Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экологиялық турларды жобалау.

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері
  2. Азіргі заманғы ғаламдық экологиялық және экономикалық проблемалар, олардың Қазақстандағы ерекшеліктері
  3. Аламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлері
  4. Атмосфералық ауаның сапасын және оған зиянды физикалық әсер етуді экологиялық нормалау
  5. Биоэкологиялық мониторинг
  6. Британдық BS 7750 Экологиялық менеджмент саласындағы стандарт
  7. Екіншіден — үлкен аумақты алып жатқан жерде экологиялық процестерді реттеуші нысан (ірі орман массивтері) жоқ.
  8. Лемдегі экологиялық жағдай және оны жақсартудағы биотехнологияның рөлі
  9. Леуметтік – экологиялық дағдарыс және тұрақты даму.
  10. Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары. Фотопериодизм.

Туроператор түсінігі термин ретінде 2001 ж пайда бола бастады. Туроператор болуы мүмкін:

Туризмнңғ түрріне байланысты;

Бағыты бойынша туроператор;

Нарық сегментіне байланысты туроператор

Орналастыру орнына байланысты туроператор;

Көлік түрі бойынша туроператор

 

Туроператорлар іс әрекет ету орнына байланысты бөлінуі мүмкін:

Жергілікті туроператорлар;

Шығу операторлары;

Қабылдаудағы туроператорлар.

Сонымен қатар туроператорлар инициативті және рецептивті болып бөлінеді. Инициативтілер Шетелдегі туроператорлармен қатынас жасаушылар болса, рецептивтілер олар шаталдегі туристік қызметті жеткізушілермен келісім шарт жасаушылар жатады. Тур толық және дұрыс орындалуы үшін төмендегілер орындалуы қажет:

Туристік саяхаттың технологиялық картасы;

Туристңк қызметті жеткізушілермен жұмыс;

Туристік саяхаттың ақпараттық парағы;

Туристерге қызмет көрсету бағдарламасы.

 

экотурлардың классификациясы:

жылжу тәсіліне байланысты;қатысушылар құрамына байланысты; ұзақтығына байланысты; туристердің тұрғын елдеріің аумағының шекарасына қатынасына байланысты.

Тип: экотуризм Экотурлар
Классы 1. Экотурлар "жабайы " табиғатта, қорғалатын шекара территорияларда 2. Экотурлар қорғалатын аумақтардан тыс жерде 3. Экотурлар мәдени ландшафтардағы жерлерде
түрлері 1. Негізгі мақсатқа байланысты 2.Негізгі объект бойынша
Формы 1. Қатысушылар жасына байланысты (балалар мен үлкендер) 2.Десаулық жағдайына байланысты (мүмкіндіктері шектеулі) 3. Топтардың саны бойынша (шағын және үлкен)
экотурлар түрлері %
Парктарға бару 55,8
Жаяу сапарлар 55,0
Аса қорғалатын территорияларға бару 47,8
Жабайы аңдарды бақылау; (не считая бердвотчеров) 45,8
Табиғи соқпақтарда сапарлар (экотропам) 37,1
Экологиялық – танымдық турлар 20,3
Бердвотчинг 19,5
Велосипед турлары 18,7
Су қоймаларындағы балық аулау 17,9
Дайвинг 14,7
Посещение водно-болотных угодий 12,0
Тауға сапар, шығу 11,6
каное мен каяктардағы сапар 9,2
ранчодағы өмір 4,0
Жүзу 3,6
Қайықтағы сапарлар 3,6
"Жағалаудағы" турлар 3,2
Мұхиттық турлар 2,8
кемпингтегі өмір 2,0
Табиғи көріктерге бару 1,2

 

 

1. 4) Экотурлардағы гидтердің туристермен жұмысы.

Гид (гид-аудармашы) - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға; Туристік қызмет көрсету - туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынылатын қажетті қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер);

Тур толық және дұрыс орындалуы үшін төмендегілер орындалуы қажет:

Туристік саяхаттың технологиялық картасы;

Туристңк қызметті жеткізушілермен жұмыс;

Туристік саяхаттың ақпараттық парағы;

Туристерге қызмет көрсету бағдарламасы.

 

2. 5) Экотурдағы туристік қызмет көрсетудің сапа менеджменті.

Негізгі ұғымдар: туристік базалар, Альпинистік лагерьлер, Тұрақ орындары, Бивак

• Туристік базалар – туристік топтарға түнейтін жер, тамақтану, туристік- экскурсиялық қызмет, мәдени-тұрмыстық, сауықтыру қызметін ұсынатын қонақ үй типтес кәсіпорын.

• Альпинистік лагерьлер - альпинистердің оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыратын спорттық база.

• Тұрақ орындары - дем алу мен түнеп шығуға арналған топтың орналасуына арналған орын.

• Бивак - туристік топтың маршруты бойында түнеуі немесе дем алуы үшін құрастырылған орын.

• Түнеу - орындары тауға шығу жоспарланып отырған таудың астындағы кең қолданыстағы орналастыру орыны.

• Базалық лагерь - туристердің оқу жаттығу жорығына барғанда жиі және ұзақ пайдаланатын орны.

Шытырман оқиғалы турларда туристтердің тамақтануын ұйымдастыру

• Туристердің жеке талғамдарын ескеру;

• Астың энергетикалық құндылықтарын есептеу;

• Тамақтану режимін құрау;

• Типтік мәзірді құрастыру;

• Тамақтану режимін құру;

• Керекті азық түліктерді есептеу;

• Ас үй құралдарын, ыдыстарды есептеу.

Экологиялық турдағы мәзір болуы қажет:

• Әртүрлі құрауыштардан құралған;

• Концентраттарды пайдаланбау;

• Таңғы мезгілде суы мол жеңіл тамақ қабылдау;

• Екі сағат сайын тамақтану және су ішу;

3. 6) Экотуристердің рекреациялық сұраныстарын зерттеу. Рекреация деген латын тілінен аударғанда recreatio – қайта қалпына келу деген, яғни адамның қара (физикалық) және рухани күштерін еңбек әрекеті процесінде жұмсалуынан қайта қалпына келтіру, оның ден саулығының және жұмыс істеуінің деңгейін көтеру. Рекреациялық әрекет белгілі бір территорияның рекреациялық потенциалын анықтайтын рекреациялық ресурстарға негізденеді. Рекреациялық ресурстар деп рекреациялық іс-әрекеттің түрлерін ұйымдастыруда пайдаланатын бірегейлілік, тарихи немесе көркемөнерлік бағалыққа, эстетикалық ажарлылыққа және емдеу-сауқтыру маңыздылық қасиеттеріне ие болатын табиғи және антропогендік объектілерді түсінеді (Максаковский, 2004). Адамның ден саулығын және еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру және ондай жағдайды сақтау ретінде демалуды қамтамасыздандыратын табиғи және мәдени ресурстарының белгілі бір бөлігі рекреациялық ресурстары деп аталады (Реймерс, 1990)

Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді сипатқа ие, себебі кез келген рекреациялық жүйеде өзара әрекеттесуге демалатын адамдар тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы, өндірістік сфера, еңбек ресурстары, қоныстану жүйелері.

Территориялық рекреациялық жүйелер туралы түсінік. Қазіргі рекреациялық географияның зерттеу предметі территориялық рекреациялық жүйелер (ТРЖ) болып табылады. Сонымен қатар рекреациялық география география, экономика және мәдениеттанудың түйскен жерінде орналасқан «шекаралас» ғылымға жатады. Қазіргі ТМД елдеріндегі зерттеушілер бойынша рекреациялық географияның негізгі үш көз қарасы ажыратылады:

— қоршаған орта көз қарасынан (физикалық-географиялық бағыттар зерттеледі);

— әрекеттік көз қарасынан (адамның іс-әрекеті және оның мінезі зерттеледі);

— субъективтік көз қарас (адамдардың қабылдау қасиеттерін және олардың ерекшеліктерін зерттейді).

Материалдық заттар, жүйелер, процестер және құбылыстар

рекреацияның объектілері болып табылады. Рекреацияның субъектері деп рекреациялық әрекетпен шұғылданатын адамдары түсінеді. Рекреациялық географияның көз қарасынан өзінің әлеуметтік мәдени біліміне стандартына сәйкес өзінің күшін қайта қалпына келтіруге бағытталған адамдардың әр түрлі іс-әрекетін рекреациялық әркет деп атауға болады. Мұның ішіне рекреацияның тәулікті, апталық, кварталдық, жылдық және өмірлік циклдері кіреді.

В.Б. Николаенко [15] бойынша, рекреациялық география жүйелердің оптимальдық функциолануы бойынша түрлі үсыныстарды жасап шығарады; белгілі бір көрсеткіштерімен жүйелерді проектілейді; рекреациялық қажеттілікті анықтайды; жүйелердің жасау және функциолау саладарына болжам береді; территориялы-дифференциацияланған нормаларды және территориялық рекреациялық жүйелерді проектілеудің және оны зерттеу әдістер жүйесін жасап шығарады; территориялық рекреациялық жүйелердің аймақтық ерекшеліктерімен таныстырады. Демек, рекреациялық география қоғамдық арнайы географиялық ғылымдарға жатады, оның зерттеу объекті мен предметінің мақсатты функциясы әлеуметтік деп анықталады. Рекреациялық география географиялық ғылымдар жүйесеніде қолданылатын тарихи, салыстырмалы, картографиялық, талдау-статистикалық, экспедициялық зерттеу, математикалық модельдестіру әдістерін пайдаланады. Рекреациялық географияның зерттеу предметі әлеуметтік сипатқа ие болғандықтан бұл ғылымда басқа да қоғамдық және медикалы-биологиялық ғылымдарының әдістерін қолданыдаы, мысалы, баланстық, социологиялық т.б. Рекреациялық географияның басты мәселесі территориялық рекреациялық жүйелердің даму және қалыптасуының объективті заңдылықтарын айқындау және белгілі бір елдің немесе ауданның әлеуметтік-экономикалық және табиғи жағдайыда олардың әрекеттеу механизмдерін.

Рекреациялық географияның басқа бір маңызды мәселесі рекреациялық іс-әрекет жүргізу үшін жүй тармақтары арасындағы оптимальдық өзара байланыстар және өзара тәуелділіктерді орнату, территориялық рекреациялық жүйелердің шоғырлану деңгейін және олардың мамандануын негіздеу мақсатында әр түрлі деңгейдегі және әр түрлі типтерін зерттеу маңызды болып табылады. Одан басқа рекреациялық географияның маңызды мәселесі өз өлкенің, Қазақстанның, шет елдердің рекреациялық жүйелер туралы ақпаратты түсінікті деңгейде жеткізу.

Н.Ф. Реймерс [17] бойынша, адамның ден саулығын, оның еңбекке қабілеттілігін қайта қалпына келтіру үйден тыс болу қажет, яғни туристтік саяхатта, санаторияда, демалу үйлерінде т.б. Мұндай пікір, рекреация демалудың, синонимі ретінде қарастыруға себеп береді. Осы көз қарастан демалудың белсенді және пассивтік түрін ажыратады. Белсенді түрі басым туристтік, спорттық тағы басқа қозғалмалы әрекетпен байланыстарды. Ал пассивтік демалу, жалпы қозғалыстардың барлық түрлерін тыс демалу.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 71 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав