Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аутэкология терминиін қалай түсінесіз? Тіршілік ету ортасы дегеніміз не?

Читайте также:
  1. D) Аутэкология, синэкология, демэкология.
  2. Lt;question>Қоғамдық регресс дегеніміз Общественный регресс это
  3. Lt;question>Жеке адам дегеніміз Индивид это
  4. Lt;сұрақ>Word. Бiр мезетте бiрнеше графикалық элементтердi қалай белгiлеуге болады?
  5. MS DOSіске қосылғанда компьютер конфигурациясын анықтайтын файл қалай аталады? A) confіg.sys
  6. PowerPoint ортасында тұсаукесер (презентация) құру, оның мүмкіндіктері.
  7. Ағзалардың қанша мекен ету ортасы бар?төрт.
  8. Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат түрлері. Ақпараттарға қолданылатын амалдар.
  9. Ақша дегеніміз не?
  10. Абай қазақ қоғамының жағдайын қалай сипаттайды?

Аутоэкология, аутоэкология – (грекше autos – өзім және экология) – қоршаған орта факторларының жеке организмдерге, популяцияға, түрлерге әсерін зерттейтін экологияның бір саласы. Аутоэкология түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдайларға (ылғалдану режиміне, жоғары және төмен темп-раларға, топырақтың құнарсыздануына (өсімдік үшін) физиологиялық, морфологиялық және өзге бейімділіктерін анықтайды. Соңғы жылдары аутоэкология бұларға қоса, орта ластануының химиялық және физикалық түрліше нұсқауларына организмнің жауап қайтару ерекшеліктерін зерттейді. Кейде аутоэкологияны тірі организмдерді, көбінесе сыртқы ортаның абиотикалық факторларына байланысты зерттейтін әдістемелік тәсіл деп санайды. Аутоэкология ең алғаш рет экологияның жеке саласы ретінде ІІІ Халықаралық ботаникалық конгресте (1910) қабылданды. ІV Халықарарлық экологиялық конгрестің (Ұлыбритания, 1994) І сессиясында аутэкология тақырыбына арналған бірнеше баяндама жасалды. Экологияның бұл саласындағы зерттеулер жаңа әдістерді пайдаланып, жүргізіледі. Мысалы, Испанияда сұңқарлардың қоректенуі мен орын ауыстыруы радиотелеметрия көмегімен, ал Жапониядан ұшып келетін даур тырналары мен қара тырналардың тіршілік ету аймағы спутниктік бақылау арқылы зерттелді.

Тіршілік ортасы — қазіргі тіршілік етіп жатқан организмдердің арқасында пайда болған табиғи күштер мен құбылыстар.[2]

Тіршілік ортасы деп белгілі бір ағза (түрдің) дамуының барлық кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.

Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда экотоп деп атайды. Бұл абиотикалық факторлар жиынтығы деген ұғыммен мағыналас. Оны кейде биотоп (грекше "bios" — тіршілік, "topos" — орын) деп те атайды. Белгілі бір экотопта тіршілік ететін барлық тірі азғалар жиынтығын биоценоз (грекше "koinos" — жалпы) деп атайды. Белгілі бір аумакта тіршілік ететін барлық тірі азғалар мен орта жағдайларының жиынтығын қосып биогеоценоз (грекше "bios" — тіршілік, "ge" — Жер,"koinos" — жалпы) деп атайды.

11.Экологиялық фактор дегеніміз не, және олар қанша топқа бөлінеді? (біреуіне анықтама беріңіз)

Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Мәселен: ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.
Факторлар үшін негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропикалық.

Биотикалық фактор, биогендік фактор — ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері. Биотикалық фактордың абиотикалық фактордан айырмашылығы, мұнда әр түрге жататын азғалар бір-біріне өзара және айналадағы ортаға әсерін тигізеді. Мысалы, жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандырады, бір ағза екінші бір ағнаны қорек етеді, микроорганизмдер топырақ құрылымын өзгертеді, т.б. Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі дара бастар арасында да, жеке популяциялар арасында да байқалады. Мысалы, ақ бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, ақ бөкендердің өзара әсері немесе қасқырдың ақ бөкенге шабуылы, т.б. Биотикалық фактор түрішілік және түраралық болып ажыратылады. Түрішілік Биотикалық факторға жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдердің өз өсімталдығын арттырудағы әрекеті (демогр. әсер), мекен ететін аумағын қорғаудағы жануарлардың мінез-құлығы (этологиялық әсер), т.б. әсерлер жатады. Түраралық Биотикалық факторға комменсализм (сіңісу), симбиоз (селбестік), нейтрализм (бейтарап селбесу), масылдық (басқа ағза есебінен күн көру), жыртқыштық әсерлер жатады. Биотикалық фактордың қалыпты жағдайдан ерекше ауытқуы ағзалардың қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізбей қоймайды, соның нәтижесінде табиғи тепе-теңдік бұзылады




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 88 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав