Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма

Читайте также:
  1. Бекетіне арналған тапсырмалар
  2. Зіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары
  3. Зіндік жұмыс тапсырмалары
  4. Менеджмент» пәнінен 2014/2015 оқу жылына арналған тест сұрақтары мен тапсырмалары
  5. Пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
  6. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
  7. ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ.
  8. СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру графигі
  9. СӨЖ-нан берілген тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі
  10. Сапа және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттар мен тапсырмалар

Химиялық реакциялардың жылдамдығын зерттейтін химияның бөлімін-

химиялық кинетика деп атайды.

Химиялық реакцияның жылдамдығы деп уақыт бірлігінде әректтесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрацияларының өзгеруін айтады.

υ = ; моль/л•мин (сек)

Химиялық реакциялар бір фазаның көлемінде немесе фазааралық бетте жүреді. Сондықтан химиялық реакциялардың жылдамдығы біртекті (гомогенді)және әртекті (гетерогенді) ортаға тәуелді болады.

Гомoгенді реакцияның жылдамдығы, жұйенің белгілі бір көлемінде уақыт бірлігінде реакцияға қатысқан немесе реакция кезінде түзілген өнімнің біреуінің мөлшерімен анықталады.

υгом =

Гетерогенді реакцяның жылдамдығы, фаза бетінің аудан бірлігінде белгілі бір уаықт ішінде реакцияға қатысатын немесе реакция кезінде түзілетін заттың бірінің мөлшерімен сипатталады.

υгетер =

Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар:

- Әрекеттесуші заттардың табиғаты;

- Концентрация;

- Температура;

- Катализатор;

- Қатты заттар үшін жанасу бетінің ауданы;

а) әрекеттесуші заттардың табиғаты – оттектің сутекаен әрекеттесуі өте жылдам,ал сутекпен азоттың әрекеттесуі баяу жүреді.Оттек атомдарының арасындағы байланыс энергиясы 494 кДж/моль болса, азот атомдарының арасындаға байланыс энергиясы 942 кДж/моль. Азот атомдарының байланыс энергиясы жоғары болғандықтан беріктеу азот молекуласы реакцияға қиынырақ түседі.

б) температура- температураны әрбір 100С-қа көтергенде реакция жылдамдығы 2-4 есе артады (Вант-Гофф ережесі).

= ;

в)концентрация. Ә рекеттесуші массалар заңы: химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне пропорционал.

г) Қысым. Менделеев-Клапейрон теңдеуінен көрініп тұрғандай қысым мен концентрация реакция жыдлдамдығына тура пропорционал. Яғни химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың қысымын арттырған сайын жылдамыдығы артады.

д)Катализатор(өршіткі) -химиялық реакциялардың жылдамдығын арттырып, бірақ реакция нәтижесінде өзгермей қалатын заттар.катализатор қатыса жүретін реакцияларды каталидік үрдістер деп атайды.

Гомогенді катализде әрекеттесуші заттар мен реакция өнімі және катализатор

NO(г)

бірдей агрегаттық күйде болады. Мыс: 2SO2(г)+O2(г) 2SO3(г)

Гомогенді катализ аралық қосылыстар теориясымен жақсы түсіндіріледі.Мұнда катализатор реагенттердің біреуімен әрекеттесіп тұрақсыз, аралық қосылыс түзеді. Бұл реакция жылдам жүреді, себебі процестің белсендіру энергиясы төмен. Аралық қосылыс екінші реагентпен әрекеттесіп, катализатор босап шығады.

гетерогенді катализде реагенттер мен өнім және катализатор әр түрлі агрегаттық күйде болады.

V2O5(қ)

Мыс: 2SO2(г)+O2(г) 2SO3(г).

Гетерогенді катализіді түсіну үшін адсорбциялық теорияны қолданады. Адсорбция деп газтектес немесе еріген заттардың басқа қатты заттардың бетіне топтасуын (концентрленуін) айтамыз.бетінде адсорбция жүретін заттар – адсорбенттер деп аталады.

Химия және биохимиядағы катализатордың рөлі. Химиялық өнеркәсіпте кталаизатордың рөлі жоғары.Көптеген заттарды алу үшін катализатордың қатысуы қажет болады. Ал күрделі биохимиялық процестерде ферменттердің (биологиялық катализаторлар) қатысуы ерекше рөл атқарады.Олардың қатысында өсімдіктер мен тірі ағзаларда күрделі химиялық процестер жүреді.

 

II.2 Химиялық тепе –теңдік. Тура және кері реакциялардың жылдамдығын теңескен жүйе күйін химиялық тепе –теңдік деп аталады.

Химиялық тепе- теңдік Ле Шателье ұстаныма сәйкес ығысады. Ле -Шателье ұстанымы: химиялық тепе –теңдікте тұрған жүйе күйіне сыртқы факторлардың біреуімен(қысым, температура, концентрация) әсер етсек, тепе – теңдік сол факторды әлсірету бағытына қарай ығысады.

а) температура химиялық реакцияның жылу эффектісіне қарай әсер етеді. Температураны төмендеткенде химиялық тепе –теңдік экзотермиялық реакция бағытына қарай ығысады, ал температураны жоғарылатқанда эндотермиялық реакция бағытына ығысады. Бізге берілген реакция экзотермиялық болғандықтан тура реакция бағыты үшін температураны төмендету керек. Ал кері реакция бағыты үшін температураны жоғарылату қажет.

б) Қысым.Газ тәрізді заттардың арасында жүретін реакцияларды реакция нәтижесінде газдардың көлемдерінің өзгеруіне байланысты әсер етеді.Берілген реакция үшін реакцияға дейін 3 көлем(3 моль),ал реакциядан кейін 2 көлем(2моль) қысымды арттырғанда тепе –теңдік газ көлемдерінің азаю жағына қарай, яғни оңға қарай ығысады және керісінше;

в) Концентрация. Әрекеттесуші заттардың концентрациясын арттыру немесе реакция өнімдерінің концентрациясын азайту тепе –теңдікті оңға қарай ығыстырады.берілген реакция үшін иіс газы мен оттегінің концентрацияларын арттырып, немесе көмірқышқыл газының концентрациясын кеміту реакцияның тепе- теңдігін оңға қарай ығыстырады.:




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 38 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав