Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан полигондары. Республика жерінде соғыс полигондары

Читайте также:
  1. C. из республиканского бюджета
  2. E) Қазақстан Республикасының Конституциясы
  3. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  4. VІ Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
  5. А(13)к - Парламент Сенатының Төрағасына \ Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына \ Республиканың Премьер-Министрiне
  6. А(3)б - Парламент Мәжілісінің алдында \ Республика Президенті алдында \ Республика Парламенті алдында
  7. А(5)о - Республика Үкіметі / министрліктер, агенттіктер
  8. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  9. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  10. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен - Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышағансынақ полигондары.Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары aралығында атмосферада - 27, жер бетінде - 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды.Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп отырды. Батыс Қазақстан аумағында1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстірттеде жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен.Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары Капустин Яр Полигон 1949 жылы құрылған. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының батыс аймақтары (Нарын құмы) мен Ресей Федерациясының Астрахан, Волгоградоблысының шығыс бөліктерін қамтиды. Бұл полигонда, негізінен, ұшақтар мен ракеталардың ядр. жарылыс заттарын тасымалдау әдістері зерттелген. “Капустин яр” ядролық полигонының орт. және ұшу-сынақ аймақтарын қоса есептегендегі жалпы аумағы 6,5 млн. га, оның ішінде Батыс Қазақстан облысындағы аумағы 1,5 млн. га. Полигонда әр түрлі қару-жарақ жер бетінде және әуеде сынақтан өткізілген (24 мың ракета жарылған, 177 соғыс техникаларының түрлері сынақтан өткізілген, 619 СС-20 ракеталары жойылған). Әр зарядтың қуатт. 10 – 300 килотонна, жарылу биіктігі 5,6 – 300 км-ге жеткен. Осының салдарынан ауаға 30 мың тоннаға жуық аса зиянды улы заттар таралған. Сынақ аймағын радиациялық тексеруден өткізгенде, ондағы радиоактивтік заттардың (цезий-137, стронций-89, т.б.) мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Зиянды радиоактивтік заттар топырақты, суды, егістік жерлерді және мал жайылымдарын ластаған. “Капустин яр” ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды мед. тексеруден өткізгенде, психоз ауруына шалдыққандары (әсіресе, балалардың) облыстағы орташа деңгеймен салыстырғанда 2,3 есе, ал республика бойынша – 2,1 есе жоғары болған

67)Антиядролық қозғалыс - ядролық соғыс қаруын жасауға, сынауға, қолдануға қарсы әлем халқының бірлескен қарсы күресі.[1] 1945 жылы 6 тамызда алғаш рет АҚШ әскери әкімшілігі ядролық қаруды Жапонияның Хиросима қаласына тастап, қырғынға ұшыратты. Қала толық қирап, 140 мың адам қаза болды. Араға үш күн салып, Нагасаки қаласына түскен атом бомбасы салдарынан 75 мыңға тарта адам жапа шекті. Ал КСРО аумағында алғашқы ядролық қару 1949 ж. Семей сынақ алаңында жарылды. Содан бергі жылдарда онда 459 жарылыс (оның 113-і атмосферада) жасалып, сынақ алаңымен шекаралас аудандардағы халықтың денсаулығына, экологияга орасан зор зиян келтірілді. Мұндай зұлмат қасірет бұл қарудың түрін жою, тоқтату қажеттігін тудырды. 1963 ж. атмосферада, суда және ғарышта атом қаруын сынауды тоқтату жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Бірақ бұл шарт талаптары ұзақ орындалмады. 70-ші жылдары КСРО басшылары КО-ғы атом сынағы бейбітшілікке бағытталған, халыққа, қоршаған ортаға зияны жоқ деген екіжүзді сұрқия саясат үстанды. Ұзақ уақыт бойына жер астындағы сынақтардың қауіпсіздігі туралы жалған түсінік қалыптастырылып, насихатталды. 1989 ж. ақпанда Қазақстандағы ядролық жарылыстарга қарсы "Невада- Семей" Антиядролық қозғалыс дүниеге келді. Ол ел тұрғындарымен қатар дүниежүзі елдерінің бірқатарынан қолдау тапты. 1991 ж. мамырда "Аттан" штабы құрылды. 1991 ж. 29 тамызда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Мұндағы ең соңғы жарылыс 1995 ж. 30 мамырда жасалды. "Невада-Семей" Антиядролық қозғалысы алға қойған негізгі мақсаттарының бірі - Семей ядролық сынақ алаңын жабуға қол жеткізді.

Оршаған орта жағдайын бағалау критерийлері және әдістері Соңғы жылдары республикада қоршаған ортаның жай-күйін бағалау жөніндегі ғылыми зерттеулердің едәуір көлемі орындалған, оның сапасын жақсарту жөніндегі ұсынымдар әзірленген. Келесі кезеңде орындалған ғылыми – зерттеулер нәтижесіндеұсынылған ұсынымдарды тәжірибелік енгізу жөніндегі жұмыстарды өткізумен қатар бұл салада зерттеулерді орындауды жалғастыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының сапасы туралы ұлттық баяндаманы дайындау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет, бұл мемлекеттік басқару органдарын, ғылыми, қоғамдық ұйымдарды және халықты қоршаған ортаның сапасы туралы объективтік, ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Орнықты даму республикада аумақтық деңгейде тек қана әкімшілік-аумақтық бөлу субъектілері шеңберінде жүзеге асырылмайтындығынабайланысты Орал-Каспий орнықты даму аймағы мысалында жеті экожүйелік аймақты құрудың ғылыми негіздемесін әзірлеу көзделіп отыр. Су ресурстары жай-күйін зерттеу және қорғау саласындағы жұмыстар мыналарды қосатын болады: Қазақстан Республикасының жер беті суларының жай-күйін, қорғауды және пайдалануды талдау; экожүйеге биологиялық толыққанды суларды қайтарумен өнеркәсіптік және тұрмыстық сарқынды суларды тазарту үшін цеолитті фоторезонансты биобелсендіру қондырғысын әзірлеу; ағынды және коллекторлық-кәріздік суларды зерттеу және оларды тиімді тазарту және суаруға қайталама пайдалану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; Қытай Халық Республикасымен бірлесіп су тұтынуды, су бөлуді нормалау, су ресурстары сапасы, су үнемдеуші технологиялар, су пайдалануды оңтайландыру мәселелері жөніндегі екі елде бар материалдарды зерттеу мен зерделеу; Қазақстанның құмды шөлейттерінде тегістелу үдерістердің қарқындылығын зерттеу және олардың дамуының неғұрлым қауіпті

Экологиялық мониторинг-табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін, бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. “Мониторинг” деген термин “монитор”-сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жылы маусымда) “бақылау” ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ) былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады. Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті. Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы ауа мен топырақтың температурасының, қысымының, ылғалдылығының өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни тұрақтылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез-келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды. Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады Осы процестердің өзгеруін бақылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет.

70)Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг-с оңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 65 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав