Читайте также:
|
|
Основная статья: Шестая нормальная форма
Введена К. Дейтом в его книге[1], как обобщение пятой нормальной формы для темпоральной базы данных.
Экологияның ғылым саласы ретіндегі анықтамасы.
Экология (лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің –популяциялардың, организмдерқауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Тарихы Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады.20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған. 20 – 40-жылдары популяциялар мен қауымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылысекендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. Түрлері: 1. Теориялық экология — тірі ағзалардың әр түрлі құрылымдық деңгейлерінің жалпы зандылықтарын зерттейді. 2. Іргелі экология — биосферадағы тірі азғалар мен сыртқы орта жағдайларының адамның іс-әрекеттері арқылы бүлінуін, оларды болдырмау және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану жолдарын зерттейді.
Экологияның мақсаттары мен міндеттері.
Экология ғылымының ең басты мақсаты: биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып, ондағы тіршілікті және оның тұрақты дамуын сақтау.Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі міндетті: популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, ғаламшар проблемаларын зерттеу.
Экологиялық проблемалар, олардың осы заманғы экономикалық және саяси үдерістердегі алатын орны мен рөлі.
Экология ғылымының зерттеу обьектісі жеке особьтар емес, особьтар топтары –популялар, түрлер, қауымдастықтар, экожүйелер, яғни биологиялық микро- және макрожүйелер.Басқа ғылымдар сияқты экология ғылымының да өзіндік кешенді әртүрлә зерттеу әдістері бар. Экология ғылымының негізгі теориялық әдістеріне сипаттама жасау, жүйелі түрде талдау жасау, тәжірибелер, мониторниг жүргізу негізгі эмпиристік әдістері болып табыады. Бақылау және салыстырмалы талдау жасау ғылымның дәстүрлі әдістерімен талдау жүргізу алғашқы ақпарат алуға болады.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 82 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |