Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экожүйелердің біртұтастығы және тұрақтылығы, экожүйелердің тұрақтылық миханизмдері.

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. lt;question2>Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы....

22. Вернадскийдің биосфера және носфера туралы ілімі. Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан –50 %-ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Экологияның не екенін түсіну үшін В.И. Вернадскийдің ғылыми жетістіктерінің шыңы-биосфера туралы ілімді еске түсіру қажет болады. Биосфера – жердің жұқа қабығы, оның құрамы, құрылымы және энергетикасы негізінен бұрынғы және қазіргі тірі организмдер қызметінен болған. Биосфера шектерінің ішінде олардың биохимиялық қызметінің іздері кездеседі. Атмосфера, су, мұнай, көмір, әк, саз және олардың туындылары (сланцстар, мәрмәр және гранит) планетаның тірі затымен жасалған. Биосферада жүріп жатқан бар өмірлік үрдістердің барлығы экологияның зерттеу нысаны болады. Биосфера тіршілік «тірі зат» дамуының сферасын қамтиды, В.И. Вернадский сөзімен, «тірі зат» геологиялық күш ретінде әрекет жасайтын, жер бетін қалыптастыратын жер айналасындағы кеңістік осымен биосфера шекаралары анықталады. Олар бүкіл биосфераны яғни, сулы қабатты (12 км тереңдікке дейін) және 15 км биікткке дейін атмосфераның төменгі қабатын қамтиды. Биосфераның литосферадағы төменгі қабаты 5 км тереңдікте өтуі деп саналады.

23. Вернадскийдің тірі зат тұжырымдамасы. Биосфера – жердің жұқа қабығы, оның құрамы, құрылымы және энергетикасы негізінен бұрынғы және қазіргі тірі организмдер қызметінен болған. Биосфера шектерінің ішінде олардың биохимиялық қызметінің іздері кездеседі. Атмосфера, су, мұнай, көмір, әк, саз және олардың туындылары (сланцстар, мәрмәр және гранит) планетаның тірі затымен жасалған. Биосферада жүріп жатқан бар өмірлік үрдістердің барлығы экологияның зерттеу нысаны болады. Биосфера тіршілік «тірі зат» дамуының сферасын қамтиды, В.И. Вернадский сөзімен, «тірі зат» геологиялық күш ретінде әрекет жасайтын, жер бетін қалыптастыратын жер айналасындағы кеңістік осымен биосфера шекаралары анықталады. Олар бүкіл биосфераны яғни, сулы қабатты (12 км тереңдікке дейін) және 15 км биікткке дейін атмосфераның төменгі қабатын қамтиды. Биосфераның литосферадағы төменгі қабаты 5 км тереңдікте өтуі деп саналады. В.И.Вернадскийдің айтуынша биосфера ноосфераға, яғни адамзаттың ақыл-ой санасы мен қоғам заңдылықтарының әсер ету аймағына орын береді деп санаған. Бірақ, адамның қазіргі кезде ғаламдық биосфеарлық процестерге араласуы ғаламдық экологиялық проблемалардың туындауына себеп болып отыр, яғни болашақта олар биосфераның өзінің ары қарай дамуына шек келтіруі мүмкін. Биосфераның қызметтік заңдылықтарын, оның бүтіндігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін механизмдерін, биосфераның тірі заттарының қызметтерін және олардың табиғи ортаның физикалық-химиялық параметрлерін өзгертудегі маңызын білу адам мен табиғат арасындағы байланыстарды реттеу үшін қажет.Жер бетіндегі барлық геологиялық ұзақ көз жетерлік уақыт аралықтарында, алуан-түрлі физикалық-химиялық жерлердің эволюциялық процестері барысында органикалық заттарды қосып алуы барысында, Жер планетасында тіршілік пайда болды. Тірі организмдер немесе В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша тірі заттар өздерінің тіршілік барысында мекен орындарына алуан түрлі әсер-ықпалдарын тигізе отырып Жердің барлық геологиялық қабаттарының физикалық-химиялық қасиеттерін өзгерістерге ұшыратып отырды. Тірі зат жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілік құбылыстарының жиынтығы – осы аталған құбылыстардың тіршілік процестеріндегі әсерлеті планетамыздағы сулардың құрамын, атмосфераның құрамын түбегейлі өзгерістерге ұшыратып соңында құрамы жағынан тіршілікке өте маңызды бірегей биокостық зат – топырақ қабатын жасады, Сонымен тірі зат өздерінің бірлескен қызмет барысында өздеріне қажетті тіршілік қабаты биосфераның пайда болуына үлкен ықпалын тигізді. Тірі зат өлі және тірі материяның аралығындағы байланыстарының жоғарғы деңгейін айқындады. Бұл жерде адамзатың да өз үлесі бар, яғни олардың геохимиялық процестерге деген әсері басқа тіршілік иелерінің әсерінен оқшау тұр; біріншіден ол екпінділігі жағынан яғни геологиялық уақыт өткен сайын ұлғая береді, екіншіден адамның қызмет барысындағы ықпалдардың басқа тірі заттарға әсер ету ерекшеліктері. Жалпы өткен 20 ғасыр адамзат қоғамының даму тарихына ғылыми техникалық прогресстің жағымды жетістіктерімен ғана емес, сонымен қатар Адамзаттың түр ретінде боуына, сақталуына үлкен қауіп туғызатын ғаламдық экологиялық проблемалардың туындауы мен де қоса енеді. Бұл жағдай табиғи байлықтарды пайдалануда бір жақтылықты ғана көрсетіп отыр, яғни адамның тіршілік ортасына деген әсері биосфераның табиғи түріндегі қызметтің бұзылуына, яғни ондағы бір-бірімен тығыз байланысқан әртүрлі процестердің аралық тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғады. Аталған проблеманың зеректікпен көрсете білген В.И. Вернадский оның ноосфераға өтуінің сөзсіз болатындығын, табиғаттың байлықтарын жан-жақты пайдалану жоспарлы, ғылыми түрінде негізделген бағытпен жүргізілді, бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру мүмкіншіліктері т.б. жақтарын ақыл-ой саналы түрінде жүретіндігін атап көрсеткен. Осы аталған жайларға байланысты көптеген биосфералық проблемаларды шешуге міндетті түрде жоғары білім деңгейінің қажет екендігі сөзсіз.

24. Адамның экожүйедегі орны. Қалалық орта экологиясы - қалалық ортаның проблемалары және оларды жетілдіру жолдары туралы кешенді ғылым. Осындай кең көлемдегі мәселелерді шешу оған қатысы бар адамдардың (қала басқарушылары, инвесторлар, архитекторлар, құрылысшылар, қала халқы) экологиялық білім деңгейіне, ғылыми зерттеулерге, бөлінетін субсидияға, азаматтардың қатысуына және олардың ақпаратпен қамтамасыз етілуіне байланысты. Халық санының өсуі Жер үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Кезінде (XIX ғасырдың бас кезінде) экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок) Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді. Өнеркәсіптік (өндіріс орындары) қалдықтар - өнімдерді шығару және әртүрлі жұмыстарды орындау кезінде бастапқы тұтыну қабілетін толық немесе жарым-жартылай жоғалтқан шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар қалдықтары. Олар қайтымды және қайтымсыз (технологиялық шығындар: буға айналу, бықсық түтін, кеуіп кету) болуы мүмкін. Мәліметтер бойынша Европа одағы елдерінде жыл сайын: қайта өңдеу өнеркәсіп орындарында - 400 млн тонна, өндіріс орындарында - 160 млн тонна және т.б. қалдықтар түзіледі. 90-шы жылдардың бас кезінде барлық қалдықтардың (2,2 млрд тонна) жартысы ауыл шаруашылығындағы өндіріс орындарының еншісіне тиді.

25. Әлемдегі биогеохимиялық циклдар. Биогеохимиялық цикл (— химиялық элементтердің айналымы: бейорганикалық табиғаттан өсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы қайтадан бейорганикалыққа оралу.Күн энергиясы және химиялық реакциялар энергиялары арқылы жүзеге асады.

26. Биосферадағы заттар айналымдары. Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің зат айналымын жүзеге асырады. Олар кезектесіп тірі заттан бейорганикалық материяға өтіп отырады. Бұл циклдер екі негізгі топқа бөлінеді: газдардың айналымы және шөгінді заттар айналымы. Біріншісінде элементтердің негізгі көзі атмосфера (Көміртегі, азот, оттегі), екіншісінде –таулы шөгінді жыныстар (фосфор, күкірт және т.б) болып табылады. Көміртегінің айналымы. Фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады. Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалары арқылы өтіп, тыныс алу, ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады. Көміртегі циклының ұзақтығы 3-4 жүзжылдыққа тең. Азот айналымы. Өсімдіктер азотты ыдыраған өлі органикалық заттан алады. Бактериялар ақуыздардың азотын өсімдіктер сіңіре алатын түрге өткізіледі. Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды. Бактериялар мен көк жасыл балдырлар атмосфералық азотты байланыстырып, топыраққа өткізеді. Көптеген өсімдіктер олардың тамырларында түйнектер түзетін азот-фиксациялаушы бактериялармен симбиоз түзеді.

 

28. Тұрақты даудың стратегиясы мен принципі. «Тұрақты даму» термині ең алғаш рет табиғат пайдалануда, соның ішінде балық және орман шаруашылығында пайда болды. Тұрақты даму терминімен алғашында таусылмайтын және табиғи ұдайы өндірілуге мүмкіндігі бар табиғат ресурстарын пайдалану жүйесі деп түсіндірілген. Адамның экономикалық және т.б. қызметтерінің негізі болып табылатын табиғат ресурстарының шектеулілігі, қоршаған ортаның ластануы секілді мәселелерге арналған ғылыми жұмыстар 1960-шы жылдан кейін жылдардан бастап пайда бола бастады. Осыған байланысты жердегі ғаламдық үрдістерді зерттеуге бағытталған Жобалы зерттеулер институтының халықаралық федерациясы (ИФИАС-международная федерация институтов перспективных исследований), Рим клубы, Жүйелік талдаудың халықаралық институты, КСРО-да жүйелік зерттеулердің бүкілодақтық институты секілді халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың пайда болуына алып келді. 1980 жылы Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудың Халықаралық Кеңесі ұсынған «табиғат қорғаудың бүкіләлемдік стратегиясында» даму тұрақты болуы үшін, тек қана экономикалық аспектілерді ғана емес, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді де ескеру керек деп көрсетілген. 1983 жылы желтоқсан айында БҰҰ Бас хатшысының қолдауы бойынша қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссия (ҚОДХК) құрылды. Оның басшысы болып Норвегияның премьер –министрі Гро Харлем Брундтланд сайланды.
Қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссия ҚОДХК-сының алдына келесі міндеттер шешу қойылды:
1. Табиғат пен қоғам арасындағы қатынастардағы ғаламдық мәселелерге талдау жасау.
2. Осы мәселелердің пайда болу себептерін айқындау.
3. Әлемдік қауымдастық алдына қойылатын мақсаттарды қалыптастыру.
4. Ғаламдық мәселелерді шешу стратегиясы мен тұжырымдамасын ұсыну.
Гро Харлем Брундтланд басқарған қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссия «тұрақты даму деп – болашақ ұрпақтың қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігіне зиян келтірмей, бүгінгі ұрпақтың қажеттілігін қанағаттандыру» деген анықтаманы ұсынды (1987 – біздің ортақ болашағымыз).
Қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссия ҚОДХК –ның тұрақты дамуға өтудегі алдына қойған міндеттері келесідей:
1. Өсу үрдісін жандандыру;
2. Өсу сапасын өзгерту;
3. Негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру
4. Халық санының тұрақты деңгейін қамтамасыз ету
5. Технологияларды қайта бағыттау
6. Шешім қабылдау үрдісіндегі экологиялық және экономикалық аспектілерді интеграциялау. Брундтланд комиссиясы екі негізгі категорияға назар аудару қажеттілігіне тоқталып өтті: өмір сүруге қажетті мүмкіндіктер мен қажеттіліктер түсінігі шектеу түсінігі. Қажеттілік пен шектеуді бағалау негізінде «Қоршаған ортаның Кеңістік тұжырымдамасы» жасалды. Бұл тұжырымдама бойынша, адамның мекен ету ортасын үш топқа бөлуге болады.бірінші сала - экологиялық максимум саласы, мұның шеңберінде адамның барлық іс-әрекеттері табиғат ресустарын артық тұтынуға және таусылуға алып келеді. Табиғаттың да «шыдамдылық» шегі бар. Мысалы, қоршаған ортадағы қалдықтар экологиялық үрдістердің нәтижесінде қайта өңделіп, екінші бір ағза үшін «тағам» болып табылады. Ал адам қолымен жасалған қалдықтардың да біраз бөлігі өңделуі мүмкін, бірақ басым бөлігі табиғаттағы экологиялық теңдікті бұзады. Экологиялық теңдіктің бұзылуының салдарынан жердегі тіршіліктің жойылу қаупі де бар. Екінші сала - әлеуметтік минимум саласы, мұның шеңберінде кедейшілік пен жоқтық билік етеді. Экологиялық максимум тұрғысынан адам табиғатқа зиян келтіріп жоятын болса, әлеуметтік минимум шегінде адамзат баласы тамақ, су және т.б. жетіспеушілігінен өзін-өзі жояды. Үшінші сала - Тұрақты даму саласы, оның шеңберінде адам мен табиғаттың үйлесімді өзара байланысы қарастырылады. Мұнда кедейшілік пен тұтыну арасындағы шек қойылып, адамзаттың ұзақ әрі қолайлы өмір сүруіне негіз қалайды.
2. Тұрақты даму принциптері
Тұрақты даму принциптері Д. Медоуздың «Өсу шегінде» атты еңбегінде ұсынылған. Онда тұрақты даму принциптері алты топқа бөлініп қарастырылған.
1. Сигналды жетілдіру. Адамның материалдық игілігінің деңгейін бақылап, тереңнен зерттеу қажет. Үкімет пен қоғамға қоршаған ортаның жағдайы және экономикалық өсу туралы жедел әрі тұрақты ақпараттандыру.
2. Пікір айту уақытын қысқарту. Қоршаған ортаға артық жүктеме туралы сигналдарды белсенді іздеу керек. Мәселе пайда болған жағдайда, оны шешу жолдарын алдын-ала жоспарлау керек. Оны тиімді шешудің институциональдық және техникалық құралдары дайын болуы керек.
3. Жаңартылмайтын ресурстарды пайдалануды төменгі деңгейге жеткізу. Пайдалы қазбалар, грунтты сулар және минералдар жоғары тиімділікпен пайдалануы керек, екінші рет қайта өңдеп, ал ерікті түрде жаңартылатын ресурстарға өту жағдайында оларды тұтынуды қысқарту керек.
4. Жаңартылатын ресурстардың бұзылуының алдын-алу. Топырақ құнарлылығы, жер үсті және жер асты сулары, орман, балық, жабайы жануарлар секілді барлық тірі ағзалар қорғалып, мүмкіндігінше қайта қалпына келуі керек.
5. Барлық ресурстарды жоғары тиімділікпен пайдалану.
6. Физикалық капитал мен халық санының артуын баяулату және қысқарту. Жоғарыда аталған көрсеткіштерге жетудің ұтымды шектері бар. Сондықтан бұл критерийдің маңызы жоғары. Онда институциональдық және философиялық өзгерістер, әлеуметтік жаңалықтарды қарастырады. Ол өнеркәсіптік өндірістің көлемі мен халық санының тұрақты көрсеткіштерін анықтауды талап етеді. Мұнда өсу идеясына емес, анықталған даму идеясы мақсатына шақыру керек.
Тұрақты дамуға өту үшін жоғарыда аталған принциптерді өмірде кеңінен қолдану керек. Тұрақты дамуға жету және экологиялық дағдарыстан шығудың жолдарын іздейтін, жаңа идеялары бар мектеп оқушыларынан бастап, саясаткерлер, экономистер, экологтар, дәрігерлер, заңгерлер ат салысу керек.
Тұрақты дамудың кең таралған формуласы:
ТД=Экология+Экономика+Социум
Тұрақты даму тұжырымдамасы үш негізгі кеңістіктің бірігуінің нәтижесінде пайда болды: экономикалық, әлеуметтік, экологиялық
Тұжырымдаманың маңызды кезеңі тұтыну құрылымын өзгерту, яғни мұнда басты рөлді тұтынушылар атқарады. Экологиялық таза өнім және экологиялық таза ортада мекен етуде тұтынушылар құқығын қолдау әлемдік қауымдастықтағы стандарттарға сәйкес болуы керек. Тұрақты даму идеясы адам құқығын нығайтуды, қазіргі және болашақ ұрпақтың табиғатпен үйлесімді байланысқа түсуіне негіз қалайды.

29. Халықаралық ынтымақтастықтың үкіметтік және үкіметтік емес көптеген бағдарламаларын ЮНЕСКО атқарады. 1972ж. ЮНЕСКО Стокгольмде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша алғашқы ірі халықаралық конференция үйымдастырды. Нәтижесінде БҰҰның қоршаған орта жөніндегі үкімет аралық бағдарламасы ЮНЕП құрылды. Стокгольм конференциясынан кейін қазіргі уақытқа дейін қоршаған ортаны қорғау жөнінде жалпы 170-тен астам әртүрлі шарттар мен келісімдерге қол қойылды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Вашингтон конвенциясы «құрып кету қаупі төнген жабайы флора мен фауна түрлерінің халыаралық саудасы туралы конвенция».(1973) 80ж. 5 наурызда қабылданған «Табиғат қорғаудың бүкіл дүниежүзілік стратегиясы» жасалынуына, жүзеге асырылуына жетекшілік жасаушылар халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы (КТҚО) және ЮНЕСКОның қамқорлығымен жұмыс істейтін басқа да халықаралық үкіметтік емес ұйымдар. 1982ж. БҰҰ биосферанын жағдайы үшін БҰҰ құрамына кіретін барлық мемлекеттерге жауапкершілік жүктейтін халықаралық табиғат қорғау құжаты – «Бүкілдүниежүзілік табиғат хартиясын» қабылдады. 1992ж. маусымда Рио Де Жанейрода өткен конференцияда дүниежүзілік қауымдастықтың тұрақты даму жолына түсу қажеттілігі туралы ереже тұжырымдалып, адамзаттың тұрақты даму қоғамына жеткізетін жолмен дамудың стратегиясы мен тактикасы туралы құжат – «Жер хартиясына» қол қоюы жарияланғанымен, хартияның мәні қабылданбады. Хартия «Ниеттер туралы хаттамамен» - Қоршаған ортамен даму жөніндегі декларациямен алмастырылды. 58.Қызыл кітап, оның маңызы. Қызыл кітап- биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы. Қызыл кітапқа сирек ж/е жойылу қаупі бар түрлер енгізілген. Қызыл кітап- қауіптің жаршысы. Қызыл кітапқа енген түрлердің санының азаю себебі, таралу аймақтары, қорғау үшін қолданылатын іс-шаралар ж/е т.б. мәліметтер көрсетіледі. Қазіргі кезде Қызыл кітаптың 8 томы шыққан. «Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғаттанушысы П. Скотт айтқан болатын.1963ж. Халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы шықты. 1966-1975ж. 5 томы жарық көрді. 1978ж. КСРОның «Қызыл кітабының» жануарларға арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» одан кейін 1991ж. же 1996ж.өңделіп қайта басылды. Қазір жер бетінде өсімдіктердің 25000 түріне, құстардың 600 түріне, аңдардың 120 түріне жәнеде көптеген балықтар, рептилий, амфибиялар, насекомдар және т.б. жойылу қаупі төніп тұр. Жойылып бара жатқан немесе сирек кездесетін түр мекендейтін ел оның болашақ тағдыры үшін жауапты.Халық саны өскен сайын негізгі табиғи қауымдастықтарды, олардың бастапқы түрінде сақтап қалу ғылыми және эстетикалық мақсатпен маңыздылығы артуда. Тек табиғи түрінде бұзылмай сақталған қауымдастықтар болғанда ғана адамның іс-әрекетінен болған өзгерістер туралы толық айта аламыз және кері жағдайларды болдырмауға мүмкіндік туғызамыз. Сол себепті табиғатты қорғау-баршаның ісі. 59.Экологиялық тәрбие және ағарту — адамды қоршаған табиғи ортаны ұғынып қабылдауға, табиғатқа ұқыпты қараудың қажеттілігіне сендіруге, оның байлықтарын жоғары саналылықпен пайдалануға дағдыландыру. БҰҰ Қазақстанды экологиялық жағдайы өте нашар елдердің қатарына жатқызады. Қазіргі таңда табиғи байлықтарды пайдалану тонаушылықпен жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңдар, қажетті нормативтіқ-құқылық базалар, экономикалық механизмдер болғанымен іс жүзінде ол заңдар, ережелер өз дәрежесінде жұмыс істемей жатыр. Мұның бір себебі, азаматтардың экологиялық мәдениеті деңгейінің төмендігі. Экологиялық мәдениет - бұл азаматтардың экологиялық сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы, табиғатты тиімді пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі.Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес. Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді. Ары қарай өз тілімен жазуға болады.

30. Тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап, мемлекет халықаралық-құқықтық құрал ретінде халықаралық ұйымдар механизмдерін пай- даланып келеді. Осы мақсатта тұрақты және уақытша жұмыс жасайтын халықаралық ұйымдар (конференциялар) құрылды.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы іскерлік жұмыстарды жүзеге асыру барысында халықаралық, үкіметаралық ұйымдар мен халықаралық үкіметтік емес ұйымдар қатысады. Одан басқа халықаралық ұйымдарды экологиялық мәселелерді қамту маз- мұны бойынша: табиғат қорғау бағытындағы ұйымдар (Халық- аралық табиғат қорғау кеңесі), табиғи ресурстық профильді ұйымдар (Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы), арнайы табиғат қорғау профиліндегі ұйымдар (балық қорларын қорғау, өсімдіктерді қорғау, жеке жануарлар түрлерін қорғау) деп бөлуге болады.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың қалыптасуын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырылады:кезең. 1913 жылы Берн қаласында халықаралық табиғат қорғау Күніне арналған конференция өтті. Бұл үкіметтік емес ғылыми конференция болатын, оған әлемнің 18 елінен өкілдер қатысты. Конференция ақпараттық және ұйымдастырушылық си- пат алғандықтан, ешқандай шаралар жасалмады.1923 жылы Парижде табиғатты қорғау жөніндегі І халықара- лық конгресс болып өтті. Бұл конгресс жалпы пікірталастармен шектелді. Жалпы халықаралық серіктестіктің бірінші кезеңінде жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жеке түрлерін қорғау жолын- да бірқатар табыстар болғанымен, оның барлығы да үкімет тарапынан ешқандай қолдау таппады.кезең. Оның басталуы 1945 жылы Б¥¥ құрылуымен тікелей байланысты. Қоршаған ортаны қорғау Б¥¥ жарғысында жазылған. Б¥¥ - халықаралық экологиялық бірлестікте маңызды рөл ойнайды. Б¥¥ міндеті - экономикалық және әлеуметтік өмір- дегі, денсаулық сақтау, өмір сапасын көтеру, адам құқығын қорғау секілді халықаралық мәселелерді шешуге көмек көрсету.кезең. 1960-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің басты оқиғаларына жататындар: Рим клубының құрылуы Стокгольмдегі Б¥¥ қоршаған орта және даму жөніндегі 1-кон- ференциясы; 1983 жылы құрылған қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссия, 1987 жылы «біздің ортақ болашағымыз» баяндамасының шығуы.А) Рим клубы. Тұрақты даму тұжырымдамасының пайда болып қалыптасуына Рим клубы шеңберінде өткен іс-әрекеттер көп ықпалын тигізді. Рим клубын құру идеясын қалыптастырған ита- льян экономисі, қоғам қайраткері, бизнесмен Аурелио Печчеи бо- латын. Ол Рим клубын 1968 жылдан 1984 жылға дейін басқарды. Рим клубының құрамына экологиялық дағдарыстың себептерін анықтайтын және одан шығатын жолды қарастыру үшін кең зерттеулерді жүргізетін ғалымдар енді. Осы жылдары А. Печ- чеи Рим клубының негізгі жұмыстарының саласын анықтады. Соның ішінде бастылары: Жер бетіндегі халық санының ар- туы және қайта қоныстану, әлеуметтік теңсіздік және аштық, жұмыссыздық пен инфляция, энергетикалық тапшылық, табиғи ресурстар қорының таусылуы және қоршаған ортаның ластануы, сауатсыздық және білім беру жүйесінің ескірген жүйесі, қылмыс пен күштеудің өсуі, моралдық құндылықтар төмендеуі және сенімнің жоғалуы, тұрақсыздықты сезіну және осы мәселермен олардың өзара байланысын түсінбеу.Рим клубының зерттеген жобалары 30-дан асады және қоғамға кең таралды, соның ішінде бастылары: «Өсу шегі» (1972), «Адам- зат жол айрығында» (1974), «Халықаралық тәртіптіқайта құру» (1977), «Білімнің шегі жоқ» (1979), «Үшінші әлем - әлемнің үштен төрт бөлігі» (1980), «Болашаққа апаратын маршруттар» (1980), «Өсу шегіне» (1988), «Өсу шегі - 30 жылдан кейін» (2004) және т.б.Рим клубының басты жұмыстарының бірі «Өсу шегі» баяндамасы, онда әлемнің тұрақтылығы мен өзгермейтіндігі жайында адамның көзқарастарын өзгертуге бағытталған. Планеталық жағдайдың өзгерісін бағалау туралы ғалымдар ресурстардың жағдайы және оларды тұтыну, өнеркәсіптік өндірістің көлемі, халық саны, тамақ өнімдерін өндіру көлемі, қоршаған ортаның ластануы, өмір ұзақтығы, жан басына шаққандағы тұтыну тауарларын өндіру көлемі, жан басына шаққандағы қызмет көлемі және т.б. көрсеткіштерді қолданды.кезеңде Тұрақты даму жөніндегі Б¥¥ бесінші конференция- сы 1997 жылы өтті (РИО+5, 1997). Осы конференцияда ХХІ ғасыр Күн тәртібі идеясын тарату және әрбір мемлекет ХХІ ғасырдың Жергілікті Күн тәртібін жасау және ендіру жөнінде шешімдер қабылданды.Сонымен қатар, тұрақты даму бойынша Еуропа қалаларының Хартиясы (Аалборг хартиясы), Аалборгте (Ольборге), Дания, өткізілген ірі және кіші қалаларды Тұрақты дамыту бойынша Еуропалық конференциясында қабылданған, 1994 жылғы 27 ма- мыр.кезең. Тұрақты даму жөніндегі Бүкіләлемдік Саммит, Йо- ханнесбург, 2002 жыл.Бұл конференцияға әлемнің 100 елінен 45 мың делегат келіп қатысты. Саммитті ұйымдастырушылар талқыланатын мәселелерді: су, энергия, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, экология сияқты бес топқа бөлді. Барлық жұмыстар осы тақырыптардың шеңберінде ұйымдастырылды. Конференция барысында әртүрлі акциялар, кездесулер, презентациялар, дөңгелек үстелдер жүргізілді. Саммит нәтижелері бойынша «Саммит шешімдерінің орындалу жоспары», «Саяси декларация» жөнінде құжаттар дайындалды. Онда тұрақты дамуға жетудегі тәжірибелік шаралар көрсетілді. Саммит шеңберінде «Жер Хартиясы» деп аталатын құжат ұсынылды. «Жер Хартиясы» - бұл адамның болашақта өмір сүруін қамтамасыз ететін тәртіп кодексі туралы құжат.Б¥¥ Тұрақты даму жөніндегі комиссиясы «Сәтті хикаялар» атты ақпраттық жинақтар шығарады. Оларда осы саладағы қа- лаларда іске асырылған сәтті жобалардың қысқаша сипаттама- сы беріледі. Әрбір жинақ ішінде әртүрлі елдерде іске асырылған ондаған жобалардың сипаттамасыбар. Бұл материалдар әлем бой- ынша үлгі алатын мысал ретінде таралады.

 

31. Қоршаған ортаны оңтайландыру-табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам қарқынмен қысқарып бара жатқандығы атап айтылды. Адамның әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық, СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.Қазіргі кезде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның тиімсіз жұмысынын салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн сайын жануарлар мен өсімдіктердін бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд т азайған, 200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың — мұнайдың, табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып отыр, Жер ғаламының әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді.Белгілі америкалық эколог-ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:1) барлығы барлығымен байланысты;2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";4) еш нәрсе тегін берілмейді.Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек. Құқықтың қағидалары — Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық: қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар; мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды; әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз; қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар. табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған; кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады — жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б; қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты; қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.

 

32. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамалары: литосфера, гидросфера, атмосфера. Атмосфера (гр. ατμός — «ауа» және гр. σφαῖρα — «шар») - жердің ауа қабығы. Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген құрамдастардың қатынасы оның радиатцияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +15º С емес, -18ºС болар еді. Атмосфераның орташа қалыңдығы - 150 км. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. Литосфера — жер қабығы (грек. lithos - тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның кқалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады. Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді. Литосфера - жердің қатты қабығы. Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. [2] Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.

33. Табиғи ресурстардың классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін ресурстар. Сарқылатын ресурстар (орыс. Исчерпаемые ресурсы) — табиғи ортадан алынған сайын саркылатын ресурстар.Сарқылатын ресурстар қалпына келетін (таза ауа, түщы су, күнарлы топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі) және қалпына келмейтін (минералдық) ресурстар (қазып алынатын отын, металдық минерал шикізаттар (темір,мыс, т.б.), бейметалдық минерал шикізаттар (саз,құм, фосфаттар, т.б.) болып бөлінеді. Бұлар табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтындықтан сарқылады (мыс, алюминий, т.б.) Сарқылмайтын ресурстар (орыс. Неисчерпаемые ресурсы) — табиғи ресурстардың таусылмайтын бөлігі (күн энергиясы, жел, ағын су,теңіз толысуы). Сарқылмайтын ресурстарға кейде атмосфера мен гидросферами жатқызады. Бұлар антропогендік улы заттектермен едәуір ластанғанда сарқылатын ресурстарға айналады. Қалпына келмейтіндер: қазба байлықтары. Қалпына келетіндер: өсімдіктер, жануарлар, топырақ.

34. Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі. Биологиялық ресурстар (Биологические ресурсы) — тірі табиғат объектілерінде жинақталған (қорланған) адамға қажетті материалдық және рухани байлықты (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,табиғаттың таңғажайып ландшафтары, микроорганизмдер) алудың көздері мен алғы шарты. Жалпы Биологиялық ресурстар — биосфераның орта түзуші барлық тірі рауыштары өндірушілерден, тұтынушылардан және ыдыраушылардан түзіліп, олар сан, мөлшер жағынан, жыл сайын өніп-өсіп қайталанып отырады. Дегенмен Биологиялық ресурстар сан жағынан қалпына келгенмен, сапа жағынан қалпына келе қоймайды, оған себеп: тірі түрдің, оның ішінде ірі жүйелі топтың немесе экожүйенің жойылып кетуі. Биологиялық ресурстар өсімдіктер ресурстары және жануарлар әлемініңресурстары және т.б. болып бөлінеді. Генетикалық ресурстардың маңызы ерекше. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді. Бірақ, енді ғана басталып келе жатқан экономикалық өсу 90-жылдары туындаған дағдарыстың салдарын жойып жіберді деп айту мүмкін емес. Мұндай тұжырымды жасауға республиканың азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайы, аграрлық өнеркәсіптің (шынайы даму тенденциясы) және отандық азық-түлік нарығының шынайы даму тенденциясы, оның деңгейінің әлемдік, азық-түлік нарығындағы өзгерістерге тәуелділігі, елдің әртүрлі аймақтарындағы халықтардың әлеуметтік жағдайы мен төлем қабілеттілігі жағдайы негіз болып табылады. Елді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің қажетті шарты – ұлттық шаруашылықтың көптеген салаларымен қарым-қатынаста болатын, экономиканың ірі секторы – агроөнеркәсіптік кешен қамтамасыз ететін олардың өзін-өзі қамтамасыз етуі (азық-түлік тәуелсіздігі) болып табылады.

35. Табиғатты қорғау. Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі. Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану.Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатарзаңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.

36. Табиғатты ұтымды пайдалану. Адамдардың табиғаттың экономикалық, экологиялық, мәдени, сауықтыру пайдалы қасиеттерін пайдалану мүмкіншілігін табиғат пайдалану деп түсінеміз. Осыған байланысты табиғатты пайдаланудың үш түрін: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік түрлерін ажыратуға болады. Табиғатты пайдалану сипаты жалпы және арнайы болуы мүмкін.
Жалпы табиғат пайдалану арнайы рұқсатты қажет етпейді. Ол адамдардың табиғи қажеттілігін жән өмір сүру, еңбек ету, демалу құқықытарының негізінде жүзеге асырылады.Арнайы табиғат пайдалану физикалық және заңды тұлғалардың арнайы өкілетті орындардан рұқсат алуын талап етеді. Бұл да табиғат ресурстарының шектеулілігінің көрінісі. Ресурстар шектеусіз, сарқылмайтын болса және оларды тұтынуға алдын-ала дайындау қажет болмаса, рұқсат алудың да қажеті болмас еді. Арнайы табиғат пайдалану мақсатты болады және пайдаланатын ресурс түріне байланысты жерді пайдалану, суды, орманды, пайдалы қазбаларды, жабайы өсімдіктрді, жануарларды, құстарды, атмосфера ауасын пайдалану болып бөлінеді. Арнайы табиғат пайдалану әрқашан табиғат ресурстарын тұтынумен байланысты. Сондықтан құқықтық реттуді қажет етеді. ҚР табиғат пайдалануды қорғауды реттейтін арнайы заңдар мен кодекстер қабылданған.Соның бір,і табиғат ресурстарын пайдалану құқығы үшін лицензия (рұқсат)
Табиғат ресурстарын пайдалануға рұқсат (лицензия) беру Қазақстан Үкіметінің арнайы қаулыларымен реттеледі.Табиғат пайдалануға рұқсат беру экологиялық мәселелерді тыйым салу, шектеу, рұқсат ету, өкілеттік беру сияқты мәслелерді әкімшілік-құқықтық әдістермен реттеу болып табылады. Лицензия шаруашылық әркеттің әр түріне, белгіленген мерзімге беріледі. Кейбір әрекеттерге экологиялық талаптарға, орналасқан орнына байланысты шектеулер қойылуы мүмкін. Лицензия сұраушылардың өтініші бойынша, конкурстық негізде берілуі тиіс. Лицензияда көрсетілген тәртіптер бұзылғанда, оны басқаға бергенде, немесе лицензия құқығынан айырғанда– шағымдануға болады.Табиғат пайдалануға лицензия – ол қандай да бір болмасын табиғат ресурсын пайдаланып белгілі бір шаруашылық әрекет етуге рұқсат.
Сонымен лицензия табиғат қорғау және пайдалануды реттеу міндеттерін атқарады.
Лицензия объективті және субъективті себептерге байланысты шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін.Субъективті себептер – лицензия шарттарының бұзылуы, табиғат қорғау міндеттерінің орындалмауы.Объективті себептер – табиғат пайдалану жағдайларының өзгеруі, табиғи апаттарға байланысты халыққа қауіп төнуі, т.с.с

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 146 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав