Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы медицина мамандығы үшін

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. C. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша І курс студенттеріне арналған дифференциальды сынақтың тест сұрақтары.
  3. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  4. I. Жалпы ережелер
  5. АЛХИМИЯ И МЕДИЦИНА
  6. Анатомия и медицина древней Греции и Рима, их представители (Гиппократ, Аристотель, Гален).
  7. Анатомия и медицина. Значение анатомических знаний для понимания механизмов заболеваний, их профилактики, диагностики и лечения.
  8. АНАТОМИЯ-2 ПӘНІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
  9. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
  10. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

3 курс

 

Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат

 

Арағанды 2009 ж.

Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

Ж. № ____ Хаттама

 

Кафедра меңгерушісі, профессор ________________ Ержанов О.Н.

 

· Тақырыбы: «Ісіктер. Өспелер алды аурулар»

 

 

Мақсаты: студенттерді қатерлі және қатерсіз ісіктер түрлерімен, жіктелуімен, олардың ерекшеліктерімен, даму, қалыптасу заңдылықтарымен, клиникалық сипатымен, анықтау, тексеру тәсілдерімен, жалпы және жергілікті емдеу заңдылықтарымен, асқынулардан сақтандыру шараларымен таныстыру.

 

· Дәріс жоспары:

1. Қатерлі және қатерсіз ісіктердің анықтамасы, қалыптасу заңдылықтары

2. Қатерлі және қатерсіз ісіктердің даму ерекшеліктері, жіктелулері, маңызы

3. Қатерлі және қатерсіз ісіктердің клиникалық көрініс ерекшеліктері, анықтау тәсілдері

4. Қатерлі және қатерсіз ісіктердің жалпы және жергілікті хирургиялық емдеу тәсілдері

5. Қатерлі және қатерсіз ісіктердің асқынулары, алдын алу шаралары

6. Қатерлі ісіктерде химия және сәуле тәсілдерімен емдеудің заңдылықтары

 

· Дәріс тезистері

Тканьдердің көзге көрінбейтін себептерінен пайда болуы және әдеттегідей тканьдердің өзінің құрылысы, дамуы, өсуі, қоректенуі және зат алмасу барысы мен ажырасып тұратын патологиялық өсіп шығуда ісіктер деп атайды.

Ісіктердің айырмашылығы клеткалардың әбден жылдам үздіксіз өсіп кебеюі болып есептеледі. Гистологиялық жағынан көпшілік ісіктер мүшелерге немесе тканьға әлденеше ұқсас құрылысты болады. Ісіктер өз тканынан (паренхима) және жардемші, көмекші тканьдердан тамырлардан, жүйкелерден, дәнекер тканьнан тұрады. Сонымен бірге ісіктің құрылысы сау мүшенің немесе тканьның құрылысынан тіпті өзгеше болады.

Ісіктердің пайда болуы және даму себептері. Қазіргі уақытта ісіктердің пайда болуының негізгі теориясы – көп себепті (полиэтиологиялық) теория деп аталады. Бұл теория бойынша тірі ағзаның әрбір клеткасында ісіктің пайда болуы үшін ерекше вирус болады, бірақта бұл вирус қабілетсіз жағдайда болады (анабиоз). Оның әрекетті, қабілетті жағдайға келуі үшін бірқатар сыртқы күштердің (факторлар) қосымша әсер етуі қажет (концерегендер), олар өз кезегінде пайдаланып отырған газдардың түтінінде, химиялық өндірісте және тағы басқаларда болатын химиялық заттар, физикалық факторлар сәулелер, ретнген және радиоактивтік сәулелер әсері салдарынан, йонданушы радиация, атомның элементтер бөлекшелері т.б. және биологиялық факторлар болып бөлінеді. Вирус белсенділенеді және клетканың гнедік структурасына, дара жағдайда ДНК-ға және РКК-ға әсер етіп тұқымды өзгертеді, бұл тканьнің жаңа түрінің, яғни ісіктердің пайда болуына алып келеді. Бірақ бұнда жоғарыда көрсетілген факторлардың болуы көбінесе ісіктердің пайда болуына жеткіліксіз болатындығын есте сақтау қажет. Ағзаның иммунобиологиялық қорғаушы күштерінің бөсендеуі ісіктің пайда болуына әсерін тигізеді.

Көбінесе рак процессі 40 жастан асқан адамдарда жиі болады. Қазіргі уақытта қатерлі ісіктермен ауырған адамдардың саны күннен күнге көбейіп барады деген пікір бар.

Ісіктер (tumor, син.: бластома, неоплазма, жаңа түзіліс) - әртүрлі мүшелерде өздігінен пайда болатын, құрылым полиморфизмімен, шектеусіз прогрессирлеуші өсумен ерекшеленетін патологиялық түзіліс.

Ісктер кең тараған аурулар тобына жатады. ДДҰ мәліметтері бойынша жыл сайын 6 млн.-нан аса адам қатерлі ісіктермен ауырады, 5 млн. адам қайтыс болады (оның ішінде Европада -1,7млн.). Дамыған елдердегі өлім себебінің арасында қатерлі түзілістер жүрек-қантамыр ауруларынан кейінгі орында.

Онкологиялық аурулардың ішінде негізгі орын өкпе, асқазан, аталық без қосалқысының рагы алады. Ер адамдарда 75% өкпе, асқазан, тік және тоқ ішек, аталық без қосалқысының рагы болса, әйелдерде (75% жағдайда) – сүт безі, асқазан, жатыр, тік және тоқ ішек, тері рагы. Ер адамдар әйелдерге қарағанда 1,5 есе жиі ауырады.

Қазіргі уақытта қатерлі ісіктердің полиэтиологиялық теориясы кең қолданылуда. Ол бойынша ісіктердің пайда болуында көп себептер: канцерогенді заттар әсері, генетикалық факторлар, ісік вирустарының әсері ықпал етеді.

ДДҰ мәліметі бойынша қатерлі ісіктердің 90% сыртқы онкогенді факторлар әсерінен, 10% генетикалық өзгерістер мен вирустарға байланысты. Канцерогенді факторлар физикалық, химиялық, биологиялық болуы мүмкін. Физикалық - иондаушы сәулелер, химиялық - политізбекті ароматтық көміртектер (бензпирен, бензидин, т.б.). Қатерлі ісіктер онкогенді заттар ықпалынан кейін белгілі уақыт аралығында, 15-20 жыл (латентті период) пайда болады. Ісіктер 3 негізгі критерий бойынша бөлінеді: тін түрі; локализациясы; морфологиялық ерекшеліктер мен таралуға қабілеттілік. Пайда болған тініне байланысты эпителиалді, дәнекер тіндік, бұлшықеттік, тамырлық, жүйкелік және аралас. Зақымдалған мүшеге байланысты өкпе, асқазан, тері, сүйек ісігі. Ісік өсу ерекшелігі мен таралуына байланысты қатерлі және қатерсіз.

Қ а т е р с і з ісіктер қоршаған тіндерден бөліп тұратын капсуласының болуымен, баяу экспансивті өсуімен, қоршаған тіндерге өсуінің болмауымен ерекшеленеді. Бұл ісіктер операциядан кейін рецидив бермейді және метастаз болмайды; гистологиялық құрылысына байланысты өздері дамыған тіндерден ерекшеленбейді. Қатерсіз ісіктер теріс ағым алып, өсу барысында өмірлік маңызды мүшені басып, организмдегі ауыр бұзылыстарға әкелуі мүмкін (мысалы, ми қабықтарының қатерсіз ісіктерімен мидың басылуы, ірі тамырлардың, жүйке бағаналарының, бронхтың, кеңірдектің, өт жолдарының, несеп жолдарының басылуы). Қатерсіз ісіктерге жатады: эпителиальді тін ісіктері – а д е н о м а, бұлшықет – м и о м а, дәнекер тіннен – ф и б р о м а, шеміршектен – х о н д р о м а, май тінінен – л и п ом а, жүйкеден – н е в р о м а. Бөлек мүшелер немесе бөліктерінен тұратын туа біткен ісіктер – тератомалар деп аталады.

Қ а т е р л і ісіктер капсуласының болмауымен, тез және инфильтративті өсуімен, жанындағы мүшелер мен тіндерге ене өсуімен, метастаздануымен, қан және лимфа тамырлары бойымен басқа мүшелерге таралуымен сипатталады. Алынғаннан кейін олар рецидив беріп, сол жерде қайта ісік туғыза алады. Қатерлі ісіктердің катерсізден айырмашылығы организмнің жалпы жағдайына әсер етіп, анемиямен, дене салмағын жоғалтумен, жүдеумен көрінетін рактың интоксикация шақыруы болып табылады. Дәнекер тін қатерлі ісіктеріне саркома (sarcoma) – лимфосаркома, остеосаркома, ангиосаркома, миосаркома, эпителиальді тін қатерлі ісіктеріне – рак (cancer) жатады. Қатерлі ісіктердің 95% - рак, 5 % - саркома түрінде кездеседі.

Р а к а л д ы л ы қ а у р у л а р. Қатерлі ісіктердің дамуына созылмалы аурулар, ұзақ қайталанатын тіндер жарақаты әкеледі. Бұндай ауруларға трофикалықжаралар, жыланкөздер, анацидтік гастрит, АІТ-ның полиптері, мастопатия, папиллома, пигментті дақтар, жатыр мойнының эрозиясы әкеледі. Бұндай аурулары бар науқастарға қатысты дәрігерлер тіннің биопсиясын жасау керек. Бұндай аурулары бар науқастар тұрақты диспансерлік қадағалауда болады. Науқастарды уақытылы емдеу ісік тууының алдын алу шараларына жатады.

Онкологиялық аурулары бар науқастарды тексеру ерекшеліктері. Қатерлі ісіктің дамудың ерте стадиясында анықтау нәтижелі ем жасауға көмектеседі.

А н а м н е з белгілі аймақтағы, жүйедегі, мүшедегі ісіктік процесске күдіктену тудыратын мәліметтер береді. Осыған байланысты науқастарға мақсатты түрде сұрақ қою керек. Тұрмыс жағдайлары мен әдеттерін анықтаудың маңызы зор. Рак эпидемиологиясын есте сақтау керек: тері рагы – оңтүстік аймақтарда тұратындарда, өкпе рагы - өндірістік аймақтарда тұратындарда жиі кездеседі. Темекі тарту сияқты зиянды әдеттер канцерогенді фактор бола алады. Ісік дамуының ерте стадияларында науқас шағымдары болмауы мүмкін. Бұндай жағдайда өзін-өзі сезіну өзгерістерін анықтау керек. Ысалы, науқас себепсіз тез шаршағыштықты, белгілі тағамға тәбетінің төмендеуін, өзінде бар түзілістің (мысалы, пигменттік дақ) формасы түсі, консистенциясы, көлемінің өзгерісін айтады. Кейде қатерлі ісікті бір немесе екі айқын емес симптомға байланысты күдіктенуге болады, сол үшін анамнезді белсенді жинау керек. Дискомфорт жағдайы немесе кіші белгілер синдромын анықтаудың маңызы зор. Ол ішкі мүшелер қызметінің бұзылуын көрсетеді.

Аурудың ерте стадияларында науқастар ешқашан ауырсынуға шағым айтпағанмен, шаршағыштықты, ұйқышылдықты, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуін көрсетеді.

Онкологиялық күдіктену негізделеді: 1) ерте стадиялардағы қатерлі ісіктер симптомдарын білу; 2) ракалды ауруларды білу және емдеу; 3) ісікке күдікті науқасты онкологиялық емдеу мекемесіне бағыттау; 4) онкологиялық ауруды анықтау мақсатымен әртүрлі мамандық дәрігерлерге келген науқасты дұрыс тексеру; 5) диагностикалау ауыр болған жағдайда қатерлі ісіктің ауыр немесе атипті ағымына күдіктену.

Онкологиялық анамнезге симптомдардың өсуі тән. Ауру анамнезі жиі қысқа болады, бірақ қатерлі ісік созылмалы қабынулық ауру немесе қатерсіз ісік нәтижесінде пайда болса, көпжылдық анамнезді ескеру керек.

Объективті тексеру науқасты клиникалық зерттеудің әдеттегі әдістеріне – қарауға, пальпацияға, аускультацияға негізделеді.

Ісікалды аурулары бар науқастарды объективті зерттеу кезінде белгілі синдромдардың маңызы бар. Барлық ісікалды процесстердің ішінен кеңінен тараған кілегей қабықтар мен тері эпителийінің диффузды және ошақты өсуі – плюс-тін синдромы. Бұндай пролиферативті өзгерістер оптикалық құралдар көмегімен анықталады.

Қарапайым мысал ретінде лейкоплакия (ақ таңдақтар) кілегей қабықтардың жабынды эпителийінің өсуі, бұнда пальпаторлы өзгерістер анықталмайды; әртүрлі қатерсіз тері түзілістерінің (папиллома, полип) көлемінің түсінің, консистенциясының өзгерісі. Әртүрлі кәрілік дискератоздар ісік өсуінің көзі болуы мүмкін.

Патологиялық бөліністер синдромы (қанды бөліністер немесе қан кетулер) ісіктерде, әсіресе рактың кеш стадияларында анықталады. Кез келген қан кету ісіктің болуын көрсетуі мүмкін, сондықтан инструментальді-лабораторлы зерттеулер жүргізу керек.

Функция бұзылысы синдромы ісіктен зақымдалған мүшенің функциональді және анатомиялық бұзылыстарға байланысты. Мүше ішінде өсетін ісік өткізбеушілік симптомын ерте шақырады, әсіресе көлемі кішкене мүшелерде, мысалы, он екі елі ішек үлкен бүртігінің зақымдалуы сарғаюдың тез дамуына әкеледі. Ал ісік көлемді мүшелердің қуысына өссе, мысалы, тоқ ішектің, өткізбеушілік құбылысы патологиялық процесстің кеш стадияларында дамиды.

Ісікпен зақымдалған мүшенің функциональді жағдайын бағалау, мүшенің функциясымен бұзылуымен бірге ісіктің функциональді көрінісін қарастыру керек. Мысалы, жиі жағдайда мүшенің гипофункциясымен бірге ісіктік тіннің гормональді белсенділігінен интоксикация түрінде көрінуі мүмкін.

Ауырсыну ісікке тән емес. Бірақ қан тамырлары мен жүйке ісігі тіндерді басып ауырсыну сезімін тудыруы мүмкін. Ісіктен туатын ауырсыну көрші тіндердің созылуымен, жүйке тіндерінің инфильтрациясымен, мүше функциясының бұзылысымен байланысты. Мысалы, ішек қуысының ісіктен обтурация кезінде толғақ тәрізді ауырсыну пайда болады; тұрақты ауырсыну процесстің серозды қабыққа өтуін, мүше инфильтрациясын көрсетеді. Артқы ішек аймағының тенезмдер тік ішек рагының көрінісі болып табылады.

Ісік көлемі (өлшемдері) миллиметрмен немесе сантиметрмен өлшенеді.

Ісік формасы қатерлілігін немесе қатерсіздігін анықтауға көмектеседі. Тығыз консистенция, бұдырлы тегіс емес беткей, көрші тіндермен жабысу қатерлі ісіктерге тән болса, қатерсіздерге формасы дөңгелек, қозғалмалы, көрші тіндермен байланыспау тән. Ісік пальпациясы артық қысымсыз жүргізіледі, алғашқыда саусақ ұштарымен сау тіндерді, кейін ісікті пальпациялайды. Лимфа түйіндерінің, сүт безі ісігін екі қолмен пальпациялайды. Ісік беткейінің ипаттамасын анықтайды, тегіс болса киста немесе басқа қатерсіз ісіктерді болжайды. Метастатикалық бұдырлары да әдетте тегіс.

Консистенция ісік сипатына байланысты. Қатерсіз ісіктер жұмсақ консистенциялы болады (липома: шырышты қабық полипі). Кейде дифференцирленбеген ісік – саркома да жұмсақ болуы мүмкін. Қатты консистенция дәнекер тін ісігі – фибромаға тән. Тығыз эластикалы консистенция сұйықтықпен толған немесе капсуламен қапталған ісікке тән. Бірақ флюктуация болмайды.

Ағаш тәрізді консистенция рактық ісікке тән.

Қозғалмалылығы өзіндік (белсенді) және тудырататын (пассивті) болады. Бұлшықет пен теріге қатысты қозғалғыштыққа көп көңіл бөлінеді.

Ісік құрсақ қуысының қозғалмалы мүшесінен туса ол науқас дене қалпын ауыстырғанда, жұтынғанда (зоб), бұлшықет жиырылғанда (бұлшықеттік ісік) жылжиды.

Қатерлі ісік немесе оның метастаздарына күдіктенгенде диагнозды дәлелдейтін арнайы зерттеулерді жүргізу керек. Онкологиялық науқасты зерттеу кезіндегі пальпацияның маңызы зор. Ісікті және оның орналасу орнын анықтап, оның шекараларын, консистенциясын, көрші тіндермен қарым-қатынасын білуге болады. Пальпация арқылы жаңа түзілістің қай мүшелерден екенін анықтауға болады. Барлық лимфа түйіндерін анықтау керек. Өзгеріссіз түйін әдетте үлкен емес, сопақша, жұмсақ, қозғалмалы, ауырсынусыз және көрші немесе алыс лимфа түйіндерінен ерекшеленбейді. Метастазбен зақымдалған түйін басқа сау тіндерден ерекшеленеді: ол үлкейген, дөңгелек, тығыз, кейде бұдыр, көрші тіндермен және лимфа түйіндерімен бірігіп кеткен. Жиі метастазбен зақымдалған түйін қозғалмалы, бірақ басқа қабынып өзгерген лимфа түйіндеріне қарағанда ауырсынусыз. Көптеген ісіктердің метастазы сүйекке берілуінен қаңқаны дұрыс тексеру керек.

Кез-келген онкологиялық ауруды тексергенде міндетті түрде іш қуысын пальпациялау керек, әсіресе бауырды, себебі кез-келген қатерлі ісік метастазы бауырда болуы мүмкін. Метастазбен зақымдалған бауыр үлкейген, шеттері бұдыр, тығыз, ауырсынусыз. Кейде бөлек анық шектелген түйіндерді анықтауға болады. Тік ішекте, ауыз қуысында, мұрын-жұтқыншақта орналасқан ісікті саусақпен анықтау керек. Бұл ісіктерді саусақпен тексеру көп мәлімет береді: көлемі, формасы, қозғалғыштығы, консистенциясы.

Онкологиялық ауруға күдікті барлық әйелдерде бимануальді гинекологиялық зерттеу жүргізу керек. Перкуссия мен аускультацияны жалпы клиникалық тексеру жоспарында қолданады.

Диагнозды бекітетін әдістемелерге: 1) эндоскопиялық зерттеу; 2) цитологиялық диагностика; 3) морфологиялық диагностика – биопсия; 4) рентгенологиялық зерттеу (рентгеноскопия, рентгенография, томография, ангиография, лимфография); 5) эхография; 6) компьютерлік томография; 7) лабораторлы зерттеу кіреді.

Қатерлі түзілістерді ерте диагностикалау ем сәттілігін анықтайды. Науқасты емдеуді шешу үшін ауру стадияларын білу керек. Қатерлі түзілістердің 4 стадиясын ажыратады: І стадия – ісік жергілікті, шектелген аймақты алады, мүше қабырғасына өспейді, метастаздар болмайды; ІІ стадия – ірі көлемді ісік, мүше қабырғасына өсуі мүмкін, бірақ мүше шекарасынан аспайды, регионарлы лимфа түйіндеріне метастаздар беруі мүмкін; ІІІ стадия – ірі көлемді ісік, ісік ыдырауы, көп метастаздар береді; ІV стадия – алыс мүшелер мен лимфа түйіндеріне метастаз береді.

Ісктердің халықаралық классификациясы – TNMP. T – tumor, біріншілік ісік көлемін сипаттайды, 4 стадиясы бар: Т1-4. N – nodula, лимфа түйіндерінің зақымдалуын сипаттайды: N0 – метастаз жоқтығы; N1 – жергілікті лимфа түйіндердегі метастаз; N2 – екінші ретті лимфа түйіндеріне метастаз беру; N3 – алыс лимфа түйіндеріне метастаз. M –metastasis, мүшеге метастаз беру, М0 – метастаз жоқ; М1 – метасьаз бар. Р – қуысты мүше қабырғасына ісіктің өсуінің тереңдігін сипаттайтын гистологиялық критерий. Р1 – кілегей қабықты инфильтрациялайтын рак; Р2 – шырышасты қабырғасын инфильтрациялайтын рак; Р3 – субсерозды қабыққа дейін таралатын рак; Р4 – серозды қабықты немесе мүше қабырғасынан асатын ісік.

TNMP классификация келесідегідей болады: T1-4N0-3M0-1P1-4

Т критерийі әр мүшеге өз ерекшелігі бар: ішек рагы T1 – ісік ішек қабырғасының бір бөлігін ғана алады; T2 – ісік ішек айналымының жартысын алады; T3 – ісік ішек айналымын толық алады, өзегін тарылтады, өткізбеушілік симптомын тудырады; T4 – ішек өзегін обтурациялайтын немесе циркуляторлы тарылтатын ісік.

Сүт безі ісігіне: T1 – 2см-ге дейінгі ісік; T2 – 2-5см өлшемді ісік; T3 – 5-10см, терімен бітіскен; T4 – 10см, кеуде торының терісінің зақымдалуымен жүреді.

Ісіктердің емдеудің жалпы заңдылықтары. Қатерлі ісігі бар науқастар жедел емді қажет етеді. Қатерсіз ісіктерді мүше қызметін бұзған, ракалды ауру болғанда, қатерсіз ісікке өтуіне күдіктенгенде емдеуді.

Қатерлі ісіктерді емдеу әдістері: хирургиялық, сәулелік, химиотерапевтік және гормональді-терапевтік.

Хирургиялық ем. Ісіктерді емдеудің негізгі әдісі хирургиялық, ол кейде (мысалы, сүт безі, жатыр рагы) сәулелік және химиотерапиямен қосарлануы мүмкін. Комплексті емнің бұл түрін комбинирленген деп атайды. Хирургиялық және сәулелік емді сәйкестендіру операция алды немесе операциядан кейінгі сәулелендіру түрінде болуы мүмкін. Сәулелендіруді химиотерапиямен, мысалы, миеломды ауру мен лимфогранулематозда комбинирлеуге болады. Егер ауру дәрімен немесе сәулелік терапиямен емделсе, хирургиялық ем керек емес (мысалы, ерін рагы).

Онкологиялық науқаста операцияны орындау кезінде абластика принципі міндетті, яғни сау тіндер шекарасында операциялау, зақымдалған мүшені регионарлы лимфа түйіндерімен бірге алу, лимфа және қан тамырларын алдын-ала байқау, ісіктің өзін зақымдамау.

Хирургиялық ем сонымен қатар антибластика әдісін де қарастырады: операция кезінде электропышақ, лазер, ультрадыбыс, операциядан кейін және операция алдында метастазданған жергілікті зоналар мен ісіктерді сәулелендіру; жергілікті инфузияны қолдану – операцияға дейін және операциядан кейін ісікке қарсы препараттар артерияішілік енгізу.

Радикальді операция мүшені толық (сүт безі, жатыр) немесе көлемді бөлігін (асқазан, ішек) және регионарлы лимфа аппаратын алуды қарастырады. Радикальді операцияға комбинирленген операция да жатады. Ол кезде ісікпен зақымданған мүшемен қатар ісік бітісіп өскен мүше де алынады.

Паллиативті операциялар ісік метастаздарын қалдырып, мүшені немесе мүше бөлігін алуды қарастырады. Бұл ауырлаған ісіктер кезінде қолданылады.

Сәулелік терапия. Емдеудің бұл түрі кең қолданылады: науқастардың жартысынан көбі осылайша емделеді. Оны жеке ем түрінде, мысалы, астыңғы ерін, жатыр мойны, тері рагының ерте стадияларында, немесе комплексті ем ретінде қолдануға болады. Негізінен сәулелік емді хирургиялық еммен қатар қолданады. Сәулелік терапияны химио- және гормонотерапиямен бірге комбинирлеуге болады. Ісікке сәулелендіруді сыртқы, қуысішілік немесе тінішілік жолмен жүргізуге болады. Сыртқы сәулелендіру радиоактивті препараттар (60Co, 137Cs, т.б.) заряды бар арнайы сәулелік құралдар көмегімен гамма терапия түрінде, қуыстық терапия кезінде сәулені табиғи жолдармен (ауыз қуысына, жатыр қуысына, қуыққа) енгізу түрінде жүргізеді. Тінішілік терапияға изотоптар қолданады.

Химиотерапия. Адамның кең тараған ісіктері кезінде химиотерапияны соңғы кезекте қолданады. Химиотерапияны басқа емдеу әдістерімен комплексте қолданады. Химиотерапияның жүйелік онкологиялық аурулар – лейкоз, лимфогранулематоз кезінде маңызы зор.

Химиопрепараттардың келесі топтарын ажыратады.

Цитостатикалық препараттар: новэмбихин, циклофосфан, тиофосфамид (ТиоТЭФ), допан, винбластин, винкристин және т.б., олар клетканың митотикалық белсенділігіне әсер етіп, ісік клеткаларының көбеюін тежейді.

Антиметаболиттер – ісік клеткаларының метаболизміне әсер етеді, мысалы, пурин синтезін (меркаптопурин), ферментті жүйелерді (фторурация, фторафур) тежейді.

Ісікке қарсы антибиотиктер – саңырауқұлақтармен, микроорганизмдермен продуцирленетін заттар – хризомалин (актиномицин C және D), брунеомицин.

Гормонотерапия. Гормонға тәуелді ісікткрді емдеу үшін гормонды препараттарды қолданады. Ер адам гормон препараты – андрогендерді (тесторена прорионат, метилтестостерон) сүт безі рагында қолданады.

Онкологиялық көмек ұйымдастыру. Науқастарға онкологиялық көмек ұйыдастырудың негізгі заңдылығы – диспансерлік бақылау. Науқастарды тікелей емдеу арнайы онкологиялық ауруханалар мен диспансерлерде жүргізіледі.

Тұрғындарға онкологиялық көмек көрсетудің негізгі жолдары:

1. Онкологиялық аурулардың алдын алу.

2. Ісіктерді ерте диагностикалау мақсатында тұрғындарды профилактикалық текскру.

3. Онкологиялық науқастарды емдеу, оның ішінде хирургиялық ем, сәулелік, химиялық терапия, комбинирленген ем.

4. Емделгеннен кейін науқастарды бақылау.

5. Қатерлі ісіктері ауырлаған науқастарда симптоматикалық емдеу.

6. Дәрігерлердің квалификациясын жоғарлату.

7. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс.

8. Ракқа қарсы үгіт-насихат жүргізу.

 

 

· Иллюстрациялы материалдар:

Слайдтар:

1. қатерлі және қатерсіз ісіктердің клиникалық көрінісі

2. қатерлі және қатерсіз ісіктердің анықтау тәсілдерінен көрініс

3. қатерлі және қатерсіз ісіктердің емдеуден клиникалық көрініс

Слайдтар – суреттер:

  1. қатерлі және қатерсіз ісіктердің фото көрінісі
  2. қатерлі және қатерсіз ісіктердің анықтау тәсілдерінен фото көрініс
  3. қатерлі және қатерсіз ісіктердің емдеуден фото көрініс

Кестелер:

  1. қатерлі және қатерсіз ісіктердің жіктелуі
  2. қатерлі және қатерсіз ісіктердің даму, қалыптасу ерекшеліктері
  3. қатерлі және қатерсіз ісіктердің анықтау, тексеру тәсілдері
  4. қатерлі және қатерсіз ісіктердің жалпы және хирургиялық емдеу тәсілдері
  5. қатерлі және қатерсіз ісіктердің асқынулар, алдын алу шаралары

 

 

· Әдебиеттер:

1. Гостищев, В. К. Общая хирургия. М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003.-220с.

2. Гостищев В.К. Общая хирургия:Учебник.- Изд. 3-е,перераб. и доп.-М.:ГЭОТАР-МЕД, 2004.-608 с.

3. Петров С.В. Общая хирургия:Учебник для вузов с компакт- диском.-3-е изд.,перераб.и доп.-М.:ГЭОТАР-Медиа, 2005.-768 с.

4. Нартайлаков М.А. Общая хирургия.- Ростов-на- Дону:Феникс, 2006.-256 с.

5. Трапезников Н. Н., Шайн А. А. Онкология. М,: Медицина, 1992.

6. Чернов В.Н. Общая хирургия.-Ростов-на-Дону:МарТ, 2004.-256 с.

 

· Бақылау сұрақтары:

1. Ісіктер түрлері

2. Ісіктерді салыстырмалы диагностика жүргізу

3. Операция үстінде дұрыс тактика қолдану принциптері

4. Операция уақытында ерте және кеш асқынуларды ескеру.

5. Кеуде және құрсақ қуысына ісіктер бойынша операциядың ерекшеліктерін

 




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 102 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.019 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав