Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

М.Вебер әлеуметтануына талдау жасаңыз.

Читайте также:
  1. Дәріс 12. Қоғам философиялық талдаудың негізі.
  2. Егер экономика бүтін жүйе ретінде зерттелсе, онда бұл талдау былай
  3. Источники власти и идеальная бюрократия по М.Веберу.
  4. Іскерлік қарым-қатынас психологиясына талдау беріңіз.
  5. Кәсіпорындардың пайдасын және рентабельділігін факторлык талдау.
  6. Кешенді статикалық талдау және оны құқықтық статистикада қолдану
  7. Кешенді статистикалық талдау және оны құқықтық статистикада қолдану
  8. Классическая социология начала XX века М.Вебер, В.Парето.
  9. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау
  10. Леуметтану ғылымының мәні мен міндетін атай отырып, әлеуметтанушылардың көзқарастарына салыстырмалы талдау жасаңыз

М. Вебер (1864-1920жж). Макс Вебер ХІХғ. 90-шы жылдары алдымен Фрайбургтік, кейіннен Гейцдельбергтік университеттердің профессоры болды, алайда ауыр рухани аура салдарынан оқытушылық іс-әрекетті қоюға мәжбүр болды. Қайтыс болардың алдында 1919 ж Мюнхендік университетке қызмеке тұрып, бұл іске қайта оралды. 1904ж неміс социологиялық журналына редактор болады. Вебер социологиясының негізі – идеалда типтер туралы ілім болып табылады. Идеалды тип – бұл объективті эмпирикалық шындықты емес, ол оқымыстының зерттеуші іс-әрекеті, ойлау нәтижесін беінелейтін теоретикалық кострукция. Идеалды тип – бейне-схема, зерттеуші – социолог танитын нақты материалды тәртіптеу мен жүйелеу тәсілі. Идеалды – типтік конструкциялар – бұл маңызды құбылыстар мен процесстерді бейнелеуші күрмеулі түсініктер. Мысалы, «капитализм», «шіркеу», «қала», «дін», «христиандық»,«экономикалық адамдар» және т.б. вебер жауап бермеуі мүмкін емес сұрақтар туындайды: идеалды тип неден туындайды және қалайша конструкцияланады – социологтан тәуелсіз бар шындықтан ба, әлде оның ойлауынан пайда бола ма? Пайда болуына қарама-қайшылықты түсіне отырып, Вебер, идеалды типті ьарихи жіне әлеумеььік типтерге бөледі. Идеалды тарихи тип тірі тарихты бейнелейді және де одан түсініктерді қалыптастырады, ал әлеуметтік идеалды тип болса, оқымыстының іс-әрекетінің өнімі ретінде қалыптастырады. Мінез-құлықтың социологты қызықтыратын себебі адамдар өз әрекеттеріне белгілі бір мағына береді. Әрекеттер мағыланғандықтан, оны түсінуші ғылым болуы тиіс – әрекетті және ең маңыздысы, зерттелінуші тұлға осы әрекетке берген мәнді түсіну. Ол Вебер үшін адам мінез-құлқына тең мағынада, өйткені әлеуметтік әрекет жай ғана «өз-өзіне бағытталған» емес, ол өзгелерге де бағытталған. Өзгелерге бағыттануды Вебер, онсыз әрекеттің әлеуметтік болып есептелуі мүмкін емес «күту» деп атады. Ол бірнеше формада көрінеді, олардың бастысы – мақсатты рационалды әрекет. Вебердің әлеуметтңк иднялары, ХІХғ аяғы ХХ ғ-ң басындағы басқа мұраларға қарағанда қазіргі күнгі оқымыстылыардың назарын ерекше аударады. Вебер Дюргейм сияқты өзінен кейін мектеп өалдырған жоқ. Оның идеяларын жалғастыратын жеке беделді шәкірттері де болған жоқ. Бірақ «түсінуші социология», идеалды типтер туралы ілімдер, экономика, дін, және этика байланытары идеясы, өз-өзінен қоғам мен уақыт міндеттерімен үндес болғандығы сонша, Вебер есімі социологиялық ғылымға енгізіліп тиісті орын алды.

54. М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясына сипаттама беріңіз. Макс Вебер (1864-1920ж.ж) – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады. М.Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс-әректін, қимылын “түсіну, ұғыну” теориясын қалыптастырады. М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыруы керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объектитілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті – адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады. М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы “түсіну, ұғыну теориясы” деп аталынды. М. Вебердің идеалдық типтерді осындай ұғымдар арқылы түсіндіруі оның “түсіну әлеуметтану” ілімінің негізі блып есептеледі. Адам мінез-құлқын зерттеу әлеуметтанушыны әр уақытта қызықтарып отырады, өйткені әрбір адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне белгілі бір мағына, мән береді, оны түсінуге тырысады.

М.Вебер іс-әрекеттің, қимылдың басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үміт ету (ожидание), дейді. Мұнсыз қандай да бір болмасын, іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Сонымен, түсіну әлеуметтануының пәнініе саналы әлеуметтік іс-әрекет жатады. Бұл әлеуметтік іс-әректтің бірнеше түрлері болады. Олардың ең бастысы, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целерацинальное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады. Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды қолданады.

М. Вебердің пікірінше, капитализмнен бұрын болған қоғамдарда салт-дәстүр маңызды орын алды. Ақыл-парасаттылық тек қана капиталистік қоғамдық өмірді ұйымдастырудың негізгі принципінде (яғни, басшылыққа алып отыратын ой-пікір) болады. Бұл жерде М. Вебер ойының тағы бір қыры ашылып отыр – ол экономиканы дінмен байланыстырады. “Протестанттық этика және капитализм рухы” деген еңбегінде М. Вебер діни-этикалық нұсқаулардың экономикалық іс- әрекетке ықпалын түсіндіруге тырысты. М.Вебер биліктің легитимдігі, яғни заңдылығын тілге тиек етіп отыр. Басқаша айтқанда, легитимдік дегеніміз, халықтың үстем етіп отырған саяси билікті мойындауы болып табылады. Демократиялық жағдайда мемлекеттікбилік легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне сай жүзеге асырылуы керек. Екіншіден, мемлекттік билік конститутциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Осыған сәйкес жоғарыда көрсетілгендей М.Вебер легитимдіктің үш түрін көрсетті:

-харизматикалық легитимдік;

-әдет-ғұрып легитимділігі;

-ақыл-парасат, құқық легитимдігі.

Азіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде. Өз пікіріңіз, нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтер келтіріңіз.

Қазіргі отбасы өзімен - өзі қайнап жатқан әлем.Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени өзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Қоғам отбасының қарапайым түрде көбеюі мен жаңа ұрпағын әлеуметтендіру қызметін орындауы кезіндегі мұқтаждығын, мүдделігін білуі қажет. Әлеуметтік институт ретінде тек отбасы ғана қоғамды еңбек ресурстарымен, әлеуметтік ролді орындаушылармен қамтамасыз етеді. Қазір отбасы өрістеудің күрделі кезеңінің – дәстүрлі үлгіден жаңаға ауысу үрдісін бастан кешіріп отыр. Отбасы құрылымы, оның қызметі, билік жүйесі, отбасылық рольі, жұбайлардың функционалды тәуелділігі, отбасыдағы бала жағдайы өзгеруде, ал бұл өз кезеңінде әлемдегі отбасы түрінің өзгеруіне алып келді. Бала туу төмендеп, ажырасу саны өсіп, жалғыз басты адамдар саны көбейіп, әйелдердің эмансипациясы отбасынан бас тартуға әкеліп, бұл өз кезегінде қоғамның ұдайы өндіріс қызметіне ықпал етті.

Отбасы – ол алғашқы және негізгі қоғамдық орта, онымен адамзат байланысады және ол моралдық баға жүйесін, тәртіп нормасын қалыптастырады, сонымен қатар қоршаған орта және өмір жолында кездесетін құбылыстың маңызы туралы білімді жеткізеді.

Қазіргі заманның отбасы, оның ерекшеліктері тұтасымен қазіргі кезеңнің ерекшеліктерімен алдын-ала келісілген, ол неғұрлым жаңа мәселелермен кездесті, адамның өміріне қажетті көптеген қызметтерді орындау мүмкіндігінің біраз дәрежесінен айырылды, көптеген жағдайда басқа әлеуметтік институттармен ұзаққа созылған ала ауыздылық күйіне енді және жаңа дағдарыс табалдырығын аттады.

Біздің қоғамымызда жастарды отбасылық өмірге дайындайтын арнайы бағдарлама жоқ. 90-шы жылмен салыстырғанда Қазақстанда үйлену мен бала туу үш есеге азайыпты. Осылайша өзі де азайған жас жұбайлардың міндетті түрде жартысы ажырасады. Мұндай жас отбасылардың ажырасуның себептері – ерлі-зайыптылық өмірге дайындықтың жоқтығы, тұрмыстық жағдайға қанағаттанбаушылық, үйлену тойынан кейін тұрғын үйдің болмауы, ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасына туыстарының араласуы болып табылады.Мамандар бүгінгі таңда азаматтық некеден (ойнастан) туғандардың заңды некеден (адал, ақ некеден) туылатын балалардың жыл сайынғы санымен пара-пар келетіндігін, әрі ең көп ажырасатындардың дені кеш үйленгендер екендігін алға тартады. Қазақстанда жай жүріп үйленген жас жұбайлардың алпыс пайызы бір жылға жетпей ажырасып кетеді екен. Деректерге тоқтала кетсек 2012 жылы Алматыда тоғыз мыңға жақын шаңырақ көтерген жастардың жылға жетпей 5 мыңы ажырасып кеткен. Мәселен, Астана қаласында үш ай ішінде 500-ге жуық отау көтеріліп жатқанда, үш жүз шаңырақ шайқалып үлгерген. Қазақ халқы өзінің табиғи түрде өсіп – өну қарқыны жағынан әлем халықтарының демографиялық даму деңгейінен төмендеп барады




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 202 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав