Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түр өзгерген жерасты өркендер

Читайте также:
  1. C) Пероральды түрде
  2. PS, TOP командаларымен процесстерді тексеру. Процестермен жұмыс істеуге арналған командалардың түрлері.
  3. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  4. Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
  5. Аламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлері
  6. Аударманың түрлері
  7. Бақылаудың түрлері
  8. Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
  9. Басқарудағы коммуникацияның ролі және оның түрлері
  10. Басшылық стилі тралы түсінік және олардың түрлері

Тамырсабақ,түйнек,пиязшық түрін өзгерткен жерасты өркендерге жатады.Тамырсабақ-жапырақ шығармайтын жерасты өркен.Тамырдан айырмашылығы:1.тамырсабақтың ұшында бүршік,ал тамыр ұшында оймақша.2.Тамырсабақта буын ж.е буын аралығы болады.3.қабыршақ қолтығындағы бүршіктерден келешекте жер асты ж.е жер үсті өркендер дамиды.Тамырда бүршік болмайды.4.Буыннан қосалқы тамырлар шығады.Жер астында дамығандықтан,ашық жасыл түсті емес.Тамырға ұқсас қаңырқай,күңгірт түсті болғандықтан тамырсабақ деп аталған.ТҮЙНЕК-сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік.Бүршік білеуленіп,жуандап өсіп түйнекке айналады.Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзше дейді.Түйнектің жер асты өркенге жалғасқан жерін-негізі,оған қарама-қарсы жағын төбесі дейді.ПИЯЗШЫҚ-түрін өзгерткен шырынды,қысқарған жер асты өркені.Жер асты пиязшықты өсімдіктерге – пияз,сарымсақ,лалагүл,жабайы жуа жатады.

Түбіртектен шашақталып көптеген қосалқы тамырлар шығады.Жапырақтары да түрін өзгерткен.Төбе,қолтық бүршіктерінен жер үсті жасыл өркендер дамиды.Пиязшықты өсімдіктер көбінесе далалы,шқлді,шөлейтті аймақтарда өседі.

 

Күрделі гүлдер тұқымдасым қосжарнақты,гүлді өсімдіктердің ең көп тараған тобы.Жер жүзінде,Артика және антарктида мұздарының өзге таралу аймақтарының барлығында Күрделі гүлділердің 20000нан астам түрі белгілі. Қазақстанда Күрделігүлділер тұқымдасының 700 жуық белгілі.

Бұлар негізінен шөптекті,сүтті шырыны болатын өсімдіктер.Олар дың шала бұталы,бұталы,ағаштекті түрлері де кездеседі.Күрделігүлділер көбінесе көпжылдық өсімдіктер.Кейде біржылдық.Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталатындықтан,себетгұл деп аталады. Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі.Пішіні,құрылысына байланысты Себетгүлде тілше,түтікшелі, қосерінді,жалған тілшелі,шұқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Себетгүлінің құрылысы ерекше.Мысалы: Күрделігүлділер тұқымдас бақбақтың себетгүлінде тек тілше гүлдер орналасқан. Түймедаұтың себетгүлінен тілше және түтікшелі гүлдер көреміз.Гүлкекіре себетгүлінде шұқырақ тәрізді гүлдер болады.Себетгүлі тек түтікшелі гүлден тұратын да өсімдіктер (сарықалуен)бар.Күрделігүлділер әр түрлі мақсатта қолданылады.Күнбағыс,мақсырдан өсімдік майы алынады. Дермене, түймедағы,бақбақ дәрілік шөп ретінде пайдаланады.Желалмұрт малазықтық дақыл.

Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері. Оларда тостағанша болмайды.Тостағаншасы кейде үлпекті айдарша тәрізді өзгеріп кетеді.Нағыз Күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі гүлшоіыры болады. Күлтесі 5 күлтежапырақшаларан құралады.Олардың төменгі бөлігі түтікше тәрізденіп бірігіп, жоғары ұшында і тісшесі ашылып жайылады.Күлтенің түтікшесіне біті сіп өскен 5 аталыгы

Билет

1.Органогенез.

Органогенез-эмбриогенезде мүшелердің түзілу үдерісі. Органогенез гаструла сатысынан кейін басталады.Оның дамуына тұқым қуалау ақпаратының негізі қаланған ДНҚ молекулары ғана емес, оны қоршаған ұлпалар, жасушалар, олардың химиялық заттары әсер етеді.Ұрық жапырақшаларының теориясын жете тексеруге орыс биологі А.О.Ковалевский (1840-1901) орасан зор үлес қосты және осы заманғы ұрық жапырақшалары теориясының заңды түрде негізін қалаушы болып табылады.

Эктодерма Мезодерма Энтодерма
Жануарларда жабындары. Адамда және өзге сүт-қоректілерде терінің үстіңгі қабаты. Тері туандылары:май және тер бездері, шаш және тырнақ, жануарларда мүйіз және тұяқ. Сезім мүшелері, жүйке жүйесі (ми және жұлын т.б) Өзге жүйе мүшелері: бұлшықет, сүйектер, байламдар, сіңірлер. Қантарату жүйесі:жүрек, тамырлар, қан. Несеп-жыныс жүйесі: бүйрек, несепағарлар, қуық және жыныс мүшелері Барлық асқорыту мүшелері: қарын, ішек, өңеш т.б Барлық бездер(тері безінен өзгесі), асқорыту бездері: бауыр, ұйқыбез, қалқанше без, гипофиз бөлігі, бүйрекүсті без және т.б. тынысалу жүйесі: өкпе, кеңірдек, ауатамыр және т.б

 

2.Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.

Ж.қ – екі жақты симметриялы,үшқабатты,көпжасушалы жәндіктер.Денесін тері - бұлшықетті қапшық қаптайды. Денесінде қуыс болмайды.Мезодерма қабаты жұмсақ дәнекер ұлпадан тұрады.Дәнекер ұлпа ішінен асқорыту, зәршығару,жыныс жүйелерін құрайтын өзек өтеді.Жалпақ құрттардың көпшілігі паразиттік тіршілік етеді.

Тельминтология паразиттерді зерттейтін зоологияның саласы.15 мыңнан астам түрлері бар. 5 класқа жіктеледі. Дене жабының цилиндр тәрізді жасушалардан тұратын жабын ұлпасы-эпителий қаптайды.Паразиттерде сірқабық болады. Ол қорғаныш ж/ә тірек қызметін атқарады.Жүйке жүйесі дененің бас бөлігінде орналасқан.Ол жүйке түйіндерінен басталып,денені бойлай екі бағана түзіп,созылып жатады.Оларда алғаш рет зәршығару жүйесі пайда болған.Қантарату,тынысалу жүйесі жоқ.Тынысты бүкіл денесімен алады.Асқорыту жұтқыншақ,ішектің ортаңғы бөлігі.Артқы ішек пен аналь тесігі жоқ.Жалпақ құрттар қосжынысты (гермофродит).Жыныстық жетілуге дейін дернәсілдік сатылардан өтіп,өзгеріспен дамиды.Кірпікшелі құрттар класы.Сезім мүшелері дами бастаған.Қарапайым көзшелері бар.Жұмыртқадан дамып піллә түзеді.Сорғыш құрттар:сорғыш құрт,бауырсорғыш құрт. Таспа құрт: цепень

3.Жапырақтың ішкі құрылысы.

Өң жасушалары- тірі, бір-бірімен тығыз жанасып жатады.Астаңғы өңде жанаспалы жасушалар орналасқан.Өң жасушаларында хлорофил болмайды,сондықтан түссіз.Күн сәулесін өткізеді,қорғаныштық қызметін атқарады. Жанаспалы жасушалар- жарты ай немесе бүйрек тәрізді, бір-бірімен жанасқан 2 жерінде саңылау бар. Бұл саңылау бірде ашылып, бірде жабылады. Спңылау арқылы жапыраққа ауа енеді.Атмосфераға су буы,оттегі және көмірқышқыл газы шығарылады.Жанаспалы жасушада болатын хлорофилл дәндерінде күн сәулесінен қант түзіледі.Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөлімінде жасушалар пішініне қарай бағаналы және борпылдақ болады.Бағаналы жасушалар жарық мол түсетін үстіңгі өңінің астына жанаса жатады.Бағана тәрізді ұзын,бір-біріне тығыз орналасқандықтан осылай аталады.

Жасушалары тығыз орналаспай, арасында кеңістіктері болса- борпылдақ жасушалар деп аталады.Жапырақ жүйкелері де осы қабатта.Су мен минералды заттар жапыраққа жүйке арқылы өтеді.

Билет

1.Эволюция

Эволюция анықтамалары:1.тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.2.Биологиялық жүйелердің біртіндеп азды көпті бағытта жоғары саты,а көтерілу үдерісі.3.тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек формаға баяу өзгерген үдерісі.4.тірі зер заттардың ұзақ мерзімінде жоғары сатыға көтерілуі.Эволюциялық табыс негізінде 2 ұғымды:прогрес,регрес ұғымдары бар.Карл Линней жүйелеудің атасы бинарлы номенклатураны енгізді, оның (Табиғат жүйесі) еңбегі 1735ж жарыққа шығып, оның дүниежүзілік даңққа бөледі. Ол: 7-де класс, отряд, туыс, түрге бөлді. Осы проблемаға арналған тағы бір еңбегі: (Ботаника философиясы)кейінірек жарық көрді.Ж.Б. Ламарк трансформист.Омыртқалылар ж.е омыртқасыздар деп бөлді.Қосмекенділер мен жорғалаушылар класына жіктеді. Оның (Зоология философиясы) еңбегі биологияда эволюциялық түсініктердің басымдығына бағытталған жолда маңызды қадам болды. Жәндіктерді 10 класқа жіктеді. Ол жүйелеуге жүйке және қан тарату жүйелерін негіз еткен. Біртіндеп көтерілу- градация-өрлене сатылау ұғымы осылай пайда болды. Алайда Ламарк тұжырымдамасында да кемшіліктер бар-табиғи эволюция себебін идеалистік көзқараспен түсіндіруге тырысуы.

Келесі эволюциялық теория Дарвиндікі. Ол биологияда пайда болған кезден эволюциялық көзқарас үстемдік етуде, яғни келесі ашылған жаңалықтардың барлығы эволюциялық тұрғыдан анықтап тексеріледі.

2. Ішекқуыстылар

Олар екі қабатттан тұрады, денесінде бір ғана қуыс болады. Ішек тәрізді қуысты 2 қабат қаптайды(Сыртқы-эктодерма; ішкі- энтодерма). Ішекқуыстылар негізінен 3 класқа жіктеледі: гидратәріздестер, табақшатәріздестер, көпқармалауышты маржандар. Жалпы саны 9000-ға жуық түрді біріктіреді. Суда еркін жүзетін түрлерде көру және тепе-теңдік мүшелері бар. Отырықшы ішекқуыстыларда денесі сәулелі симметрия. Артқы тесігі болмайды, қорытылмаған қорек қалдығы ауыз арқылы шығады. Ауыз айналасында қармалауыштар болады. Жәндік қорегі 2 тәсілмен: жасуша ішінде және жасушадан тысқары- дене қуысында қорытады. Эктодермада атпа жасушалары(қызметі: қорғаныш, қорек аулау) бар. Жүйке торы ең алғаш тек олардан бастап қана байқалады. Олардың көбінде регенирация құбылысы дамыған. Жойылған немесе зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қалпына келуі регенерация деп аталады. Көбею жолдары: жынысты, жыныссыз(бүршіктену арқылы) жұмыртқа дернәсілі- планула. Өкілдері: гидра, медузалар

3. Жапырақтың түр өзгерістері

Түрін өзгерткен жапырақтар: тікен, мұртша, қабыршақ, шырынды жапырақ, бунақденелілерді ұстау құралына айналғандар. Тікенге айналған жапырақтарда жапырақ жүйкелерінің ұшы тікенге айналса, жапырақ тақтасының жиегі тікенекті болады. Мысалы түйетікен, шағыртікен т.б. жапырақ тақтасы түгелдей тікенге айналғандар:сарыағаш, кактус, кәріқыз, қарлыған; тек бөбешік жапырақтары ғана тікенге айналғандар: ақ қараған, бозқараған,сарысояу, кеуел. Тек жапырақ түктері тікенге айналған-итмұрын.

Мұртшаға айналған жапырақтар: асбұршақ, үрмебұршақ және т.б өсімдіктердегі жапырақтарының орталық жүйкесі мен майда жапырақшалары мұртшаға айналған. Мұртшалары әлсіз сабақтарының жарыққа қарай көтеріліп, өсуіне сүйеніш. Қабыршаққа айналған жапырақтар. Бүршіктердің сыртындағы қабыршақтар, тамырсабақтағы қабыршақтардың барлығы түрін өзгерткен жапырақтар. Бүршіктің, пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымданудан, улы газдардың зиянды әсерінен қорғайды. Орамға айналған жапырақтар жүгері собығының сыртын орап тұрады. Шырынды жапырақтар. Пияз, қырыққабат өсімдіктерінің жапырақтары қоректік заттарды қорға жинайтындықтан қалың, шырынды. Қор заттары өркендерінің дамуына жұмсалады. Бозкілем, сарысалма, түбіртектің шырынды жапырақтарында су қоры жиналады. Құрғашылық болғанда шырын, қор заттарын пайдаланып, тіршілік етеді. Бунақденелілерді аулау құралына айналған жапырақтар. Бунақденелерімен қоректенетін өсімдіктердің жапырақ тақтасы ұстағыш құралға айналған. Сазда, батпақта, тоқтау суларда, көлдерде азот пен минералды тұздар жетіспейтін жерлерде өседі. Өсімдік түріне байланысты: ұстағыш құралдары бірінде сағағы жалпайып, тақтасы қақпақты құмыра тәрізді болып өзгереді. 2-де екі қалақшаға бөлінген қаусырмалы. 3-де жабысқақ шырын бөлетін түкті. Мұндай өсімдіктерге шықшылдық, шыбынжұт т.б. теңгежапырақты шықшылдық Ақмола, Қостанай, Солт. Қазақстан облыстарының шымтезекті, сазды жерлерінде өседі. Жетілмеген жапырақтар ылғал жетіспейтін шөлді, шөлейтті, құмды жерде өсетін өсімдіктер мен паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің жапырақтары жетілмейді немесе мүлде болмайды(сексеуіл, жүзгін, қылша, арамсояу,сұңғыла т.б.)

 

Макроэволюция және оның бағыттары (макро және эволюция) — түрден де жоғары деңгейдегі (туыс, тұқымдас, отряд, класс, т.б.) таксондардың қалыптасуына ықпал ететін эволюциялықөзгерістер. Макроэволюция терминін тұңғыш рет ғылымға орыс ғалымы Ю.А. Филипченко енгізген билет

(1927). Қазіргі кездегі зерттеулер макроэволюцияның арнайы механизміжоқ, тек микроэволюция процестерінің негізінде ғана жүзеге асады деген тұжырым жасады. Микроэволюциялық деңгейде көрінбейтін эволюцияның жалпы заңдылықтары мен бағыттарын макроэволюцияда байқауға болады. Микроэволюциялық процестер жинақтала келіп, макроэволюциялық құбылыстардан сырттай көрініс табады. Макроэволюция деңгейінде, микроэволюция кезінде байқалмайтын органикалық дүние эволюциясының жалпы бағыттары мен заңдылықтары белгілі болады. Кейбірбиолог-ғалымдар (Р.Вольтерек, Р.Гольдшмидт) 20 ғасырдың 1-жартысында макроэволюция терминін өзгергіштіктің екі түрі: түраралық өзгергіштік (Мендель заңынабағынатын) пен ерекше өзгергіштікке (Мендель заңына бағынбайтын) де қолданады. Эволюциялық дамуды зерттеуші көптеген биологтар түр, туыс, тұқымдас, т.б. микроэволюция негізінде дамитынын айтады. Макроэволюция, оның бағыттары - Биологиялық эволюция үдерісінің өзі - ағзалардың биологиялық алға басуға ұмтылысы, яғни тірі қалуға, тарихи мерзімде сақталуға ұмтылу. Ал бұл үшін барынша көп мүмкіндігі бар таралу аймақтарын игеріп, өте көп мөлшерде ұрпақ беру керек. Негізгі эволюциялық бағыттар анықталып, сипатталды. Биологиялық алға басу жетістіктерінің негізгі жолдары туралы ілімді анықтап зерттеуде Алексей Николаевич Северцев үлкен үлес қосты. Оның теориясына сәйкес үш негізгі бағыт бар, олар: ароморфоз, идиоадаптация (ортаға бейімделгіштік) және жалпы дегенерация.

Арамарфоз морфологиялық физиологиялық үдеріс.Бұл орасан зор бейімделгіштіктің пайда болуы,ол тіршілікке бейімделікті едәір көтеріп,жаңа тіршілік ортасына көшуге жәрдемдеседі,Арамарфоз дардың пайда болып,көбеюі арқасында кластар,бөлімдер,типтер, дүниелер тәрізді ірі таксондар пайда болады. Северцев оны эволюциядағы негізгі бағыттардың бірі есептеледі.Арамарфоз кезінде мүшелер құрылысы едәір күрділп, ол тіршілік үдерісін күшейте түседі.Араморфоздың қоршаған ортаның тар көлемінді жғдайларына «жармысып» қалмауыда мүмкін,яғни араморфоз нәтижесінде алынған артықшылық жай ғана бейімделуден әлдеқайда басым болады. Мысалы:хлорофилл және фотосинтездің пайда болуын, яғни ағзалардың автотрофты қоректенуге көшуін атауға болады.Бұл арамарфоз планетамызда барлық тірліктің сақталып қалуына мүмкіндік береді.Жасушалардың,оның органоидтары және тіршілік үдерістері кезеңдерінің пайда болуына арамарфоз жәрдемдесті. Деп есептеуге болады.Көпжасушалық,жаңа мүшелер мен олардың жүйелерінің пайда болуы да жануарлардағы маңызды араморфоздау нәтижесі есептеледі.Ұлпалардың, қатпарщақ дененің жеке мүшелерге бөлуінің пайда болуы – өсімдіктердегі көпжасушалық.Әрбір мүшелер: тамыр,сабақ,жапырақ,гүл,тұқым,және жемістің пайда болуын көпжасушалық.Осылардың бәрә араморфоздар.

Дегенерация морфологиялық физиологиялық кері кету.Бұл ағзалардың отырған күйде өмір сүру немесе паразиттік тіршілікке көшуіне байланысты жекелеген мүшелері мен жүйелерінің жойылуы.Осы қайшылық жағдайларға қарамастан, дегенерация -бұл да биологиялық прогресс табыстарына жету жолы. Көбінесе паразиттер, жоғарғы жараламды иеде паразиттік жолмен тіршілік етсе, өркендей алады..Мысалы: арамтозғанақ иесінің өсімдігі тек мүшелер: тамыр,жапырақтарын ғана емес,тіпті хлорофиллін,сонымен бірге фотосинтезге бейімділігінде де қоректенеді.

Идиодаптация ағзалардың нақтылы орта жағдайына аз-аздап,жеке бейімделуі.Олардың жаралым деңгейінде маңызды өзгерістер болмайды.Ортаға бейімделгіштіктің пайда болуы және жинақталуы арқасында түрлер,туыстар,тұқымдастар,кейде отрядтар тәрізді ұсақ таксондар пайда болады.

1. вопрос Жануарлар дүниесі Омыртқалы және омыртқасыздар Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылкұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады.

Омыртқалы жануарлар Бұл жануарлардың ұрығы дами бастаған белгілі сатысында ішкі қаңқа нышаны байқалады Бұл түзіліс бас пен құйрық аралығында домбыра іщігі желісіне ұқсас керіліп жатды. жануарлардың бұл тобы желілер деп аталады.Балықтар,қосмекенділер.жорғалаушылар,құстар сүтқоректілер-жоғарғы сатыдағы омыртқалыжануарлар.Аристотель жануарларды аңдар,құстар, балықтар, киттер,бунақденелілер негізгі топтарға біріктірді.Линней ол жануарларды жүйлеудің негізін қалаушысын болып саналады.Ол ағазаларға қосарлы атаутізім беруді ұсынды.мысалы ак шакшак.Гиппократ жануарларды тіршілік ортаға байланысты атауын берген.

Омырқасыздар-жәндіктер. Жәндіктер денесінде,ішкі қанқасы және омыртқа жотасы болмайдыОЛАР 1жасужалы?көпжасушалыда тү.рлері.

2. Гүлшоғырлар биологиялық маңызы.

Гүлшоғыр деп гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы.Гүлшоғырлар өсімдік бұтақтарының ұшында дамиды.Өсімдік түріне байланысты 1 гүлшогырда гүлдерінің саны 2-ден 100 дейін жетеді,Кез келген гүлшоғырдың негізгі сабағы, тарамдалған жанама сабақшылары бар.Негізіг сабағының бұтақтануына қарай гүлшоғырлар жай және күрделі болады.

Жай Гүлшоғырның жанама сабақшылары бұтақтанбайды,оның ең ұшы гүлмен бітеді.Мысалы:шашақ,жай масақ,собық, қалқанша,жай шатыр, шоғырбас, себет.

Шашақ гүлшогырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады.САбақ ұщына жақындаған сайын сағақтары қысқарып,ұшындағыгүлі ең соңында ашылады(қарақат,мойыл,,мия)

Жай масақ Шашақ гүлшоғырына өте ұқсас.Айырмашылығы гүлдері сағақсыз бекінеді(жолжелкен,сүйсін).

Собық масақ гүлшоғырына ұқсас. Айырмашылығы орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы орама жапырақтары бар(жүгері,қалла)

Қалқанша гүлшоғырынның негізгі сабағында ұзын сағақұты гүлдер кезектесе шоғырланган.Төменірек орналасқан гүлдерінің сағақтары ұзарып, гүлшоғырдың беткі деңгейімен бірдей болып теңеледі(алма,алмұрт,долана).Орталық негізгі сабақтары қысқарған жай гүлшоғырына жай шатыр,шоғырбас,себет жатады

Жай шатыр гүлшоғырының негізгі сабағы қысқарады.Оның дәл ұшынан сағағы ұзын біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер 1 жерден шығып таралады. (пияз,адамтамыр,ақшұнақ)

Шоғырбас гүлшоғырында қысқарған жуан негізгі сабаққа сағақсыз гүлдер топтанып тығыз орналасады.түрі өзгерген шатыр десе де болады.

Себет гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ.Жуан негізгі сабаққа ұсақ гүлдер орналасады.Оның жиегін жасыл түсті орама жапырақтар қоршап тұрады(бақбақ,өгейшөп.

Күрделі Гүлшоғырлар Жай Гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болды (к.шашак,к.масақ,сырға,к.шатыр,к.қалқанша)\

К.шашақ негізігі сабақтан бұтақтанып,гүлдері 2 қатарда щашақталады.Жанама бұтақтануы ұшына жақындаған сайын кішірейеді.(жүзім,күріш)

К.масақ орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанады.Әр масақшада 2-3 гүлден болады.(бидай,қарабидай,бидайық)

Сырға Гүлшоғырын жай және күрделі Гүлшоғырына жатқызады. Масақ пен шашақ Гүлшоғырына ұқсас.Айырмашылығы негізгі орталықсабағы өте иілгіш және гүлдеп болған соң өсімдіктен тұта үзіліп түседің(терек,кайың,тал)

Күрделі шатыр жай шатыр Гүлшоғырынан құралады.Себебі жай шатырдағ жеке гүл сағақтарында бірнеше гүлден топталып, шоғырланған (сәбіз,аскөк)К.қалқанща негізгі сабақтың буын аралығы қысқарып.түрін өзгеерткен күрделі шашақ.Жанама сабағының буын аралығы қарқынды дамып,негізгі сабақпен теңеледі(қара ұшқат,шәңгіш,кербезгүл).

17билет

1.тіршіліктің пайда болуы

«Тіршілік қалай пайда болды?» деген сұрақ адамзатты үнемі қызықтырды. әлемдік дін пайда болғанға дейін бұл құбылыстың сан алуан табыну нұсқалары өмір сүрді. Кез келген халық мифтерінде және аңыздарында «барлығы неден басталды» немесе «алғашқы тіршілік иесі қалай пайда болды» деген тарихи деректер бар. Тірі ағзалардың пайда болуы көбінесе екі жолмен: өліден (судан, тастан, ағаштан немесе оттан) немесе рух қалауымен пайда болу ретінде түсіндірілді. Әлемдік дінде тірі нәрсенің барлығы жоғарғы құдірет кесімді шығармашылығының нәтижесі, яғни жаратылу нәтижесі.

Ғылымның пайда болу мезетінде тіршіліктің пайда болуы туралы көптеген ұсыныстар айтылды. Мәселен, кейбір ежелгі грек ғалымдары тірі тіршілік иесі жұмсақ және жылы ұйыма балдырдан тұтаспаған ағза түрінде пайда болып, жеке мүшелер (бас, қол, аяқ, дене) бірімен-бірі соңынан қосылады деп жорамалдаған. Егер қосылыс сәтті болса, онда толық жарамды, егер үйлесімсіз болса, онда кемтар және құбыжық ағзалар пайда болады деп түсінген.

Сансыз көп болжамдарды екі қарама-қарсы болжамға біріктіруге болады. Биогенез (гр. genesis - шығу тегі, пайда болуы) теориясы тірлік атаулылар тірі нәрседен шықты деп ұйғарды. Ал соған баламалы абиогенез(гр. a - сөз алдынан қосылатын теріске шығару мәніндегі косымша) теориясы тірі тіршілік иесінің өлі нәрседен пайда болуына мүмкіндік береді. Осы бағыттағы өзгеше атау - тіршіліктің өздігінен жаралу теориясы. Кезінде Аристотель бақалар мен бунақденелілер ылғалды топырақтан пайда болады деп жазды. Ғалымдардың көпшілігі XVIII ғасырдың ортасына шейін осы абиогендік теорияны қолдады. Құрттар - топырақтан, шыбындар - шіріген еттен, ал тышқандардәннен немесе кір-ластан пайда болады деп есептеді.

Бұл ойдан шығарылған ұсыныстардың жалғандығын ашатын маңызды тәжірибелерді ең алғаш итальян ғалымы Франческо Реди 1668 жылы қойған болатын. Ол ыдыстарға ет (өлген жылан) салып, біраз ыдыстардың бетін ашық қалдырды, ал ыдыстардың басқа бөлігінің бетіне кисея (сирек кездесетін мата) жапты. Бірнеше күннен соң ашық ыдыстардағы етте шыбын дернәсілдері құжынап кетті де, беті жабық ыдыстарда олар пайда болған жоқ. Ф. Реди аузы ашық ыдыстарға ұшып келген шыбындаржұмыртқа салды деп дұрыс болжам айтты.

А. Левенгук бірінші болып микроскоп құрастырып, ұсақ ағзалар әлемін ашқаннан соң көптеген ғалымдар біржасушалы ағзаларды қадала бақылай бастады. Құнарлы сорпа немесе шөп тұндырмасында олардың өте көп мөлшерде болатыны байқалды. Осындай құнарлы ортада тіршілік оқай туындайды деп есептелді. Левенгук«анималикулдар» (қарапайымдар) өзіне ұқсастардан пайда болады деп болжам айтқанымен, 1809 жылы Жан Батист Ламарк «саңырауқұлақтардың өздігінен дүниеге келуі» туралы жазды. Бұл болжамды тәжірибе жолымен Л. Спалланцани дәлелдеуді өз қолына алды. Ол құтыға жаңа әзірленген нәрлі сорпа толтырып, аузын дәнекерледі де бір сағат мөлшерінде отта қайнатты. Мұндай тазарту шараларынан соң сорпадағы ұсақ ағзалар ғана емес, тіпті олардың споралары қырылып қалды. Сөйтіп тіршіліктің ешқандай өздігінен туындауы байқалған жоқ.

Алайда абиогенезді жақтаушылар берілмеді. Олар витализм (латынша вита - тіршілік) теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша ауада «тіршілік күші» немесе «тіршілік энергиясы» болады. Оған өлі нәрсе енсе-ақ болды, дереу тірі болып шыға келеді. Олар Спалланцани тәжірибесінің нәтижесін «тіршілік күші» кұтыдағы ауа аз болғандықтан, қайнаған кезде өлтірді деп түсіндірді. Құтының аузы дәнекерленгендіктен жаңадан үлестің енуіне жол болмай қалды. Сондай-ақ бұдан басқа кейбір құтыларда лайлану (шіру) үдерісі де басталады. Бүгінгі ғылымға ұзақ қайнатылған кейбір бактериялардың тыныш жатқан споралары өну нәтижесі екені мәлім.

Ғалымдар арасындағы айтыс шиеленісе түсті. Дәл осындай пікірді белгілі дәрігер 1651 жылы Уильям Гарвей «Ovo at ovo» («Жұмыртқа жұмыртқадан шығады») деп жариялады. Француз Ғылым академиясы 1859 жылы тіршіліктің өзінен-өзі жаратылуы жөніндегі мәселеге жаңаша жауап берушілерге арнаулы сыйлық тағайындады. Ол сыйлықты 1862 жылы Луи Пастер алды. Луи Пастер өте қарапайым болды. Ол құтыны жаңа әзірлеген сорпаға (құнарлы орта) толтырып, оның аузын S тәрізді өте ұзын жіңішке имек шыны түтікпен жапты. Соның нәтижесінде ауа құтыға өтіп, сорпамен жанасатын болды. Бактериялар мен олардың споралары түтік бұрылыстарына шөгіп, сорпаға түсе алмады. Құтыдағы сорпа шыны түтікті алғанға дейін лайланған жоқ Шыны түтік алынған соң бірнеше сағаттан кейін сорпа лайлана бастады, бүлініп, ашыды. Англияда Джон Тиндаль шамамен осы мерзімде осыған ұқсас тәжірибелер жасады.

Витализм мен тіршіліктің өзінен-өзі жаратылуына осылай қирата соққы берілді. Алайда енді ғалымдар бұдан да маңызды: «Алғашқы тірі ағзалар қайдан пайда болды?» деген проблемаға тап болды. Луи Пастердің өзі мүлде басқа жағдайлар мен өзге уақытта тірі нәрсенің өліден жаратылатыны мүмкіндігін жоққа шығара алмады.

Э. Геккель көпжасушалылықтың шығу тегі теориясына (1866) арналған өз жұмысына тіршіліктің жаратылу проблемасы өлі табиғаттан тұратын қарапайым бейағзалық құрамдас бөліктерден күрделі ағзалық заттардың синтезделу проблемасына апаратыны туралы жазды.

Ч. Дарвин: «Қандай болса да аммоний және фосфордың қажетті тұздары бар және жарық, жылу, электр әсер ете алатын жылы суқоймада химиялық жолмен одан әрі, әлдеқайда күрделі өзгерістер жасай алатын нәруыз түзіледі...» деп ұйғарды.[1]




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 890 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.014 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав