Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар.

Читайте также:
  1. IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
  2. II БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
  3. ISO 14000 халықаралық стандарты
  4. ISO 14001 халықаралық стандарты
  5. Lt;variant>Жылумен қамтамасыз ету орталықтарында.
  6. Азақ ақын-жазушыларынан қиял түрлерін (қайта жасау, творчестволық қиял, арман) көрсететін нақты мысалдар келтіріңіз.
  7. Азақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері
  8. Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп
  9. Аржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету.
  10. Бөлім. Халықаралық экономикалық байланыстарға транспорттық қызмет көрсету.

Лемдік экологиялық проблемалардың негізі – процестер мен құбылыстардың халықаралық деңгейге шығуында жатыр, бұнда адамзат цивилизациясының тіршілігінің негізгі әрететін қозғап өтіп, өзінің шешімін шешуге бүкіләлемдік қауымдастық қатысуын қажет етеді. Осы жерде атап көрсету қажет, кейбір табиғи ресурстардың халықаралық ерекше статуста екенін әлемдік мұхит ресурстары, ауа атмосферасы, антарктида, ғарыш. Бұл жерде барлық күшті біріктіре отырып,оларды, ұтымды, тиімді, жоспарлы, табиғаттың тепе – теңдігіне экологиялық зиян әкелмейтіндей, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру жолдары мен әдістерін шешуге жұмылдыру керегіне баса көңіл аударуға проблемасы қойылып отыр.

Адамзат баласының экологиялық проблемаларды шешуге күш салу қажеттілігін ХХ ғасыр басында В.Н.Вернадский айтқан болатын. Әлемдік даму моделінің нәтижесі дәлелдегендей, мемлекеттер, ұлттар экологиялық проблемаларды шешуге міндетті түрде өте жауапкершілікпен келукеректігі, яғни халықаралық қарым – қатынастың бірнеше негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:

Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында адамзат баласының қолы тимеген және экологиялық тепе – теңдікті ұстап тұруға себебін тигізетін табиғи жүйелерді сақтау;

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде табиғи ортаның ассимиляциялық потенциалын қорғау;

Халықаралық экологиялық жауапкершіліктің тиімді жүйелерін жасау (соның ішінде, әскери қимылдар кезінде қоршаған ортаны бүлдіргендегі жауапкершілік).

Аталған бағыттарды іс жүзінде асыру, біршама шамаларды қарастырады,олардың ішінде атап көрсетсек, экономикасы дамыған елдердің артта қалған мемлекеттерге қаржылай және техникалық көмегі, ресурстарды үнемдеу проблемасы жөніндегі технологиялық шешімдер, қоғамның қажеттілігін экологиялық таза өнімдерге бұру мақсатында экономиканың салаларына құрылымдық өзгерістер жасау,экологиялық бағыттағы халықаралық форумдар ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғауда халықаралық жауапкершілік механизмдерін құру, экологиялық салық салымдарын енгізу, біріккен стратегиялар мен концепцияларды жасау, жекеленген табиғи ресурстарды пайдалануды шешу.Парламентаралық ынтымақтастық,мемлекет арасындағы экологиялық проблемаларды шешуді қамтамасыз жасауға бағытталған,бұнда заңдылық қызметін үйлестіреді. Осында экологиялық заңдар модельдерін жасау қарастырылған, бірақ ұсыныс ретінде.

Жекеленген мемлекеттердің атқарушы құрылымдарын,өзара қарым – қатынасын ұйымдастыру, БҰҰ қамқорлығымен жүзеге асатын экологиялық бағдарламалар бағытын реттеп отырады.

Конвенциялық (арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт)жекеленген территориялармен обьектілердің нақты экологиялық проблемасын шешуге біркелкі тәсілдер.

Ылыми – техникалық ынтымақтастық ғылыми сипатта өзара мәліметтер алмасуға бағытталған. Бұнда бірігіп орындау қажет:табиғат қорғау зерттеулерін, кешенді түрде жабдықтар мен қондырғыларды пайдалану, ғылыми жобалар мен сараптама жүргізуді.

Жоғарыдағы келтірілген негізгі халықаралық ынтымақтастықтар қоғамдық ұйымдардың, іскер адамдардың, мемлекетаралық әртүрлі форумдар өткізулермен іске асып жалғасып отырады. Бұндай кездесулерде әр елдегі экологиялық жағдайын талқыға түсіп, оны шешудің экономикалық проблемасы көтеріледі, содан кейін ғана оны қаржыландыру жөнінде шешім қабылданады. Мысалы, Қазақстандағ Арал теңізі немесе Семей атом полигонының зардабын жоюға АҚШ, Англия, Германия, Жапония мемлекеттерінің қаржылай,техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық көмегін атап айтуға болады.

Екі жақты және көп жақты келісімдер мен халықаралық конвенциялар әртүрлі елдердің табиғат қорғау күштерін қадағалайды. Бұндай келісім – шарттардағы серіктес болып көбінесе көрші елдер мен мемлдекеттер аймағтағы табиғи ортаны сақтаудың жалпы мүдделері және кейбір ресурстарды бірігіп пайдалану жөнінде болып тұрады.Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерімен оңтүстіктегі сырдария өзеніне жазғы күндері су жіберу мәселелері жөнінде келісім – шартқа отырған

Экологиялық білім мен табиғатты қорғауға тәрбиелеуді дәрістер, этнографиялық әңгімелер, сол сияқты табиғатқа саяхат, экология үйірмесі (жас натуралистер станциясына қамқорлық), факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың азаматтық борышын қалыптастыратын ғылыми білім болып табылады. Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдас-тырылған (ЮНЕСКО) "Адам және биосфера" деп аталған бағдарламаны қабылдаудан басталады. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, кең экологиялық сипатталған болатын. Ал 1971 жылы Швейцарияда Еуропалық конференция өткізіліп, онда айнала қоршаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелері көтерілді. 1972 жылы Стокгольмде қоршаған ортаны қорғау туралы көпшілікке білім беру конференциясы болды. 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО жане ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратегиялық жоспарларын бекітті. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982 ж.), Беч (1983 ж.), Мәскеу (1987 ж.), т.б. қалаларда өткен конференцияларда жалғасын тапқаны мәлім. Экологиялық білім берудің теориялық негіздері орыстың табиғат зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В. Белинский, А. Герцен, Н. Чернышевскийдің есімдерімен тығыз байланысты. Одан соң А. Бекетов, К. Тимирязев, Д. Кайгородов, т.б. ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді. XX ғасырдың орта шетінде педагогтер В.Натали, Н.Верзилин, В.Корсун-ская, т.б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып оқытуды ұсынған. 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру бұрынғы КСРО бойынша оқу жұйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Белоруссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург, т.б.) "Биосфера", "Экология", "Табиғат қорғау", т.б. экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады. Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында жаңа ұғымдар мен түсініктер қалыптасты. Олардың негізгілері: "экологиялық білім", "экологиялық сауаттылық", "экологиялық мәдениет", "экологиялық этика", т.б. Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушының табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырып, экология ғылымын меңгеруге жол ашады және пәнге деген көзқарасын қалыптастырып, оған деген қызығуды арттырады.Экологиялық сана - адамның табиғатқа көзқарасының, білімінің, сенімінің және дағдысының жиынтығы болса, ал экологиялық ойлау - табиғаттағы болып жатқан өзгерістерге ғылыми негізде баға беру, оның себептерін ашу және терең түсіну. Жауапкершілікпен ойлау арқылы адам баласы табиғат апаттарына жол бермейді (Арал, Балқаш, т.б.). Экологиялық сауаттылық - экологиялық білімді игере отырып, табиғат қорларын тиімді пайдалануға жол ашатын болса, ал экологиялық этика - үйде, түзде, табиғатта адамның өзін-өзі ұстай білуін, мінез-құлық дағдыларын қатаң сақтауын қалыптастырады. Олар жоғарыдағы ұғымдардың негізінде қалыптасқан. Қазақ халқы туған өлкесінің табиғатын сүйе отырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктер әлемін де зерттей білген. Орман мен тоғайды, өзен мен көлді, шөл-шөлейтті жерлер мен даланың тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын байқаған. Табиғаттағы барлық құбылыстарды бақылап, ауа райын, табиғат апаттарын алдын ала болжап отырған. Басқа ұлттар сияқты қазақтар да өздерінің ұрпақтарын табиғатты сүюуге тәрбиелеуде мақал-мәтелдерге көп көңіл бөлген. Сол арқылы жасөспірімдердің табиғатқа деген сезімін оята біліп, оны сүюге, ал жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеген. "Жерана,, ел-бала", "Жері байдың— елі бай", "Күте білсең - жер жомарт" деп жерді Анаға теңеп көркөйтсе, "Тозған жерде тоқшылық болмайды" деп жерді қорғауға шақырады. Біздің жеріміз әлі де бай, әлі де шырайлы. Десе де, Арал, Балқаш, Билікөл, т.б. су айдындары мен орман-тоғайымыздың экологиясы қиын жағдайда екені әлемге әйгілі. Бір кездері бұл өңірлердегі қалың тоғай жұтаған,аң мен құсы азайып, жануарлардың көптеген түрлері жойылып кеткен. Табиғатымыздың осындай халге душар болатынын алдын ала сезген бабаларымыз бен ғалымдарымыз да жоқ емес. Ертеде ит түмсығы өтпейтін ну тоғайлар Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендері бойында көп болған. Ал таулы жерлердегі қалың ормандар кең алқапты алып жатқаны туралы деректер көп. Мәселен, 1892 жылы А.Қүнанбаев "Дала уәлаяты" газетінде экологиялық мақала жариялаған. Онда Шыңғыстау өңіріндегі ормандардың қырқылып құрылысқа пайдалана. бастағаның, оның әсерінен сол жердің табиғаты тозып бара жатқаны айтылады. Бұл деректің өзі-ақ қазақхалқының бойында экологиялық сауаттылықтың ерте кезден-ақ болғанын айғақтаса керек. Ендеше халқымыздың ата-салт дәстүрлері арқылы берілген экологиялық білім мен тәрбиені қайта түлету - бүгінгі аға буынның міндеті. Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті бүкілхалықтық мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуы, арнаулы өкіметтік қаулы-қарарларының қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие орындарында оқу тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды міндеттен, Мұның мәні оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлық тарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін үғындыру, табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен, икемділік, дағдылар мен қаруландыру. Біздің елімізде "...әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті" деген талаптар барлық уақытта бірде дәйектілікпен жүзеге асырылып жатпағаны мәлім. Тоқырау жылдарындағы түрлі жұмыстар еліміздің табиғатына зардаптарын тигізді.

Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде,дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние.Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық,информациялық және әртүрлі табиғи құблыстардың жиынтығы.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 93 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав