Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жарқырау

Нүктелік емес жарық көздерінің бірлік бетінен барлық бағытта шығатын жарық ағынын жарқырау деп атайды. Өлшем бірлігі.

.

Дербес емес жарық көздерінің жарқырауы олардың жарықталуына тура пропорционал болады.

 

мұндағы:- шашырау коэффиценті,.

 

27.4.Жарықтылық

Нүктелік емес жарық көздерінің бірлік бетінен бірлік денелік бұрыш бағытында шығатын жарық ағынын жарықтылық деп атайды. Өлшем бірлігі

,

мұндағы: бетке тұрғызылған нормаль мен жарық сәулесі арасындағы бұрыш.

Жарық күшінің анықтамасын ескерсек

.

Жарықтылығы барлық бағытта бірдей жарық көздерін ламберттік немесе косинустық жарық көздері деп атайды.

Жарық шығаратын дененің жарқырауы оның жарықтылығына тура пропорционал болады.

.

Жарық ағынын өлшейтін құрал фотометр деп аталады.

Монохромат сәуле (грекше монo және chroma – түс) – белгілі бір және тұрақты жиіліктегі электрмагниттік сәуле. “ Монохромат сәуле ” термині жарық [[|толқын|толқындары]] жиілігіндегі айырмашылықты адам көзінің түстің өзгешелігі ретінде қабылдауына байланысты шыққан. Дегенмен 0,4 – 0,7 мкм интервалда жататын көрінетін диапазондағы элетр-магниттық толқындардың өзінің табиғаты жағынан басқа диапазондағы (инфрақызыл, ультракүлгін, рентгендік, т.б.) көзге ешқандай түс сезімін туғызбайтын элетр-магниттық толқындардан айырмашылығы жоқ. Максвелл теңдеулеріне негізделген элетр-магниттық сәуленің теориясы кез келген Монохромат сәулені шексіз ұзақ уақыт бойы амплитудасы мен жиілігі өзгермейтін гармониялы тербеліс ретінде сипаттайды. Элетр-магниттық сәуленің жазық монохромат толқыны кеңістіктің кез келген нүктесінде параметрлері өзгермейтін және уақытқа байланысты бұлардың өзгеру заңы белгілі толық когеренттік өрістің мысалына жатады. Бірақ сәуле шығару процестері әрқашан уақыт бойынша шектелген, сондықтан да “ монохромат сәуле ” ұғымы идеалдандыру болып есептеледі: ал шындығында нағыз Монохромат сәуле табиғитта кездеспейді. Нағыз табиғи элетр-магниттық сәуле әдетте амплитудалары, жиіліктері, фазалары, поляризациясы және таралу бағыты кездейсоқ өзгеретін монохромат толқындардың қайсыбір жиынтығынан тұрады. Бақыланатын сәуленің жиіліктері жататын интервал неғұрлым тар болса, соғұрлым оның монохроматтық дәрежесі жоғары болады. Спектрлік интервалы жіңішке, жуық түрде бір жиілікпен (немесе толқын ұзындығымен) сипаттауға болатын сәуле, әдетте Монохромат сәуле деп саналады. Жиіліктердің жіңішке интервалы реал сәуледен монохроматор деп аталатын прибор көмегімен бөлініп алынады. Монохроматтық дәрежесі жоғары сәулені лазердің кейбір түрлері (сәулелерінің спектрлік интервалының ені 10–6 Е-ге жетеді, яғни ат. спектрлік сызықтарының енінен әлдеқайда жіңішке) шығарады.[1]

Фотометрия деп оптиканың жарық толқындарының толқын ұзындықтары 380 нм-ден 760 нм аралығында тасымалдайтын энергиясын өлшейтін және оның адам көзіне тигізетін әсерін зерттейтін саласын айтады. Жарық толқындары тасымалдайтын энергияны екі тұрғыдан бағалауға болады:

Фотометрияның энергетикалық шамалары. 1 бірлік уақыт ішінде S аудан арқылы өтетін жарық энергиясының мөлшерін жарық ағыны деп атайды, яғни:

мұндағы Ф – жарық ағыны, W жарық энергиясының мөлшері, t-уақыт.Сәулелену шоғының өлшемі ватт (Вт). Энергетикалық жарқырау (сәулеленгіштік) Re жарқырау дегеніміз бет шығаратын сәуле ағынының осы ағын өтетін беттің қимасының S ауданына қатынасына тең шама. (беттік сәуле ағынының тығыздығы) Энергетикалық жарқыраудың өлшем бірлігі – (Вт/м2).

жарықтың энергетикалық күші (сәулелену күші) Ie нүктелік көздің сәулелену ағынының осы шоқтар тарайтын ω денелік бұрышқа қатынасына тең шама. Жарықтың энергетикалық күшініңваттың стерадианға қатынасы (Вт/ср).

Энегетикалық жарықтылық (сәулелену) Вe, — Жарық шығарып тұрған беттің жарықтың ΔIe энергетикалық күшінің бақылау бағытына перпендикуляр ΔS қатынасына тең шама. Энергетикалық жарықтылықтың өлшем бірлігі ваттың стерадиан-метр квадратқа қатынасы Вт/(ср-м2).

Энергетикалық жарықталынужарықталынатын бірлік бетке түсетін сәулелену ағынымен сипатталады. Энергетикалық жарықталынудың өлшем бірлігі —ватт бөлінген метр квадрат (Вт/м2).

Фотометриядағы жарықты сипаттайтын шамалар:

Оптикалық өлшеулерде қолданылатын әртүрлі қабылдағыштар ерекше талғамды қажет етеді. Олардың әрқайсысы үшін әртүрлі толқын ұзындығының энергиясына деген сезімталдығының әртүрлі қисығы сәйкес келеді.

Жарықты өлшеу объективті энергетикалық өлшеулерге қарағанда субьективті. Олар үшін тек көрінетін жарық үшін қолданылатын жарық бірліктері енгізіледі.

Халықаралық бірліктер жүйесіндегі негізгі жарық бірлігі – кандела (кд). Ол жиілігі 540-1012 герц, энергетикалық күші болатын жарық күші.

Жарық ағыны Ф-тің (оптикалық сәулелену қуаты) бірлігі - Люмен (лм): 1Люмен депжарық күші 1кд болатын нүктелік көздің 1ср денелік бұрыш ішінде шығаратын жарық ағынын айтады. (1лм=1кд-ср).

R жарық шығарғыштық деп жарқырап тұрған ауданы S – болатын беттің қосынды ағынын айтады.

Жарық шығарғыштық өлшем бірлігі люменнің метр квадратқа қатынасы (лм/м2).

Қандай да бірφбағытындағы жарық шығарыптұрған беттің жарқырауыдеп I жарық күшінің S ауданшасының таңдап алынған бағытқа перпендикуляр бағытқапроекциясының қатынасына тең шаманы айтады.

Жарқыраудың өлшем бірлігі канделаның метр квадратқа қатынасы (кд/м2).

Жарықталыну Е — деп S ауданға түсіп тұрған Ф жарық ағынының осы ауданға қатынасын айтады.

Жарықталынудың өлшем бірлігі люкс (лк): 1Люкс деп 1м2 – ауданға 1лм ағын түсіп тұрған жарықталынуды айтады. (1лк=1лм/м2)

 

Жарық табиғатын анықтаудан бұрын мына заңдылықтар белгілі болған:

Жарықтың түзу сызықты таралу заңы — жарық оптикалық біртекті ортада түзусызықты таралады. Жарық сәулесі деп — бойымен жарық энергиясы тасымалданатын сызықты айтады.. Біртекті ортада жарық сәулесі түзу сызықты болып келеді. 1.2-сурет

Жарық шоқтарының тәуелсіздік заңдылығы —

Жекелеген шоқтардың әсері-онымен бірге басқа шоқтарда әсер етіп тұр ма әлде жоқ па, одан тәуелсіздігі жөніндегі тұжырым.

Жарықтың шағылу заңы — шағылған сәуле, түскен сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Шағылу бұрышы i1, түсу бұрышы i2 -ге тең болады.

i1= i2

Жарықтың сыну заңдары — түскен сәуле; сынған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 137 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав