Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бейімделгіштік

Бейімделгіштік - адаптация дегеніміз тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы менфизиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті. Кезінде Ламарк тірі ағзалардың өздері өмір сүретін қоршаған орта жағдайларына бейімделуге мәжбүр болатынын байқады. Дарвин теориясында бейімделгіштік дамытылып, толықтырылды. Тірі ағзалардың әркайсысы өз табиғи қоршаған ортасынан барынша көп пайда алуға, сондай-ақ әркайсысы оған қарама-қайшылық көрсетпеуге тырысады. Тіршілік иелерінің барлығының міндеті - тіршілік үшін қүресте онша шиеленіссіз өтетін өз экологиялық, таушасын (ниша) табу. Сонымен эволюция нәтижелерінің бірі - тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік. Қоршаған орта тек әлі табиғат қана емес, сонымен бірге өзара құрделі әрекеттесіп, біріне-бірі өзара ықпал көрсететін тірі және өлі зерзаттардың барлық құрамдас бөліктері. Орманда мекендейтін қоян өсімдіктермен немесе түлкімен тікелей өзара әрекеттеседі. Алайда ол өсімдіктер арқылы топырақпен, топырақ ылғалдығының мөлшерімен және тағы сол сияқтылармен өзара жанама әсерлеседі. Кез келген жануарлар және өсімдіктердің бейімдеушілікке мысал бола алады. Бейімделе алмағандардың барлығы өліп бітті. Мәселен, шөлде өсетін өсімдіктердің жапырақтары ұсақ немесе тікен тәрізденіп өзгереді. Бұл буланудан сақтап, ылғал сақтайды. Көптеген бунақденелілердің реңі қоршаған ортаға сай келеді. Арамшөптердің түсі мен пішіндері көбінесе мәдени өсімдіктерге ұқсайды. Бейімделе дамуға бағытталған ағзалар өте көп. Біз оларды жіктемейміз.

Қорек талгауга бейімделу

Көптеген жануарлар қорек тапшылығынан және тіршілік үшін құрестің түр ішінде шиеленісуінен пайда болып, дарақтардың бір бөлігі қоректенудің жаңа көзіне ауысты. Үлкен шымшық ірібунақденелілермен қоректенеді. Көкшіл шымшық ағаш қабығы астындағы ұсақ бунақденелілерді жейді. Айдарлы шымшық қылкан жапырақтылардың тұқымын қорек етеді. Ал шөжешымшық және шөрешымшық бунақденелілердің орташа мөлшері сан алуан түрлерін аулайды. Сөйтіп шымшықтардың әр түрі ормандағы өсімдіктердің бір белдеуқабатында өмір сүреді.

Климаттық бейімделу

Ағзаларда төтенше табиғи жағдайлардағы тіршілікке байланысты кең өрісті бейімделу пайда болды. Жануарлар мен өсімдіктердің солтүстіктің суығына, ал шөлде тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің ылғал және жоғары температураның тапшылығына бейімделуін жеке анықтап зерттеуге болады.

Қорғаныш реңдер

Қорғаныш реңді 3 негізгі типке бөлуге болады.Олар: қорғаныш реңі (маскировка), еліктеу реңі (мимикрия) және көрнекілеу реңі (демонстрация). Қорғаныш реңнің мынадай түрлері бар:

· буркемелеу реңі (криптическая окраска) - қоршаған ая түсіне ену (жасыл шөптегі жасыл шекшек);

· бөлшектену реңі (расчленяющая окраска) - денедегі рең тұтастығы жойылады (жолат және жолбарыс денесіндегі жолақтар; теңбіл барыс және бұғы);

· көлегейлену реңі (скрадывающая тень) - жарық пен көлеңкенің кұбыла көрінуі (балықтардың көпшілігінде бауыры - ақ, ол аспан түстес,

ал жоны - қара, су түбінің реңіне ұқсас). Еліктеу реңі (мимикрия) - қорғанышсыз жануарлар немесе өсімдіктердің біреуі екінші бір едәуір қорғанышы бар немесе жеуге жарамсыз түрге ұқсас болу нәтижесі. қосқанаттылар отрядына жататын көктерекшіл шыбын шаншарлы жарғақ қанаттылар - әрене, балара және түкті аралардың реңіне ұқсас болып келеді. қарала балшықшының жұмыртқасы шауқарғаның жұмыртқасының реңі мен пішініне ұқсас. Жалғанбұтақ өсімдік бұтағынан аумайды. Теңіз атбас балығы балдырларға ұқсас. Өсімдіктерде де еліктеу реңін көрсететін мысалдар бар. Бунақденеқоректі өсімдіктер шыңкетпес (непентес) және шықшылдықтың (росянка) аулағыш мүшесі өсімдіктің гүліне өте ұқсас болғандықтан,бунақденелілерді өзіне тартады. Ал кейбір орхидея түрлерінін гүлі ғана емес, реңі, пішіні және иісі тозаңдандырғыш бунақденелілердің аналығына ұқсас. Осындай ұқсастықтар болғандықтан аталықтар оларды тозаңдандырады. Көрнекілеу реңі - Бұл қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы.Мұндайда реңі теңбілді немесе өзге өрнектері қарама-қарсы ашық түсті (қанқыз, жарақша-қандала (клопы-солдатики)) болып келеді. Кеңалқым (кобра) және кұлпарасын жайып жіберетін құлақты батбат (ушастые круглоголовки) осылай әрекет етеді. құмда тіршілік ететін батбаттар да, өзге түрлер де көрнекілеу және қорғануды үйлестіре пайдаланады. Олардың жоны құм түстес, бауыры ашық жасылдан көгілдір түске дейін боялған. Сөйтіп егер қорғанудан көмек болмаса, қарсыласы тап берген кезде ашық реңді көрнекілеп, шалқасынан аударылады да, құмның түсіне үйлеспейтін бауыр жағын көрсетеді. Егер кауіпті немесе жеуге жарамсыз бірнеше түрлер біріне-бірі еліктесе (шаншарлы жарғақ қанаттылар, қанқыздар және жарақша-қандала), олар <<еліктеу реңінің сақина- сын≫ түзеді деседі.

56) 19 ғасырдың ортасына дейін ғылымда тіршілік өзінен-өзі пайда болған, өлі заттардан күрделі құрылымды тіршілік иелері шыққан деген ұғым сақталды. Бірақ 18 ғасырда италиялық ғалымдар Ф. Реди, Л. Спалланцани, француз ғалымы Л.Пастер бұл ұғымның қате екенін өздерінің ғылыми еңбектерінде дәлелдеп берді. Абиогенез теорияларының ішіндегі көбірек таралғаны — А.И.Опарин теориясы. Қазіргі кезде ғалымдар жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, ерекше ғасыр дәуірде басталған күрделі де ұзаққа созылған процесс болғанын мойындайды. Жер бетінде қалыптасқан сол дәуірдегі жағдайларды жасанды түрде тудыру арқылы 20 ғасырдың ортасында тәжірибе жүзінде белок тектес және басқа да органикалық заттардың абиогенді синтезі жүзеге асырылды. Тіршілік— табиғи дамудың белгілі бір кезеңінде пайда болған материя қозғалысының ерекше түрі. Мұндай қозғалыстағы материя даму барысында алуан түрлі кезеңнен өтеді де, барған сайын күрделене береді.

58) Биосфера (гр. биос —тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.[1] Биосфера- жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді. Биогеография-организмнің географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді. Биоценоз-өсімдіктер мен жануарлардың майда ағзалардың бірлестігі. Географиялық қабық- жекелеген табиғат кешенінен тұрады. Табиғат кешені-табиғат компоненттерінің ұштасуы. Табиғат компоненттеріне топырақ, өсімдік, жануар т.б жатады. Ең ірі табиғат кешені-географиялық қабық немесе материктер мен мұхиттар. Табиғат зонасы-температурасы,жауын-шашыны, өсімдігі, жануары, топырағы өзара ұқсас ірі табиғат кешені. Табиғат зонасы 2 бағытта өзгереді: 1.Ендік зоналылық-табиғат зонасының ендік бағытта экватордан полюстерге қарай алмасып келуі. 2. Биіктік белдеулік-табиғат зоналарының тауларда биіктікке байланысты ауысып келуі. Биіктік белдеулерінің саны таулардың географиялық орнына және биіктігіне байланысты. Бір ендікте жатқан табиғат зонасының әр түрлі болуы мұхиттың алыс-қашықтығына жер бедеріне байланысты. Табиғат зонасы 2-ге бөлінеді: Өтпелі зона-орманды тундра, орманды дала, шөлейт, саванна. Тундра-субарктикалық белдеуде-мүк пен қына басым өскен, топырағы сазды, батпақты болып келеді. Орманды тундра-мүк пен қына қисық бұталы ағаштар өседі. Тайга-қылқан жапырақты орман зонасы,өсімдіктер:қарағай, шырша, самырсын. Дала-шөп басқан ағашсыз жазық жерлер. Шөлейт-дала мен шөлдің арасындағы өтпелі зона. Саванна-әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ бұталы ағаштар өсетін биік шөп басқан табиғат зонасы. Табиғат зонасының ауысып келуі климаттық белдеулермен сәйкес келеді. Арктикалық климаттық белдеу-арктикалық шөл мәңгі мұз басқан. Субэкваторлық климаттық белдеу-саванна Тропиктік климаттық белдеу-шөл Экваторлық климаттық белдеуде мәңгі жасыл ылғалды экваторлық ормандар. Географиялық қабықтағы ырғақтылық-күн мен түннің ауысуы. Географиялық қабықтағы заңдылық тұтастығы. Ырғақтылық заңдылығы-белгілі бір құбылыстардың уақыт ішінде қайталанып отыруы. Табиғат кешенінде жүретін үрдістер жылу мен ылғалға тәуелді.

Биосфера [2] — тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфераның негізгі үш қабаты.

Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

Биосфераның бөлімдері:

1. Тропосфера

2. Гидросфера

3. Литосфера

4. Ноосфера

59) Қолдан сұрыптау – өсімдіктер мен жануарлардың жаңа сорттары мен тұқымдарын шығару.
Қолдан сұрыптау нәтижесінде үй жануарларының қазіргі тұқымдары, және мәдени өсімдіктердің жаңа сорттары алынады. Қолдан сұрыптау теориясының негізін салған Ч.Дарвин (1859). Қолдан сұрыптау табиғи популяцияның оқшаулығына және адамға қажетті белгілері бар организмдерді жеке шағылыстыруға немесе будандастыруға негізделген. Ағылшынның мамандары, мысық, сиырға жүргізілген сұрыптаудың нәтижесінде етті, сүтті және сүтінің майлылығы жоғары, т.б. тұқымдарды шығарды. Қолдан сұрыптау екі негізгі формада жүргізіледі: жаппай және жекелей.
Жаппай Қолдан сұрыптау кезінде фенотипі бойынша тұқымдық немесе сорттық стандартқа сай келмейтін дарабастар жарамсыз болып қалады. Жекелей Қолдан сұрыптауда дарабастың тұқымдық және сорттық сапалы белгілері ескеріледі. Көптеген мутациялардың рецессивтілігіне орай және жаңа белгіні ертерек енгізу үшін де Қолдан сұрыптауда инбридинг әдісі қолданылады. Ұзақ уақытқа созылған бұл әдіс организмнің ұрпақ беру қабілеті мен геномның өзгерісін төмендетеді, оның нәтижесі гомозиготалы генотиптердің көбеюіне әкеледі. Бұл жағдайда мамандар бірнеше ұрпақтың инбридингінен кейін аутбридинг (туыстық емес шағылыстыру) әдісін жүргізеді. Мұнда әр түрлі гендер араласуы нәтижесінде организмнің гетерозиготалылығы артады. Бұл әдіс генетикалық әр түрлі популяциялар дараларын шағылыстыруға негізделген.

60) Делеция — хромосома ішіндегі өзгерістердің бір түрі, мұнда генетикалық материалдың бір бөлекшегі түсіп қалады. Делецияның өлшемі әр түрлі болады — бір-екі нуклеотидтен бірнеше ген үзінділеріне дейін

61) Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.[1]

Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.

63) Комплементарлық — молекулалардың, не олардың бөлшектерінің бір-бірімен сәйкестілігі




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 331 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав