Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тезистері

Читайте также:
  1. Дәріс
  2. Дәріс (лекция), зертханалық және зертханалық сабақтар жоспары
  3. Дәріс (лекция), практикалық және зертханалық сабақтар жоспары
  4. Дәріс 1. Философия пәні мен қызметі
  5. Дәріс 1. Химиялық технологияның үрдістері және аппараттарының негізгі түсініктері
  6. Дәріс 10. Онтологияның негізгі ұғымдары мен принциптері.
  7. Дәріс 11.Гносеология және эпистемологияның негізгі ұғымдары мен жалпы мәселелері.
  8. Дәріс 12. Қоғам философиялық талдаудың негізі.
  9. Дәріс 13.Философиядағы адам мәселесі.
  10. Дәріс 14. Адамның рухани әлемі. Сана.

Энтропия замкнутой системы не может уменьшаться!

* Все термодинамические процессы, протекающие в замкнутой системе, делят на обратимые и необратимые. Термодинамический процесс обратим, если, протекая в обратном направлении, он возвращает систему в исходное состояние без затрат энергии. В противном случае термодинамические процессы называются необратимыми. Они протекают самопроизвольно только в одном направлении.

Примеры обратимых процессов: движение планет, незатухающие колебания маятника упругий удар. Примеры необратимых процессов: затухающие колебания маятника, процессы с трением, диффузия, теплопередача. Большинство процессов в технике являются необратимыми.

ММУ 4/3-04/02

ММУ БЕ 4/02

Ж. 14 маусымдағы

АзММА жанындағы

ОӘК №6 НХ

Арағанды мемлекеттік медицина университеті

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

Дәріс

Тақырыбы: Мутациялық өзгергіштік және адамның тұқымқуалайтын аурулары. Фармакогенетика негіздері.

 

Мамандығы: 5В110300 «Фармация»

Курс: 1

Уақыты: 50 мин.

Арағанды 2013

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

02.09.2013ж №1 хаттама

 

Кафедра меңгерушісі ______________ Құлтанов Б.Ж.

 

Дәріс құрылымы

 

Тақырыбы: Мутациялық өзгергіштік және адамның тұқымқуалайтын аурулары. Фармакогенетика негіздері.

 

Мақсаты:. Мутагенездің молекулярлы механизмі теориясының жалпы қағидалары және репарация жүйесінің жұмысын,. г енді мутацияның жіктелуіндегі негізгі категорияларын, таралу себебін оқып білу, Фармакогенетика туралы түсініктемені оқып білу.

Дәріс жоспары:

1. Өзгергіштік түрлерінің жіктелуі. Модификациялық өзгергіштік.

2. Спонтанды және индуцирленген мутагенез.

3. Генді мутацияның жіктелуі.

4. Алғашқы патологиялық эффектер

5. Дәріге патологиялық реакция.

6. Тұқымқуалайтын аурулардың фармакогенетикасы

 

Дәріс тезистері

 

Өзгергіштік тұқымқуалайтын және тұқымқуаламайтын болып 2-ге бөлінеді. Тұқымқуалайтын немесе модификациялық өзгергіштік сыртқы орта факторларына тәуелді (тіршілік ортасының халі мен қоректеріне байланысты). Мысалы, көптеген адамдар ультракүлгін сәулеге күйеді, тек қана альбиностар күнге күймейді. Егер қоршаған орта факторлары жойылса, модификациялық өзгергіштік қайтымды.

Тұқымқулайтын өзгергіштік комбинативті және мутационды болып бөлінеді.

Мутация – бұл құрылым бұзылысы (нуклеотидті тізбек) және генетикалық материал санының өзгерісі.

Спонтанды мутация дегеніміз өзіндік түзілетін белгінің бағыты болмайды. Түзілу жиілігі өте төмен, мутацияға тұрақты гендер болады. Сонымен қатар мутация түзгіш гендер, басқа гендер мутациясының жиілігін жоғарлататын гендер болады. Мұндай гендер мутатор деп аталады.

Қайта түзілген мутация de novo деп аталады. Экзонды, физикалық, химиялық, биологиялық факторларға тәуелді индуцирленген мутация болады.

Қалыпты геннен патологиялық процестерге бейімді тік мутация деп аталады, ал патологиядан қалыпты халге бейімделу қайтымды мутация деп аталады. Сомалақ клеткалардағы мутация сомалық деп аталады, және олардың кейбіреулері ісік ауруының жетілуіне алып келеді. Жыныс клеткасындағы мутация герминативті деп аталады. Олар гаметогенез уақытында, сомалық мутация негізінде түзіліп ұрпақтан ұрпаққа беріліп, тұқымқуалау ауруының негізі болып табылады.

Мутациялық процесс 4 негзгі түрмен көрсетіледі: гендер мутациясы, хромосомның құрылымды мутациясы, хромосом санының мутациясы, алмасқан немесе мобильді элементтер мутациясы.

Индуцирленген мутация физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсеріне байланысты түзіледі. Бұл факторлар мутагендер немесе мутагенді деп аталады. Мутагендер саны өте көп. Сонымен қатар комутаген, антимутаген және десмутагендер кездесіп отырады.

Комутаген - өзіндік мутагенді әсері болмайды, бірақта басқа факторлардың мутагенді эффектісін күшейтіп отырады. Комутагендерге органикалық емес (кадмий, никель хлориді, калий, селен т.б. жатады), органикалық табиғатқа (верапамиль) және биогенді түріне (никотин, темекі түтіні конденсаттары, кофеин) жатады.

Десмутагендер дегеніміз – бұл факторлар клеткаға дейін мутагендер әсерін төмендетіп мутация саны мен жиілігін төмендетеді. Десмутагендерге витаминдер, несеп қышқылы, сутегі пероксиді – мутагені, ферменттер, жоғары молекулалы өнімдер, мысалы: капуста экстрактісі, көк бұрыш, лапух жатады.

Антимутагендер бұл заттар клеткада мутагендер әсерін төмендедетін өнімдер. Оларға кейбір тұздар, кобальт хлориді, витаминдер (аскорбин қышқылы), және репарация жүйесінің ферменттері, яғни қайта қалпына келу жатады.

Индуцирленген мутагенезде мөлшер, қоршаған орта температурасы, комутагендер, десмутагендер және антимутагендердің өзіндік әсеріне, мутагендердің бір-бірімен өзіндік әсері (егер олардың табиғаты әр түрлі болса) үлкен маңызды болады.

Мутагенді факторлар табиғаты:

Мутагенездің физикалық факторына – ионды сәулемен зақымдалу түрлері, яғни гамма, рентген және ультракүлгін сәулелерімен зақымдалу жатады.

Химиялық мутагенез факторларына органикалық, органикалық емес және биогенді қосылыстар жатады.

Органикалық емсе мутагендердің 8 топтары белгілі. Мысалы: оларға литий, кадмий, азот, фосфор және т.б. жатады. Органикалық мутагендерге гетероциклді қосылыстар, күрделі қосылыстар, көмірсутектер жатады.

Биогенді мутагендер өз алдына бөлек топ астына жатады. Оларға алколоидтар, флавоноидтар, токсинді саңырауқұлақтар, кейбір антибиотиктер жатады (Қазақстандық авторлар Шигаева және әріптертері).

Химиялық мутагендер нағыз немесе тік және тік емес (промутагендер) болып бөлінеді. Нағыз мутагендер мутация туғызады. Промутагендер организмдегі метоболизмдік белсенділіктен кейін мутагенді қасиетке ие болады, мысалы, микроорганизмдер мен бактерияға кофеин мутаген болып саналса және комутагенді қасиетке ие болса, ал адамдарда кофеиннің мутагенді эффектісі бауырдағы микросомальді ферменттермен төмендетіледі.

Биологиялық мутагендер – бұл вирустардың РНҚ-сы мен ДНҚ-сы, вирусты емес паразитарлы агенттер (микоплазмалар, бактериялар), паразиттердің метаболизмдік өнімдері (токсоплазма, мысық сорғышы, трихинелла) және транспозондар.

Транспозондар – мобильді элементтермен байланысқан мутагендер түрі. Транспозондар көлемі жүзден бірнеше мың нуклеотидтерге созылады. Мобильді элементтер бір ДНК бөлігінен екінші ДНК бөлігіне клетка көлемінде өте алады. Бұл процестер транспозиция деп аталады. Транспозондар арқылы түзілген мутагендердің 3 түрі белгілі:

1. Құрылымдық гендерге орналасқан нуклеотидтер тізбегінде өзгерістер түзіледі.

2. Транспозиция нәтижесінде түзілген ДНК үзілсе, қатемен тігіледі.

3. Транспозондар алмасқан кезде көрші нуклеотидтер тізбегіне әсері өтеді.

Клеткада репарация жүйесінің 2 типі белгілі: конститутивті және индуцибелді. Конститутивті жүйе – клеткада әр уақытта болатын белок.

Индуцибелді жүйе – клеткада сыртқы факторларға байланысты белок және ферменттер түзіледі. Репарация жүйесі жұмысының эффективтілігі клеткалық цикл фазаларына байланысты. Конститутивті жүйе репарациясының, репликативтіге дейін этабында жұмыс істейтін (эксцизионды репарация) және репликативтен кейінгі этабы бар.

Репликативтіге дейінгі репарация этабында: 1) зақымдалуды тану; 2) зақымдалған жіпті қию; 3) зақымдалуды үзу; 4) ДНК ресинтезі; 5) ДНК жібін тігу.

Бұл процестер ферменттермен бақыланып, бірнеше гендермен реттеледі. Аталынған репарация кезінде ДНК-ның бөліктерінде жіптер қалпына келеді, себебі ДНК рекомбинациясы жүреді. Бұл процесс бір ген – rex А генімен бақыланады.

Индуцибелді репарация жүйесінің 2 типі белгілі: SOS – жауап және адаптивті жауап. Бактерияларда SOS – жауап табылды.

SOS – жауап -15 генмен бақыланады және SOS регулон деп аталады. Бұл комплекс белок – репрессормен бөгелген. Қолайсыз халде белок синтезі жүріп, репрессорды бұзады және SOS – жауап қосылады. SOS – репарация қатемен жұмыс істейді және мутация жиілігін жоғарылатып, яғни бактерия популяциясындағы генетикалық өзгергіштікке байланысты клетка тіршілігін күшейтеді.

Адаптивті жауап. Алғаш рет бактерия, ашытқы да, жоғары эукариоттарда анықталынды. Бұл процесте мутагеннің аз мөлшері әсер еткенде репарация жүйесі белсенді болады, ал жоғары мөлшерде репарация жүйесі жұмыс істеп, зақымдалуды жояды. Адаптивті жауап бір ген ada – генмен реттеледі. Адаптивті жауап химиялық мутагендер әсерімен сипатталынады.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 44 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав