Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Химиялық реакцияға кіретін концентрацияға сәйкес концентрацияны ионның немесе молекуланың активтілігі дейді.

Читайте также:
  1. A) Заттар немесе мүліктік құқықтар
  2. C) жеке командалар немесе команда топтары көп рет қайталанатын болса
  3. Адам шарушылық қарекетінде табиғатпен байпанысты, оған тікелей немесе аралық әсерін тигізеді.
  4. анның биохимиялық талданымы
  5. Асқазанның бөлімдерін атаңыз:кардиальді күмбезі немесе түбі, денесі, пилорикалық бөлігі
  6. Атлант-шүйделік буыны, буын беттерінің пішіні бойынша қандай: элипс немесе айдаршық тәріді
  7. Бап. Оңалту немесе банкроттық рәсiмiн қолдану үшін сотқа жүгіну негiздерi
  8. Бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау
  9. В.И. Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.
  10. Вирусқа қарсы иммунитет (арнайы және арнайы емес). Химиялық препараттармен вирусты жұқпалы ауруларды емдеу

Активтіліктің (а) концентрацияға (С) қатынасын активтілік коэффициенті (f) дейді: .

Активтілік коэффициентін тәжірибе жүзінде табады. Егер f < 1 болса, онда активтілік концентрациядан көп а > с. Егер f=1, онда активтілік пен концентрация өзара тең а=с. Яғни иондар бір-бірінің қозғалысын тежейді.

53. Күшті электролиттерге ерімтал тұздар, қышқылдар (HNO3, H2S04, HCl), сілтілер (NaOH, КОН, Ва(ОН)2) жатады. Бұлар суда ерігенде иондарға толық ыдырайды.

Әлсіз электролиттерге: Н2С03, H2S, Н3Р03, СН3СООН, NH4OH, Н20 жатады. Олар суда еріген кезде иондарға толық ыдырамайды.

54. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш. Су - әлсіз электролит. Диссоциациялану схемасы:

Н2О↔Н+ + ОН- немесе 2Н2О↔ (Н3О)+ + ОН-

Су аз диссоциацияланады, сондықтан судың молекулаларының концентрациясын тұрақты деп санауға болады.

Осы көбейтінді тұрақты, ол судың иондық көбейтіндісі деп аталады.

Су-әлсіз электролит, ол өте аз мөлшерде ыдырайды:Н2О- Н+ + ОН- Кез келген бейорганикалық қосылыстардың су ерітіндісінде Н+ және ОН- иондары болады. судың диссоциациялық константасы мынадай:

[H+]*[OH-]

Кд = H2Oне Кд*(Н2О)=[H+] [OH-]

Кд-1,8*10-16 судың 22ºС

[H2O]= 1000г/л 1000г/л/18г/л=55,56моль/л

Онда [H+] [OH-]=1.8*10-16*55.56=10-14 моль/л

Суда және кез келген су ерітіндісіне Н, ОН иондары концентрациясының көбейтіндісі- тұрақты шама, оны судың иондық көбейтіндісі деп атайды және Кс және КШ деп белгілейді. Теріс дәрежелі көрсеткіштер санын қолдану өте қолайсыз. Сондықтан сутек иондарының концентрациясын сутектік көрсеткіш арқылы бейнелейді және оны рН деп белгілейді. Сутектік көрсеткіш(рН) су ерітінділеріндегі сутек иондарының концентрациясын көрсетеді. Ол сандық түрінде моль/л өлшенетін сутек иондары (Н) концентрациясының теріс ондық логарифмне тең:(рН=lg[H] не pH=-lgc(H)). Бейтарап ерітіндіде рН-7, қышқылда рн<7, сілтіде рН>7.

 

55. ЕРІГІШТІК КӨБЕЙТІНДІСІ. Тұнба түзілу және еру шарттары.

Табиғатта абсолют ерімейтін зат жоқ. Сондықтан кез келген аз еритін заттың біраз мөлшері ерітіндіге өтіп отырады. Ерітіндіге еріген зат иондар түрінде таралады. Бір кезде тұнбадағы зат пен ерітіндіге таралған иондар арасында жылжымалы тепе-теңдік орнайды. Осы тепе-тендікке әсер етуші массалар заңын қолдануға болады.

Ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) деп тұрақты температурада алынған аз еритін заттың қанық ерітіндісіндегі иондарының концентрацияларының көбейтіндісін айтады:

С(К+)С(А-) = const және ЕК = С(К+) С(А-).

Температура өскен сайын ЕК өседі. Ерігіштік көбейтіндісін заттың еру мөлшерін білу үшін қолданады. ЕК-ны білсе иондардың концентрациясын табуға болады. ЕК-ны білсе заттың ерітіндісінен тұнба түзілу мүмкіндігін білуге болады. Егер ерітіндідегі иондардың концентрацияларының көбейтіндісі ЕК-дан кіші болса, тұнба түзілмейді. Ал ол көбейтінді ЕК-ға тең, немесе үлкен болса, тұнба түзіледі. Егер нашар еритін тұздың бір ионы комплекс түзуші болса, осы тұзға комплекс түзуге қабілеті бар қосылыстың ерітіндісін құйса, тұнба ериді. ЕК белгілі болса, химиялық реакциялардағы тепе-теңдіктің қай жаққа ығысатынын алдын ала болжауға мүмкіндік туады.

Ерігіштік көбейтіндісі заттың еру қабілетін сипаттайды, ЕК жоғары болса, заттың ерігіштігі де жоғары. Біртекті ионды ерітіндіге қосу иондар концентрациясының көбейтіндісін арттырады, яғни электролитті тұнбаға түсіру үшін ерітіндіге біртекті ион қосу керек.

Электролиттің еруі біртекті ионды қосқанда ғана емес, кез келген ионды қосқанда байқалады. Оны «тұз эффектісі» деп атайды. Бұл құбылысты кез келген ион қосу кезінде ерітіндінің иондық күшінің артуымен түсіндіруге болады.

Электролиттер ерітінділері өзара әрекеттескенде реакция иондар арасында жүреді. Ерітіндідегі химиялық реакциялар жүріп, тепе-теңдік оңға қарай ығысуы үшін төмендегідей шарттар сақталуы керек: реакция нәтижесінде аз еритін заттардың түзілуі, аз диссоциацияланған заттың түзілуі, газ күйіндегі заттардың шығуы.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 232 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав