Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түзушілер

Түзушілер дегеніміз- фотосинтезді жүзеге асыратын автотрофты өсімдіктрер(негізінен алғанда жоғары сатыдағы өсімдіктер). Қалған ағзалардың барлығы ағзалық заттарды өсімдіктерден және басқа автотрофты ағзалардан алады.

Тұтынушылар

Тұтынушылардегеніміз- бұл гетеротрофты ағзалар. Бірінші және екінші қатар тұтынушылары болады. Бірінші қатар тұтынушылары (мысалы, қой және жылқы)өсімдіктермен қоректенеді. Екінші қатар тұтынушылары немесе тұтынушылардың тұтынушылары өсімдіктерді жемейді, жануарлармен қоректенеді. Әдетте бұлар қасқыр, жолбарыс, шиебөрі тәрізді жыртқыштар болып келеді.

Ыдыратушылар немесе бүлдірушілер

Бұлар бейағзалы қосылыстарға ауыстырып, өлі ағзалы заттарды тұтынады. Бүлдірушілер негізінен алғанда сапротрофтар болып саналады. Оған ұқсас ағзалар, саңырауқұлақтар және кейбір жануарлар жатады.

Табиғатта зат айналымы қызмет істеу үшін энергия үнемі түсіп тұруы қажет. Энергия көзі-Күн. Күн энергиясы жарық синтездеуші ағзалар арқылы ағзалық қосылыстардың химиялық энергиясына айналады. Бірімен бірі қоректік қатынастар арқылы байланысқан тіршілік иелері қоректену тізбегі түрінде дайындалады және ол үшін энергия алмасу өте маңызды болып саналады. Бұған мысал ретінде қарапайым тоқалтістер(мыши-полевки) жайылып жүрген шабындықты және соларды аулайтын түлкіні келтіруге болады. Бірлестіктегі қоректік байланыс дегеніміз- бұл бір ағзадан екінші ағзаға энергия беру тетігі. Бірлестіктің әр қайсысында қоректік байланыс күрделі торапта шырмалып жатады.

Биосфераның құрылысы және биосфера шекаралары Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биологияғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегіжануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.[1] Биосфера- жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді. Биогеография-организмнің географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді. Биоценоз-өсімдіктер мен жануарлардың майда ағзалардың бірлестігі. Географиялық қабық- жекелеген табиғат кешенінен тұрады. Табиғат кешені-табиғат компоненттерінің ұштасуы. Табиғат компоненттеріне топырақ, өсімдік, жануар т.б жатады. Ең ірі табиғат кешені-географиялық қабық немесе материктер мен мұхиттар. Табиғат зонасы-температурасы,жауын-шашыны, өсімдігі, жануары, топырағы өзара ұқсас ірі табиғат кешені. Табиғат зонасы 2 бағытта өзгереді: 1.Ендік зоналылық-табиғат зонасының ендік бағытта экватордан полюстерге қарай алмасып келуі. 2. Биіктік белдеулік-табиғат зоналарының тауларда биіктікке байланысты ауысып келуі. Биіктік белдеулерінің саны таулардың географиялық орнына және биіктігіне байланысты. Бір ендікте жатқан табиғат зонасының әр түрлі болуы мұхиттың алыс-қашықтығына жер бедеріне байланысты. Табиғат зонасы 2-ге бөлінеді: Өтпелі зона-орманды тундра, орманды дала, шөлейт, саванна. Тундра-субарктикалық белдеуде-мүк пен қына басым өскен, топырағы сазды, батпақты болып келеді. Орманды тундра-мүк пен қына қисық бұталы ағаштар өседі. Тайга-қылқан жапырақты орман зонасы,өсімдіктер:қарағай, шырша, самырсын. Дала-шөп басқан ағашсыз жазық жерлер. Шөлейт-дала мен шөлдің арасындағы өтпелі зона. Саванна-әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ бұталы ағаштар өсетін биік шөп басқан табиғат зонасы. Табиғат зонасының ауысып келуі климаттық белдеулермен сәйкес келеді. Арктикалық климаттық белдеу-арктикалық шөл мәңгі мұз басқан. Субэкваторлық климаттық белдеу-саванна Тропиктік климаттық белдеу-шөл Экваторлық климаттық белдеуде мәңгі жасыл ылғалды экваторлық ормандар. Географиялық қабықтағы ырғақтылық-күн мен түннің ауысуы. Географиялық қабықтағы заңдылық тұтастығы. Ырғақтылық заңдылығы-белгілі бір құбылыстардың уақыт ішінде қайталанып отыруы. Табиғат кешенінде жүретін үрдістер жылу мен ылғалға тәуелді.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 176 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав