Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Microsoft Excel электрондық кестесі

Читайте также:
  1. A) вакуумдық электрондық шамдарға
  2. ASP и ASP.NET в составе Microsoft.NET
  3. Excel 2007. SmartArt-.....
  4. Excel 2007. WortArt -.....
  5. I)Однофакторный дисперсионный анализ (выполняется с применением программы «Однофакторный дисперсионный анализ» надстройки «Анализ данных» пакета Microsoft Excel).
  6. I.5. Основная идея электронных таблиц Excel
  7. Microsoft
  8. Microsoft Access.Мәліметтер қорын басқару жүйесі
  9. Microsoft Excel программасы. Кестелер. Автотолтыру. Функцияларды пайдаланып есептеулер.

Электрондық кесте дегеніміз жолдар мен бағаналардан тұратын кесте түрінде реттелген ақпаратты өңдеу программалары. Электрондық кесте функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізеді, түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттейді, тиімділеу мәселелерін шешеді, белгілі бір шартты қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алады, графиктер мен диаграммаларды тұрғызады, мәліметтерді статистикалық талдайды.Місrosoft фирмасының Ехсеl программасы — кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Ехсеl жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Олкез-келген ақпараттың құрылымын реттеудің, сипаттаудың жәнеөңдеудің арнайы моделі. Ехсеl программасы кестелік есептеулерді орындауға, кестеде берілген ақпараттар негізінде әртүрлі диаграммалар құруға, мәліметтер базаларын құрып, олармен жұмыс істеуге және т.б. мүмкіндіктер береді.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Ехсеl программасында 65536 жол және 256 бағана бар. Электрондық кестенің негізгі элементі – ұяшық. Ұяшық дегеніміз жол мен бағананың қиылысында тұрған торкөз. Оған мәтін, сан немесе формула енгізуге болады.

Ехсеl программасы енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ әріп немесе " " (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Теңдік "=" белгісінен басталса, онда ол ұяшыққа формула енгізілетінін білдіреді.

Мәтін - кез-келген символдар жиынтығы. Егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді " символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа орналасады. Егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол

мәтін экранда қиылады (бірақ ЭЕМ жадында толық сақталады).

Электрондық кесте ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен бірге енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Ехсеl санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына #### символдарын қояды (бірақ ЭЕМ жадында ол саннын барлық разрядтары толық сақталады).

Ехсеl-де кез-келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ол бос орынсыз жазылады және 240 символға дейін енгізе алады. ¥яшыққа С1+Ғ5 формуласы =С1+Ғ5 түрінде жазылады. Бұл С1 ұяшығындағы мәліметке Ғ5 ұяшығындағы мәліметтің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 60 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав