Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыптық карталардың ерекшеліктері.

Читайте также:
  1. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  2. Балалар хирургиясының ерекшеліктері.
  3. Естің түрлері. Естің психологиялық ерекшеліктері.
  4. Йым статистикасы» пәнінен кәсіби тәжірибенің тақырыптық жоспары
  5. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаудың және тапсырудың тақырыптық жоспары
  6. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
  7. Тақырыптық жоспары
  8. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
  9. Физика-химиялық талдау әдістердің жалпы сипаттамасы, олардың жіктелуі, артықшылықтары мен ерекшеліктері.

Листья

Всегда простые, многократно перисто рассеченные, с черешковым влагалищем

Цветки

Очень мелкие, правильные, белые, розовые, желтые, с двойным околоцветником, → хотя чашечка развита слабо (пять зубчиков)

* ♀♂ Са 5-0 Со 5 А 5 G 2

Соцветие

Всегда сложный зонтик. У основании соцветия – прицветники

Плоды

Всегда вислоплодник - сухой, дробный (распадающийся на 2 полуплодика)

Представители

Анис обыкновенный = Anisum vulgare

ЛРС – плоды, БАВ – эфирные масла. ОТХАРКИВАЮЩЕЕ СРЕДСТВО

 

Фенхель = Foeniculum vulgare

ЛРС – плоды, БАВ – эфирные масла. СЛАБИТЕЛЬНОЕ СРЕДСТВО

Лекция № 9

Тақырып: Тақырыптық карталар. Бейнелеудің картографиялық тәсілдері. І бөлім.

Лекция жоспары:

9.1 Тақырыптық карталардың ерекшеліктері.

9.2 Аймақтар (ареалдар) тәсілі.

9.3 Сапалық көрініс тәсілі (способ качественного фона).

9.4 Нүктелік тәсіл.

 

Тақырыптық карталардың ерекшеліктері.

Тақырыптық карталардың географиялық мазмұны шартты түрде екіге бөлінеді: 1) негізгі бөлігі, картаның арнайы мазмұны, яғни берілген картаның тақырыбын құрайтын құбылыстың бейнесі; 2) картаның тақырыбына қатысы жоқ объектілер мен құбылыстар, оны картаның географиялық негізі деп атайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының геологиялық картасында, геологияға қатысты объектілер мен құбылыстар, тау жыныстарының жасы, шығу тегі, қабаттардың қалыңдығы т.б. көрсеткіштері түрлі бояумен, арнайы шартты белгілерімен, индекстермен, сандармен т.с.с. көрсетіледі; ал картадағы басқа объектілер, қалалар, мұхит немесе теңіз жаға сызықтары, көлдер, өзендер т.с.с. картаның географиялық негізі болып табылады. Тақырыптық картаның географиялық негізі, картаның арнайы тақырыбына қатысты объектілер мен құбылыстарды орналастыруға арналған ориентирлер болып табылады.

Географиялық негіздің элементтерін таңдауда олардың, карта тақырыбын құрайтын құбылыстардың элементтерімен өзара байланысын есепке алу қажет. Мысалы, жер бедері пішіндері мен аумақтың климаттық ерекшеліктері арасында байланыс бар. Сондықтан, кейбір климаттық карталарда жер бедері пішіндерінің бейнеленуі географиялық негіздің элементтер құрамына қосады; геологиялық карталарда төрттік мұз басудың шекаралары көрсетілген; отын өнеркәсібі картасында энергетикалық пайдалы қазба кен орындары көрсетіледі (мұнай, газ, көмір т.б.). Географиялық негіз картаның тақырыбына байланысты объектілердің орналасуын бекіту қызметінен басқа, бейнленетін құбылыстың орналасуының тағы басқа да ерекшеліктерінің себептерін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Әдетте, тақырыптық картада жалпы географиялық картаға салыстырғанда шектелген құбылыстарды ғана көрсетеді. Бірақ тақырыптық карталарда бейнеленген құбылыстардың ерекшеліктерін кең түрде ашып көрсетеді. Мұндай нәрсе ұсақ масштабы жалпы географиялық және ұсақ масштабты тақырыптық карталарда салысытырғында байқалады. Мысалы, осы карталарда жер бедерін қалай бейнелейтіндігін салыстырайық. Жалпы географиялық шолу карталарда құрлық бетінің бедер пішіні және бедер пішіндер нүктелерінің теңіз деңгейінен биіктігі көз қарасынан жер бедерін сипаттайды.

Жер бедерін сипаттайтын тақырыптық карталарда жер бедерінің түрлі пішіндері қалыптасу факторларынан тыс және жер бедерінің сипаты бойынша құрлықтың аудандастыруын, жер қыртысы вертикальдық қозғалуын т.б. көрсетуге болады.

Тақырыптық карталарда картаға түсірілетін құбылыстардың кеңістікті орналасуы бейнеленеді. Бір жағдайда құбылыс таралған жер бетінің бөлігін тікелей сызықтық шартты белгісімен шектейді. Басқа бір жағдайда орналасуын жанама түрде көрсетеді. Егер құбылыс жер бетінің ықшам көлемін алмаған жағдайда, ол құбылыс үлкен кеңістікте шашылып орналасқан болса, немесе белгілі бір сызық бойынша шоғырланған жағдайда тақырыптық карталарда осындай орналасу ерекшеліктерін көрсетуге болады.

Көптеген тақырыптық карталарда құбылыстың шамасын сәйкес келетін өлшем бірліктерімен көрсетеді, сонымен қатар, бұл әрі абсолюттік, әрі салыстырмалы шама болу мүмкін. Картада көрсетілген абсолюттік шамалардың мысалы, құбылыс таралған жердің көлемі (гектар немесе км2), мал басының саны, өнеркәсіптік өнімнің көлемі (натуральдық бірліктерде немесе ақшалай түрінде), кітапханалардағы кітап саны т.с.с.

Тақырыптық карталарда салыстырмалы шамаларды көрсетуге болады, мысалы, егіншілікте пайдаланылатын жер көлемінің жалпы аумаққа қатынасы, пайдаланылатын гидроэнергияның оның қорына қатынасы, өнеркәсіптің белгілі бір саласының жалпы өнеркәсіптің өніміндегі үлесі т.б.

Ұсақ масштабты тақырыптық карталардың маңызды ерекшелігі картада көрсетілетін құбылыстың шегіндегі сапалы айырмашылықтарын бейнелеу. Мысалы, тақырыптық карталарда жаға бойының әр түрлі типтерімен қатар шөгіп жатқан немесе көтеріліп жатқан жағалауларды көрсетуге болады.

Тақырыптық карталарда: 1) құбылыстардың кеңістіктегі орнын ауыстыруын және уақыт бойы өзгеруін көрсетуге болады, мысалы, желдердің, мұхит ағыстарының, жүк және пассажир тасмалдауының, адамдар мен жануарлардың миграциясының т.с.с. бағыты мен жиілігін бейнелейді; 2) белгілі бір уақыт мерзімінде табиғи немесе қоғамдық құбылыс орналасқан аумақтың формасының немесе көлемінің өзгеруі, мысалы, шегіртке таралған аумақтың кеңеюі немесе азаюы; 3) белгілі бір уақыт мерзімінде құбылыстың мөлшерлі өзгеруі, мысалы, тауар айналымының өсуі; 4) құбылыстың құрылымындағы өзгерістер, мысалы, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірістер арасындағы өзара қатынасы негізінде анықталатын мемлекеттің индустриалдану дәрежесі.

Құбылыстардың аталған ерекшеліктерін тақырыптық карталарда бейнелеу үшін картаға түсірудің әр түрлі тәсілдерін қолданады: аймақтар (ареал), сапалық көрініс (качественного фона), нүктелік, изосызықтар, белгілер, локализденген диаграммалар, картодиаграммалар, картограммалар, сызықтық белгілер және қозғалыс белгілер тәсілдері.




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 285 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Очередное| Учебных знаний

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав