Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  7. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  8. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  9. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.
  10. lt;question2>Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы....

Биологиялық ресурстарға өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер жатады. Биотикалық ресурстарды қорғаудың және ұтымды пайдаланудың негізгі міндеті – бұл оларды сақтау және олардың биологиялық потенциалын ұлғайту, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын шешу.

Берілген мәндетті келесі шаралардың көмегімен шешуге болады:

- генетика және селекция, яғни өсімдіктердің жаңа сорттарын және жануарлардың түрлерін шығару, өсімдіктердің даму және өсу процесіне араласу жолымен вегетативті кезеңді қысқарту, қуаңшылықтар мен аяздарға төзімді өсімдіктерді алу, организмдер эволюциясын қалайтын бағытта жеделдетуге мүмкіндік беретін тәсілдерді әзірлеу, будандасқан өсімдіктер мен жануарларды алу үшін құралдар арсеналын кеңейту және т.б.;

- өнімділіктің атмосфералық факторларға (жылу, ылғал, жарық, суықтар және т.с.с.);

- зиянкестермен және аурулармен тиімді күрес жүргізу;

- популяциялардың дамуын реттеу. Оның мәні зиянкестердің, ауру қоздырғыштардың, сондай-ақ кәсіптік және өсірілетін түрлердің даму динамикасын және санын ғылыми басқаруға келтіріледі;

- кәсіптік сүт қоректілерді, құстарды, балықтарды жерсіндіру;

- экстремалды жағдайларда – шөл далаларда, биік таулы жерлерде және т.б. төзімді популяцияларды шығару;

- микробиологиялық резервтерді пайдалану. Микроорганизмдер қатыс-қанда топырақта көптеген процестер жүреді. Микроорганизмдер фармацевтика, тамақ, парфюмерия өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Микробиологиялық қызметте биосфераны, әсіресе топырақ құнарлылығы, ағынды суларды тазарту, өсімдіктерде, жануарларда және топырақта жеке элементтердің шоғырлануы саласында экологиялық түрлендірудің орасан зор мүмкіндіктері салынған;

- тұқым қуалаушылық механизмін, ДНК құрылымын, процестерді қалаған бағытта басқару үшін тіршілік әрекетінің ішкі табиғатын зерделеу;

- фотосинтездің тиімділігін арттыру;

- минералдық тыңайтқыштар мен микроэлементтерді оңтайлы пайдала-ну. Сонымен өсімдіктердің қоректенуі, өсуі және дамуы үшін қолайлы жағдай-лар жасалады. Биосферада микроэлементтердің таралуын зерделеу нәтижелерін пайдаланып, топырақтың физика-химиялық қасиеттеріне аса ұтымды әсер етуге, жерлердің құнарлылығын арттыруға, жоғары өнімді және тұрақты егінге қол жеткізуге болады;

Эрозияға қарсы шаралардың (орманды суландыру, беттік ағысты реттеу, топырақтың агротехникалық өңделуін жақсарту және т.с.с.) көмегімен биосфераны су және жел эрозиясынан қорғау.

Барлық жоғарыда аталған шаралардың жалпы мақсаты бар – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оған тұрақты өндірістік қамтамасыз етуге кепілдік беру, сондай-ақ азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемдерін сақтау.

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) «Әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық міндеттемелер» әзірленді. 1996 ж. Бүкіләлемдік азық-түлік проблемалары бойынша жоғары деңгейде кездесуде Бүкіләлемдік өндірістік қауіпсіздік жөніндегі Рим декларациясы қабылданды. Аталған декларацияда азық-түлік қауіпсіздігі ретінде «экономиканың жалпы алғанда мемлекет халқына және жеке алғанда әрбір азаматқа тамақтану өнімдеріне, ауыз суға және басқа тамақ өнімдеріне жеке тұлғаның дене бітімінің және әлеуметтік дамуы, денсаулықты қамтамасыз ету және халықтың кеңейтіліп ұдайы өсуі үшін қажетті және жеткілікті сапада, ассортиментте және көлемде қол жетуді қамтамасыз етуге кепілдік берілетін күйі» анықталған.

Азақстан Республикасында қазіргі уақытта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі негізгі міндет тиімді мемлекеттік реттеу кезінде аграрлық сектор салаларының өнімділігі мен табыстылығын өсіру негізінде отандық агроөнеркәсіптік өндірісті тұрақтандыру болып табылады.

Қазақстан үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің үш құраушысы басым болып табылады:

- азық-түлікке жеке қол жетушілік: кез келген уақыт моментінде және минимум қажетті ассортиментте елдің бүкіл аумағында тамақ өнімдерінің бар болуы;

- азық-түлікке экономикалық қол жетушілік: әрбір қазақстандық табысының деңгейі тамақ өнімдерінің минимум жинағын иелену үшін жеткілікті болуы тиіс;

Оректену қауіпсіздігі: еліміздің әлеуметтік-экономикалық жүйесі тамақ өнімдерінің және азық-түлік шикізатының қауіпсіздігіне қойылатын минимум талаптарға кепілдік беруі тиіс.

Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігіне жартылай қол жеткізілуі тиіс:

- азық-түлікке жеке қол жетушілік ФАО-мен қабылданған 84% құрайтын халықаралық деңгейге жетпеді. Мемлекет халқы отандық өндірістің тамақ өнімдерімен шамамен 80%-ға қамтамасыз етілген;

- тамақ өнімдеріне экономикалық қол жетушілік әлеуметтік топтар мен аумақтар бөлігінде айтарлықтай біркелкі қамтамасыз етілмеген. Тамақтың бағалары мемлекеттің еңбекші халқының негізгі массасына қолайлы;

- экологиялық таза және денсаулық үшін пайдалы тамақ өнімдері тек 50% құрайды;




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 143 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав