандай да бір әлеуметтік жағдайға жалпы бұқара қалай қараса, сол топтың адамы да солай қарайтыны дәлелденген. Бұл әрине, егер осы әлеуметтік топтың өзіндік санасы бар болса ғана дұрыс жүреді. Ал, егер бұлай болмаса, онда болжам қате болуы мүмкін, және тек әлеуметтік ықпал ету процесін ғана емес, сонымен қатар, көптеген факторлармен негізделетін өзара ықпал ету іс-әрекетін зерттеуге тура келеді. Өздігінен БАҚ әрқашан адам немесе топтардың саласындағы өзгерістердің субъектісі бола бермейді. Өздігінен олар бұзу, жасау немесе процестердің құралы да бола алмайды. Оның позитивті немесе негативті рөлі оның қандай әлеуметтік күшпен және қандай мақсатпен қолданылуына байланысты анықталады. Міне оосы агенттер тұлғаның әлеуметтенуінде өз әсерлерін тигізеді.

39. Субъмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілер бар ма және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсеріне талдау жасаңыз. Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur-мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми жаңалықтарға ғана байланысты емес.

Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты болмағандығына байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ табынушылары секілді спецификалық субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Түрлi музыкалық жанрлармен әуестенiп, өзiндiк «стиль» қалыптастыратын, бейнесi мен келбетi арқылы ерекшеленiп тұратын, сондай-ақ, iс-қимылдарында да белгiлi бiр өзгеше тұстары бар субмәдениет өкiлдерi қоғамның толық белсендiлерi болғысы келедi. Батысқа елiктегiш жастар қазiргi заманнан қалғысы келмейдi. Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар:
Отбасындағы түсініспеушіліктер, отбасына қарсы шығу
Мектептегі үлгермеушілік және мектеп ұжымынан оқшаулану
Барлық адамдар сияқты болуды қаламау
Тұрақталу қалауы, өзіне көңіл аудартқысы келеді
Криминалдың әсер етуі
Мода қуу
Батыстық бейнеге еліктеу
Өмірлік мақсаты болмау
Жас ерекшелік, эмоционалдық қажеттілік т.б.

 

Әлеуметтік – құқықтық критерии бойынша бейформалдық бірлестіктер 3-ке жіктеледі:
1.просоциальді(жағымды бағыттағы) - жастарға жағымды, белсенді әсер ететін.
2. асоциальді(бейтарап түрде)- бос уақытты өткізу үшін құрылған.
3.антисоциальді(жағымсыз бағыттағы) - жастарға кері әсерін тигізетін бірлестіктер.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 173 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.018 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав