Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.

Читайте также:
  1. Ans: Қоршаған ортада
  2. A] ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым
  3. C) Пероральды түрде
  4. Linux кең таралған дистрибутивтары. Жүйелік администратордың алдына қойылатын басты мәселелер.
  5. Lt;variant> тауарларды шартты түрде шығару
  6. Абай қазақ қоғамының жағдайын қалай сипаттайды?
  7. Антижүйелік сипат
  8. Бірінші түрдегі қисықсызықты интеграл.
  9. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстырылады
  10. Екінші түрдегі қисықсызықты интеграл. Грин формуласы.

Табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.

Оршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.

Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы:

Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:

биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);

дистанционды (авиациялық және космостық);

Аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).

Бақылау обьектілері бойынша:

қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);

Биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).

Мониторингтің негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегі кестеде көрсетілген.

Оршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен міндеттері

Сонымен, мониторингтің технология процестерін алгоритм түрінде былай бейнелеуге болады.

Тіршілікортасы

(Биотическая среда) — қазіргі тіршілік етіп жатқан организмдердің арқасында пайда болған табиғи күштер мен құбылыстар.[2]

Тіршілік ортасы деп белгілі бір ағза (түрдің) дамуының барлық кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.

Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда экотоп деп атайды. Бұл абиотикалық факторлар жиынтығы деген ұғыммен мағыналас. Оны кейде биотоп (грекше "bios" — тіршілік, "topos" — орын) деп те атайды. Белгілі бір экотопта тіршілік ететін барлық тірі азғалар жиынтығын биоценоз (грекше "koinos" — жалпы) деп атайды. Белгілі бір аумакта тіршілік ететін барлық тірі азғалар мен орта жағдайларының жиынтығын қосып биогеоценоз (грекше "bios" — тіршілік, "ge" — Жер,"koinos" — жалпы) деп атайды.Су — тіршілік ортасы. Су көптеген азғалар үшін ең қолайлы орта болып саналады. Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұнықтылығы, тығыздылығы, тұтқырлығы, оттек пен жарықтың болуы және т.б. негізгі рөл атқарады. Судың құрамында көптеген минералдық заттар мен химиялық косылыстар кездеседі. Табиғи судың құрамындағы минералдық тұздардың мөлшері де түрліше болады. Мысалы, тұщы судың бір литрінде 0,5 г тұз болса, теңіз суында тұздың мөлшері 35—40 г болады. Судың құрамында оттек мөлшері атмосферадан 20 есе аз және суға жарық аз түседі. Суда қысым күрт өзгереді. Мұның бәрі де кейбір азғалар тіршілігі үшін едәуір қолайсыздық туғызады.

Рлық ауа Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін азғалар — аэробионттар(грекше "Air" — ауа) деп аталады. Бұл ортаның тығыздығы мен қысымы төмен.Ал оттек пен жарық мол. Құрлық-ауа тіршілік ортасында температура мен ылғалдылық жыл маусымдарына, тәулік мезгілдерінде және географиялық орналасқан орнына сәйкес күрт өзгеріп тұрады. Бұл ортада ағзалардың тіршілігіүшін температура, ылғалдылық, жер бедері,жел, жыл маусымдарының алмасып тұруы негізгі рөл атқарады. Бұл ортада тіршілік ететін ағзалардың орта жағдайларына әсері айқын байқалады, тіпті олар өздеріне қажетті ортаны өздері жасап алады. Экологиялық тұрғыдан алғанда бұл орта өте күрделі әрі ондағы орта жағдайлары да сан алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген ағзаларды террабионттар (латынша "terra" — "жер") деп атайды. Бұл ортада тіршілік ететін азғалар денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу механизмдері де түрліше. Оттектің мол болуына сәйкес ондай ағзаларда арнайы тыныс алу мүшелері пайда болған. Температураның күрт өзгеруіне сәйкес ағзаларда қорғану үшін түрліше бейімделушілікбелгілер калыптасқасқан.

Топырақ — тіршілік ортасы. Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі ағзалардың шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатын педосфера (грекше "podos"—аяк) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ азғалар (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрттар және т.б.) тіршілік етеді.

Топырақ қабатының да тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Топырақ қабатындағы тіршілік үшін температура, ылғалдылық және оттек негізгі шектеуші факторлар болып саналады. Топырақ тығыз, онда жарық болмайды, температураның ауытқуы шамалы ғана әрі оттек аз, оның есесіне топырақта көмірқышқыл газы көп болады. Топырақ борпылдақ (саңылаулары мол) құрылымды болып келеді. Топырақ ішіндегі саңылауларды газдар қоспасы және су ертінділері толтырып тұрады. Топырақ көптеген ағзалардың тіршілігі үшін өте қолайлы орта. Топырақта тіршілік ететін азғалар — педобионттар деп аталады.

Организм — тіршілік ортасы. Жер бетінде тіршілік алғаш рет пайда болған кездің өзінде-ақ кейбір жеке ағза тіршілік ортасына айналған. Бір ағзаны екінші бір ағза тіршілік ортасы ретінде пайдалану табиғатта кеңінен таралған. Табиғатта кездесетін әрбір түрдің өзіне тән паразиті болады.

Организмнің де тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, ондай ортада денеге оңай сіңетін қоректік заттар мол, температураның және химиялық заттардың құрамы тұрақты, құрғап кету каупі және жаулары болмайды. Организмнің тіршілік орта ретіндегі қолайсыз факторларына оттек пен жарықтың жетіспеушілігін, тіршілік кеңістігінің шектеулілігін және т.б. атауға болады. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын азғалар тобын — эндобионттар (грекше "endon"—ішкі) деп атайды. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне сәйкес паразиттер, симбионттар (селбесіп тіршілік ететіндер), комменсалдар және т.б. деп бөледі.

Эврибионттар (грек. eurys – кең, ауқымды және bіontos – тіршілік ететіндер) [1] – сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі өзгерістеріне бейімделе тіршілік ететін өсімдіктер немесе жануарлар. Қоңыржай белдеулердегі құрлықта мекендейтін жануарлардың көпшілік түрлері температураның, ылғалдылықтың, Күн радиациясының, т.б. қоршаған орта факторларының едәуір ауқымды өзгерістерін елемей тіршілік ете береді. Эврибионттардың сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі ауытқуларға бейімделуі олардың жоғары деңгейлік төзімділігімен немесе оларда болатын морфофизиологиялық механизмдер арқылы анықталады. Мұндай бейімделушілік белгілер мен қасиеттер арқылы Эврибионттар өздерінің ішкі орта жағдайларының гомеостазын белсенді түрде сақтай алады. Эврифагтар - әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер, эвритоптар - әр түрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер.

Деструктивті сукцессия экожүйедегі органикалық заттардың ыдырауымен байланысты. Деструктивті сукцессия ортадағы экожүйелік сукцессия органикалық заттарға байыған жағдайда көрінеді. Ол экожүйеге органикалық заттар әр түрлі әдіспен түскен жағдайда калыптасады: табиғи, антропогенді, жасанды. Бұл екі сукцессия түрлері өзара байланысты. Тірі организмдер қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделуі адаптация деп аталады. Ол мекен ету ортасы мен сукцессия орнына байланысты екенін анықтап, Л.Г. Раменский 1938 жылы өсімдіктер популяциясына қатысты адаптацияның 3 стратегиясын жасақтаган

72)Зерттеудің көкейкестілігі ХХІ ғасырға адамзат экологиялық қауіппен еніп отыр, яғни планетаның өмір сүруінің өзіне қауіп төніп отыр. Сондықтан жастарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды, осы жастардың алдына болашақ әлемнің экологиялық қауіпсіздігінің негізін қалау мәселесі қойылып отыр.Қазір экологиялық білім мен тәрбие беру маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас ұлттық жүйесі жасалуда.Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау туралы заңына (12 бөлім, 63-65 бап), «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туралы» заңына, «Қазақстан Республикасыныңэкологиялық қауіпсіздік концепциясына», «ҚР жоғары білім беру туралы» заңдарына (3 бап(негізделе отырып экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясы жасалды

Азір Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты мен экологиялық дамуындағы негізгі құжаттар – «Тұрақты даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жұмыс жоспары», «ХХІ ғасырдың ұлттық күн тәртібі» және т.б. әзірленді.Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі тек тиімсіз технологиялар, табиғат қорғау қызметінің және заңдарының жеткіліксіздігі ғана емес сонымен қатар адамдардың мәдениетінің төмендеуінде болып табылады.

Экологиялық мәдениет дегеніміз – бұл экологиялық білімділік, табиғатқа саналы көзқарас және табиғатты пайдалануға іс жүзінде қатысу.

Оршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты — басында адамзаттың Экологиялық қауіпсіздік мәселесі — бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі — экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды. Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды. Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық қауіпсіздік мәселелері оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Себебі, өндірістік қоғамның табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық қауіпсіздіктің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, экологиялық тазалықты сақтай отырып, адамдардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Осындай экологиялық қауіпсіздік мәселелерінің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, құқықтық мәдениеті, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады.Экологиялық қауiпсiздiк ол – халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол – табиғи жүйенi тиімді қолдану және оның заңмен қорғалуы, сондай-ақ, адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс. Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз» — деген болтын. Осыдан келіп арада бір жыл уақыт өткеннен соң ҚР Экологиялық кодексі қабылданды. [2. 1-2]. Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттің тұрақты дамудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған күнінен бастап экологиялық мәселелерге маңызды көңіл бөліп келеді. Ел Президентінің басшылы­ғы­мен дүние жүзіне танымал әлемдегі ірі ядролық полигонды өз еркімен жабуы, Арал теңізін сақтау және Кас­пийді қорғау бағдарламаларын ха­лықаралық деңгейде ынталанды­руы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да халықаралық деңгейде орын ала­тын қоршаған ортаны залалды әсер­лерден қорғауға арналған тәжірибелі еңбектері соның бірден-бір айғақта­ры болып табылады.

Тұрақты даму тұжырымдамасы үш негізгі кеңістіктің бірігуінің нәтижесінде пайда болды: экономикалық, әлеуметтік, экологиялық Экономикалық кеңістік. Тұрақты даму тұжырымдамасындағы экономикалық әдіс шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалану және экологиялық – табиғи-,энерго-, және материал үнемдейтін технологияларды пайдалану, экологиялық қолайлы өнімдерді құру, қалдықтарды қайта өңдеу, төмендету және жою мәселелері қарастырылады. Әлеуметтік кеңістік. Тұрақты дамудың әлеуметтік көзқарасы адамға бағытталған және әлеуметтік, мәдени жүйелердің тұрақтылығын сақтауға бағытталған. Бұл әдістің маңызды аспектісі игіліктерді әділдікпен бөлу. Адам дамуының тұжырымдамасы шеңберінде адам дамудың нысаны емес, субъектісі болып табылады. Тұрақты даму тұжырымдамасы бойынша, адам өзінің өмірінде қалыптасатын салаларға ғана емес, дұрыс шешім қабылдау үрдісі мен оны жүзеге асыруға, орындалуын бақылауға да қатысуы керек. Экологиялық кеңістік. Экологиялық көзқарас тұрғысынан тұрақты даму биологиялық және физикалық табиғи жүйелердің біртұтастығын қамтамасыз етуі керек. Мұнда экожүйенің өмірлік қабілеттілігінің маңызы зор. Табиғи ресурстардың деградациялануы, қоршаған ортаның ластануы, биологиялық алуандылықты жоғалту экологиялық жүйелердің қайта қалпына келу мүмкіншілігін жояды. Бұл үш тәсілдің бір-бірімен өзара байланысуы тұрақты дамуға жетудің маңызды құралдары болып саналады. Экономикалық және әлеуметтік элементтер бір-бірімен байланыса отырып, халықтың кедей бөлігіне жан-жақты көмек беру және әділдікке қол жеткізу секілді жаңа міндеттерді туындатады. Экономикалық және экологиялық механизмдер бір-бірімен байланыса отырып, қоршаған ортаға сыртқы әсерлерді бағалау туралы идеяны қалыптастырды.

2.Тұрақты даму индикаторлары
Тұрақты даму индикаторларын жасау қажеттілігі 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Конференцияда қабылданған «ХХІ ғасыр Күн тәртібінде» көрсетілді. Тұрақты даму мақсатына жетуді басқару, осы үрдістерді бақылау, пайдаланылатын құралдарды бағалау тиімділігі, алға қойылған мақсатқа жету деңгейі – тұрақты дамудың индикаторларын жасауды талап етеді.
Әлемде тұрақты даму индикаторлары мен критерийлерін жасау жолында БҰҰ, Әлемдік Банк, мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары (ЭЫДҰ), Қоршаған орта мәселелері жөніндегі Ғылыми комитет секілді жетекші халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыстар атқарылды.
Дегенмен, тұрақты даму индикаторларын жасау ісі әлі де толық аяқталмағанмен де, индикаторлар ғаламдық, аймақтық, ұлттық, жергілікті, салалық және жеке тұрғын пункттері мен кәсіпорындарды да қамтиды. Тұрақты даму индикаторларын жасау кешенді және ақпараттың көп бөлігін қажет ететін, қымбат бағаланатын үрдіс.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 82 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав