Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жер сілкінісі және жаһандық жылыну

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. lt;question2>Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы....

 

Әлемді алаңдатып отырған табиғаттың бұл екі құбылысының бір-біріне еш қатысы жоқ дерсіз. Бірақ бірінің екіншісіне тигізер әсері зор. Швед және неміс ғалымдары ірі жер сілкіністерінің салдарынан күн ыси түседі деген болжам жасауда. Яғни, алапат жер сілкінісі ауа температурасын бірнеше есеге көтеріп, онсыз да амалы табылмай отырған ғаламдық проблеманың еселене түсуіне себеп болмақ. Бұл зерттеушілер 2007 жылы Араб теңізінде бұрғылау жұмыстарын жүргізіп, теңіз түбін зерттейді. Нәтижесінде теңіз түбінен алынған топырақ құрамынан метан гидратын табады. Сонау жер қыртысының тереңінде жатуы тиіс газдың жер бетіне қалай көтерілгенін түсіне алмай дал болған зерттеушілер, мәселенің мәнісін кейінірек түсінеді. 1945 жылы бұл маңда 8,1 балдық жер сілкінісі болған екен. Бұл жойқын зілзала жер қыртысындағы метан шөгінділерінің жарылуына әкеп соқтырған. Соның нәтижесінде үлкен көлемдегі метан газы аспанға көтеріліп, ауаға тарап кеткен. Ал метан өз кезегінде күн сәулесін көмірқышқыл газынан 25 есе көп өткізеді. Демек, күн қазіргіден 25 есе тез ысиды деген сөз. Солайша жаһандық жылынуға адамдар ғана емес, табиғаттың өзі тікелей «үлесін» тигізе алады екен. Осы жайттарды ескерген ғалымдар «бұлай жалғаса берсе, адам баласы тіршілік етуден қалады» дейді.

 

Жаһандық жылыну соңы – соғыс

 

«Жұт жеті ағайынды» демекші, жаһандық жылыну өз кезегінде әлемде түрлі соғыстар мен қақтығыстардың тұтануына сеп болмақ. Американың Принстон университетінің мамандары 2050 жылға дейін ғаламда соғыс саны 1,5 есе арта түседі деген тұжырымға келіпті. Бұл соғыстардың да ушыға түсуіне жылыну үрдісі себеп. Расында, жер атмосферасы мен дүниежүзілік мұхиттың орташа-жылдық температурасы күн өткен сайын өсіп келеді. Бұл өз кезегінде жер шарының біраз аймақтарында жауын-шашынның азайып, құрғақшылық орнауына әкеп соқтыруда. Демек, сол маңда тұратын жұрттың ішіп-жемі азайып, экономикалық жағдайы қалыпты болмайды деген сөз. Осыны ескерген мамандар, арнайы зерттеу жүргізіп, әсіресе, ауылшаруышылығымен күнелтіп отырған елдерде жағдайдың күрт төмендейтінін анықтаған. «Жаһандық жылыну адамзатқа өзінің кері әсерін тигізбей қоймайды. Оның әлемдегі экономикалық жағдайдың күрт төмендеуіне де әсер етері сөзсіз. Мұндай қиын жағдайда адам баласы тіршілік қамымен қолына қару алады» дейді Принстон университетінің қызметкері Соломон Сян.

 

Зерттеушілер мұндай сұмдық тұжырымға келмес бұрын 60 түрлі қозғалыстар мен көтерілістердің, азаматтық соғыстардың тарихын зерттеген. Түптеп келгенде, соғыстардың өршуіне өз кезегінде табиғаттың түрлі мінездері себеп болғанын анықтаған. Яғни, табиғат тосын мінез көрсеткен сайын экономикалық жағдай нашарлап, соғыс қаупі еселене түседі.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 41 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав