Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылау

Читайте также:
  1. I. Тақырыбы: Аралық бақылау – коллоквиум
  2. lt;question>Маркетингілік бақылау
  3. Ақпаратты қорғау объектісі
  4. Азақстандағы екі деңгейлі мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі
  5. Азақстаннның ерекше қорғауға алынған аумақтары
  6. аралық бақылау сұрақтары
  7. Аралық және қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
  8. аржы қызметтері:Бөлу: Бақылау: Есеп.
  9. Аржылық бақылауда қолданылатын әдістер
  10. Аржылық бақылауды ұйымдастыру

Атмосфералық ауа айналадағы табиғи ортаның өмірге маңызды негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Жер шарында, оның құрлық бөлігінде өсімдіктер мен жануарлар ауасыз тіршілік ете алмайтыны баршаға мәлім. Атмосфера ауасы бірнеше газ заттарының жиынтығынан тұрады. Ол ғарыш кеңістігі әлемімен, әлемдік мұхитпен, жерден, өсімдіктермен (орманды қоса) үздіксіз араласып қатқан тіршілік тынысы. Ауа құрамындағы оттегінсіз тіршіліктің болмайтыны белгілі. Адам денесінің үштен екі бөлігі — оттегі. Отгегінсіз тыныс алу мүмкін емес. Оны өсімдіктер түзейді. Атмосферада оттегінің азаюы тіршілік үрдісін баяулатады. Ормандарды орынсыз кесу, өртке ұшырату, жасыл ұландардың азаюы, тұздардың аспанға ұшуы, мұхиттардың, су қоймаларының бетіне мұнай және жанармай мен өндіріс қалдықтарының төгілуі ауаның тазалығына зиянын тигізбей қоймайды. Өндірістер мен қатынас жолдар техникасы көп мөлшерде отгегін жағып, жыл сайын 20 миллиард тонна көмір қышқыл газын ауаға бөліп шығарады екен. Ал бір жеңіл автомашина бір мың километр жер жүргенде, бір адамға бір жылға жететін оттегін жағады. Аталған шараларды жүзеге асыру барысында қоғамдық қатынастарды реттеу, ең алдымен, бұл қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу қажеттігі туады [3]. Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысының, демалысы мен денсаулығының, өмірінің ең жақсы жағдайын қамтамасыз ету, материалдық өндірісті одан әрі жаңа тұрғыда дамыту үшін атмосфералық ауаның қолайлы жайының сақталуына, оны қалпына келтіріп, жақсартуға зор мән береді және осы орайда бірқатар құқықтық шараларды жүзеге асырады. Құқықтық шаралардың ішінде «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ерекше орын алады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттеріне ауаны таза сақтау және оның жайын жақсарту, адамдардың денсаулығы мен өміріне, халық шаруашылығы мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі үшін атмосферада залалды зардап туғызатын химиялық физикалық, биологиялық және өзге де зиянды ықпалды болғызбау және оны азайту мақсатындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы эаңдылықты нығайту жатады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар қатарына Қазақстан Республикасында «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңы жатады. Онда атмосфералық ауаны қорғау туралы мемлекеттік жүйелердің қызметі мен атмосфералық ауаны қорғау туралы бірнеше ережелер бар.

Басқару саласында атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі тапсырмалар мен атмосфера ластануының алдын алу және оның себептерін жою, сондай-ақ атмосфералық ауаның жайын жақсарту жөніндегі шаралар экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік жоспарларында көзделеді. Атмосфералық ауаның жайына баға беру үшін ластағыш заттардың шоғырлануына және берілу шегінің және атмосфераға зиянды физикалық ықпал деңгейінің нормативтері белгіленеді. Бұл нормативтер адамдардың денсаулығын және айналадағы табиғи ортаны қорғау мүдделеріне сай келуге тиіс. Қажет болған реттерде жекелеген аймақтар үшін атмосфералық ауа ластағыш заттардың шоғырлануына жол берілу шегінің неғұрлым қатаң нормативтері белгіленеді. Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында тұрақты және жылжымалы ластағыш көздердің лас заттар шығаруына, сондай-ақ зиянды физикалық ықпалдың жол берілуі шегінің нормативтері бар. Бұл нормативтер атмосфералық ауаға зат шығарудың әрбір тұрақты көзі үшін немесе өзге зиянды ықпал көзі үшін, сондай-ақ көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларының әрбір үлгісі үшін белгіленеді.

Рұқсатта көзделген шарттар мен талаптар бұзылған жағдайда, сондай-ақ халықтың денсаулығына қатер төнгенде атмосфераға лас заттар шығару атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылау жасайтын органның шешімі бойынша шектелуге, тоқтатыла тұруға немесе тыйым салынуға, жекелеген өнеркәсіп қондырғыларының, цехтардың, кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың қызметін тоқтатуға дейін шаралар қолданылуға тиіс.
Автомобильдер, ұшақтар, кемелер басқа да қозғалыс құралдары мен қондырғыларын жобалауды, өндіруді және пайдалануды жүзеге асыратын министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар ол құралдар мен қондырғылардың лас заттарды атмосфераға шығаруын болғызбау әрі азайту жөніндегі шаралар жиынтығын жасап, жүзеге асыруы қажет.

Көлік және қозғалыс құралдары мен қондырғылары шығаратын ластағыш заттардың мөлшері тастанды заттардың жол берілу шегінің белгіленген нормативтерінен аспауға тиіс. Пайдаланудағы барлық көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларының лас заттар шығаруға жол берілу шегі нормативтерінің сақталуы бақылауға алынып отырады. Тастанды заттарында лас заттардың мөлшері белгіленген нормативтерден асып түсетін көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларын өндіріске ендіруге және пайдалануға жол берілмейді. Атмосфералық ауаға қандай да болсын зиянды физикалық ықпал жасауға жол берілу шегінің белгіленген нормативтері сақталған жағдайда, ал оған рұқсат берілген реттерде осы рұқсатта көзделген басқа да талаптар сақталған жағдайда жол беріледі. Аталған талаптар бұзылған кезде атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізетін органның шешімі бойынша жекелеген өнеркәсіптік және өзге қондырғылардың цехтардың, кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың тиісті қызметі жол берілетін шектің нормативінен асып кетуді немесе рұқсатта көзделген талаптардың бұзылуын туғызған себептер алдағы уақытта жойылғанға дейін тоқтатыла тұруы, шектеулі немесе оған тыйым салынуы мүмкін. Халық шаруашылығында қолдануға рұқсат етілетін өсімдік қорғау құралдарының, өсімдіктердің өсуін шапшаңдататын заттардың, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препаратттардың тізбесі, сондай-ақ оларды қолдау тәсілдері атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарда белгіленетін тәртіп бойынша ауаның қорғалуын бақылайтын органдармен келісілуге тиіс. Пайдалы қазбалар өндіру, түрлі жарылыс жұмыстары, үйінділер мен төгінділерді орналастыру және пайдалану атмосфералық ауа ластануының алдын алу немесе оны азайту жөніндегі ережелерді сақтай отырып, атмосфералық ауаның қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен және заңдарда көрсетілген басқа да органдармен келісілген тәсілдер бойынша жүргізілуге тиіс.

Елді мекендерде үйінділерді жайғастыруға, өнеркәсіп қалдықтарын, өндірістік, тұрмыстық қоқыстарды және атмосфералық ауаны тозаңмен, газ тектес зиянды және сасық иісті заттармен ластаудың көзі болып табылатын басқа да қалдықтарды үйіп қоюға, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптар сақталып, өртеуге арнайы қондырғылар пайдаланылған кезден басқа реттерде, аталған қалдықтарды кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сондай-ақ елді мекендердің территориясында өртеуге тыйым салынады. Егер метеорологаялық факторлардың, атмосфераға лас заттар шығарылуы және атмосфералық ауаға басқа да зиянды ықпалдың қолайсыз жүргізілуі салдарынан жекелеген аймақтарда адамдардың денсаулығына қатер туса, табиғи ортаның ластану дәрежесіне байқау мен бақылау жасайтын жалпы мемлекеттік қызмет органдары бұл туралы дереу Қазақстан Үкіметіне, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, мүдделі кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға хабарлауға міндетті.

«Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңға сәйкес атмосфералық ауаны қорғау туралы дауларды шешу сот арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы мен басқа елдер арасындағы атмосфералық ауаны қорғау саласында туындаған дауларды мүдделі елдердің өкілдерінен тең дәрежеде құрылған комиссия қарайды.

 

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 65 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав