Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Таулы аймақтардағы экологиялық және шытырман оқиғалық турлардағы қауіп-қатерлерді алдын алу

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. Linux кең таралған дистрибутивтары. Жүйелік администратордың алдына қойылатын басты мәселелер.

Жазатайым оқиғаларды алдын алудың басты жолы – оларды алдын алу.

- объективті қауіп- қатерлер үшін – қатерлі жағдайлардың пайда болу ықтималдығы туралы ақпаратты сараптау, яғни қандай мезгілде, тәуліктік қай уақытында, қай жерде орын алуы мүмкін, өзін-өзі ұстаудың алгоритмін құру, аса қауіпті жағдайлар пайда болғандағы іс-әрекеттер және аталған алгоритмді гид және туристермен талқыға салу;

- субъективті қауіп-қатерлер үшін– жоғарыда қарастырлағн ақпаратқа сәйкес саяхат маршрутын басынан аяғына дейін құрастыру, саяхат уақытын, кестесін, қызмет көрсету бағдарламасын (саяхат тактикасы), туристерді дайындауға талаптар, қажетті құралдарды және гидтерді іріктеу, туристерді қатерлі жағдайларда алғашқы көмек шараларамен таныстыру. Аталған шараларды орындамау саяхаттың аса қауіпті болуына әкеледі. Өзіндік саяхатқа аттану ұйымдасқан саяхаттан 2 есе қауіпті.

Аталған шараларды орындау барысында туримзде жазатайым жағдайлардың саны туристерді санына тікелей пропорционалды екендігін ұмытпаған жөн. Статистикаға сәйкес, оқыс жағдайлар сенбі және жексенбі күндері көп орын алады, яғни бір күндік және демалыс күндегі турлер. Туристердің саны неғұрлым көп болса, қауіпсіздікке сонша көңіл бөлу қажет.

Сонымен қатар, тәуліктік уақыт бойынша жазатайым оқиғалардың көп бөлігі түстен кейін болатындығы анықталды. Бұл туристердің шаршаңқы болуынан және мүмкіндік қауіптерге көңіл бөлмеуінен туындайды. Таулы аймақтардағы жағдай тастардың құлауы және таулы өзендердегі су деңгейінің жоғары болуынан қардың құлауымен де түсіндіріледі.

Жоғарыда аталып өткендей, жазатайым оқиғаларды алдын алу шараларының бірі туристерді алдағы саяхатқа дайындау. Таулы аймақтағы турларда бұл ең алдымен адам ағзасының жоғары таулы аймақтарға бейімделуімен тікелей байланысты. Яғни, атмосфералық қысымның, ауадағы оттегі мөлшерінің аз болуы, күн радиациясының жоғары болуы және т.б. Сондықтан туристерді мақсатты түрде осындай табиғи ерекшеліктерге дайындау – акклиматизация – жазатайым оқиғаларды алдын алу шараларының бірі болып табылады.

 

 

16.Таулы және шытырман оқиғалы туризмдегі табиғи қауіп - қатерлерлер және оларды туристердің өзін - өзі ұстауы.

Соңғы уақытта шытырман оқиғалы туризмнің барысында адам өміріне қауіп төну үрдісі азаймаған. Коммерциялық тауға шығулардың өсуі турдың қауіптілігін арттыруда. Қауіпті тудыратын ең үлкен себеп ол туристермен болған бақытсыз жағдайлардың сараптамасын жасамау болып табылады.

Шытырман оқиғалы туризмде кездесетін қатерлер

1. Қауіп қатер түрі 2. Аурулар түрлері
Метеорологиялық жағдайлардың қолайсыздығы Суық тию
Таулы аймақ климаты Жүрек қызметінің бұзылуы, тау ауруы
Күн радиациясы Көз аурулары, күнге күю
Үйреншікті есем тамақтану режимі Зат алмасудың бұзылуы, гастрит, ылғалдың азаюы, буындардың ауруы  
Көп уақыттық физикалық жұмыс жасау Омыртқаның қисайуы, тамырлардың кеңейуі, буындардың ауруы  
Насекомдардың шағуы Клещевой энцефалит

Экологиялық тур барысында кездесетін қауіп қатерлер пайда болуына байланысты объективті және субъективті болып бөлінеді.

Загрузка...

 

17.Экологиялық және шытырман оқиғалық туризмдегі іздеу және құтқару жұмыстарын жүргізу.

туристік саяхатта қауіпсіздікті дұрыс ұйымдастыру.Ал белсенді туризмде қауіпсіздікті дұрыс ұйымдастрыруға келетін болсақ, бұл негізгі мәселелнің бірі. Қауіпсіздікті дұрыс ұйымдастыру, яғни қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегеніміз – ол жорық алдындағы топтың физикалық дайындығын тиімді өткізіп, алдын ала шаралар ұйымдастыру. Ондай шараларға жарыстарды ұймдастыру, туристерді жорықтарға даярлау және іртүрлі жорықтарды өткізу жатады. Қауіп – қатерлер себептеріне байланысты 4 топқа бөлінеді: 1-топ – табиғи ерекшеліктері; 2-топ – материалдық – техникалық қамтамасыздандыру қателіктері; 3-топ – саяхатты дұрыс ұйымдастыру; 4-топ – медициналық сауатсыздық, техникалық – тактикалық тәжірибенің жетіспеуі және тәртіптің сақталмауы.

Белсенді туризмнен айналысатын ұйымдар, бақылау құтқару топ болуы қажет. Бақылау құтқару топтың міндеттері: осы ұйымның маршруттары өтетін аудандарды зерттеу; іздеу құтқару жұмыстарын өткізуге арналған құрал – жабдықтар әрқашан дайын болу керек; негізгі және көмекші топтарды дайындау; алдын –ала шаралар; іздеу – құтқару жұмыстарын өткізу; қажетті ақпаратты мемлекеттік апаттан құтқару қызметіне беру.

Жорықты ұйымдастырған кезде алдын – алу шаралары: а) туристің біліктілігін арттыру; б) әрбір турист қауіпсіздік нұсқауларын тыңдағанына қол қойғанынан кейн ғана топты жорыққа шығару; с) туристің біліктілігін бақылау.

Жолға шыққандағы қауіпсіздік ережелері: маршрут туристің қабілетіне сәйкес келуі керек; алдын-ала жолды, жер бедерін, қауіпті жерлерін, су көздерін білген жөн; график, қозғалыс тәртібін әзірлеу; айындықсыз, акримитизациясыз жолға шықпау; алдын ала ауа рай болжамын біліп алу; өте қолайсыз табиғи жағдайда жолға шықпау; қараңғы уақытта тек қана жолды өте жақсы білгенде ғана жүру немесе құтқару жұмыстарын ұйымдастырған кезде жолға шығу; ұрал – жабдықтарды азық – түліктеді, туристің денсаулығын мұқият тексері қажет; жетекшісіз жолға шықпау; аяқты жара мен үсіп қалудан сақтау.

 

18. Туристік фирмаға персоналды жинақтау шарттары.

ұмысқа қабылдау үдерісі келесі кезеңдерден тұрады:

— бос орында жұмыс істеу үшін үміткерлерге койылатын талаптарды нактылау;

— үміткерлерді іріктеп алу;

— үміткерлерді сұрыптап алу;

— жұмысқа қабылдау.

Жұмысқа үміткерлерді іріктеу процессін жеңілдету үшін лауазымдық нұсқаудан басқа берілген лауазымды жұмысты тиянакты орындау үшін керек болатын талаптардын сипаттамасы көрсетілген іс кағаздары болуға тиісті:

— мамандық картасы;

— біліктілік картасы (тамаша қызметкердің суреті). Лауазымдық нұсқау негізінде жасалған мамандык карта төмен дегідей мамандыктың сипаттамасынан тұрады: жалпы білімі; арнайы білімі; шет тілін білуі; компьютерде жұмыс іс тей білуі және т.б.

Жеке басының сипаттамасын және кәсіптік даму әлеуетін аныктау үшін біліктілік картасын жасайды. Біліктілік дегенміз адамның жеке басының сипаттамасы, оның белгілі бір фунцияны орындау қабілеттілігі, мінез-кұлқыныц және әлеуметтік рөлінің турі.

Кадрларды жинақтау үдерісіне әсер ететін факторлар. Барлық жұмыс орындарына үміткерлерді қабылдаудағы жұмысшы күшін жинақтау ішкі факторларға байланысты болады, соның ішінде:

— зейнеткерлікке шығу;

— өзара шарт мерзімнің аяқталуы;

— өндірістік іс-әрекеттер бағыттарының өзгеруі;

— кадрлардың қыскаруы.

Сыртқы факторларға жататындар:

— үкіметтік және кәсіподақтық шектеулер;

— жұмысқа қабылдауда жіктеулерге тиым салатьш заңдар;

— жұмысшы күші нарығына бағыт алу;

— жұмысшы күшінің құрамы;

— ұйымның орналасқан жері т.б.

Жинакгау дәстүрлі түрде сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді (Сурет 17 көре аласыз) .Қызметкерлерді басқару ісіндегі бастапқы кезеңі кадрларды жинақтау және іріктеу.

Қызметкерлерді баскарудың барлык келешектегі іс-әрекеттері ұйымға қандай адамдар жинакталғанына және іріктелгеніне байланысты болады.

Іздеу процессі иерархиясы:

Ішкі көздер:

1. Фирма ішіндегі ақпараттардың алмасуы, кәсіби бөлініс негізіндегі қызмет сатысымен жоғарыға көтерілу.Бұл басқару шынжырында орналасқан қызмет орындарының босатылуы жиілігіне тікелей тәуелді.

2. Фирма қызметкертелерінің туыстары, жора жолдастары мен таныстары арқылы.

3. Бұрынғы қызметкерлерінің арасында ақпараттын тарауы.Қайта қайтып келу тәжиірбесі. Әдетте біздің мемлекете өте сирек қолданылады.Минталитет ерекшелігіне сай бұл көбіне Жапондық модельге тән жағдай.

4. Фирма басқармасынын жеке қалауымен белгіленетін шешімдер.Әдетті біржақты және өзгеріссіз сипатта болады.

5. Егер ұйым үлкен корпорацияның кішігірім бөлімі болса, бұл сол корпорация ішіндегі ақпарат алмасу мен кәсіби мамандардың алмасуы орын алады. Көп жағдаыда басты ұйым өз кіші бөліміне қызметкерлерді ұсыныпб әдетте басқарушы қызметтер жоғарыдан белгіленеді.

Сыртқы көздер:

1.БАҚ немесе ЖАК, жалпы ақпарат көздері.Әдетте баспасөз құралдары,теледидар және радио қызметі арқылы таралу.Бұл нұсқа кәсіпорын иесінін жақсы маман таңдауға құштарлығын және осы мақсатқа жетуде шығындалуға дайын екендігін көрсетеді.

2. Кәсіби агенніктер мен жұмысшыны ақыға табу қыметін көрсететін ұйымдарға өтініш жазу.Бұл өз ісін жаңа бастаушы кәсіпкер үшін өте қолайлы.Себебі ол қабылдағалы жатқан қызметкеріне қоятын талаптары мен шарттарын белгілеп, еркін таңдай алады.Әрине бұлда аса шығынды қызмет

3. Өзге кәсіпорындар мен бәсекелес фирмалардың жұмысшыларын өзіне ыңғайластырып, осы фирмаға келуін ынталандыру. Дәлірек айтқанда бәсекелес кәсіпорын қызметкерін өзіне қызықтырып тартып алу.Әрине бұл ең жақсы әдістердін бірі деуге болмайды. Керісінше мұндай жұмысшыны қызметке алу жоғары тәуекелді іс. Себебі бір ұйымнан өз бас пайдасы үшін оңайлықпен бас тарта алған қызметкердің ертен сізді де тастап өзге жұмысқа кетпеуіне ешкім кепіл бола алмайды. Мұндай «Шикішіл» қызметкерлердің арқасында ұжымдық рухжәне ортақ құндылықтар қалыптаспый,татулық пен бірліксейіледі. Ал кадр бөлімі менеджерінін алдында тұрған ен басты мақсат кәсіпорынды қажетті бейбіт, достық күйіне қалыптастыру.

4.Жұмыс күші жәрменкелері мен еңбек биржасынын мәліметтеріне жөгіну.Бұ кәсіпорын үшін шексіз таңдау мүмкіншілігі. Не дегенімен де бұл әдістін өзіндік кемшілігі бар. Әдетте, жұмыс күші яармаркалары мен еңбек биржаларында жоғарғы оқу орындарын жаңа бітірген түлектер мен өз білім деңгейі мен тәжиірбесіздігі салдарынан жұмысқа тұра алмай жүрген ескі дәуір мамандары болады.

Осы сауалға бірден бір жауапты тұлға, яғни автор қажетті маман қызметіне үміткерлерді іздеу процесіне аса үлкен жауаптылықпен қарады. Жетекші кадр менеджерімен ақылдасқаннан соң, ең тәуір тұжырым,ізденіс жасау көзі ретінде ішкі көз, яғни оның ішінде қызметкерлердің вербалды ақпарат тарату арқылы үміткерлерді іздеу және сыртқы көз, яғни баспасөз құралдарына жарнамалық ақпарат орнату және арнаулы кәсіби агенттіктерге хабарласу,ұсыныстарын саралау арқылы үміткерлерді іздеу әдістерін жөн көрдік. Бұл арада бірнеше беделді кәсіби агенттіктердің тізімі жасалды,олармен байланысу көздері анықталып, өзге кәсіпорындардың тәжиірбесі ескерілді. Сонымен қатар жарнамалық ақпараттың жобасы жасалып,оқылу аудиториясы кең және негізінен еңбек нарығы жарнамаларына маманданған басылымдар таңдалды,баспасөз беттеріне шығу жөнінде келісім шарт жасалып,жарнаманың қаржылық және құқықтық мәселелері ескерілді. Үміткерлерді іздестіру жайындағы жарнамалық ақпарат үлгісін көре аласыз. Үміткерлерді ішкі көзден іздеу процесінде біз кішігірім ақпараттық хабарлама жасап,қажетті маман талаптарын жарияладық.

Сонымен, біз мамандарды жұмысқа алу жөніндегі ақпаратынызды таратып қол астыныздағы ресурстар негізінде нәтижелі, дәл және көреген таңдау жасауыныз керек.Фимаға келіп түскен өтініштерге анализ жасай отыра,бірнеше үміткерді таңдадық. Олардың жеке мәліметтері мен анкеталарын оқып,өз таңдауымызды бір үміткер ыңғайына шеуініз керек. Әдетте фирма басқармасы өзін қызықтырған үміткерлерді қосымша кездесуге шақырғанды жөн көреді. Бұл кездесудің мақсаты, үміткердің Резюмеде көрсете алмаған жақсы және жаман тұстарын анықтау,жеке адами құндылықтары мен өмірге деген жалпы психологиясын анықтау.

3.


Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 40 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2018 год. (0.02 сек.)