Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Популяцияға анықтама беріңіз және оның түрлері?

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. F) оның айналымының мерзімі біткенде номиналды құнын қайтару құқығы
  7. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  8. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  9. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  10. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.

Популяция дегеніміз - белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция латынның «попилус - «халық, топ» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л. Иогенсен қолданды. популяцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму, көбею, орта жағдайларының өзгерісіне бейімділігі, генетикалық шығу тегі, экологиялық жағдайлары жатады.

Элементар (жергілікті) популяция - табиғаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен ұзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегейлігіне байланысты болады.

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болғандықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге беімделген. Мәселен кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең тараған.

Географиялық популяциялар - географиялық жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын құрайтын экологиялық популяциялардан тұрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-құлқы және басқа да қасиеттері ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша ұзақ жылдар бойы жекеленуі бірте-бірте географиялық раса немесе жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін.

Жергілікті популяцияны қалай түсінесіз? Экология пәні нені зерттейді?

Элементар (жергілікті) популяция - табиғаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен ұзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегейлігіне байланысты болады.Олардың құрамына генетикалық жағынан біртекті дербестер кіреді.Түрдің бөлшектенген кезінде пайда болатын элементарлық популяцтялардың саны өмір сүру ортасының әрекеттілігіне байланысты болады:неғұрлым орта біртекті болған сайын, элементарлық популяциялар азая түседі ж-е керсінше.Элементарлық популяциялардың арасында әр уақытта да генетикалық өзгешеліктері,фенологиялық ерекшеліктері, қоректік заттарды жинақтау қабілеті, зат алмасудың қарқындылығы, өзін-өзі ұстау мінезі түрінде көрінетін айырмашылықтары болады н-е әрбір элементарлы популяция морфофизиологиялық ж-е этиологиялық арнайы қасиеттерге ие,олардың арасындағы айырмашылықтары генетикалық өзінідік ерекшеліктермен ж-е өмір сүру ортасымен анықталады.




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 55 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав