Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.

Читайте также:
  1. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  2. G) Актив пен меншік капиталдың пайдасы мен табыстылығына жету
  3. Microsoft Excel программасы. Кестелер. Автотолтыру. Функцияларды пайдаланып есептеулер.
  4. Асқазан мен 12 елі ішекте ойық жараның пайда болу патогенезіне қазіргі заманғы көзқарас.
  5. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ПАЙДА БОЛҒАН ЭК. МӘСЕЛЕЛЕР
  6. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
  7. Басќару ѓылымы мектебi сипатталады C. менеджментте сандыќ єдiс пен дєл ѓылымды пайдалану
  8. В.Паретоның пікірінше теорияның пайдалылығы оны қолдану нәтижелеріне қарай анықталады деген тұжырымды түсініріңіз
  9. Дәріс 5. Қайта өрлеу, Жаңа заман және Ағартушылық кезең философиясы
  10. Деби тілдің сақталуы мен жаңаруы. Қарапайым лексика: жаргон, арго, сленг. Жастар тілі

Алалық орналасудың тарихи қалыптасқан 3 формасы бар. Қала, қалалық агломерация және мегаполис.

Алалар Қазақстан жерінде ежелгі дүние кезеңдерінде қалыптасқан жоспарлы экономика тұсындағы урбандалу саны жағынан қалалар мен халық саны өсті. Қала және қала типтес ауылдар көбінесе бір кәсіпорын маңында (зауыт, фабрика, кен орны) калыптаса бастады. Экономикалық дағдарыс тұсында көсіпорындардың жабылуы қала тіршілігінің де жойылуына алып келді. Осыған орай мемлекеттің күшімен көптеген қала типтес кенттер біртіндеп ауылға айналды. Қазіргі таңда 86 қала және 35 кент бар.

Көсіпорындардың жабылуы қала тіршілігінің де жойылуына алып келді. Осыған орай мемлекеттің күшімен көптеген қала типтес кенттер біртіндеп ауылға айналды. Қазіргі таңда 86 қала және 35 кент бар.

Азақстан республикасы да, дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде (1954), қалалар саны, оның ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары, 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалардағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Бұл әрине жақсылыққа апарып соғатын жағдай емес. Қазіргі таңның өзінде-ақ қала халқының тығыздығы, әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200 км2 аса адам келіп экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себепті. Соған байланысты экологиялық тұрғыдан да өз еліміз ішінде де көптеп өнеркәсіптер оның ішінде завод-фабрикалардың өзі өз қолымыздан өнім шығарылуда. Бұл негізінен біздің байлығымыз әрі мақтанышымыз болса да, адамзаттың бойына да зиян келтіру жағы көбірек. Мысалы казіргі таңдағы автокөліктердің саны жағы да өткенгіден қарағанда күрт өскен. Бұл автокөліктердің саны жанармайлармен жүруі атмосферадағы ауа сапасын бұзуына зор ықпал жасайды. Ал енді дүние жүзілік ақпарат ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, ауылды жерлердегі елді мекендерге қарағанда қалалардағы атмосферадағы ауа құрамында зиянды газ күйіндегі заттар 10-25 есе, ал тозаң 10 еседей артық мөлшерде ұшырасады.

Кедейлік-Қазақстанды қосқанда, посткеңестік мемлекеттердегі өтпелі кезең салдарларының бірі кедейшіліктің жоғары деңгейі болып табылады. Кедейшілікпен сабақтас жағдайға әлеуметтік-экономикалық даму орнықтылығының дәрежесі, төмен деңгейдегі табыстар мен қоғамдағы экономикалық жоғары теңсіздік, еңбек рыногының жай-күйі, демографиялық және көші-қон үдерістері, әлеуметтік сектордың дағдарысы, сондай-ақ аймақтық, экологиялық және гендерлік факторлар әсерін тигізеді.Табыстар бойынша Қазақстандағы кедейшіліктің ең жоғары деңгейі, республикадағы бүкіл халықтың 39% күнкөріс минимумынан төмен табыстар еншілеген 1998 жылы тіркелді Халықтың табыстары адам тұрмысының деңгейін анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Қазақстандық экономиканың жандану шамасына қарай, халықтың табыстары екі есеге жуық ұлғайды: 1998-2002 жылдар аралығында қазақстандықтардың тұтынуға жұмсайтын шығыстары 2992 теңгеден 5671 теңгеге дейін өсті. Одан әрі, 2001 және 2002 жылдары халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының сатып алу қабілетінің тұрақты өсуі байқалды.Оның белгілері сәйкестігіне қарай күнкөріс минимумының 1,24 және 1,36 жиынтығын құрады. Басқаша айтқанда, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының өсу қарқындары 2002 жылы күнкөріс минимумына кіретін тауарлар мен қызмет көрсетулер құнының өсу қарқындарынан едәуір алда болды. Тұрақсыз материалдық жағдай, жұмыссыздық пен мәжбүрлі көші-қон көптеген отбасыларды балаларды оқытудан қаражат үнемдеуге душар етті. 2002 жылы жүргізілген кедей тұрмысты үй шаруашылықтарын зерттеп тексерудің нәтижелері жеткіліксіз білім деңгейінің кедейшіліктің негізгі себептерінің білі болып табылатының айғақтайды, он кедей тұрмысты үй шаруашылықтарының 1,5% атап көрсеттіЭкономикалық теңсіздік көрсеткіштері бойынша Қазақстан ТМД аралық жағдайға ие. Қазақстандағы қорлар коэффициенті 11-12 есеге тең, ал Джини индексінің мәні 0,34-ке жуық шаманы құрайды 2002 жылы осы коэффициенттердің кейбір төмендеулері байқалды: қорлар коэффициенті – 9,8 есеге және Джини коэффициенті 0,31-ге дейін.Үй шаруашылықтарының субъективті бығысына сүйенгенде, Қазақстандағы кедейшіліктің негізгі себептері төлемнің баламасыз деңгейі мен жұмыссыздық болып табылды. Осы себептерді 2001 және 2002 жылдары 80%-дан астам үй шаруашылықтары атады. 2001 жылы, адамдардың пікірлері бойынша, тұрмыстың төмен деңгейінің басты себебі түрлі салдарлар бойынша жұмыспен қамтылмау болса, ал 2002 жылы еңбектің аз төлемі басты себепке айналды.

Й шаруашылықтарының пікірлері бойынша олардың материалдық жағдайларын жақсартуға септігін тигізуі мүмкін өзекті факторлар жалақыны көтеру мен жұмыспен қамту болып табылады. Бұл орайда жұмыспен қамту проблемасы қаламен салыстырғанда ауылда анағұрлым зәру проблема болды: 29,3%-ға қарама-қарсы 40,4%.

Соңғы жылдары әлем елдері бойынша энергетикалық күрделілік мәселелері елдің экономикалық дамуына өз өрнегін салып, болжамдық көрсеткіштерден бастап болашақ жоспарларға дейін қайта пысықтауға итермелегені анық. Соның ішінде энергетикаға қатысты ұстанымдар да ауқымды түрде өзгерістерге ұласып отырғаны белгілі. Әрі энергетика мәселесі экономикалық дамудың ең алғашқы сұранысын тудыратын сала. Сондықтан да, дәл осы салаға баса назар аудару Қазақстан үшін бірінші кезектегі шаруаның бірі. Оның үстіне, еліміздің алдыға мақсат етіп қойған даму жолын алып қарастырсақ, ең басты сүйенеріміз де энергетика саласы болып қалмақ. Мәселен, Мемлекет басшысының индустрияландыру бағдарламасына сәйкес әрі алдағы уақытта атқарылатын Өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру жоспарына орай, еліміздің энергетика мәселесі одан сайын өзекті бола түседі. Яғни, кез келген жобаны жүзеге асырудың негізгі тұғырында мұнай-газ, электр энергетикасы және соңғы кездері Қазақстанның қарқын ала бастаған саласы - атом өнеркәсібі ерекше рөл ойнайтын болады. Осындай жоғарыда тоқталған мәселелерді жеке-жеке сараптай келсек, онда осы аптада Астанада өткен энергетикалық апталықтың еліміз үшін қаншалықты маңызды екендігін бірден аңғарамыз. лектр қуатының басты жауы - өндіріс ошақтары. Сондай-ақ, бізде энергияның көп бөлігі дұрыс мақсатта қолданылмайды. Жылу сақтайтын технологиялар іске қосылмаған. Соның салдарынан қаншама қуат желге ұшып жатыр. Қазақстанда электр қуатына деген сұраныс жыл сайын 5-6 пайызға артып отыр. Жаһандық энергетикалық тоқырау соңғы жылдары жиі-жиі бой көтере бастаған экономикалық дағдарыстардың негізгі себебіне айналды. Дүниежүзілік дағдарыстардың созылмалы сырқаттары қолданыстағы энергетиканың мүмкіндіктерінің сарқылып бара жатқандығын байқатады. Енді ол тауардың өзіндік құнын арзандатып, экономикалық өсімге қол жеткізуге тиімді жағдай жасай алмайды. Энергетикалық қуат көздерін игерудің күннен-күнге қиындауы және оның бағасының қымбаттауы экономикалық дамудың болашағын тығырыққа тіреді. Осыған байланысты бүгінгі таңда адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ойы «энергетикалық тоқырау», «энергетикалық қатер», «энергетикалық төңкеріс» атты ұғымдар төңірегінде толғануда.Жаһандық энергетикалық тоқырау нышандары алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарында орын ала бастады. Адамзаттың ертеңгі игілігі жолындағы болашақ энергия көзін іздеу қозғалысы басталды. Осы ұлы қозғалыстың алдың­ғы легінде «Болашақтың энергиясы» ұранымен «Астана ЭКСПО-2017» Бүкіл­әлемдік жетістіктер көрмесін өткізетін Қазақстан келеді. Кім не айтса, оны айтсын, «Астана ЭКСПО-2017» жаһандық энергетикалық төңкерістің озық технологиялары сыналатын тарихи алаңға айналады.

50)Тамақ өнімдерінің өндірісі әрбір адамның және бүкіл адамзаттың өмір сүру жағдайының басты шарты болып табылады. Азық-түлік өнімдерінің тапшылығы адам өмірінің сапасы мен қоғам дамуының деңгейін анықтайтын, барлық басқа экономикалық және әлеуметтік категорияларды құнсыз және мән-мағынасыз етеді. Адамзат XXI ғасырға азық-түлік мәселелерінің өткірлене түсуімен бірге енді. 1950 – 1980 жылдары жоғары қарқынмен дамыған азық-түлік өндірісі 90-жылдары тоқырап тоқтап қалды. Оның кейбір түрлері бойынша өндірістің толығымен тоқтап қалуы, тіпті планетадағы бір адам басына шаққанда одан да жоғары деңгейде қысқаруы байқалған. Көптеген ғалымдар мен қоғамдастықтар өз шығарылымдарында ашаршылықтың жайлап келе жатқандығы жөнінде және де оны мүмкіндігінше тоқтатуды, болмаса ашаршылыққа ұшыраушылар санының өсу процесін төмендетуді ескертеді. 70-жылдары «Үлкен жетілік» деп аталатын елдер арасында ауылшаруашылығы өндірісінің деңгейінің координациясы бойынша арнайы шешім қабылданды. Ол шешіммен байланысты әрекеттің мәні агроөнімдер өндірісі мен оның импортының деңгейін оптимизациялауға байланысты. Бірақ бұл мәселе бойынша соңғы келісімге әлі қол жеткен жоқ. Сонымен, Еуропалық одақ, АҚШ және Жапония мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қолдана отырып өзін -өзі азық-түлікпен жеткілікті қамтамасыз етуді қарастыратын ұттық- азық-түлік қауіпсіздігі концепциясын ұстанады. Жоғарыдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін дамыған елдер агроөнеркәсіптік өндіріске үкімет және Федералдық бюджет деңгейінде орталықтандырылған түрде, құрылымдық өзгеріс кезеңінде қолдау көрсетеді. Еуропа елдері өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайтын тауарлардың импортын реттеу үшін компенсациялық алымдарды кең қолданады. Мемлекет ішкі аграрлық нарықта импорты аса күшті бәсекеқабілеттілік тудырмайтын тауарлардың кедендік баж салықтарын сақтайды.Азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мәселесі кез-келген ел үшін маңызды болып табылады. Дамыған елдер тәжірибелері көрсетіп отырғанындай, осы мақсатқа жету жолында экономиканың аграрлық секторын реформалау, оның тиімділігін арттыру бойынша әртүрлі қадамдар мен талпыныстар жасалынды.

Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.. БҰҰ Бас хатшысының бастамасымен 1984 жылы қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Халықаралық комиссия құрылды.

Жылы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта экологиялық қауіпсіздік "қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсер ету салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардың, өнеркәсіптік кездейсоқ оқиғалар мен күйреулердің зардаптарынан жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу дәрежесі" ретінде қарастырылады.

1997 жылы 15 шілдеде қабылданған: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" ҚР Заңы табиғатты қорғау саласындағы басты заң болып табылады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды, сонымен қатар ол экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адамның шаруашылық және өзге қызметінің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерінің алдын алуға, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстанда табиғатты қорғау қызметін реттейтін арнайы кодекстер бар. Олар: 2003 жылы 20 маусымда қабылданған "Жер кодексі", 2003 жылы 9 шілдеде қабылданған "Су кодексі; 2003 жылы 8 шілдеде қабылданған "Орман кодексі",

Жылы 11 наурызда "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң әрбір қазақстандыққа қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік береді.

Республиканың атмосфералық ауасына жыл сайын үш жарым мың тоннадан астам зиянды заттар шығарылады. Қазақстан 1992 жылғы Рио-де-Жанейро Декларациясында 6-қағидасымен бөліп көрсетілген экологиясы неғұрлым нашарлаған елдердің қатарына жатқызылған.

Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу — демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның КонференциясындаБразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды, олардың мақсаты — еліміздің табиғат байлықтарын болашак ұрпақ үшін сақтау болып табылады Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудыңнегізгі қағидаттарын қарастырайық: қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;

мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;

әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;

Оршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.

табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;

Оршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ) дегеніміз – белгілі бір аймаққа тән табиғи кешенді халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет тарапынан қорғалатын, ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар табиғат нысандары. Қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамыған кезеңде түрлі шаруашылық әрекетін болжау үшін табиғатты эволюциялық және биологиялық заңдарды білу керек. Бұнда ерекше қорғалатын табиғи территориялық ұйымдардың маңызы зор Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар туралы» Заңына (1997 жыл) сәйкес мақсаттарына, қорғау режимдеріне және пайдалану ерекшеліктеріне қарай ЕҚТТ келесідей түрлерге бөлінеді: мемлекеттік табиғи қорықтар, табиғи қорықшалар, ұлттық табиғи парктер, табиғи парктер, табиғи ескерткіштер, дендрологиялық парктер және басқалар. ЕҚТТ нысандардың құндылығына қарай жергілікті және республикалық маңызы бар деп бөлінеді. Қазіргі күні Қазақстанда республикалық деңгейде 10 мемлекеттік табиғи қорық, 57 қорықша, 10 ұлттық табиғи парк, 26 табиғи ескерткіштер, 7 мемлекеттік ботаникалық бақ, 3 мемлекеттік зоологиялық парк бар. абиғаттың қорғалатын бұл аймағы – ауа райы, топырағы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасында бірнеше жылдар бойы қалыптасқан биологиялық байланыстарды сақтайды/3/. Қорықтар–табиғат эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жайқалған шабындық, аң-құс, айдын көлдер мүмкіндігінше сол бұрынғы әсем қалпында сақталуы тиіс. Геологиялық қорықшалар–сирек және ерекше геологиялық құрлымды жер бедерінің формалары бар ландшафтар территориясында ұйымдастырылады. Олардың қатарына флора мен фауна қалдықтарының қоры шоғырланған жерлер, үңгірлер, экзотикалық рельеф формаларының учаскілері жатады. Геологиялық қорықшалар территориясында қорғаудағы обьектер тұтастығын жоятын қазба және құрлыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда олардың міндеттерін орындау мен байланысты емес және оларда өсірілетін өсімдіктердің жойылуына әкеліп соғуы мүмкін кез келген іс-әректке тыйым салынады.Мемлекеттік ботаникалық бақтар отандық және дүниежүзлік флораның табиғи және мәдени өсімдіктер коллекциясын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік ботаникалық бақтар өсімдіктерімен импорттық және экспорттық операцияларды жүргізуді, оларды ботаникалық басқа мекемелерге айырбастауды жүзеге асырады. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттік учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады. Мемлекеттік ботаникалық бақтарды пайдалану ерекшеліктері: 1)мемлекеттік ботаникалық бақтар белгіленген тәртіппен ғылыми, мәдени-ағарту және оку мақсатында пайдаланылады. 2) мемлекеттік ботаникалық бақтардағы ғылыми зерттеулер табиғи флораның бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және жерсіндірілген дақылды өсімдіктерді қолдан өсіру, тұқымын сұрыптау және көбейту саласында жүргізіледі.

Биосфералық қорықтар – дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және оның байлықтарын сақтап қалу мақсатында табиғат қорғау шараларын жүзеге асырудың халықаралық деңгейдегі бағдарламасы. Оны биосфералық резерват деп те атайды. Биосфералық қорықтардың үлгі нұсқасы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Адам және биосфера» атты ғылыми бағдарламаның шеңберінде 1973 ж. қабылданған.

Биосфералық қорықтардың мақсаты – бастапқы табиғи қалпы өзгермеген не аз өзгеріске ұшыраған аймақтардағыэкожүйелерді, ондағы тірі организмдердің генетикалық қорының әр түрлілігін сақтап қалу; табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерді үнемі әрі жан-жақты бақылау және оған талдау жасау. Биосфералық қорықтарда ғылыми-зерттеу жұмыстары экожүйелер бойынша аймақтық және бүкіләлемдік деңгейде арнайы әдістемелер бойынша жүргізіледі. Биосфералық қорықтардың алып жатқан аумағы бірнеше жекеленген аймақтарға бөлініп, онда әрбір аймақтың өзіне тән ғылыми-зерттеу жұмыстары белгіленеді. Биосфералық қорықтардың орталық аймағында (ядросында) табиғат қатаң қорғалады да,шаруашылық жұмыстары мүлде жүргізілмейді. Оған іргелес буферлік аймақта шаруашылық жұмыстарына шектеу қойылады, ал ең сыртқы аймақта шаруашылық жұмыстары табиғат қорғау шараларымен бірге жүргізіледі.

Азіргі кезде дүние жүзінің 105 мемлекетінде 529 биосфералық қорықтар ұйымдастырылған (2007). Оның ең үлкені – көлемі 70 млн. га алқапты алып жатқан ДаниядағыСолтүстік-Шығыс Гренландия биосфералық қорығы. Қазақстанда Қорғалжын қорығын Биосфералық қорықтарқа айналдыру жоспары қарастырылуда (1999

Ызыл кітап[1]-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж.ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады. Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті. Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдарда 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы - 470 мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет каулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ осал, тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде тұр. Оның санын қалпына келтіруде едәуір каржы салынып, аң шаруашылығы мен өзге ұйымдардың қарқынды күш жұмсауы қоса тапсырылды

Жер бетінде тек жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі өседі.Өсімдіктер дүниесі-нағыз тіршілік атауларының тірегі. Ол өлі табиғат пен тірі табиғат аралығындағы дәнекер, яғни органикалық емес заттарды адам мен хайуанаттар қабылдай алатындай етіп, бойына түрлі микроэлементтерді, витаминдерді және басқа тіршілік негізіне қажетті заттарды жинақтайды.

Сонымен қатар жасыл өсімдіктердің басты ролі-табиғатты СО2-дан арылтып, оны О2-мен байытып отыруында, яғни ұлы ғалым К.А.Тимирязевтің сөзімен айтқанда О2 фабрикасы міндетін атқарады. Өсімдіктің міндеті мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Олар топырақ құнарлығын арттырып, оны N2-мен байытады, әрі ең бастысы адамның күнделікті өміріне қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Айталық, дастарханда қойылатын нан мен киетін киімге дейін осы өсімдіктің дүниесінен алынады.

Бүгінде адам баласы өзінің қажетіне өсімдіктің 2.5 мың түрін пайдаланатын болса, соның мыңға жуығы мәдени түрде өсірілетін өсімдіктер. Пайдалы деген жабайы өсімдіктерді, практикалық маңызына қарай мынадай топтарға бөлуге болып:




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 79 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав