Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ырықжапыраққа жалпы сипаттама және оның жіктелуі.

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. C. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша І курс студенттеріне арналған дифференциальды сынақтың тест сұрақтары.
  4. D) ертикальды және горизонтальды
  5. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  6. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  7. F) оның айналымының мерзімі біткенде номиналды құнын қайтару құқығы
  8. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  9. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  10. I. Жалпы ережелер

Қырықжапырақ тұқымдасы, крестгүлділер тұқымдасы (Crucіferae, Brassіcaceae) – қосжарнақты, бір, екі және көп жылдық шөптесін, бұта, жартылай бұта өсімдіктер. Ежелгі римдіктер қырыққабатты әр түрлі аурудың өзгерістерін және терінің қабыну жағдайын емдеуде қолдана отырып, оны керемет көкөніс ретінде бағалаған. Құрамында теріге, тырнақтарға және шаштарға керемет әсер ететін күкірттің қосылыстары бар. Қырыққабаттың құрамында ісікке қарсы, сондай-ақ қалқанша безінің жұмысына себепші болатын заттар бар. Ол, сонымен қатар, дене температурасын белгілі деңгейге дейін реттей алады. Сондай-ақ, ас қорыту және тыныс алу жүйелерінің дұрыс жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Ісікке қарсы, антисептикалық және ауырсындырмайтын әсер береді.Құрамында фосфор, марганец, мыс, калий, кальций, темір, натрий және A, B, C және E дәрумендері бар. Дүние жүзінде негізінен Солтүстік жарты шарда тараған 350 туысы, 3 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 78 туысқа жататын 298 түрі бар. Жапырақтары кезектесе орналасқан, бөбе жапырағы болмайды. Гүлі ақ, қызғылт, сары, көк түсті, қосжынысты. 4 тостағанша, 4 күлте жапырақшалары қиғаш (крест) орналасқан. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Аталығы 6, аналығы – біреу. Наурыз – тамыз айларында гүлдейді. Жемісі – бұршаққын, кейде жаңғаққа ұқсас болады. Тұқымы майлы, құрамында глюкоидтар бар. Орамжапырақ тұқымдасының арасында тағамдық көкөністер (қырыққабат, шалқан, шалғам, тарна, т.б.), майлы өсімдіктер (қыша, арыш, т.б.), дәм-татымдық (қышабас, ақжелкек, баймана, т.б.), дәрілік (ымыртгүл, шытырмақ, қанатжеміс, жұмыршақ, т.б.), бояу алынатын (қышабас, шытыршық), балдық және әсемдік үшін өсірілетін көптеген түрлері кездеседі.Қырықжапырақ тұқымдасының шөл, шөлейтті жерлерде өсетін түрлерінің мал азықтық маңызы зор. Қырықжапырақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің арасында қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген 15 түрі бар. Мысалы, Попов ақшешегі (Arabіs popovіі), шымыр ергеш (Stroganovіa robusta), жіңішке пайыз (Stubendorfіa gracіlіs), тағы да басқа[1].

Қырықжапырақ ежелден келе жатқан дақыл, оны адамдар көптеген мыңжылдықтар бойы өсіріп, қолданып келеді. Орамжапырақ халық шаруашылығында зор маңызға ие және жаппай барлық жерде егіледі. Өзінің өте бағалы шаруашылық сапасына, көп түрлілігіне және қоршаған ортаға төзімділігі секілді қасиеттеріне байланысты өте кең тараған.

Қазақстанда орамжапырақ барлық жеміс-жидек егелім жерлерінің 30% құрайды.

Ол жаңа піскен, қайнатылған, ашытылған, сүрленген, кептірілген күйінде, сондай-ақ тұздық ретінде қолданылады.

Жіктелуі. Қырыжапырақ – Cruciferae тұқымдастығына жатады.Оны бір жылдық, екі жылдық немесе көп жылдық өсімдік ретінде өсіреді.Орамжапырақ қатпарлы және өзінің вегетативті бөлшектерінің көп түрлілігімен ерекшелінеді: сабағы, жапырағы, кауданы және т.б.

Бірнеше ботаникалық жіктеме бар. Лизгунованың ботаникалық жіктемесіне сәйкес орамжапырақ дақылдарының арасында келесідей түрлерге бөлінеді.

Қаудыйған тұтас орамжапырақ – B. capitata Lizg. Екі жылдық өсімдік өмірінің бірінші жылында кауданы және жапырақтары, екінші жылында гүлденгіші мен тұқымдары гүлдейді. Өте кең географиялық таралуына, өсірудің ерекшеліктеріне және адамдардың әсерінен қаудайған тұтас орамжапырақ көп түрлілігімен ерекшелінеді.

Қаудайған тұтас орамжапырақ үш топшаға бөлінеді.

Шығыстық түрлеріsubsp. Oricntalis Lizg. Көлденең орналасқан немесе әлсіз көтерілген,әжімді төменгі жапырақтары бар үлкен көлемді өсімдік. Жапырақтарының түсі көкшіл-жасыл немесе анық күлгін пегментациясы бар көгілдір-жасыл түстес болып келеді.

Қырықжапырақ бұл түрінің сорттары Орта Азияда, Ирландияда, Болгарияда кең тараған сорттары Ликуришка,Завадовская,Судья және т.б..

Жерорта теңіздік түрі – subsp. oricntalis Lizg. Бұл түрі Португалияда,Сирияда,Палестинада кең етек жайған. Қазақстанда өсірілмейді.

Европалық түріsubsp. Europaca Lizg. Көп түрлілігімен ерекшелінеді. Жапырақтары тым кішкентайдан үлкенге дейін әр түрлі пішінді.Отырған тұтас, лира тәрізді, домалақ, түсі ақшыл- жасылдан қою жасылға дейін, күлгін-жасылдан күлгінге дейінгі аралықта. Қауданының пішіні мен көлемі әр түрлі овал тәрізді, кышкалық немесе жалпақ [8].

 




Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 70 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав