Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

МШ балаларды тілге оқыту әдістемесінің пәні, міндеттері, мазмұны

Читайте также:
  1. Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері. Ата- ана құқығынан айыру.
  2. Бап. Борышкердің жеделдетілген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшi
  3. Дәріс. Әліппе кезеңін оқыту әдістемесі
  4. Дәріс. Арнайы мекепте әдеби шығармаларды оқыту әдістемесі
  5. Дәріс. Арнайы мектепте ғылыми-мақалаларды оқыту әдістемесі
  6. Дәріс. Арнайы мектепте сауат ашу кезеңін оқыту әдістемесі
  7. Дәрістің қысқаша мазмұны
  8. Дәрістің мазмұны
  9. Диплом жұмысыныңқұрылымы және оның қысқаша мазмұны
  10. Дінтанулық білім мазмұны қай салаға жатады?

1. Общество и окружающая среда.

2. Биосфера как среда обитания человека. Качество среды обитания человека.

3. Воздействие антропогенных факторов на среду обитания человека.

4. Взаимодействие человека и среды обитания; машин и среды обитания; машин, чрезвычайных ситуаций со средой обитания.

5. Здоровье и среда обитания.

6. Основные источники загрязнения среды обитания.

7. Техногенные аварии, катастрофы, их экологические последствия.

8. Выявление зон чрезвычайной ситуации и экологического бедствия.

9. Пути предотвращения чрезвычайных ситуаций.

10. Пути повышения устойчивости функционирования производственных объектов с учетом вероятности возникновения чрезвычайных ситуаций.

11. Экологизация общественного производства.

12. Организация службы охраны труда на предприятиях и в учреждениях. Законодательные основы охраны труда. Система стандартов безопасности труда.

13. Особенности условий труда. Опасные и вредные факторы производства и причины травматизма и заболеваемости.

14. Понятие о производственной санитарии и ее задачах. Нормирование содержания вредных веществ в воздухе.

15. Микроклимат в производственных помещениях и на рабочих местах. Защита от производственной пыли.

16. Естественная система защиты у человека. Средства индивидуальной защиты.

17. Требования безопасности к производственным процессам и к производственному оборудованию.

18. Опасность поражения электрическим током. Схема возможного "включения" человека в электрическую цепь.

19. Первая помощь при ранениях и ушибах.

20. Первая помощь при термических поражениях.

21. Первая помощь при отравлениях и укусах ядовитых животных.

22. Первая помощь при кровотечениях.

23. Первая помощь при вывихах и переломах.

24. Первая помощь при электротравме.

25. Первая помощь при утоплении.

26. Первая помощь при синдроме длительного сдавливания.

27. Основные признаки клинической смерти и простейшие реанимационные мероприятия.

28. Особенности оказания первой медицинской помощи детям.

29. Гражданская оборона и ее задачи.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тілге оқытудың әдістемесі

Пәні бойынша дәрістер.

Дәріс.

МШ балаларды тілге оқыту әдістемесінің пәні, міндеттері, мазмұны

Арнайы мектептегі қазақ тілі әдістемесі басқа әдістемелер сияқты педагогика негіздерінің бірі болып табылады. Ол ақыл-ойы кем тұлғаларды қазақ тіліне оқытудың заңдылықтарын, мақсат-міндеттерін, әдістерін, қағидаларын, құрылымын зерттейді. Қазіргі таңда әр әдістеме жеке ғылым болып табылатыны дәлелденген.

Қазақ тілін оқытудың арнайы әдістемесіне келетін болсақ, оның негізгі мақсаты: ақыл-ойы кем тұлғаларды оқыту, қарым-қатынас құралы ретінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру. Таным процестерін түзету, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, оқыту мақсаттарына сәйкес және зерттеу пәні ретінде келесі міндеттерді шешеді.

1. Зияты зақымдалған оқушыларға қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттарын анықтау.

2. Оқу материалының құрылымын және көлемін ақыл-ойы кем тұлғалар жетік меңгеретіндей етіп қалыптастыру.

3.Қазақ тіліне олқыту кезіндегі жалпы дидактикалық қағидаларды іске асырудың жағдайларын анықтау, берілген пәнді өткізудің арнайы әдістемелік қағидаларын ұйымдастыру.

4. Оқытудың рационалды және продуктивті сипаттамаларын ұйымдастыру, арнайы мектеп оқушыларының кемістіктерін түзету мақсатымен және сөйлеу тілі мен ақыл-ой дамуының жоғары деңгейіне жету үшін арнайы жаттығулар жүйесін ұйымдастыру.

5. Балаларға тіл құралдарымен әсер ету жолдарын іздеу.

Әдістері:

1. Мұғалімдер тәжірибесін зерттеу,өз тәжірибесімен жалпылау. Мұғалім тәжірибесін талдау, қазақ тіліне оқытудың заңдылықтарын анықтау психологиялық негіздеу, заңдылықтардың логикалық қатынастарын қалыптастыру. Белгілі бір әдістемелік концепцияларды шығаруға мүмкіндік береді және ол түгелдей бір курсты оқыту барысында қолданылады. Осылайша ақыл-ойы кемтар тұлғаларды әліппеге дейінгі кезеңге оқытудың теориялық дәлелденген әдістемелік жүйесі қалыптасқан. Кейін бұл әдістеме М.Ф.Гнездилованың еңбектерінде көрініс табады.

2. Педагогикалық эксперимент-бұл әдіс дәлел түрде болатындығымен ерекшеленеді. Экспериментке гипотеза қою алғаш жүреді және ол жұмыс жүргізу барысында дамиды, дәлелденеді. Экперименттің екі түрін ажыратады: а) табиғи – ол қарапайым сынып жұмысы негізінде жүреді;

б) зертханалық – арнайы ұйымдастырылған жағдайда талап етеді.

Эксперименттің нақтылығын, дәлелділігін қамтамасыз ету мақсатымен оған мынадай талаптар қояды:

а) Қорытынды және шығындыларын міндетті түрде белгілеп отыру.

ә) Бақылау сыныбын таңдау, дәстүрлі жағдайларда және тәжірибе жүргізу барысында берілгендерін салыстыру.

б) Тәжірибені бірнеше рет қайталау.

в) Тәжірибенің барысын сипаттайтын нақты құжаттарды дайындау.

г) Жүргізілген әдістің немесе жалпы жұмыстың жүйесін бағалау мақсатымен сәйкес критерийлерді таңдау.

Зертханалық тәжірибеде әдістемеде табиғи тәжірибеге қарағанда сирек қолданылады. Көп жағдайда зертханалық тәжірибені табиғи тәжірибемен алмастырады.Тәжірибеде арнайы мектептегі қазақ тілін оқытудың теориялық және практикалық негіздерінің бірі болып табылады.

3. Ғылыми зерттеу әдісі ретінде оқушыларды қазақ тіліне оқыту барысында бақылау әдісі қолданылады. Ғылыми дәлелдемелерді бұл әдіс тек ұзақ уақыт қолданған жағдайда ғана нақты нәтиже береді. Осы әдіс көмегімен оқушылар және түрлі топтардың мүмкіншіліктері жайлы мағлұмат алуға болады. Ойын әрекеттерін қолданған кезде оқушылардың белсенділік деңгейін анықтауға болады. Бақылаулардың берілгендері хаттама негізінде жазылады. Бақылау тәжірибе сияқты басқа әдістемелермен бірге қолданыла береді.

4. Ғылыми зерттеулерде бақылаумен қатар балалардың жұмыстарын және құжаттарын зерттеу әдісі де қолданылады. Жазбаша жаттығуларын талдау, шығармаларын, мазмұндамаларын, бақылау жұмыстарын, диктанттарын талдау, оқушылардың жұмысқа деген дайындығын әр сабақ үстіндегі мүмкіншіліктерін анықтауға көмек береді. Балалардың жұмыстарын тексеруін және анамінездік құжаттарын зерттеу жеке топтардың ерекшеліктерін анықтауға және түзету жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша бірінші, екінші сынып ақыл-ойы кем оқушылардың жазбаша жұмыстарын зерттей келе, оқушылардың сенсомоторлық деңгейі мен қателердің арасындағы байланысты анықтады. Анықталғандар ақыл-ойы кем оқушыларды фонетикалық жазуға үйретуге мумкіндік береді.

5. Ғылыми әдістемелік әдебиеттерді талдау. әдеби құралдарды зерттеу өткен замандағы әдістемеде берілген тақырыптың қандай түрде болғанын білуге мүмкіндік береді. Әдебиетті талдау пәнге арнайы жолдарды табуға көмектеседі. Әдебиетті талдау негізінде және тәжірибенің бар болуы гипотезаға алып келеді. Қазіргі таңдағы әдістеменің негізгі міндеті заңдылықтарды зерттеу негізінде және осы мақсатпен өзіндік концептуалдық жүйені қалыптастыру болып табылады.

6. Әдістеме білімнің бір бағыты ретінде арнайы педагогика, психология, олигофренопедагогика, логопедия, лингвистика бастауыш мектептегі қазақ тілін оқыту әдістемесі т.с.с. пәндермен тығыз байланыста болады. Осы ғылымдардың негізі ретінде қазақ тілінің арнайы әдістемесі анықталады. Ол жалпы объектілер жайлы мағлұматты солардан алады. Ең алдымен ғылыми зерттеулер бойынша қазақ тіліне оқытудың әдістемесін олигофренопедагогикамен байланыстырады. Ақыл-ойы кем тұлғаларды оқытуды сонымен қатар фонетика, графика, лексика, грамматика, орфографияның негіздері қолданылады. Балалар меңгеретін морфологиялық, тарихи және фонетикалық жазбаларды қабылдау үшін жүргізілетін жұмыстар әр түрлі жүйеде болады. Сөйлеу тілін қалыптастыруға арналған грамматикалық материал таңдап алынады және ол практикалық түрде болады. Өзінің практикалық бағытында арнайы әдістеме жалпы мектептің орыс тілінде қолданылдатын ұсынуларды қарастырады. Бұл екі әдістеменің байланысы Л.С.Выготский айтып кеткен қалыпты жағдайдағы бала мен ақыл-ойы кем баланың даму заңдылықтарын бірлігі жайлы. Қалыпты деңгейдегі баланың дамуы мен дамуы зақымдалған баланың дамуының жалпылығы кейбір жеке қағидаларды ерекшелейді.

Арнайы әдістемеде мынандай жалпы әдістер қолданылады. Мысалы, әңгімелесу, мұғалімнің әңгімесі, бөлшектеп- ізденіс әдісі, бағдарламалы оқыту, жаттығудың түрлері:ескертпе, түсіндірме,шығармашылық,шығарма, диктант, мазмұндама. 60-жылдардан бастап арнайы мектеп тәжірибесіне жалпы мектеп тәжірибесіне секілді келесі жұмыс түрлері енгізілді: «Өзін-өзі тексеру» диктанты, өзбеттілік диктан, мәндеу диктанты. Сонымен қатар ақыл-ойы кем балалардың аномальды түрде дамуы барлық қолданылатын әдістер мен құралдардың кемістіктерін түзеруге бағытталғанын талап етеді. Сондықтан да, әдістемелік ұсынулар арнайы мектеп жағдайында практика мен эксперименттен өтеді, соңында олардың қолданбалығы мақұлданады не мақұлданбайды. Егер де ұсыну қайта қарастыруды талап етсе, онда қосымша бағыттар мен деңгейлер, оқушыларды берілген әдістер мен тәсілдерді меңгеруге бағытталған дайындық жүйесі дайындалады. Мысал ретінде сауаттылыққа үйретудің аналитико-синтетикалық әдәсін қарастыруға болады, ол қалыпты жағдайдағы балаларды әліппеге оқыту кезеңінде қолданылады. Ақыл-ойы кем балаларды осы әдіспен экперименталды түрде оқыту, жетістікке тек дұрыс және түзету негізінде ұйымдастырылған жағдайда ғана жетуге болатынын көрсетті. Әсіресе дыбыстарды және әріптерді оқыту кезінде жұмыс көлемін көбейту, оқыту мерзімін ұлғайту сияқты зерттеулер мен өзгертулерді талап етеді.




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 177 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав