Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Постпозитивизм.

Читайте также:
  1. Позитивизм и Постпозитивизм.

Прагматизм [1] (pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизм терминін ғылыми айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс (1839 — 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.

Прагматизм — шапшаң әлеуметтік өзгерістер кезеңінде дүниеге келген практикалық философия, ол парасатты ой мен логикалық әдісті практикалық істермен астастыруға тырысып, тәжірибеге жүгінеді. У.Джеймс (1842 — 1910) өзінің “Прагматизм” (1907) атты еңбегінде “Прагматикалық әдіс… әрбір ұғымды тиісті практикалық нәтижелерімен түсіндіруге тырысады. Егер бұл ұғым емес, басқа бір ұғым ақиқат болған күнде де біреу үшін одан қандай практикалық мән болар еді” деген пайымдауды тұжырымдап, бұл философия туралы анық түсінік береді. Джеймс еңбектерінде прагматизм қандай да бір теориядан туатын “практикалық нәтижелерді” салыстыру жолымен филоселосы таласты шешу тәсілі және ақиқат теориясы ретінде тұжырымдалады: ақиқат дегеніміз — “біз үшін тиімді болатын, өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келіп, біздің бүкіл тәжірибеміздің жиынтығымен ұштасып жатқан әрекет” дейді. Сөйтіп, прагматизмның “практика” мен ақиқатты субъективті тұрғыдан түсінуі оның ұғымды (идеяны) әрекет “құралы” (Дж. Дьюи) деп, ал танымды субъективтік “ақиқаттардың” жиынтығы (Ф.К.С. Шиллер) деп анықтама беруіне әкеліп тірейді. Бірақ прагматизм практикалық пайдалылық деп объективті ақиқатты практика өлшемімен дәлелдеуді емес, адамның жеке басының субъективті мүддесін қанағаттандыруды түсінеді. Шындықты түсіндіруде Прагматизм эмириокритицизммен үйлес “радикалды эмпиризм” позициясын ұстанады. Прагматизм объективті шындықты “тәжірибемен” барабар деп санап, танымның субектісі мен объектісін бөлуді тек тәжірибе шеңберінің ішінде жүргізеді.

Реализм [1] (лат. relіs — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.
Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, Реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет етеді. Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелейді, өмір шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды. Реализм өмірде үнемі кездесетін нақтылы жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды, дегенмен оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі ерекшелігі — өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейнелі тұлғалар жасау. Бейнелеу өнерінде сыншыл Реализм 18 ғ-дан байқалды. Суретшілер шығармндағы қарапайым адамдардың күнделікті тіршілігіне үңілу, жекелеген мінезге көңіл аудару, қоғамдағы кертартпа салт-сананы келемеждеу (Францияда Ж.Б. Шарден, Ж.Б. Грез; Англияда У.Хогарт;Германияда Д.Н. Ходовецкий) ағартушылық идеяларының шартына бағындырылды. Реализм әдістерін қалыптастыруда Ф.Гойя шығарм. ерекше орын алды. Ол өз еңбектерінде төңіректі қоршаған дүниенің жанды поэзиясын қалай ашса, әлеум. қайшылықты аяусыз талдауда соншалықты батыл қадам жасады.

Структурализм (лат. structura — құрылым, байланыс, рет)– мәдениеттің көптеген құбылыстарының негізінде шын мәнінде бар логикалық құрылымды іздестірумен байланысты 20 ғасырда пайда болған социогуманитаристикадағы бірнеше бағыттың жалпы аты. Ғылым бағыт ретінде дамуына бірнеше гуманитарлық ғылымның баяндаушылық эмпирик. методтан зерттеудің абстрактілі теоретик. деңгейіне көшуі негізгі себеп болды. Структурализм құрылымдық методтың, моделдеудің, формализациялаудың, математизацияның элементтерін қолдануға негізделген. Құрылымдық метод алғаш рет лингвистикада пайдаланылған, содан соң әдебиеттануда, этнографияда, т.б. гуманитарлық ғылымдарда қолданылды. Ал тар ауқымда структурализм – 20 ғасырдың 60-жылдарында Францияда тараған, құрылымдық методты пайдалануға байланысты пайда болған ғылыми және философиялық идеялардың жиынтығы. Оның негізгі өкілдері – Клод Леви-Стросс, Мишель Фуко, Жак Лакан, Роллан Барт, Л. Альтюссер.

Герменевтика - гр. һегmeneutikos - түсіндірмелік, талқылаушылық - классикалық түсінікте - мәтіндерге түсінік беру өнері. Саяси консалтингта да мәтіндерді түсіндіріп, талдауда, адамның немесе әлеуметтік топтың мінезқұлқын талдау технологиясында қолданылады.[1]

Герменевтика ежелгі антикалық дөуірде көне ақындардың (ең алдымен — Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Герменевтика антиктік мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімінің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған.[2]

Постжаһандану - соңғы кездері көзқарастар, идеялар жиынтығына қатысты әдебиеттерде көп кездесетін, қазіргі жаһанданудың болашақтағы табиғи және әлеуметтік процестерінің әртүрлі даму сценарийін ұсынатын неологизм. Ұғымның әлі толық қалыптасқан мазмұны жоқ, дегенмен, шығу тегі жағынан "пост" қосымшасымен басталатын басқа да үғымдармен (постиндустриалды қоғам, постклассикалық емес ғылым, постмодернизм, постпозитивизм, постструктурализм және т.б.) қатарласты. Барлық жағдайда "пост" (кейін) қосымшасы, бұрыннан жақсы белгілі, нақтылы анықталған, өз атауы бар бір құбылыстың орнын басқан келесі құбылыс жайлы қолданылады. Осылайша, "индустриалды қоғам", "классикалық ғылым", "модернизм" және т.б. әбден қалыптасқан мазмұны бар. "Жаһандану" да енді осы қатарда тұр. Қалыптасқан шеңберден шығатын басқа жаңа шынайылық, жаңа анықтамаларды талап етуінен, "пост" қосымшасын қолданғанда бұрынғы қалыптасқан ұғымның негізінде өзге ұғым қалыптасады. Алайда, бұл жаңа сөздер жасау әрекетінің мүмкіндігі шектеулі, тілді дамыту, жетілдіру саласында өнімсіз, өйткені белгілі бір кезеңде тағы бір "пост" қосымшасы сүранады, сосын тағы... Қазіргі әдебиеттерде "пост" қосымшасын екі мәрте қолданған сөздер де кездеседі.[1]

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 85 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав