Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рекреациялық және аумақтық рекреациялық жүйелер.

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. lt;question2>Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы....

Рекреациялық жүйе – күрделі әлеуметтік басқарудағы жүйе (жартылай өзін өзі басқарады), оның орталығы – туризм субьектілері, ал мақсаттық функциясы – бұл субьектілердің рекреациялық қажеттіліктерін анағұрлым қанағаттандыру.

Рекреациялық жүйе кішігірім бір – бірімен байланысқан жүйелерден құралған: демалушылардан, туристтерден, табиғи кешендерден, материалдық базадан және рекреациялық инфрақұрылымнан, қызмет көрсететін персоналдан және басқарушы органдардан.

Табиғи кешен – табиғи объектілер мен құбылыстардың бір – бірімен байланысы мен қатынасы. Ол тек ресурс түрінде ғана емес, сонымен қатар адамдардың рекреациялық қажеттіліктерінің қанағаттандырылу шарты болып табылады. Табиғи кешендердің спецификалық мінездемесі олардың беріктігі, жайлылығы, әр түрлілігі, әсемділігі болып табылады.

Демалушылар тобы рекреациялық сабақтарының циклдерінің көмегімен сипатталатын тәртіп өлшемдерімен анықталады. Басқа жүйеге кіретін бөліктермен қатынасы белгілі бір адамдар тобының, шарттардың және рекреациялық ресурстардың әлеуметтік, жастық, психологиялық, ұлттық, профессионалдық, аудандық және жеке таңдауларына байланысты өзгереді.

Техникалық жүйелер демалушылардың және қызмет көрсететін персоналдың күндегі өмір ағысын қамтамасыз етіп, туристтердің спецификалық рекреациялық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Қызмет көрсететін персонал техникалық жүйелер арқылы демалушыларға қызметтер кешенін құрастырады, жинайды, сақтайды және көрсетеді, сонымен қатар қалдықтарды жояды және утилизация жасайды.

Басқару органы туристтер қажеттіліктерінің қанағаттандырылу мәліметтерін басқа кішігірім жүйелердің және материалдық пен қаржылық резервтердің бар – жоғы туралы мәліметтерімен салыстырып, шаруашылық шешімдер қабылдайды.

Рекреация зерттеушілерін рекреациялық жүйенің қасиеттері мен элементтерінің арасындағы бір – бірімен бірлікте қызмет жасау сияқты қарым – қатынастары қызықтырады. Бұл қарым – қатынас түрі рекреациялық жүйенің, объективті тірліктің құбылыстары мен заттарының кішігірім жүйелерінің қатынасы болып табылады. Яғни, бір элементінің немесе құбылыстың өзгеруі екіншісінің өзгеруіне әкеледі. Зерттеу барысында анықталған бір – бірімен бірлікте қызмет жасау түрлері: мәдени, тұлғааралық, әлеуметтік, әлеуметтік – саяси, экономикалық.

Рекреациялық жүйеде тұтастылық, динамикалылық, беріктілік, нәтижелілік, иерархиялылық және т.б. қасиеттерді ескере білу қажет. Рекреациялық жүйенің қызмет көрсету нәтижелілігін бағалау екі критерий бойынша жүргізіледі: сыртқы және ішкі. Ішкі критерий құрылымы бойынша әлеуметтік бола алады (қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі, демалыспен қанағаттандырылу); экономикалық (табысты максимализациялау); әлеуметтік – экономикалық (сұраныстың қанағаттандырылуы).

«Рекреациялық жүйе» түсінігіне анықтама берген авторлардың көзқарастарына сәйкес, аумақтық рекреациялық жүйеге элементтерінің арасындағы қарым – қатынас аумаққа негізделген рекреациялық жүйе жатады. Рекреациялық жүйенің негізгі типтерінің біріне агломерацияны жатқызуға болады.

Агломерация – кең урбанизациялық шекаралы туристік орталықтың негізінде пайда болатын үлкен туристік орталықтың рекреациялық жүйенің аумақтық типі.

Туристік агломерациялар туризм индустриясының объектілерінің шоғырлануы мен мен туристтер мен экскурсанттардың жоғары деңгейлі кешенділік пен туризм индустриясының интеграциясы. Туристік агломерациялар қоршаған ортаға ықпал көрсетіп, экономикалық құрылымы мен халық өмірінің әлеуметтік аспектілерін өзгертеді. Туристік агломерациялардың мысалдары: Сочи, Лазурный берег, Балеарлық, Канарлық, Сейшельдік аралдар, Кавказдық Минералды сулар, Коста-Брава, Коста-дель-соль, Долина Луары, Иль-де-Франс, Майами, Акапулько, Калифорниялық жағажай және т.б.

Кез келген күрделі рекреациялық жүйелер өзіне тән құрылым түрлеріне бөлінеді. Оның ішінде екеуі ең танымал – иерархиялық және аумақтық.

Иерархиялық құрылым қиын рекреациялық жүйеге тән. Оның ішіндегі құраушы көптеген элементтер әр түрлі деңгейлі кішігірім жүйелерге бөлінеді. Олар бүтіндік қасиетіне, өзін-өзі реттеудің белгілі деңгейіне және кішігірім жүйелердің одан үлкенірек жүйелерге бағынудың көпбаспалдақты қарым – қатынасына ие.

Аумақтық құрылым – жүйе элементтерінің аумақтық қатынастарының жиынтығы. Аумақтық құрылымға, мысалы курорттың жоспарлы құрылымы, туристік ағымдардың аумақтық құрылымы, рекреациялық қызметтің аумақтық ұйымдастырылуы, туристік қызмет көрсетудің аумақтық ұйымдастырылуы, туристік сұраныстың аумақтық құрылымы, туристік нарықтың аумақтық құрылымы және т.б.

Рекреациялық жүйенің субстрат секілді бірнеше композициялық элементтерінің түрлері анықталды. Субстрат – рекреациялық жүйенің құрылымдық элементі. Субстрат ретінде біз рекреациялық жүйенің қызмет көрсету жүйесінің негізін, оның кішігірім жүйелерінің міндетті жиынтығын, каркасын түсінеміз. Рекреациялық жүйенің элементі нақты зерттеулерде бөлінбейтін, біртұтас қабылданатын, жүйенің бөлігі болып табылатын және сол жүйеде белгілі бір қызметті атқаратын объект болып табылады. Рекреациялық жүйелерде элемент ретінде турист, рекреациялық жаттығулар, туристік ұйымның қызметкері, ландшафт, қонақ үй номері және т.б. қабылданады. Құрылымдық элемент деп белгілі бір қызмет атқаратын рекреациялық жүйенің компонентін айтамыз.

Аумақтық рекреациялық жүйенің классикалық анықтамасын В.С.Преображенский анықтаған. Соған сәйкес ол аумақтық рекреациялық жүйені өзара байланысатын кішігірім жүйелерден (табиғи және мәдени кешендер, инженерлік құрылыстар, қызмет көрсету персоналы мен демалушылар) тұратын әлеуметтік – географиялық жүйе ретінде анықтады.

Көзқарас

Біраз өзгеше анықтаманы Т.В.Николаенко береді. Аумақтық рекреациялық жүйе – белгілі бір аумақта рекреациялық қызметтің ұйымдастырылу формасы. Оның аясында максималды түрде әр түрлі кішігірім жүйелердің кеңістік және функционалдық координациясы, өзара қатынасы дамытылады.

Фактілерге сүйенетін болсақ, аумақтық рекреациялық жүйе (АРЖ) рекреациялық қызметті ұйымдастыру формасы ретінде – өте аз кездесетін құбылыс, алайда белгілі бір аумақты интенсивті түрде танып білу үшін өте маңызды. Қызықтыратын аумақта АРЖ құру минималды уақытта максималды рекреациялық танымдылықты қамтамасыз етеді. Жалпы айтқанда, АРЖ – рекреацияны аумақтық ұйымдастырудың ақырғы бір түрі болып табылады. Көптеген жағдайларда рекреациялық мақсатта аумақты тану жоғарғы деңгейге жетпейді (Т.В.Николаенко, 1998).




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 107 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав