Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Картоп өсіру өндірісінің әртүрлі технологиялары

Читайте также:
  1. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  2. Бульби у земляної груші {топінамбура) і картоплі розвиваються на швидко відмираючих підземних пагонах -...
  3. ГИДРОЛИЗІ реакциялары. Тұздардың гидролизі.Тұздардың гидролизінің әртүрлі жағдайлары
  4. Еліміздегі өндірістік қуаттар азық-түліктің шығарылуын өсіруге мүмкіндік береді.
  5. Картоп туралы жалпы сипаттама
  6. Картоптың өсу, өнуінің ерекшеліктері және биологиялық ерекшеліктері.
  7. Картоптың сорттары
  8. Картоптың тұқымдар
  9. Картоптың физиологиялық ерекшеліктері

Картоп өнімділігін арттырудың негізгі жолы - картоп шаруашылығына алдыңғы қатарлы өндірістік технологияны енгізу. Картоп өсіру жүйелерінің бірі жалды жүйе. Соңғы кезде картопты өсірудің жалды жүйесі кеңінен қолданылып отыр. Орталық Европа елдерінде қатар аралықтың стандартты ені картопты жалдап өсіруде 75 см құрайды.

АҚШ пен Ұлыбританияда картоп өсіруде қатар аралық ені 90 см құрайды, себебі бұл елдерде картопты еркін отырғызуды қажет ететін ірі түрлері өсіріледі. Қатар аралығының 90 см болуы доңғалақтарының аралығы 180 см болатын тракторлар пайдаланылады. Қажет болған жағдайда 45 см дейін қысқартылады. Доңғалақтарының арасы стандартты 180 см, екі жаны мен табанына тығыздық түсірмейтіндей, 6 қатарлы ауыл шаруашылығы машиналары пайдаланылады. Жерді жыртқаннан кейін учаскені тұрақты жүретін жүйеге және тығыздалмаған топырақ қабатымен жабылған аудандарға бөлу жүргізіледі. Трактор дөңгелегі жүруге арналған қатар аралық 75 см болады. Үлкен қатар аралықты, мәселен, 75 см орнына 90 см қолдану, бүкіл ауылшаруашылық құралдары мен машиналарды толықтай ауыстыруды қажет етеді.

Атыздық жүйенің негізгі артықшылықтары: құрғақ ауа райында ылғал ұстап қалудың өте жоғары деңгейі, жауынның шайылып кетуінің қауіпсіздігі және картоптың көгеріп кетуін азайтады, бір өсімдікке келетін топырақтың көптігі, ал бұл түйнекті орналастыру құрылымын жақсартады және олардың қалыптасуына бірдей жағдай туғызады.

Кемшіліктерін де атап кеткен дұрыс: картопты жинау алдында жүйек кеуіп немесе қызып болмауы мүмкін, картопты жинаған кезде көп топырақты қопаруға тура келеді, бұл жағдайда картоп зақымдануы мүмкін, қол еңбегі көбейіп, жинаудың тиімділігі төмендейді.

Нидерландияда, Швейцарияда және ФРГ-да бірнеше жылдар бойына атыздық жүйе, жалды жүйекке отырғызу тәсілімен алтернативтивті түрде қолданылып келеді. Тәжірибе нәтижесінде: бірдей тығыздықта отырғызылғанмен жүйекке отырғызылған жағдайда өнім жалға еккеннен төмендеу болған. Көктемде жерді 25-28 см тереңдікте түренсіз соқаны немесе топырақты аудармайтын соқаны пайдалана отырып қопсытады. Бұл технологияның ерекшелігі - түйнектерді жүйекте шахматтық тәртіппен екі қатар етіп орналастыру болып табылады. Жүйектерді бөлу үшін және оған одан әрі күтім жасау үшін қайта жабдықталған қопсытқыш КРН-4,2 қолдану ұсынылады. Отырғызу үшін картоп отырғызғыш машиналар СКМ-3, КСМ-6 және қайта жабдықталған КСМ-6 қолданылады.

Егін күтімінің негізгі мақсаты - арам шөптерден, аурулардан және зиянкестерден қорғау, өсімдік үшін қолайлы су-ауа және қоректік топырақ режимін сақтау. Көктегенге дейінгі алғашқы өңдеуді отырғызғаннан 5-7 күннен кейін, ал екіншісін біріншісінен 6-8 күннен кейін жүргізеді.

Жер бетіне көктеп шыққаннан кейін, ауа-райы жағдайына байланысты қатар аралықтағы топырақты 2-3 рет өңдейді. Көлбеу жерлерін өскін толық шығып болғаннан кейін қопсытады. Қопсыту тереңдігі 7-10 см кем емес. Өсімдікті бірінші рет түптеу олардың биіктігі 10-12 см жеткенде жүргізіледі. Соңғы түптеуде атыздың биіктігін 30-35 см дейін апарады.

Жинау ККУ-2А-4 комбайны немесе КСТ- 1,4-2 картоп қазғышы арқылы жүзеге асырылады. Жинауды қайта жабдықталған КПК-3 және КПК-2-01 комбайндары арқылы да жүргізуге болады. Ауа райы құрғақ болса, бірден желдеткіштері бар қоймаларға салады.

Заворовтық технология. Бұл технология алғаш рет Москва облысының «Заворово» өндірістік-тәжірибе шаруашылығында енгізілген. Қазіргі кезде бұл технология көптеген шаруашылықтарда игерілген. Әр гектарынан 50-80 ц картоп жинайды. Технология агротехникалық, тұқымдық, ұйымдастырушылық шараларын және олардың уақытылы орындалуын біріктіреді.

Картопты отырғызғаннан кейінгі күтіп-баптау жер бетіне көктеп шыққанға дейін және көктеуден кейінгі өңдеулерден тұрады. Көктеуге дейін қопсытқыш қашаулармен, екі немесе үш ярусты сүйір табандармен, ротациялық топырақ қопсытқыштармен және пружинді тырмалармен жабдықталады. Үш рет көктеуге дейінгі өңдеу ұсынылады: біріншісі - отырғызғаннан соң 5-7 күннен кейін кешікпей, келесілері - осындай аралықта жүргізіледі.

Голландтық технология. Аталған технология Мәскеу, Санк-Петербург, Омск, Кемерово және басқа да Ресей Федерациясының облыстарында, республикалары мен аймақтарында, әр түрлі топырақ-климаттық жағдайларда өндірістік сынақтан өткізілген. Нәтижелері мынаны көрсетті: бұл технология тұқымдық картоптың өнімділігін 250ц\га, азықтық картопты 300ц\га жинауға болатынын көрсетті. Бұған қоса барлық аумақта комбайнмен жинауға мүмкіндік береді. Голландық «Агрико» фирмасы тиісті машиналарды ұсынады.

Голландтық технологияның негізгі мақсаты - топырақтың борпылдақ, орташа құрылымын жасай отырып, егістіктегі агрегаттардың жүріс санын барынша қысқарту. Картоптың алғы дақылын таңдауда күздік дәнді дақылдарға жол беріледі. 70-100 т/га мөлшеріндегі органикалық тыңайтқыш алғы дақылға немесе күзде жерді сүдігер жыртқанда беріледі. Минералды тыңайтқыштар шашылып, топыраққа тереңге жіберілмей беріледі. Көктемде сүдігерді қайтадан жыртпайды, көктемгі тырмалау мен қопсытуды жүргізбейді, тек беткі қабатын тік-фрезерлі қопсытқышпен КВФ-4,0 (2,8) 12-14 см тереңдікте қопсытады. Отырғызылатын материалдың сапасына үлкен мән беріледі. Сорттық тазалығы мен шығымдылығы 100 %, репродукция жоғары болуы керек, түйнектер көлемі - диаметрі 30-60 мм болуы шарт.

Картоп КСМ-4, КСМГ-4, КСМ-6Л картоп отырғызатын агрегаттармен отырғызылады. Қатар аралығы 70 см. Отырғызу тығыздығы сортына және мақсатына қарай гектарына 40-100 мыңға дейін. Түйнектерді 4-5 см тереңдікке, биіктігі 8-10, ені 30-35 см жал жасап отырғызады.

Голландық технология егістікке жүргізілетін күтіп – баптау операциясының мерзімі мен санына қарай, пайдаланатын құралдардың типіне, отырғызатын жалдарды дайындаудың принциптеріне байланысты ерекшеленеді. Картопқа қатысы жағынан таңдалынған, тиімділігі жоғары зенкор және басқа да препараттар 1кг\га мөлшерінде пайдаланылады. Гербицидтерді кең қамтитын штангілі ОП-2000-2-01 сепкішімен енгізеді. Фитофторамен күрескенде өңдеу жүргізіледі.

Жалдарды қалыптастыру мен қатар аралық өңдеу КФК-2,8 фрезерлі қопсытқышпен жасалады. Қатар аралықтағы топырақтан жал жасау арқылы трапеция түріндегі жал жасалады, оның параметрлері мынадай: жалдың биіктігі 23-25 см, негізі бойынша ені - 65 см, жоғары жағы бойынша – 15-17 см, қарама - қарсы жақ ауданы 950-1000 см2. Картопты жинау алдында пәлекті химиялық (десикация), механикалық жолдармен жояды. Пәлекті механикалық түрде шабу үшін БД- 4 қолданылады. Пәлекті жойғаннан кейін картоптың сортына және өсірілу мақсатына, топырақ-климаттық жағдайларға байланысты түйнектерді топырақта 10 күндей ұстайды. Картопты КПК-3 және КПК-2-01 комбайнымен жинайды [6].




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 97 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав