Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Туризм в Австралии (англ. Tourism in Australia) — является одним из крупнейших секторов экономики страны, составляя около 3,9% ВВП.

Читайте также:
  1. CTR иногда называется «откликом» или коэф­фициентом проходимости. Обычно выражается в процентах и является од­ним из самых популярных способов измерения эффективности рекламы.
  2. III. Основные цели и задачи развития туризма в Российской Федерации
  3. III. Управление системой туризма и туристской деятельности. Государственное регулирование туризма и туристской деятельности в Российской Федерации
  4. Link. В Unix к одним и тем же файлам можно обращаться под разными именами.
  5. Lt;variant>. народ является источником всей власти в государстве
  6. Quot;Развитие внутреннего и въездного туризма в Российской Федерации (2011 - 2016 годы)" по годам
  7. Q]3:1: «Золотой человек» является одним из самых ярких памятников культуры
  8. Toп-менеджер у туризмі
  9. А26. И рыночная, и командная экономики
  10. А99. Что является обязательным расходом потребителя?

В последние годы, ежегодно Австралию посещало до 4 млн иностранных туристов. Тем не менее, согласно данным последнего отчета организации Tourism Australia, число иностранных туристов, посетивших Австралию в течение трёх кварталов 2009 года, составило 5 098 013 человек в возрасте от 15 лет и старше.[источник не указан 1762 дня] Надо учитывать, что динамика увеличения потока отдыхающих снизилась после террористических актов в США в сентябре2001 года и нескольких вспышек атипичной пневмонии в Юго-Восточной Азии в 2001—2003 годах.

В целом, основные страны, граждане которых выбирают Австралию в качестве места своего отдыха: Новая Зеландия,Япония, Великобритания, США, Китай, Южная Корея, Сингапур, Малайзия и Германия. Самым большим источником посетителей в 2009 году оставалась Новая Зеландия — 1 005 664 человека, на втором месте — Великобритания — 620 073 человек, затем США — 431 171 человек и Япония — 347 960 человек.

Основные туристические направления иностранного туризма (в порядке убывания) — Сидней, Мельбурн, Брисбен иКэрнс.[1]

Морские круизы[править | править вики-текст]

Среди туристов, посещающих Австралию, достаточно высокой популярностью пользуются морские круизы в прибрежной зоне. Большинство маршрутов предусматривают заходы в порты Брисбена, Кернса, Сиднея, Мельбурна, Хобарта, Фримантла (Перт), Аделаиды.

Также существуют круизы к Большому Барьерному рифу и островам, расположенным в этом районе Тихого океана.

1.

41. Қазақстан Республикасының рекреациялық географиясы.

2. ХХ ғасырда туризм дүние жүзінің көптеген аймақтарында аса маңызды массалық құбылысқа айналды, сол үшін рекреация феномені ғылымның зерттеу объектісі болды. Көптеген мемлекеттерде туризм шаруашылықтың маңызды саласы болып калыптасты, мысалы, Франция, Италия, Испания елдеріне жылына ондаған миллион туристтер келеді, олардың саны мемлекет халқының санынан асады. Көптеген мемлекеттерде туризм саласы ішкі өнімнің жартысынан астам бөлігін құрайды. Рекреациялық әрекет және туризм территорияны игерудің фундамнтальдық процестерінің құрамына жатады.

ҚСРО кезінде рекреация мәселелері бойынша теориялық еңбектер ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары жарияланып басталды. Қазіргі таңда рекреация адамдардың өмір сүруінде аса маңызды орын алады.

Рекреация деген латын тілінен аударғанда recreatio – қайта қалпына келу деген, яғни адамның қара (физикалық) және рухани күштерін еңбек әрекеті процесінде жұмсалуынан қайта қалпына келтіру, оның ден саулығының және жұмыс істеуінің деңгейін көтеру. Рекреациялық әрекет белгілі бір территорияның рекреациялық потенциалын анықтайтын рекреациялық ресурстарға негізденеді. Рекреациялық ресурстар деп рекреациялық іс-әрекеттің түрлерін ұйымдастыруда пайдаланатын бірегейлілік, тарихи немесе көркемөнерлік бағалыққа, эстетикалық ажарлылыққа және емдеу-сауқтыру маңыздылық қасиеттеріне ие болатын табиғи және антропогендік объектілерді түсінеді (Максаковский, 2004). Адамның ден саулығын және еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру және ондай жағдайды сақтау ретінде демалуды қамтамасыздандыратын табиғи және мәдени ресурстарының белгілі бір бөлігі рекреациялық ресурстары деп аталады (Реймерс, 1990)

Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді сипатқа ие, себебі кез келген рекреациялық жүйеде өзара әрекеттесуге демалатын адамдар тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы, өндірістік сфера, еңбек ресурстары, қоныстану жүйелері.

Территориялық рекреациялық жүйелер туралы түсінік. Қазіргі рекреациялық географияның зерттеу предметі территориялық рекреациялық жүйелер (ТРЖ) болып табылады. Сонымен қатар рекреациялық география география, экономика және мәдениеттанудың түйскен жерінде орналасқан «шекаралас» ғылымға жатады. Қазіргі ТМД елдеріндегі зерттеушілер бойынша рекреациялық географияның негізгі үш көз қарасы ажыратылады:

— қоршаған орта көз қарасынан (физикалық-географиялық бағыттар зерттеледі);

— әрекеттік көз қарасынан (адамның іс-әрекеті және оның мінезі зерттеледі);

— субъективтік көз қарас (адамдардың қабылдау қасиеттерін және олардың ерекшеліктерін зерттейді).

Материалдық заттар, жүйелер, процестер және құбылыстар

рекреацияның объектілері болып табылады. Рекреацияның субъектері деп рекреациялық әрекетпен шұғылданатын адамдары түсінеді. Рекреациялық географияның көз қарасынан өзінің әлеуметтік мәдени біліміне стандартына сәйкес өзінің күшін қайта қалпына келтіруге бағытталған адамдардың әр түрлі іс-әрекетін рекреациялық әркет деп атауға болады. Мұның ішіне рекреацияның тәулікті, апталық, кварталдық, жылдық және өмірлік циклдері кіреді.

В.Б. Николаенко [15] бойынша, рекреациялық география жүйелердің оптимальдық функциолануы бойынша түрлі үсыныстарды жасап шығарады; белгілі бір көрсеткіштерімен жүйелерді проектілейді; рекреациялық қажеттілікті анықтайды; жүйелердің жасау және функциолау саладарына болжам береді; территориялы-дифференциацияланған нормаларды және территориялық рекреациялық жүйелерді проектілеудің және оны зерттеу әдістер жүйесін жасап шығарады; территориялық рекреациялық жүйелердің аймақтық ерекшеліктерімен таныстырады. Демек, рекреациялық география қоғамдық арнайы географиялық ғылымдарға жатады, оның зерттеу объекті мен предметінің мақсатты функциясы әлеуметтік деп анықталады. Рекреациялық география географиялық ғылымдар жүйесеніде қолданылатын тарихи, салыстырмалы, картографиялық, талдау-статистикалық, экспедициялық зерттеу, математикалық модельдестіру әдістерін пайдаланады. Рекреациялық географияның зерттеу предметі әлеуметтік сипатқа ие болғандықтан бұл ғылымда басқа да қоғамдық және медикалы-биологиялық ғылымдарының әдістерін қолданыдаы, мысалы, баланстық, социологиялық т.б. Рекреациялық географияның басты мәселесі территориялық рекреациялық жүйелердің даму және қалыптасуының объективті заңдылықтарын айқындау және белгілі бір елдің немесе ауданның әлеуметтік-экономикалық және табиғи жағдайыда олардың әрекеттеу механизмдерін.

Рекреациялық географияның басқа бір маңызды мәселесі рекреациялық іс-әрекет жүргізу үшін жүй тармақтары арасындағы оптимальдық өзара байланыстар және өзара тәуелділіктерді орнату, территориялық рекреациялық жүйелердің шоғырлану деңгейін және олардың мамандануын негіздеу мақсатында әр түрлі деңгейдегі және әр түрлі типтерін зерттеу маңызды болып табылады. Одан басқа рекреациялық географияның маңызды мәселесі өз өлкенің, Қазақстанның, шет елдердің рекреациялық жүйелер туралы ақпаратты түсінікті деңгейде жеткізу.

Н.Ф. Реймерс [17] бойынша, адамның ден саулығын, оның еңбекке қабілеттілігін қайта қалпына келтіру үйден тыс болу қажет, яғни туристтік саяхатта, санаторияда, демалу үйлерінде т.б. Мұндай пікір, рекреация демалудың, синонимі ретінде қарастыруға себеп береді. Осы көз қарастан демалудың белсенді және пассивтік түрін ажыратады. Белсенді түрі басым туристтік, спорттық тағы басқа қозғалмалы әрекетпен байланыстарды. Ал пассивтік демалу, жалпы қозғалыстардың барлық түрлерін тыс демалу.

Демалу процесінің ұйымдастырылуы бойынша ұймдастырылмаған және ұйымдастырылған демалу түрлеріне бөлінеді. Ұйымдастырылған демалу рекреациялық ресурстарды пайдалануды басқарылатын процес түрінде болады, яғни демалу процесі уақыт, кеңістік т.б. көрсеткіштер бойынша шектелген, арнайы маршруттар бойынша, жалпы барлық рекреациялық объектілерді және процестерді белгілі бір тәртіпке бейіделген болады. Ұйымдастырылмаған демалу түрі белгілі бір жүйеге немесе тәртіпке жатпайды, яғни қызмет көрсету саласы жоқ жағдайда өткізілетін демалу.

Рекреациялық ресурстарды жалпы түрде табиғи және антропогендік түрлеріне бөледі. Рекреациялық ресурстардың табиғи түрлерін климаттық, гидрминеральдық, су, орман, таулы ресурстары және теңіз жаға бойының ресурстары жатады. Антропогендік рекреациялық ресурстарға мәдени-тарихи ескерткіштер, қалалар және басқада елді мекендер, бірегей (уникальный) техникалық құрылыстар т.б.

Рекреациялық ресурстарды түрлері бойынша ажыратады, мысалы, туризм ресурстары, емдеу ресурстары т.б. және функциялары бойынша курорттық немесе емдеу, сауықтыру, спорттық және экскурсиялы-туристтік немесе тану мақсатында пайдаланатын ресурстары.

Ғылыми географиялық әдебиетте «рекерациялық объект», «рекреациялық территория» және «территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ)» деген терминдер қолданады. Қазіргі таңдағы анықтамалар бойынша демалуға ерекше жағымды қасиеттерге ие ауданы бойынша шектелген кез келген орын – рекреациялық объект болып табылады, Ниагара сарқырамасы, Шардара су қоймасының плотинасы т.с.с. Адамның ден саулығын және еңбек қабілеттілігін қайта қалпына келтіру, жалпы демалуға арналған су акваториясының немесе құрлықтың учаскесі – рекреациялық территория болып табылады, ұлттық парктер, ормандар, көлдер т.б.

Үшінші термин жүйелі көз қарастан қарастырылады, сондықтан, территориялық рекреациялық жүйе деп өзара байланысқан жүйе тармақтарынан тұратын (табиғи және мәдени кешендерден, техникалық құрылыстардан, қызмет көрстеу персоналдан, басқару органдардан және демалушылардан) геожүйе болып табылады.

Территориялық рекреациялық жүйе концепциясы 1969 жылы В.С. Пребораженский негіздеді [15]. Оның ойыларын дамыта отырып бірнеше авторлар рекрациялық жүйенің адаптациялық моделін жасап шыққан. Берілген модельдің құрылымында демалушының рекреациялық ортаны қабылдаудың үш негізгі стадиясын ажыратады: әрекет алды (ортаның «көрінісі»), әрекеттегі («ситуация») және әркеттен кейін («із»).

Қабылдаудың бірінші фазасы (әрекет алды), рекреациялық шұғылдану циклдерге қатысты рекреациялық қажеттілігінің сипаты мен құрылымын сәулелендіреді. Екіншісі (әрекеттегі) – демалу ортамен адамдардың өзара әрекеттесудің ерекше формалары түрінде рекреациялық шұғылдануды орындау процесі. Үшінші (әрекеттен кейін) – рекреацияның эффективтілігі, яғни естелік, басқа адамдарға мәлімет жеткізу, және сонымен қатар экономикаға, мәдениетке және экологияға жанама ықпалы.

Кеңес кезеңінде, рекреациялық ресурстарды, территориялық рекреациялық жүйелердің функциолануын, құрылымын және құрамын, рекреациялық территориялардың қасиеттерін зерттейтін ғылыми бағыт ҚСРО-да ХХ ғасырдың 60-ші жылдары «рекреациялық география» деп аталды. Еуропа мен Американың көптеген елдерінде рекреациялық географияны «туризм және демалу географиясы», «бос уақытының географиясы», «демалу географиясы» деп аталады.

Рекреациялық іс-әрекет процесінде пайдаланатын территория мен жүйелердің объектілері негізінен табиғи және мәдени ескерткіштер болып келеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорықтар, табиғи ескерткіштер, ұлттық парктер, заказниктер туралы ережеде, ғылыми, мәдени-тануда және сауықтыру қатынаста бағалы болып табылатын бірегей (уникальный) немесе типтік табиғи объекттер, кіші-гірім урочищелер болып келетін (өзеннің, көлдің, жаға бойының, жеке бір тау жотасы), жеке объекттер (геологиялық ашылулар, үңгірлер, ерекше өсіп жатқан ағаштар, т.с.с., сонымен қатар тарихи немесе мәдени ескерткіш ретінде мойындалмаған немесе табиғи-мәдени ескертікштер құрамына кірмеген жасанды объекттер – ескі паркттер, тоғандар т.с.с. табиғи ескертіштер деп жарияланады.

Мәдени ескерткіштерге архитектуралы-құрылыс, археологиялық, діни және басқада ұқсас объектілер жатады. Ескерткіштерді бағалылығына және біргейлігіне қарай дүние жүзі мұралар ескерткіштердің категориясына немесе ұлттық (мемлекеттік) ескерткіштерге жатқызады.

Мәдени ескерткіштерді бес топқа ажыратуға болады:

1) археологиялық ескерткіштер;

2) тарихи ескерткіштер (ғимараттар, тарихи оқиғалармен, қоғамның, ғылымның және техниканың дамуымен, мәдениет және тұрмыспен, көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің өмірімен, халық батырларымен, ғылым, әдебиет және өнер қайртакерлерімен байланысты);

3) архитектуралық ескерткіштер (архитектуралық ансабльдер, ескі қалаларданың қалдықтары, діни архитектура т.с.с.);

4) өнер ескерткіштері (скульптуралар, саябақ өнері т.с.с);

5) мемориалдық ескерткіштер (кесенелер, монументтер, мешіттер, шіркеулер т.с.с.).

Демек, табиғаттың және мәдениеттің ескерткіштері, демалушылардың белгілі бір ландшафтға келуінің негізгі себептері болу мүмкін

Жоғарыда көрсетілген территориялардан тыс, демалушылардың апта бойы қысқа мерзімді демалу мақсаттымен баратын, жалпы мақсатта пайдаланатын саябақтар, ормандар, елді мекендердегі жасыл учаскелері рекреациялық ресурстары ретінде пайдалануда.

3.

42.Халықаралық туристік ұйымдар және олардың экологиялық туризмді дамуындағы ролі.

Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) — халықаралық ұйым. 1970 жылы ресми туристік ұйымдардыңүкіметаралық одағы ретінде құрылды. Дүниежүзілік туристік ұйым мүшелері: толық, қауымдасқан және біріккен мүшелерге бөлінеді. Туристік ұйымның мақсаты — экономика дамуға, халықаралық өзара қарым-қатынасқа, бейбітшілікке, гүлденуге, адам құқыларын жаппай құрметтеп, сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдемдесу. Басқарушы органы - Бас Ассамблея. Секретариатының тұрған жері — Мадрид қаласы (Испания).[1]

Дүниежүзілік Туристік Ұйым (World Tourism Organization) - Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемесі болып табылады. Туризм сферасындағы бас халықаралық ұйым болады. ДТҰ Бас Ассамблеясы өздерінің мекемесінің жаңа қысқартылған атауын БҰ ДТҰ - ЮНВТО (UNWTO) бекітті. Ол атауға ООН (UN) Біріккен Ұлттар Ұйымы (United Nations) қосылды. Мекеменің штаб-пәтері Мадрид (Испания) қаласында орналасқан. Дүниежүзілік Туристік Ұйым тұрақты және барлық қауымға колжетімді туризмді дамытумен айналысады. Басхатшысы - Талеб Рифаи (Иордания).

Дүниежүзілік Туристік Ұйым туризм сферасындағы жобаларды қаржыландыру мен оларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Дамып келе жатқан елдерге туризмді дамыту жайлы тәжірибелерімен ауысып, таныстырады. БҰ ДТҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының бас агенттігі болып табылады. 2002 ж. БҰ ДТҰ мен ЮНКТАД -тың "Тұрақты туризм - кедейшілікпен күресу құралы" аты бағдарламасы қабылданған болатын. Ол бағдарлама екі мәселені шешуге бағытталған болатын - туризмді дамыту мен кедейшілікпен күресу.

БҰ ДТҰ -ның бас жобалары:

• Пәкістандағы туризмді дамытудың бас жоспары (2001);

• Қытайдың ауылды жерлерінде туризмді дамытудың бас жоспары (2000-2002);

• Руанданың ұлттық саябақтарын дамыту (1999);

• Молдавияның туризмді дамыту стратегиясы (1999)[2].

Бүкіләлемдік туристік ұйымдар (БТҰ) туризм саласында халықаралық ұйымдардың бастауышы болып келеді. 2002 жылы БТҰ құрамына 139 мемлекет, 6 шекаралық аумақ және 350 уақытша секторлар, оқу бөлімшелері, туристік ассоциациилер кірген.

Соңғы 20 жыл ішінде шетел туристерінің көші-қоны өсуінің қарқыны жылына 5,1%-ті құраса, олардан түскен валюта құны 14%-ті құраған. Туризм қазіргі қоғамдағы бүкіл инфрақұрылымның дамуын ынталандырады: экономика, мәдениет, әлеуметтік сала және коммуникациялар. Туризм индустриясының қалыптасуына әсер ететін бірден-бір фактор — туристік өнімді насихаттауға жұмсалған шығындар. Халықаралық туристік ұйымның (ХТҰ) мәліметтері бойынша ұлттық туристік өнімді насихаттауға жұмсалатын шығындар ұлттық туристік бюджеттің орташа алғанда 56%-ін құрайды, мәселен Израиль мемлекеті 203 млн. долларды, Испания — 135 млн. долларды, Таиланд — 92 млн. долларды жұмсайды. Ұлттық туристік өнімді насихаттау барысы кең етек жайып, әр салынған долларға шаққанда табыс көлемі - Францияда 375 долларға, Испанияда 319 долларға, Австралияда 78 долларға тең болады. Ал Қазақстанда мұндай шараларды жүзеге асыруға аз сома бөлінеді.

Мамандардың есептеуі бойынша бір туристің келуінен түсетін табыс мөлшері біздің елден әлемдік нарыққа 9 тонна көмір, не болмаса 15 тонна мұнай немесе жоғары сапалы бидайдың 2 тоннасын шығарғанмен парапар. Бірақ көмір мен мұнайды өндіру таусылатын байлықтарымыздың азаюына, экологиялық ахуалдың нашарлауына әкелсе, туризм индустриясы қалпына келетін ресурстар негізінде жұмыс жасайд

4. Әуе көлігінің халықаралық қауымдастығы (International Air Transport Associаtion - Iata)
IATA - халықаралық авиатасымал үшін бүкіләлемдік ұжым. Ұжымның 1919 жылы негізі салынып, 1945 ж 2-дүниежүзілік соғыс аяқталған соң оның жұмысы қайта жанданды. Сонымен қатар IATA-халықаралық рейстерді жүзеге асырып, авиациялық компаниялардың кәсіби қауымдастығын ұсынып отыр. Ұйымның жоғарғы органы - Бас Ассамблея. Жыл сайын президент пен орындаушы комитет осы Ассамблея шаңырағында тағайындалып отырады. Мақсаты – Азаматтық авиациядағы халықарлық ұйымдардың саясатын шынайы түрде жүзеге асыру.
IATA – адамдардың әлемнің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстыруына жағдай жасау, хаттар мен жүктерді ауқымды түрде тарату, әр түрлі дәрежедегі әуе сапарларын кеңейту болып табылады.
Кеңістіктегі тариф бағасын ретке келтіру осы ұйымның ең басты атқаратын жұмыстарының бірі. Тариф бағасын бір ауыздан бүкіл халықаралық авиокомпаниялар арасында әр елдің үкімет басшыларымен келісе отырып бекітеді. «Әркім өз-өзіне қожа» дегендей әрбір ел ұйым бекіткен шарттарды яғни тарифтерге бағынуға, не болмаса оны қабылдамауды өзі шешеді. Тіпті ол тарифтерден үзілді-кесілді бас тартып, өзіне тиімді шарттарды енгізуі мүмкін. Міне, IATA осы келіспеушіліктерді мүмкіндігінше болғызбауға, болған жағдайда оны ымырашылықпен шешуге ат салысады.
IATA мүшесіне 259 әуе компаниялары кіріп, халықаралық деңгейдегі әуе жолдарында әр-түрлі тасымал жасайды. Әлемдегі ең әйгілі әуе компаниялардың бірі - «Аэрофлот». Бұл әуе компания 1989 жылдан IATA-ның мүшесі. Ресейдегі басқа да әуе компанияларды мысалға келтіретін болсақ, олар: «Трансаэро», «Пулково», «Домоделдовское ПО», «Внуковское авиалинии».
IATA мүшесі болу үшін әуе компаниялары үнемі халықаралық деңгейде жүк тасымалдауға кепіл бола алатын сертификат иемденуі тиіс. Ол сертификатты әуе компания Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымына мүше елде орналасса ғана ала алады.
IATA-ның қызметін жер шарында үш үлкен аймаққа бөледі:
1) Солтүстік және Оңтүстік Америка, Тынық мұхитынан Шығысқа қарайғы аймақ.
2) Еуропа, Африка және Таяу Шығыс.
3) Азия, Аустралия және Тынық мұхитынан Батысқа қарайғы аймақ.
Ұйымның атқаратын қызметі:
- Техникалық салада ұйым техникалық аспектілермен халықаралық ұшу жолындағы ұйымдардың талаптарын,байланыс жүйесін реттеп отырады;
- Заңгерлік саласы. Бұл салада ұйым қызметі конвенцияларда, агенттік келісімдерде, халықарлық басқарушылардың бітімінде көзге түседі;
- Қаржы. Қаржылық қызметке талдау жасау, тариф саясатындағы үйлесімділік, есептеу жүйесінің автоматтандыруы секілді қызметтер осы салаға кіреді.
- Агенттік жұмыс. Агенттіктерді билет сату бойынша аккредиттеу, мамандар даярлау.
- Қауіпсіздік қызметі. Жолаушылардың қауіпсіздігін толыққанды түрде қолға алу, әуе жолындағы ұшақтардың қауіпсіздігін сақтау.
Азамматтық авиацияның халықаралық ұйымы. (International civil Aviation organisаtion).
Бұл ұйым 1944 Чикаго конвенциясында БҰҰ-ның көмегімен дүниеге келді. ICAO әуе көлігіндегі индустрияда барлық елдердің тең дәрежеде болуына негізделген. Ал ұйым алдындағы басты міндет – халықаралық нормалар мен стандарттаға сай маманданған және экономикалық тиімділігі жоғары жүк тасымалдаушы әуе компанияларын қамтамасыз ету, дамыту.
Ұйымның алға қойған мақсаттары:
- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бүкіл әлемде халықаралық азаматтық авиацияны дамыту және деңгейін көтеру;
- «Әуе коридорларын» кеңейту немесе жаңасын жасау. Халықаралық азаматтық авиацияға қажетті барлық жағдайлар жасау;
- Әуекөлігі төңірегіндегі адамдардан түскен талап – тілектерді мүмкіндігінше жылдам орындау;
- ICAO-ға мүше елдер құқығы толығымен сақталады және халықаралық әуекомпанияларды басқаруға сол елдердің мүмкіншілігі мол екндігіне елдердің көзін жеткізу;
- Ұшу қауіпсіздігін насихаттау;
- Халықарадық авиацияның дамуына себепкер болу.
ICAO-ның 200-ге жуық мүшесі бар. Сонымен қатар ICAO басқа ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Оларға мыналар кіреді:
1) Халықаралық ақпараттық одақ;
2) Бүкіләлемдік метерологиялық ұйым;
3) Халықаралық қатынастар одағы;
4) Почталық одақ;
5) Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы;
6) Халықаралық теңіз ұйымы.
Енді әлемдегі халықаралық ұйымдарға да кезек берелік. Себебі олардың белгілі бір дәрежеде маңызы бар. Экономикалық достастық және даму ұйымы (Organization for Economic Coopertion and Development-OECR).
Бұл ұйымның 1960 Париждегі келісімде мақұлданып, 14 желтоқсанда негізі қаланды. OECR мынадай мақсаттар мен бағыттарды жүзеге асыру үшін құрылды:
- OECR-ге мүшелікке кіретін экономикалық дамуымен өсу деңгейін жоғары дережеге жеткізу және мүшелік құрамындағы елдердің жағдайын қаржы бөлу арқылы жақсарту болып табылады.
-Аталған ұйымға мүше елдер мен ұйымға кірмеген елдердің экономикалық дамуына жақсы жағдайда ықпалын тигізу.
- Әлемдік сауданы жен-жақты дамыту;
OECR мүшелігіне енетін елдер:
Аустралия, Австрия, Бельгия, Канада, Финляндия, Фтранция, Германия, Греция, Исландия, Ирландия, Италмя, Япония, Люксембурк, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Испания, Швеция, Швейцария, Туркия, Ұлыбритания Корольдігі, АҚШ.
OECR-дің туристтік комитеті мүшелікке енетін елдер аумағында туризмді дамытуда қызмет етеді. Туркомитет «OECR мүше елдердегі туристтік саясат және халықаралық туризм» атты есебінде құрылған статистикалар мен есептерді бақылайды.
Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристтік қауымдастығы. (Pacific, Asia Travel Association-PATA)
Қауымдастық 1951 жылы Азия мен Тынық аймағы бағытында құрылған. Ұйымға барлығы Азия мен Тынық мұхитынан 34 ел мүше. Олар осы бір кең аймақта туризм саясатты дамытудағы үлкен жетістіктерге жету жолында бас қосты. Ұйым жұмысы туризмді зерттеу, дамыту, білім беру,маркетинг салалары арқылы қозғалысқа келтіру. Оның үстіне PATA халықарылық ұйымдар арсында ең жақсы орындаушы атағын иемденді.
Қауымдастық мүшелері бір-бірінен идея алмастырып, маңызды мәселелер шешу жолында, Азия мен Тынық мұхиты туризмінің болашағы туралы бірқатар өзекті істерді бірігіп шешуге ат салысады. Қауымдастық құрылғаннан бері өзіне мүше елдердегі маркетинг, зерттеу, білім беру және де басқа туризммен байланысты салаларға құнды жаңалық көзі болды.
PATA–ның қызметімен ұзақ уақыт жоспары жыл сайынғы қауымдастықтың конференциясы тексеріліп, бағаланып отырады.Ұйымның маркетинг, зерттеу, менеджмент секілді бірқатар комитеттері ұйымның жоспарын жүзеге асырады.
Маркетинг саласы аймақ ішіндегі саяхат жасайтын индивидуалды туристерге бағытталған.Тартымды туристік бағыттарды іске асырып, оларды кең бағытта туристік нарыққа шығаруда маркетинг комитеті де қарап жатқан жоқ. Зерттеу жұмысы PATA–ның жыл сайынғы туризмді зерттеу конференцияларында қуатталады.
Қауымдастық секретариаты Сан-Францискода орналасқан. Қызмет көрсетудегі негізгі офистер Тынық мұхиты аймағында – Сиднейде Америка-Еуропалық Сан–Францискода, Азия аймағында – Сингапурда орналасқан.
Келесі тоқталатын ұйым ол – Халықаралық қонақ үйлер ассоциациясы. Ол 1946 жылы 18 наурызда Лондонда Швейцар қоғамының қонақ үй басшыларының бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым Халықаралық қонақ үй ассоциасиясы жұмысшылар одағы мен және халықаралық қонақ үй одағымен біріктірілген. Халқаралық қонақ үй ассоциасиясының мүшелер саны 145 ел бойынша 4500 – ге жетеді.
Ассоциация мақсаты: бүкіл әлемдік ұлттық қонақ үйлер арасында қарым-қатынасты дамыту, өз мүшелерінің жеке және кәсіби мүдделерін қорғау, халықаралық туризм және әлемдік қонақ үй индустриясының мәселелерін қарастыру, халықаралық қаржылық квалификациялық жүйелердің құрылуын, ақпараттық және анықтамалық материалдармен қаржылық есептерді реттеуге көмектесу.
Ұйымның жоғары органдары: Кеңес, президент, секретериат, атқарушы комитеттерден құралады. Мұндай комитеттерге мыналар жатады: жоспарлау және қаржы, саяхат және сауда, курортағы демалу ұйымы, ақпарат және байланыс, құқықтық, оқу және квлификациясын жоғарылату.
2005 жылғы деректерге сай Қазақстан ТМД елдер арасында ДТҰ-ға мүше жалғыз ел. Осыған орайластырып, 2006 жылы мамырда Еуропа комиссия мүшелері Алматыда бас қосты. Бұл ДТҰ-ның 44 мәжілісі. Еліміз туризм саласын мықтап қолға ала бастаған соң шетелдік белгілі компаниялармен туризмнің кластерлік үлгісін дамыту үшін келіссөздер жүргізді.

 

43. Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар,
мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне — биосфералық қорықтар жатады.
Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтартабиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралықжәне шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы

Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі — мемлекеттік табиғи

қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтарбелгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су- Ақсу-Жабағылы қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан
Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан. [1] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден:қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен:
арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик
өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың
жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сарыбауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу – Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. [2]батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді.

Жоңғар Алатауының бөктерінде 520 мың ауданды алып Қазақстандағы ең ірі – “Алтын Емел” ұлттық табиғи паркі орналасқан. “Алтын Емел” МҰТП ҚР Өкіметінің қаулысы бойынша 1996 жылдың 10 сәкірінде құрылды. Парк оңтүстігінен Іле өзені мен Қапшағай су қоймасымен, батыстан Шолақ, Матай, Дегерес тауларымен, солтүстіктен Алтын – Емел, Қоянды тау-тауларымен, ал шығыстан Қатутау тауының шығыс бөктерінен Іле өзеніне дейін шектесіп жатыр. Парк 520 га ауданында Кербұлақ және Панфилов аудандарының территориясын алып жатыр.

Парк территориясында келесі ланшафт түрлері бөліп көрсетілген: таулар, таулы плато, жазықтар және жоталар. Негізгі бөлігі таулы массив болатын олардың биіктігі теңіз деңгейінен 1200 – 2500 м. Терең жыралар да кездеседі, жер беткейінің 26 түрі бар. Флора 1800 түрге жуық өсімдіктерден тұрады, олардың 21 түрі Қызыл кітабына енген. Сонымен қатар паркте эндемикалық және сирек кездесетін өсімдіктердің 60 түрі бар. Парк территориясына өте бай фауна орналасқан. Омыртқалы жануарлардың өзінің 260 түрі бар, ал Қазақстандағы барлық омыртқалы жануарлардың 31,2% пайызын құрайды. Құстардың 400 түрі бар, олардың 40 түрі Қазақстанның қызыл кітабына енген. Сүтқоректілердің негізгі түрлері Қазақстанның және Халықаралық Қызыл кітапқа енген: жайран, Сібір таулы ешкісі, түркмен құланы, қарлы барс, бүркіт, мануи, сапсан және тағы басқа.

Парк аумағында экотуризм обьектілері болатын ерекше табиғи орындар мен ежелгі мәдениет ескерткіштері бар: “ Ән салайын бархан”, бесшатыр бес қорғаны Үңгірлерде ежелгі адамдардың тауға салынған суреттерін көруге болады. Алтын Емелде адам аяғын баспаған өзінің бірінші қалпындағыдай жерлерді көруге болады.

Практің бірегейлігі – барлық қайталанбас табиғи комплекстің (ланшафт, геологиялық жасаулы, жер қабығы, су қоймалары), ежелгі археологиялық және тарихи ескерткіштердің, флора және фаунаның сирек кездесетін түрлерінің, экотуризмнің сақталуы. Экскурсиялар: “Поющие бар ханы”, бесшатыр, ақтауларға, үңгірлер және тау бетіндегі суреттерге, ұлттық паркіндегі серуен, жануарларды көру.

44. Көлемі 65 217,9 га
Құрылған 1998 жылдың сәуірдің 21
Уәкілетті орган Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

'Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы '(lang-ru|Алако́льский госуда́рственный приро́дный запове́дник}}), Тентек өзені сағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Алматы облысының Алакөл және Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 20743 га. Қорықтың аумағы 7 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұясалып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е.Әуезов 1968 – 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде анықтады. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың 15, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 330 және сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 15 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т.б.) және балқаш алабұғасы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Өсімдік жамылғысына да бай (өсімдіктің 270-ке жуық түрі өседі). Қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша ғылыми - зерттеулер жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ «Табиғат жылнамасы» жазылады. «Табиғат мұражайы» жұмыс істейді, шағын дендрарий ұйымдастырылған. Қорық шекарасында ұзындығыы 2 км болатын қорғаныш белдем салынған. 2004 жылдан Қазақстан Республиканың Үкіметі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ мерзімге арналған жобасы қолға алынды. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор.

Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы ҚССР Министрліг № 276 қаулысымен құрылған. Баянауыл ауданының
аумағында орналасқан, жалпы аумағы 50 688 га құраған. ҚР Үкіметінің
қаулысымен 2007 жылы 27 желтоқсанда №1305 парк аумағы кенейтілді. Қазіргі кезде БҰМТП 68 452,8 га құрайды. Орман және
аңшылық шаруашылығы комитетінің шешімімен «Қызылтау» қаумалы БҰМТП қорғауға бекіттілді, жалпы аумағы 60 000 га құрайды.

Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген.

Баянауыл орманшылығы — 19 188 га,
Жасыбай орманшылығы — 22 904 га,
Далба орманшылығы — 8 596 га.
Кенейтілген парк аумағы — 17 764,8 га

Климаты тым континенттік (жазы - ыстық, қысы суық). Жер бедері
жекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер (“Әулиетас”, “Драверт”, “Құмыра”, т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар (“Найзатас”, “Жұмбақтас”, “Көгершін”, “Атбасы”, т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш,
таңқурай, мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі,
сілеусін, борсық, тиін, т.б.) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, т.б.) ұялайды.
Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б.) бар. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор.

45. Алматы қорығы - Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 73,34 мың га (1997). Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналас­кан Талғар тау жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала белдеуінде (1300-2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұрын, ұшқат өседі. Жабайы жеміс ағашты ор­ман Тянь Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақты орманға (1400-2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (2600-3000 м)
жартастар мен құлама шөгінділерден, шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жа­тыр. Қорықта өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар.

Алматы қорығы- жануарлар дүниесіне де бай. Онда сүткоректілердің 40 (барыс, коңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр,
тиін, т.б.), құстардың 200-дей түрі (самырсын құсы, шырша торғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қара және сары шымшық, құр, ұлар, қозықұмай, сушыл торғай, арша емен- тұмсығы, т.б.) бар.
Бауырымен жорғалаушылардан: алай кесірткесі, қалқан тұмсықты жылан; космекенділерден: көлбакд мен жасыл құрбақа кездеседі.“Қалқан” мен “Әнші тау” маңында аңның 43, құстың 85, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі тіршілік етеді.Онда кездесетін аңдардың негізгі түрлері: арқар, қарақұйрық, елік, қасқыр мен түлкі, шұбар күзен және сасық күзен,ал құстардан: бөдене, шіл, кекілік, жетісу қырғауылы, тұйғын, жағалтай, құладын, ақбас құмай,тазқара,бүркіт және қыранқара мекендейді. Қосмекенділерден:жасыл құрбақа, сібір көлбақасы тіршілік етсе, бауырымен жорғалаушылардан: сұр жылан(улы жылан), қара шұбар жылан (усыз) және кесірткелер кездеседі. Қорықта еліктердің саны тиянақты қорғаудың нәтижесінде 500−ден асып отыр. Мұнда елік мекендеуге қолайлы оң мыңға жуық орман алқабы бар. Олар жыл мезгілдеріне байланысты таудың әртүрлі биіктігіне ауысып отырады. Сол сияқты бұл өңірде таутеке де мекендейді. Мәселен, қорық қызметкерлерінің соңғы жылдары вертолетпен жүргізген есебі бойынша таутекенің қоры 560–тай екендігі анықталады. Таутеке мәңгі мұзға дейін көтеріліп, жартастар мен құздардың арасында тіршілік етеді.Тек қыста ғана тау етектеріне қарай төмендейді. Сондай–ақ мұнда марал сирек кездеседі. Бұл жерде жыл маусымдарына байланысты арқар да болады. Олар қыс айларында күндіз жайылады да, түнде тығылып жатады. Көбінесе күзгі–қысқы айларда үйір–үйірімен жүреді. Қорық территориясында ақтөс сусар, орман көркі–ақтиын кездеседі.Олар шыршалы ағаштардың жаңғағынан және саңырауқұлақтарды қорек етеді. Кей уақыттарда тау етектеріне түсіп жеміс–жидектермен де азықтанады. Ал суыр тау беткейлерінен ін қазып алып, сонда мекендейді. Әр інді қазып алып, сонда мекендейді. Әр інде 5-10 суыр болады. Күзге қарай қатты семіреді. Күн жылына бастаған кезде қысқы ұйқысынан оянады. Мұнда тау суырынан қоры мол. Қорықтың шөл және шөлейт аймақтарына таралған тұяқты аңдардың,бірі–қарақұйрық. Бұл аң көбіне ашық далалы, шөлді жерлердің ойлы–қырлы төбешіктерінде, тау етектері мен сайлардағы жер қыртысы неғүрлым қаттырақ жерде тіршілік етеді. Қазіргі кезде ол халықаралық “Қызыл кітапқа” еніп отыр. Сондықтан да олардың саны жылдан–жылға өсіп келеді. Қорық жерінде олардың тіршілік етуіне қолайлы жеті мың гектардай жер бар. Бірақ олар жыл маусымдарына қарай қорықпен көршілес жерлерге кетіп қалады да, онда табиғатқа қас адамдардың атқан оғына тап болады.

Жаңа құрылған «Бұйратау» ұлттық бағы шамалы құрғақ пен құрғақ жерлер суб-зоналар арасында ауыспалы белдікте орналасқан және бұл аумақтың қайталанбас мәні далалы жерлер мен орманды жерлердің (қайың, қыршаңқы) үйлесіп келуінде. «Бұйратау» бағы Ақмола облысы Ерейментау ауданы (60814 га) мен Қарағанды облысы Осакаров ауданы
(28154 га) аумағында орналасқан. Оның жалпы ауданы 88 968 га.

«Бұйратау» ұлттық бағының флористикалық құрамында 450 түрден астам жоғарғы тамыр өсiмдiктерi бар. Мұнда ботаникалық географиялық тұрғыдан маңызы бар Орталық Қазақстан Үстіртінің ерекше флорасының бестен бір бөлігі сақталады. Флораның құрамында қандыағаш, қырыққұлақ, қалампыршөп, көктем жанаргүлі, жаушымылдық, жабысқақ мысықот, Геснер қызғалдағы сияқты сирек кездесетін және ареалы шектеліп жатқан 30-н астам түрлер кіреді.

Бақтың фаунасына 5 топ және 15 тұқымдастарға жататын сүтқоректілердің 45 түрі кіреді, бұл Қазақстан таксондары санының сәйкесiнше 71 % және 39 %-н құрайды. Бақтың аумағында Қазақстанның таулы өлкелерін мекен ететін басқа популяциялардан жекеленген және саны 200-ге жететін арқардың Ерейментаулық популяциясы мекен етеді. Сонымен қатар соңғы жылдары саны 100-ге жететін маралдың акклиматизациясы жөнінде жұмыс ойдағыдай жүргізіліп жатқандығын атап өту керек.

Ұлттық бақтың орнитофаунасы құрамына құстардың 227 түрі кіреді (барлық орнитофаунаның 46 %-ы), олардың iшiнде 127 ұялайтын құстар қатарына жатады. Орнитологиялық кешендер қатарынан далалы, бұталы, петрофилді, орманды, шабындық және сулы-батпақты кешендер басым. Бақтың аумағында Қазақстанның Қызыл кiтабына енген жалбағай,
сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, кәдімгі тұрпан, дала қыраны, тазтырна, дуадақ, безгелдек, тарғақ, үкі сияқты ұялайтын құстардың 13 түрі кездеседі. Сондай-ақ Қызыл кітапқа енген шыбын-шiркейдiң 17 түрі бар.

"Бұйратау" бағының құрамына оған аттас болатын жергілікті маңызы бар табиғи бақ және республикалық маңызы бар Белодымовск пен Ерейментау атты мемлекеттік табиғи қаумалдар қосылды. "Бұйратау" бағы Теміртау мен Ерментау орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қорының жерінде құрылған. Оның орталық кеңсесі Қарағанды облысы Молодежный ауылында орналасады. Қызметкерлердің жалпы саны 94 адам.

Қазіргі кезде 25 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар ішінде далалы жерлер «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватында, «Наурызым» және «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорықтарда (шамалы құрғақ жерлер суб-зонасы),
Баянауыл (құрғақ бетегелі дала суб-зонасы) және Қарқаралы (орманды дала) мемлекеттік табиғи бақтарында қорғауға алынған.

 

46. Қазақстан Республикасындағы ұлттық саябақтар және қорықтар және олардың туризм дамуындағы маңызы. Батыс Алтай қорығы және Жоңғар Алатау ұлттық саябағы.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 104 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.018 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав