Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жасушаның құрылысы мен қызметі

Читайте также:
  1. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  2. Азақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары
  3. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  4. Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары
  5. Дәріс 1. Философия пәні мен қызметі
  6. Дәріс №1 HTML –ге кіріспе. HTML тілінің атқаратын қызметі, командалары
  7. Дәріс. Басқару қызметінің этикасы мен мәдениеті.
  8. Кәсіпкерлік қызметінің қай түрінде өндірістің күрделі техникасын іске асыруға болады?
  9. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары, олардың қызметі

Тірі ағзалардың ортақ белгісі – денесі жасушадан тұрады. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшегі – жасуша.Көлемі кіші болғанымен,мыңдаған қосылыстар,жүздеген заттар жасушада үнемі түзіліп,реакция тізбегіне қатысады.Жасушаның шығу тарихы микроскоптың шығуына байланысты

Жеке бір жасушаның құрылысы –жасуша қабықшасы,цитоплазма,ядро,пластидтер және вакуоль.Жасуша қабықшасы- жасуша сыртын қаптайды.Ол өте тығыз, өте қатты, қалың ыстық суда, басқа да қосылыстарда ерімейтін мықты болады. Қабықша-жасунықтан(целлюлоза) тұрады.Қабықшаның өте жұқарған жерін – саңылау деп атайды.Санылау арқылы бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзар су, газ, зат алмасады, байланысады. Қабықша жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді.

Цитоплазма (грекше цитос-жасуша: плзма – сұйықтық) жұмыртқаның ақ уызына ұқсас мөлдір, желім тәріздң, созылмалы қоймалжың зат. Цитоплазманың құрамында 60-90% су, 10-20%нәруыз, 2-3% май, 1%бейорганикалық заттар бар.

Ядро – цитоплазмаға қарағанда тығыз әрі сыртында екі қабат қабықшасы бар.Цитоплазманың ішінен пішіні өте анық байқалады.

Пластидтер – тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер. Бұлар бактериялар мен саңырауқұлақтарда болмайды.Құрамында болатын бояғыш заттаррдың түсіне қарай пластидтер – хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп үшке бөлінеді.

Вакуоль – цитоплазмада орналасады. Сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы болатын бөлігі.Жаусша шырынның жиналуына байланысты біртіндеп пайда болады. Вакуоль жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді. Егер қысым өзгерсе, өсімдік қурап қалады. Вакуоль сулы ортаны қалыптастырады. Ол улы заттарды ыдыратады.

Ыналар

Қыналар – ерекше құрылымды тірі ағза. Өсімдіктер мен жануарлардан ерекшеліктері болғандықтан, оларды өсімдіктер ретінде емес, саңырауқұлақтардың бір бөлімі ретінде қарастырады. Қыналарды зерттеушілер – лихенологтар деп аталады.

Қыналар – екі тірі ағза: саңырауқұлақ пен көк жасыл балдырдың селбесуінен түзілген. Олар пішініне қарай қабық тәрізді, жапырақ тәрізді және бұта тәрізді болып 3 топқа бөлінеді.Қына өсімді жолмен көбейеді. Оның табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы зор.Қына нағыз ауа,тазалығының индикаторы.

Биология ғылымының зерттеу әдістері

Зерттеу әдістердің бірнеше түрі бар.олар Бақылау.Салыстыру.Салыстыру әдісі анотомия,эмбрология, цитологияда және т-б да пайдаланады.Эксперимент,(сынақ тәжірибе)тарихи әдіс, модельдеу, химиялық және физикалық әдістер.

 

Билет

Жасушаның бөлінуі.Митоз мейоз

Бүкіл тірі ағзалардың көбеюге бейімділігі ажыратылмас бейімділік болып саналады. Олардың бұл ортақ қасиеті жасушалық бөлінумен қамтамасыз етіледі. Жасушаның жарық дүниеге келуінен келесі еншілес жасушалардың түзілуіне дейінгі тіршілігі жасушалық айналым деп аталады. Жасушалық айналым 2 кезеңге: бөлінуге даярлық -интерфаза және бөліну үдерісі - митоз (немесе өзге амалдарға) бөлінеді. Интерфаза немесе өсу фазасы жасушалық айналымның шамамен 80%-ын алады. Бұл цифр әр түрлі ағзаларға тиесі сан алуан жасуша типтерінде барынша өзгерісте болады. Интерфаза кезінде жасушалар өсіп, энергия АТФ және жұғымды заттар түрінде жинақталады, органоидтар саны артады. Пісіп жетілген, бөлінуге даяр жасушаның әдетте ядросы ірі болады. Көптеген жасуша типтерінде бөлінуге даярлық сигналы ядро көлеміне цитоплазма көлемінің қатысы қызмет етеді. Онсыз келесі бөлінудің мүмкіндігі болмайтын маңызды оқиға – еселену (репликация). Егер еселену болмаса, еншілес жасушаларға хромосома жетпей қалады да, қырғынға ұшырайды. Еселену үдерісі шамамен интерфазаның ортасында өтеді. Интерфазаның соңында және бөліне бастаған кезде жасушада хромосомалар болады, олардың әрқайсысында екі-екіден ДНҚ молекулалары орналасады. Бұл молекулалар бірінің-бірі көшірмесі болып есептеледі. Бұлмолекулалар кермелену орнында (центромер) қосылып, оны ортақ нәруыз қабықшасы қаптайды. ДНҚ-ның мұндай еселенген молекулалар типі хроматидтер деп аталады. Жасуша бөліне бастаған кезде хромосоманың әрқайсысы екі жартыдан - екі хроматидтен тұрады.

Митоздық цикл — жасушалардың эмбриондық дамуын, өсуін, түзілуін және жас жасушалар арасында тұқым қуалау ақпараттарының көлемі мен құрамы жағынан тең берілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қайта қалпына келуі сияқты тіршілік үшін маңызды құбылыстарды да қамтамасыз етеді. Мұны митоздық циклде — аналық жасушадағы тұқым қуалау материалының редупликациясы (екі еселенуі) мен осы материалдың жаңа ұрпақ жасушаларының арасында тең бөлінуінен көруімізге болады. Мұнда терең биологиялық мағына жатыр, өйткені ДНҚ құрылымының бұзылуы генетикалық кодтың өзгеруіне әкеледі және ол организм үшін пайдалы белгілердің дамуын қамтамасыз ететін генетикалық ақпараттардың сақталуы мен тұқым қуалау белгілерінің берілуіне кедергі келтірген болар еді. Әрбір организм жасушалардан тұрады. Организмнің тіршілік етуі мен дамуы жасушалардың көбеюін қамтамасыз етеді. Жасушаның бөлінуі деп бір аналық жасушадан екі немесе бірнеше жасушалардың түзілу процесін айтады.

Митоз (кариокинез)

Көп жасушалы организмдер жасушаларының көбеюінің негізгі жолы — митоз немесе жасушалардың бөлінуі болып табылады. Жасушаның тіршілігін шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады: интерфаза — жасушаның митоздық бөлінуге дайындық кезеңі және нағыз бөліну кезеңі. Екі кезең бірігіл митоздық кезеңді құрайды.




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 936 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав