Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Келісімшарттық мәміле

Читайте также:
  1. B) Жер мен жылжымайтын мүлікпен жасайтын мәміле
  2. Сыртқы сауда және транспорттық операцияларды реттеуші келісімшарттық қатынастардың жалпы схемасы

9. Келісімшарттық мәміленің болуы бірлескен бақылауды қамтитын қатысу үлесін инвестордың елеулі ықпалы бар қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялардан өзгеше етеді (қараңыз: 28 (IAS)). Өз негізінде бірлескен бақылау орнату туралы келісімшарттық мәмілесі жоқ қызмет осы Стандарт мақсаттарында бірлескен қызмет болып мойындалмайды.

10. Келісімшарттық мәміленің дәлелі, мысалы, кәсіпкерлер арасындағы шарт немесе олардың арасындағы келіссөздер хаттамасы болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда келісім жарғыға немесе бірлескен қызметтің басқа да құрылтай құжаттарына қосылады. Нысаны қандай екеніне қарамастан, келісімшарттық мәміле, әдетте, жазбаша нысанда рәсімделеді және мына мәселелерге:

(а) бірлескен қызмет есептілігі бойынша қызметке, ұзақтыққа және міндеттемелерге;

(b) директорлар кеңесін немесе бірлескен қызметті басқарудың баламалы органын тағайындауға және кәсіпкерлердің дауыс беру құқықтарына;

(с) кәсіпкерлердің капиталға төлеген жарналарына; және

(d) кәсіпкерлер арасында өндіріс көлемін, кірісті, шығысты немесе бірлескен қызмет нәтижелерін бөлуге қатысты болады.

11. Келісімшарттық мәміле бірлескен қызметке бірлескен бақылау орнатады. Мұндай талап бірлескен кәсіпкерлердің бір де бірінің бұл қызметке жеке-дара бақылау орнатуға мүмкіндігі болмайтынына кепілдік береді.

12. Келісімшарттық мәміле бір кәсіпкерді бірлескен қызметтің жетекшісі немесе басқарушысы етіп белгілей алады. Жетекші бірлескен қызметке бақылау жасай алмайды, ал келісімшарттық мәмілеге сәйкес кәсіпкерлер келіскен және басқарушы ретінде оған табысталған қаржы және операция саясатының шеңберінде іс-қимыл жасайды. Егер жетекші экономикалық қызметтің қаржы және операция саясатын басқару жөніндегі өкілдіктерге ие болса, ол ондай қызметті бақылайды және ол бірлескен қызмет емес, ал оның еншілес ұйымы болып табылады.


Бірлесе бақыланатын операциялар_____________________________________

13. Бірлескен қызметтің кейбір түрлерінің операциялары корпорация, серіктестік немесе өзге ұйым, немесе бірлескен кәсіпкерлерден бөлек қаржы құрылымын құруды емес, ал кәсіпкерлердің активтері мен өзге де ресурстарын пайдалануды көздейді. Әрбір кәсіпкер өзінің жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтарын пайдаланады және өз қорларын жасайды. Оның сондай-ақ өз шығыстары мен міндеттемелері болады, ол өз міндеттемелері болып саналатын өзінің қаржыландыру көзін алады. Бірлескен қызметті кәсіпкердің жалдамалы қызметкерлері оның өзінің сондай қызметімен қатарластыра жүзеге асыра алады. Бірлескен қызметті тағайындау туралы келісімде әдетте бірлесе өндірілген өнімді сатудан түскен түсім және кез келген бірлесе жұмсалған шығыстар кәсіпкерлер арасында өз көмегімен бөлінетін құрал көзделеді.

14. Екі немесе одан көп кәсіпкер нақты өнімді, мысалы, ұшақты жасау, оны сату және тарату үшін өз операцияларын, ресурстары мен тәжірибесін біріктіретін жағдай бірлесе бақыланатын қызметінің мысалы бола алады. Әрбір кәсіпкер өндірістік процестегі өз бөлігін жүзеге асырады. Әрбір кәсіпкер өз шығынын жұмсайды және ұшақты сатудан түсетін түсімнен өз үлесін алады, ал бұл үлес келісімшарттық мәмілеге сәйкес анықталады.

15.Бірлесе бақыланатын активтерге өзінің қатысу үлесі жөнінде әрбір кәсіпкер өзінің қаржы есептілігінің жекелеген нысандарында мыналарды:

(а) өзі бақылайтын активтер мен бар міндеттемелерді; және

(b) жұмсалған шығыстарды және бірлескен қызметпен өндірілген тауарларды сату немесе қызметтер көрсету нәтижесінде кірістерден алатын өз үлесін тануға міндетті.

16. Активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар кәсіпкердің қаржы есептілігінде мойындалғандықтан, ол шоғырландырылған есептілікті ұсынған кезде бұл баптарға түзетулер немесе шоғырландырудың басқа рәсімдері қажет етілмейді.

17. Бірлескен қызметтің өзі үшін жекелеген есеп жазбаларының қажет етілмеуі, сол сияқты қаржы есептілігінің жасалмауы мүмкін. Алайда кәсіпкерлер бірлескен қызмет нәтижелерін бағалау үшін басқару шоттарын әзірлей алады.


Бірлесе бақыланатын активтер_________________________________________

18. Бірлескен қызметтің кейбір түрлері бірлескен бақылау болуын, көп ретте – бірлескен қызмет мақсатында салынған немесе алынған және бірлескен қызмет мақсаттарына жетуге арналған бір немесе бірнеше активтерді кәсіпкерлердің бірлесе иеленуін көздейді. Кәсіпкерлер ол активтерді пайда табу үшін пайдаланады. Әрбір кәсіпкер активтермен өндірілген өнімнен үлес алуына болады және әрбір кәсіпкер шығыстардың келісілген бөлігін өз мойнына алады.

19. Бірлескен қызметтің мұндай түрлері корпорация, серіктестік немесе өзге ұйым, немесе кәсіпкерлердің өздерінен бөлек қаржы құрылымын құруды қажет етпейді. Әрбір кәсіпкер болашақтағы экономикалық пайдалар үлесін бірлесе бақыланатын активтегі өз үлесі арқылы бақылайды.

20. Мұнай мен газ өндіру саласындағы көптеген компаниялар, сондай-ақ минералдық шикізат өндіретін компаниялар бірлесе бақыланатын активтерді пайдаланады. Мысалы, бірқатар мұнай компаниялары мұнай құбырын бірлесе бақылай және пайдалана алады. Әрбір кәсіпкер мұнай құбырын өз өнімін тасымалдау үшін пайдаланады, ал оның орнына сол мұнай құбырын пайдалануға жұмсалатын шығыстардың келісілген бөлігін өз мойнына алады. Бірлесе бақыланатын активтің басқа мысалы - екі ұйым мүлікті бірлесе бақылайды, алынатын жалдау ақысының бір бөлігі әрқайсысына тиесілі және де шығыстардың тиісті бөлігін әрқайсысы өз мойнына алады.

21. Бірлесе бақыланатын активтерге қатысу үлесі жөнінде кәсіпкер өзінің қаржы есептілігінде:

(а) активтердің сипатына сәйкес сараланған бірлесе бақыланатын активтердегі өз үлесін;

(b) өзі қабылдаған кез келген міндеттемені;

(с) бірлескен қызмет жөнінде басқа да кәсіпкерлермен қатар кез келген міндеттемедегі өз үлесін;

(d) бірлескен қызмет нәтижесінде өндірілген өнімдегі өз үлесін, бірлескен қызметке байланысты жұмсалған кез келген шығыстағы өз үлесімен бірге, сатудан немесе пайдаланудан алынған кез келген табысты;

(е) бірлескен қызметке қатысудағы өз үлесі жөнінде, мысалы, кәсіпкердің активтердегі үлесінің қаржыландырылуына, өндірілген өнімдегі өз үлесін сатуға байланысты ол жұмсаған кез келген шығыстарды мойындауға міндетті.

22. Бірлесе бақыланатын активтерге қатысудағы өз үлесі жөнінде әрбір кәсіпкер:

(а) инвестициялар сияқты емес, ал бірлесе бақыланатын, активтердің сипатына сәйкес сараланатын активтердегі өз үлесін. Мысалы, бірлесе бақыланатын мұнай құбырының үлесі жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ретінде сараланады;

(b) мысалы, активтердегі өз үлесін қаржыландыру жөнінде ол қабылдаған кез келген міндеттемелерді;

(с) бірлескен қызмет жөнінде басқа кәсіпкерлермен бірге қабылданған кез келген міндеттемелердегі өз үлесін;

(d) бірлескен қызмет нәтижесінде өндірілген өнімдегі өз үлесін, бірлескен қызметке байланысты жұмсалған кез келген шығыстағы өз үлесімен бірге,сатудан немесе пайдаланудан алынған кез келген табысты;

(е) бірлескен қызметке қатысудағы өз үлесі жөнінде, кәсіпкердің активтердегі үлесін қаржыландыруға және өндірілген өнімдегі өз үлесін сатуға байланысты ол жұмсаған кез келген шығыстарды өзінің есеп жазбаларына қосады және қаржы есептілігінде мойындайды.

Активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар кәсіпкердің қаржы есептілігінде мойындалғандықтан, ол шоғырландырылған есептілікті ұсынған кезде бұл баптарға түзетулер немесе шоғырландырудың басқа рәсімдері қажет етілмейді.

23. Бірлесе бақыланатын активтерді есепке алу тәртібі бірлескен қызметтің мазмұны мен экономикалық мәнін және, әдетте, заңдылық нысанын көрсетеді. Бірлескен қызметтің өзіне арналған жекелеген есептілік жазбалар кәсіпкерлер бірігіп жұмсаған және, түптеп келгенде, қатысудың келісілген үлестеріне сәйкес олардың арасында бөлінген шығыстармен шектелуі мүмкін. Бірлескен қызметтің қаржы есептілігінің жасалмауы да мүмкін, дегенмен кәсіпкерлер бірлескен қызметтің тиімділігін бағалауларына мүмкіндік беретін басқару шоттарын дайындай алады.


Бірлесе бақыланатын ұйымдар______________________ ________________

24. Бірлесе бақыланатын ұйым – корпорация, серіктестік немесе әрбір қатысушылардың өз қатысу үлесі бар басқа ұйым құруды көздейтін бірлескен қызмет түрі. Ондай ұйым, кәсіпкерлер арасындағы келісімшарттық мәміле оның экономикалық қызметіне бірлескен бақылау орнататыннан басқа жағдайларда, өзге ұйымдар сияқты жұмыс істейді.

25. Бірлесе бақыланатын ұйым бірлескен қызметтің активтерін бақылайды, міндеттемелер қабылдайды, шығындар жұмсайды және пайда алады. Ол өз атынан бірлескен қызмет мүдделерінде шарттар жасайды және қаржы алады. Әрбір кәсіпкер бірлесе бақыланатын ұйым пайдасының бір бөлігін алуға құқылы, алайда кейбір бірлесе бақыланатын ұйымдар бірлескен қызмет нәтижесінде алынған өнімнің бөлінуін көздейді.

26. Бірлесе бақыланатын ұйымға тән мысал - екі ұйым нақты саладағы өз қызметін тиісті активтері мен міндеттемелерін бірлесе бақыланатын ұйымға беру жолымен біріктіретін жағдай. Оның басқа бір мысалы – ұйым басқа елдің үкіметімен немесе басқа агенттігімен ынтымақтаса отырып, сол ұйымның, үкіметтің немесе агенттіктің бірлескен бақылауында болатын жеке компания құру жолымен өз ісін сол елде бастайтын жағдай.

27. Көптеген бірлесе бақыланатын ұйымдар іс жүзінде бірлесе бақыланатын операциялар немесе бірлесе бақыланатын активтер деп аталатын бірлескен ұйымдарға ұқсас. Мысалы, кәсіпкерлер мұнай құбыры сияқты бірлесе бақыланатын активті салықты немесе басқа да себептерді басшылыққа ала отырып бірлесе бақыланатын ұйымға аудара алады. Кәсіпкерлер бірлесе пайдаланылатын активтерді бірлесе бақыланатын ұйымға нақ солайша енгізе алады. Кейбір бірлесе бақыланатын операцияларда қызметтің нақты аспектілерін жүзеге асыру үшін, мысалы, өнімді әзірлеу, өткізу, тарату немесе тауарды сатудан кейін қызметпен қамту үшін бірлесе бақыланатын ұйым құру көзделеді.

28. Бірлесе бақыланатын ұйым өзінің меншікті бухгалтерлік жазбаларын жүргізеді, басқа ұйымдар сияқты, Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес қаржы есептілігін әзірлейді және ұсынады.

29. Әрбір кәсіпкер әдетте бірлесе бақыланатын компанияға ақша қаражатын немесе басқа ресурстар салады. Бұл салымдар кәсіпкердің есепке алу жазбаларына жазылады және оның қаржы есептілігінде бірлесе бақыланатын ұйымға инвестиция ретінде мойындалады.




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 49 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав