Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Вернадский Владимир Иванович

Читайте также:
  1. Александр Иванович Куприн
  2. Андрей Владимирович слезал с дерева и держал на руках Тему. А Тема держал на руках кота. Кот пихался лапами и сердито мяукал.
  3. АРХИТЕКТУРА ВЛАДИМИРО-СУЗДАЛЬСКОГО КНЯЖЕСТВА
  4. Бодриков Денис Владимирович
  5. В) Владимира Чивилихина
  6. В.И. Вернадский сформулировал пять постулатов, относящихся к функции биосферы.
  7. В.И. Вернадский. Биосфера и ноосфера. – М., 1989. С. 197 – 200.
  8. В.И. Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.
  9. В.И.Вернадскийдің Ноосфера және Биосфера туралы ілімдерідегі тірі заттардың концепциясы. Тірі заттың ғаламдық ролін анықтау.
  10. Валерий Павлович Соломин, Леонид Александрович Михайлов, Татьяна Владимировна Маликова, Олег Вячеславович Шатровой Психологическая безопасность

Кеңес минералогы, кристаллограф, геохимик, биогеохимик, радиогеолог, СССР ҒА академигi (1912 жылдан), УССР ҒА академигi (1919 жылдан), оның алғашқы президентi (1919-1921). Петербургте туылған. Петербург университетiн бiтiрдi (1885). Ф.Ульяновпен бiрге студенттiк халықтық үйiрмесiне қатысты. 1886-1888 жылдары Петербург универитетiнiң Минералогиялық мұражайында жұмыс жасады. Шет елде жұмыс жасады (1889-1890). 1890 жылдан – приват-доцент, 1898-1911 жылдары Москва универстетiнiң профессоры. Патша өкiметiнiң реакциялық саясатына қарсы наразылық белгiсi ретiнде университеттен кеттi. 1914 жылдан бастап Петербург ҒА геологиялық және минералогиялық мұражайдың директоры. СССР ҒА Ресейдiң табиғи өндiргiш күштерiн зерттеу Комиссиясының ұйымдастырушысы мен төрағасы (1915-1930), ол комиссиядан бiрнеше институттар ашылды. 1917-1921 жылдары Украинада жұмыс жасады. 1919 жылы УССР ҒА алғашқы Химиялық лабораториясын қалады, кейiн ол УССР ҒА Жалпы және биорганикалық химия институты деп өзгердi. 1922-1939 жылдары өзi ұйымдастырған Мемлекеттiк Радий институтының директоры, 1928-1945 – СССР ҒА геохимиялық мәселелер Лабораториясының директоры, ол 1947 жылы геохимия және аналитикалық химия институты болып өзгердi. 1927 жылы СССР ҒА Тiрi заттар бөлiмiн ұйымдастырды, кейiн 1929 жылы ол Биохимиялық лаборатория болып ауысты (1927-1945-директоры).

Вернадскийдiң ғылыми қызығушылығы жан-жақты. Геохимияның негiзiн қалаушы бола отырып, Жердiң құрамы мен құрылысының заңдылықтарына алғаш зерттеулер жүргiздi (Жер қыртысы, гидросфера және атмосфера). Жер қыртысындағы химиялық элементтердiң миграциясын және оның эволюциясындағы радиоактивтi элементтердiң алатын орнын зерттедi. Геохимиялық процестердегi тiрi заттардың алатын рөлi туралы теорияны жасады (1923). Оның жұмыстары қазiргi геологияның, минералогияның, гидрогеологияның дамуының негiзгi бағыттарын анықтады.

Биология саласында негiзгi зерттеулер жүргiздi. Өмiрiнiң соңғы 20 жылын жануар және өсiмдiк организiмiнiң химиялық құрамын зерттеуге арнады. Тау жыныстарының желдену процесiндегi микроорганизмдердiң алатын орнын, кейбiр организмдердегi бiрнеше элементтердiң концентрациялану құбылысын және олардың пайдалы қазбалар орындарының түзiлуiне қатысуын айтып өттi. Биосфераға анықтама бердi (1926). Биосферадағы тiрi организмдер жиынтығын тiрi зат деп атады.

К.А. Тимирязевтың күн сәулесiнiң өзгеруiнде өсiмдiктiң ролi туралы жұмыстарына сүйене отырып, тiрi зат күн сәулесiн трансформациялап, биорганикалық материяны үздiксiз алмасуға қатыстыруын көрсететiн iлiм жасады. Биосфера iлiмiнiң негiзiн қалаушы, биогеохимияның негiзiн қалаушылардың бiрi. Көп еңбектерi жаратылыстану және ғылым тарихының философиялық мәселелерiне арнады. Кеңес геохимиктерiнiң мектебiн жасады.

Чехославакия (1926) және Париж (1928-ж.бастап) ҒА-ның мүшесi, Югославия ғылыми академиясының және өнерiнiң және де көптеген ғылыми қоғамдардың мүшесi (1928 ж.бастап).

СССР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi (1943). СССР ҒА Президиумы сыйлықтар және В.И. Вернадский атындағы (1963) Алтын медалiн тағайындады. Оның атымен (1947) СССР ҒА геохимия және аналитикалық химия институты аталған.

Адамның тірі ағзалар жүйесіндегі алатын орны Жануарларды жіктеудегі жүйелік топтарға тән адамның ұқсас белгілері Жүйелік топтар Адамның әрбір жүйелік топтарға тән ұқсас белгілері 1. Типі — хордалылар (желілілер) Адамның ұрығының дамуында арқа жағында хордасы (желісі) және жүйке түтігі байкалады. Ұрығының даму барысында жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары пайда болады. 2. Тип тармағы: омыртқалылар (бассүйектілер) Омыртқа жотасы жетіледі, екі жұп аяқтары пайда болады. Жүрегі денесінің құрсақ жағындағы көкірек бөліміне орналасқан. Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлынға жіктелген. Миы 5 бөлімнен (алдыңғы, аралық, ортаңғы, сопакша ми, мишық) тұрады. 3. Класы: сүтқоректілер Денесінде түгі бар, сүт бездері болады, ұрпағын тірі туып, сүтпен асырайды. Терісінде көптеген тер бездері болады. Кеуде қуысы мен құрсақ қуысын кокет (диафрагма) бөліп тұрады. Сүт тістері мен тұрақты тістері жеке топтарға (күрек, сойдақ, кіші, үлкен азу тістер) жіктелген. Мойын омыртқасы жетеу, ортаңғы кұлақ куысында үш есту сүйектері (тос, балғашық, үзеңгі) бар. Денесінде калдық мүшелер сақталған. 4. Класс тармағы: ұрықжолдастылар ұрығы аналығының, арнайы мүшесі — жатырда дамиды. Жатыр мен ұрықтың арасында ұрықжолдасы (плацента) түзіледі, онымен ұрық қоректенеді. 5. Отряды: приматтар Миы едәуір үлкен; бес саусақты қармалағыш саусақтарының ұшындағы тырнақтары үшкір емес — жалпақ. Басбармақтары басқа саусақтарына қарама-қарсы орналаскан. Бір ғана ұрпақ береді. 6. Отряд тармағы: адамтектес маймылдар Алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындығы шамалас, 32-36 тісі бар, жыл бойы көбейеді. Құйрығы және шонданай мүйізтегі жойылған, құлақ қалқанынын, пішіні ұқсас. Жүлгелері мен қатпарлары дамыған миы үлкен. Соқырішегі бар, қаны 4 топқа бөлінеді. Аталық және аналық дарақтарының кұрылысы ұқсас емес. 7. Тұқымдасы: адамдар (гоминидтер) 8. Туысы: адам 9. Түрі: саналы адам Салыстырмалы зерттеулердің нәтижесінде адамның шығу тегі мен тарихи дамуы 4 кезеңге бөлінеді. 1-кезеңдегі адамдардың бойының ұзындығы 120-150 см, дене салмағы 20-50 кг. Тік жүріп, ашық жерлерде тіршілік еткен. Тасты, ағаш бұтақтарын, жануарлардың сүйектерін құрал ретінде қолданған, алғаш рет отты пайдаланған. 2-кезеңдегі адамдардың қазіргі адамдарға ұқсас белгілері көп. Жабайы аңдарды ұжымдасып, топтасып жүріп аулаған. Еңбек құралдарын пайдалануды жетілдіре түсіп, коғамдасып тіршілік еткен. Жеке сөздерді пайдаланып, қарым-қатынас жасаған. 3-кезеңдегі адамдар ірі денелі, ми сауыты үлкен, миының салмағы 1300-1500 г болған. Еңбек кұралдарын жасап, аң аулаған. Шағын топ құрып тіршілік еткен. 4-кезеңге қазіргі адамдар жатады. Сөйлеуі, ойлау қабілеттері жақсы дамыған.

26)Биосферадағы күкірт айналымының схемасын, төмендегі түрде бейнелуге болады:




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 71 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав