Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Философ.функциялары.

6. Веда Ежелгі Үнді философиясының бастауы — біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы рөл атқарды.

«Веда» сөзі «білім» дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, 3 адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді.

Ведалар 4 бөліктен тұрады:

Самхиттер — кұдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;

Брахмандар — діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр.

Аранъяктар — «Орман кітаптары» — қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі «іс-әрекет жолынан» «білім жолына», тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды.

Упанишадалар — философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта («Ведалардың соңы») деп аталады.

7. Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар. Буддизм - (санскритше - बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. тБуддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.

Азаптану.

Азаптанудың себебі.

Азаптанудан босану.

Азаптанудан босануға апаратын жол. Буддизмнің өзекті мазмұны – Будданың “төрт ақиқаты” туралы өсиеттері:

1 – ақиқат: өмір – азап шегу, қайғы-қасірет;

2 – ақиқат: азап шегудің себептері бар;

3 – ақиқат: азап шегуден құтылу бар;

4 –ақиқат: азап шегуден құтылуға апаратын жол бар.

Қасірет шегудің психологиялық негізі үміт пен үрейдің байланысында. Дамыған буддалық ілімдерде азап шегу космостық тұрғыдан ашылады: ол – дхармалардың шексіз “толқыны”, тасқыны (пайда болу, жойылу және пайда болу). Дхарма – бұл материя мен сананың бірін-бірі алмастыратын элементтері, заң. Дхарма - өмірлік энергияның тұтануы.

Екінші ақиқатында азап шегудің қайнар көзі – тілектер, қалаулар, құмарлықтар деп көрсетіледі. “Дхаммапада” тексттерінде мынадай сөздер бар: “Алтын теңгеден жауын жауса да, құмарлыққа тоят жоқ. Құмарлық күйзелуге әкеп соғады, одан қуаныш аз. Осыны білген адам – данышпан”.

Үшінші ақиқат - құмарлықты басу, тию. Құмарлық басылғанда нирванаға қол жеткізуге мүмкіндік пайда болады. “Нирвана” санскриттен аударғанда суу, өшу, сөну дегенді білдіреді. Нирвана – бұл этикалық идеал, психологиялық күй, сыртқы болмыспен салыстырғанда ішкі болмыстың толықтанып бітуі, сыртқы дүниеден қол үзушілік. Нирвана – жанның әбден дамыған күйге жетуі туралы идея.

Төртінші ақиқат – қайғы қасіретті жоюдың жолы бар. Ол жол жоғарғы ақиқатты пайымдауға көмектеседі, тыныштануға, жоғары білімге, жарық сәулеге, нирванаға бастайды. Бұл игілікті сегіздік жол мынау:

1. Дұрыс көзқарас; 2.Дұрыс ниет; 3.Дұрыс сөз; 4.Дұрыс іс-әрекет (ахимса – тірі жанға зиян келтірмеу); 5.Дұрыс өмір салты, өмір сүру тәсілі

Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады. Жайнизм ілімінде бірегей жан немесе құдай жоқ: дүниеде тірі мәнге айналдырылған немесе айналдырылмаған орасан көп және өзгермейтін мөлшерде жан бар. Жанды да, материяны да ешкім жасамаған, олар мәңгі, әуелден бар және әрқашан болады. Жан барлық заттар мен құбылыстарға ене алатын, бәрін тани алатын, бәрінен құдіретті болуы керек, бірақ оның мүмкіндігі өзі өмір сүретін денемен шектелген.

 

8. Конфуцийшілдік – ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік, байсалдылылық және шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары құндылықтарға негізделген. Осы принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару ережелерін қалыптастырды. Ол қоғамда әр нәрсенің өз орны болу керектігін айтып, адам арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы орайда оның: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке — әке, ал ұл – ұл болу керек», — деген атақты сөзі мәлім.

Қытай философы қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру керектігін айтты. Конфуций Қытайда ең бірінші болып алдыңғы орынға пәндік оқуды емес, ал адамның мінезін тәрбиелейтін, оқуға деген жігерге және рухани сезінуге үйрететін мектеп ұйымдастырды. Бұл ретте ол ең кішіден — өмірлік құндылықтарды қалыптастырудан бастауға шақырды: қызығушылық, саналы ой, көзқарастардың қатаңдығы және өзін-өзі игеру.

Конфуций Қытайдағы білім берудің демократияландырылуы үшін жақ болды, ол әркімнің оқуға бірдей құқығы болуы, өзіне ұнаған ғылым түрін және ұстаз таңдау мүмкіндігінің болуын жөн көрді. Конфуций негіздеген қоғамдық, философиялық, моральдық, этикалық һәм діни ілімнің ұстын тұрғылары дәстүрлі алты кітаптан бастау алады: «Идзин» — «Өзгеріс кітабы», «Шудзин» — «Тарихи деректер кітабы», «Шидзин» — «Жыр кітабы», «Лидзи» — «Рәсім кіта-бы», «Чүндзүу» — «Көктем мен күз», жылнама кітабы және «Лүңиүй» — «Кеңес пен толғам», ғақылиялар кітабы.

«Өзгеріс кітабы» — тағдыр, жазмыш туралы, ойлы нақыл, шешендік болжам, балгерлік есеп сипатындағы философиялық-космогониялық кітап, ханзу мәдениетінің көне ескерткіші. «Тарихи деректер кітабы» — ежелгі заман патшалары, атақты адамдар, олардың үлгілі істері, халық басынан өткен елеулі оқиғалар туралы аңыздық, деректік хикаялардың жинағы, Күңфудзы өз қолынан өткеріп, жүйеге түсірген деп есептеледі.

«Жыр кітабы» — қадым замандағы қытай поэзиясының антологиясы; ескіден қалған жырлар өте көп екен, Конфуций солардың бірін қарастырып шығып, әрі көркем, әрі әуезді, айрықша мағыналы үш жүз бес жырды іріктеп алады да, оларды мекендік, мезгілдік және мазмұндық түрғыдан жүйелеп, бір кітапқа топтайды.

9. Даосизм (қытайша "дао цзяо” – "жол ілімі”) б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди ("Сары император”) ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық наным­дардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын "Жол мен ізгіліктер туралы канонда” (Дао-дэ-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) "Чжуан-цзыда” баяндалады.

Тұтас жүйе ретіндегі даосизм "Лэ-цзы” (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) және "Хуаинань-цзы” (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған.

Даосизм – адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған және соңында даоға қайта оралады. Дао – бұл барлық нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес; ол – мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол – бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао – бей­мәлім, оны сезім органдары арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада. Даоның нақты көрінісі тек "дэ” (ізгілік) күші арқылы ғана бай­қалады: егер дао барлығын жара­тушы болса, дэ – қоректендіруші. Тақуа мақсаты – даоны тану, ол оны "ғарыш үйлесімділігі” – адамның табиғатпен қауышуы деп түсінеді.

Даосизм философиясының мәні – бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от және су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы эле­менттерден әлем құралған. Ал элементтердің өзі "киден” (алғашқы материя) бастама алып, элементтердің негізін құрайды деп түсінілген.

Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы "әре­кеттенбеу” ("у-вэй”) – табиғи әлемдік тәртіпке кереғар келетін мақсаттық әрекетті терістеу, табиғи үйлесімділікті бұзбау, табиғат дамуына араласпау, адамның табиғилығын ұстану, қандай күйде жаратылса, сол күйде болу. Басынан жаратылған нәрсені өзгертуге тырысу ұмтылысын жоққа шығаратын әрекеттенбеу қағидатына сүйенген ел билеушісі Аспан асты елін тәртіпке келтіріп, мемлекетті басқарған, толқулардың алдын алған. Даосизм ғарыштағының бәрін бір тұтастық ретінде қарастырады, қарама-қайшылықтарды үйлестіруге талпынады.

10. Антика философиясы б.э.б. VII-VI ғғ. пайда болды. Өзінің сипаты және мазмұнының бағыты, философиялық ойлау методтарының өзгешелігіне байланысты шығыс философиясынан өзгеше, тарихта алғаш рет қоршаған ортаны рационалды тануға тырысты. Антика философиясының дамуының 4 кезеңін атап көрсетуге болады:

1 кезең – Сократқа дейінгі кезең. Бұл кезеңнің орталық мәселесі космос, табиғат мәселесі болды.

2 кезең – классикалық кезең. Ол Сократ, Платон және Аристотель сияқты көрнекті философтардың шығармашылықтарымен сипатталады. Адам мәселесіне, оның мәніне және танымдық мүмкіндіктеріне негізгі көңіл бөлінді.

3 кезең – эллинистік кезең – бұл кезеңде көптеген философиялық бағыттар мен мектептер қалыптасты, олардың көпшілігі Плотон мен Аристотель философияларының ықпалымен пайда болған этикалық мектептер.

4 кезең – антикалық философияның дамуының соңы – бұл кезеңде грек демократиясы құлап, грек полистері Рим империясының қолына өткен кезі еді. Бұл кезде (І-ІІ ғғ.) христиандық философия басталды.

2. Милет мектебі – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Антикалық Грецияның ең алғашқы философиялық мектебі. Бұл мектептерде алғаш рет барлығының бастауы не, дүниенің субъстанциясы мәселесі қарастырылды. Дүниенің негізі ретінде олар белгілі бір материалды принципті алды. Олар интуитивті түрде әлемді материалды деп түсінді. Алғашқы грек мектептері стихиялы материализм бағытын ұсынды. Бұл мектептің негізгі принципиалды ойлары ретінде мыналарды айтуға болады: дүниені түсініп білу үшін табиғаттан тыс күштердің жаратқандығына сенімнен тыс, оны өзінде ұғыну керек, яғни оның негізі материалдық бастамалардан іздеу керек. Милет мектебі өкілдері гилозоистер болды, яғни материаның жанды екендігін айтып, әрбір заттың жаны болғандықтан қорзғалады, бұл олардың қоршаған ортадағылардың барлығы үнемі қозғалыста, өзгерісте болады деген қарапайым диалектикалық ойларынан туындаған.




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 44 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав