Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АЗАҚСТАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДА

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  6. М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
  7. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
  8. Тақырып 6. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (ҮІ-Х ғғ.)

Түрік қағанаты (552-603 жж.). Евразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Түріктер тарихы және ғұндар мемлекеті. Түріктер және ғұндардың мемлекеттік, мәдени дәстүрлері. Қазақстан Түрік қағанатының құрамында. Қағанат шекараларының Иранға, Солтүстік Кавказға және Қара теңіз жағалауларына дейін ұлғайтуы. Византия, Иран және Қытаймен қарым-қатынасы. Қағанаттың екіге бөлінуі. Батыс-Түрік қағанатының (603-704 жж.) саяси тарихы. Соғыс-әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылымы. Тайпалық иерархия. Батыс-Түрік қағанатының әлсіреуі. Әулеттердің ауысуы.

Түркеш қағанаты (704-756 жж.) Түркештердің Орта Азиядағы Таң әулетімен, арабтармен күресі. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда. Қытай шапқыншылығы. 751 ж. Таластағы тарихи шайқас. Түркеш қағанатының құлауы. Осымен Түрік қағанаты тарихы аяқталды, оның орнына Жетісуда Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.), Сырдарияда Оғыздар державасы (ІХ ғ. басы ХІ ғ.) құрылды. Қарлұқтар, оғыздар, қимақтар-ерте түрік мемлекеттік дәстүрлерді жалғастырушылар. Қарлұқ мемлекеті (776-940 жж.). Мемлекеттің Жетісуда құрылуы. Тайпалық құрамы, олардың орналасуы. Саманиттермен күрес, ислам шекарасының Талас аумағына дейін тарауы. Басқарудың соғыс-әкімшілік сипаты. Шаруашылығы. Қалалары мен қоныстары. Рухани мәдениеті. Әскери ақсүйектердің исламға бағыт ұстауы. Өзара қырқыстың күшеюі.

Оғыздар. Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы-ХІ ғ. басы). Оғыздардың печенек тайпаларын Сырдария аңғарынан, Арал жағалауларынан ығыстыруы. Оғыздар мемлекетінің құрылуы. Оғыздардың қимақтармен, қарлұқтармен, хазарлармен, болғарлармен этносаяси байланыстары. Тайпалық құрамы және орналасуы. Қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы, қоныстары, қалалары. Сауда мен қолөнердің дамуы. Сельджуктермен күрес және өзара қырқысудың күшеюі. Оғыз джабғасының саяси тұғырының әлсіреуі.

Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы- ХІ ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Қимақ қоғамында ерте түрік дәстүрлерінің дамуы. Тайпалық құрамы және орналасуы. Қимақтардың, қыпшақтардың, құмандардың тайпалық бірлестіктерінің қимақтар қағанатының саяси тәуелділігі. Көрші халық-тармен саяси және этномәдени байланыстары. Қоғамдық құрылысы, шаруашылық типтері, қалалары, сауда. Қыпшақтардың әскери ақсүйектерінің күшеюі. Қағанаттың құлауы.

ҮІ-Х ғғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі.

Көшпелі өркениет, оның дамуыныңөзіндік ерекшеліктері. Шаруашылық-мәдени типтері: мал бағу, егіншілік. Қазақстандағы Жібек жолы, оның бойындағы қалалар мен қоныстар. Дала мен қала. Ерте түрік жазуы және түрік мәдени ескерткіштері. Христиандық, ислам және мұсылман мәдениетінің тарауы: буддизм, манихейлік. Көрнекті жазушы Иолық Тегін, аса көрнеті ғалым әл-Фараби, ғалым және жазушы Жанах әл-Қимақи.

Дамыған отрағасырлардағы мемлекеттер (ХІ ғ. басы-ХІІІ ғғ.)

Қарақан мемлекеті (942-1210 жж.). Қашқар мен Жетісу территорияларында қағанаттың пайда болуы. Қазақстандағы тұңғыш мұсылман мемлекеті. Оңтүстік Қазақстан қарахандықтардың қол астында. Қарахандықтардың саяси билігінің Мавреннахрға таралуы. Сельджктермен, хорезмшахтармен, қыпшақтармен саяси байланыстары. Өкімет құрылысының иерархиялық жүйесі. Көшпелі дәстүр және отырықшы егіншілікпен мұсылман мәдениетін игеру. Қала және сауда. Егіншіліктің, отырықшылықтың дамуы. Басқарудың әскери тайпалық әкімшілік жүйесі. Қарақытайлардың саяси үстемдігінің қарахандықтарға таралуы.

Қарақытай (1128-1213 жж). Шығыс Қарахан қағанатын қарақытайлардың басып алуы. Қарақытайлардың саяси ықпалдарының Мавренахрға тарауы. Қоғамдық құрылысы және шаруашылығы. Қарақытайлар билігінің құлауы.

Найман және кереит ұлыстары. (ХІІ ғ. басы-ХІІІ ғ.). Орталық Азияда наймандар мен кереиттер тайпалары конфедерациясының қалыптасуы. Қоныстануы. Христиандықтың тарауы. Наймандар мен кереиттерде мемлекеттің құрылуы. Шыңғысханның кереиттер мен наймандар ұлыстарын талқандауы. Наймандардың Жетісуда өрлеуі. Наймандардың монғолдардан жеңілуі.

Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы-1224 ж.). қыпшақтар Қимақ мемлекетінің мұрагерлері. Оғыздарды Сырдариядан ығыстыру. "Дешті қыпшақ" термині уақыт пен кеңістікте. Қыпшақтардың тайпалық құрамы және оның иерархиясы. Көрші халықтармен, мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Мемлекеттің екі бірлестікке бөлінуі. Қыпшақтардың хорезмшахтармен күресі. ХІ-ХІІ ғасырларда Қыпшақ хандығында қазақ халқының этникалық негізі қалыптасуы. Қыпшақ халқының өзінің қалыптасу құрамының аяқталу кезеңін Шыңғысхан шапқыншылығының үзуі. Шаруашылығы. Тілі. Мәдениеті. Қыпшақ хандығының құлауы.

ХІ ғ. басы мен ХІІ ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуы. Көшпелі мал өсірушілік қоғамдағы шаруашылық мәдениет типтері. Оңтүстік, Шығыс, Орталық және Батыс Қазақстанның қалалары. Сәулет өнері. Қолөнер, сауда, ақша айналымы. Ұлы Жібек жолы және оның Қазақстан территориясындағы тармақтары. Қазақстан халықтары мен тайпаларының рухани мәдениеті. Діни наным сенімдері және табыну. Мұсылман мәдениеті жүйесіндегі Қазақстан халықтары. Исламның көшпелілер арасына тарауы. Қазақстан халықтары мен тайпаларының Шығысындағы мұсылман елдерімен, басқа да алыс-жақын елдермен мәдени және саяси байланыстар жасауы және ұлғаюы.

Ауызша шығармашылық және жазбаша мұсылман түрік мәдениеті. Ғалымдар мен ойшылдар Махмуд Қашқаридің, Жүсіп Баласағұнның, Ахмед Жүгенекидің, Қожа Ахмед Яссауидің еңбектері.

Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (ХІІІ ғ.).

Алтын Орда (1243-ХҮ ғ. ортасы). Монғол империясының құрылуы. Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында. Батиханның Шығыс Еуропаға жорығы. Алтын Орданың құрылуы. Ұлыстық жүйенің дамуы. Алтын Орданың билеушілері. Исламды мемлекеттік дін есебінде қабылдау. Алтын Орданың Мамлюк мемлекетімен этносаяси байланыстары. Темірдің Алтын Ордаға жорығы. Алтын Орданың әлсіреуі және құлауы. Ұлыстық күрес. Шағатай мемлекетінің құрылуы.

ХІҮ-ХҮ ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер Көк Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Көк Орда (ХІІ ғ. соңы ХҮ ғ. басы) жергілікті этникалық негізде біріккен тұңғыш ірі мемлекет. Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес. Орта Азиямен, Хорезммен байланыс. Сырдария бойындағы қалалар үшін ттимуридтермен күрес. Биліктің Шаибанилерге көшуі.

Моғолстан (ХІҮ ғ. ортасы-ХҮІ ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Территориясы мен этникалық құрамы. Мұсылмандықтың таралуы. Темірдің Моғолстанға жорығы. Моғолстан мен Көк Орда билеушілерінің Темірге қарсы одағы. Моғолстанның Темірге вассалдық тәуелділігі. Мұхаммад хан тұсындағы биліктің нығаюы. Монғол ойраттарының соғыс рейдтері. Моғолстанның әлсіреуі және құлауы.

Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.) немесе Әбілхайыр хандығы. Территориясы және этникалық құрамы. Әбілхайырханның Орта Азияға соғыс жорықтары. Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес. Әбілхайырдың ойраттардан жеңілуі (1457 ж.). Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1459 ж.). Хандықтың ыдырауы.

Ноғай ордасы (Маңғыт үйі)- ХІҮ ғ. соңы- ХҮ ғ. Территориясы және этникалық құрамы. Ноғай ордасын билеушілер. Ноғай Ордасының шектес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Ноғай Ордасының ыдырауы.

Сібір хандығы (ХҮ ғ. соңы-ХҮІ ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Территориясы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы.

Қазақ халқының құралуы. "Қазақ" этнонимі. Қазақ жүздері.

Қазақ халқының құралуының тарихи алғы шарттары. Ертедегі, ерте және дамыған ортағасырлардағы этникалық үрдістер. Монғол кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы. Қазақ халқы қалыптасуының үрдісі. Этникалық территорияның және бірыңғай тілдің қалыптасуы. Шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттің ортақтығы. Мемлекеттің құрылу факторі және оның этникалық үрдіске ықпалы. Жазба деректерде "қазақ" терминінің тұңғыш рет кездесуі. Оның әлеуметтік мәні. "Өзбек" және "Қазақ" ұғымдарының арақатынасы. "Қазақ" этнонимі осы халықтың нағыз аты. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторларының әсер етуі. Жүздер-қазақтардың этнотерриториялық бірлестіктері. Ұлы, Орта және Кіші жүздердің пайда болуы.

ХҮ-ХҮІ ғғ. Қазақ хандығы.

Қазақ хандығының құрылуы (1466 ж.). Қазақ хандығы саяси үстемдігінің Шығыс дешті-қыпшаққа тарауы. Керей мен Жәнібек алғашқы қазақ хандары. Бұрындық пен Қасымның Шайбаниге және Ноғай ордасының мырзасына қарсы күресі. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі.

Қазақ хандығының күшеюі. Қазақ хандығының ХҮІ ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Рулық тайпалық құрамы. Шаруашылығы: мал өсірушілік, егіншілік, қалалары, сауда. Сырдария жағалауындағы жерлердің саяси және экономикалық маңызы. Мұхаммад Шайбанидің Қазақ хандығына қарсы жорықтары. Шайбани ханның өлуі.

Моғолстанның саяси тұғырларының әлсіреуі. Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең күшті мемлекеттердің біріне айналуы. Жетісуды қазақ хандығы территориясына қосу. Қасым хан тұсында хандықтың территориясының ұлғаюы. Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы. ЗҮІ ғасырдың екінші ширегіндегі Қазақ хандығы. Тақ үшін күрес. Қазақ хандығының Моғолстанмен өзара қарым-қатынасы. ХҮІ ғ. ортасына қарай хандықтың әлсіреуі. Қазақ-ноғай қатынастары.

ХҮІ ғ. екінші жартысындағы Қазақ хандығы. Хақназардың басқаруы. Қазақ-ойрат қатынастары. Қазақ-ноғай байланыстары. Қазақ хандығы және Маверенахрдағы Шайбанидтер. Қазақ хандарының Бұхар мен Сібір хандығының одағына қарсы күресі. Ташкент көтерілісінің Қазақ хандығы мен Маверенахрдың өзара қарым-қатынасына әсері. Аштарханидтердің Орта Азиядағы билік басына келуі.

ХҮІІ ғ. және ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы.

ХҮІ ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Қазақ және Бұхар хандықтары арасындағы қарым-қатынас. Қазақ хандығы және Шығыс Түркістандағы феодалдық иелік. Қазақ-жоңғар қатынастары. Жоңғар хандығының пайда болуы, оның басқыншылық саясатының басталуы. ХҮІІ ғ. екінші жартысындағы қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі. Қазақ қоғамында батырлар мен билердің ықпалының өсуі. Жәңгір тұсындағы қазақ хандығы. Тәуке ханның басқаруы. Қазақ-Жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның "Жеті жарғысы". Төле би, Әйтеке би.

Қазақстанның ХІҮ ғасырмен ХҮІІІ ғғ. бас кезіндегі мәдениеті.

Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Үй жануарларының селекциясы. Еңбек құралдары. Қарулар. Қолөнер және үй кәсіпшілігі. Саудасы және сауда жолдары.

Халықтың рухани мәдениеті. Әдет-ғұрып және нанымы. Наурыз. Діни және басқа да мерекелер. Діни сенімі. Халықтың ауызша шығармашылығы. Ойшылдар. Ақындар және жыраулар: Майқы би, Асанқайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, марқасқа, Ақтамберді. Олардың мұраларының негізгі идеалары.

Қазақстанның қалалық мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы. ХҮІІ ғ.-ХҮІІІ ғ. басында мәдениеттің кері кетуі, оның себептері.

Тарихты ауызша айту (тарихи дәстүр), оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша тарихнама, Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.

 

ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (ХҮІІІ-ХХ ғғ.)

ХҮІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан.

Қазақстанның жаңа заманға өтуі: мәселенің теориялық аспектілері. Дәуірлеу. Тарихнамасы мен деректері.

Қазақстанның халықаралық жағдайы: ерекшеліктері мен келешегі. Қазақстан Орталық Азия жүйесінде.

ХҮІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қазақстанға жасалған жоңғар шапқыншылығы. "Ақтабан шұбырынды". Қазақ-жоңғар соғыстары. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ қоғамының топтасуы. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының жасақтарын басқарған қолбасшылар мен идеологтар. Бұланты Аңырақай шайқастары. Жоңғар шапқыншылығының зардаптары. Қазақ-жоңғар соғыстарының халықтың ауызша тарихи жырларындағы көрінісі.

Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында.

ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынасының алғышарттары. ХҮІІІ ғ. бірінші ширегіндегі қазақ-орыс қарым-қатынасы. І Петр патшаның "Шығыс саясаты" жүйесіндегі Қазақстан. Казак отарлауы.

Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы: тарихнамасы және деректер. Әбілхайыр хан мемлекеттік, саяси қайраткер және қолбасшы. ХҮІІІ ғ. екінші ширегіндегі Ресейдің сыртқы саясаты шеңберіндегі Қазақстан.

Қазақстанда отаршылдық кезеңнің басталуы.

Проблеманың тарихнамасы. Деректер.

ХҮІІІ ғ. екінші ширегіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуы.

Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси дамуындағы өзгерістер. Циндік Қытай және Жоңғария. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясаты.

Абылай хан дәуіріндегі Қазақстандағы мемлекеттілік. Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Абылай хан саяси және мемлекеттік қайраткер, оның саяси тәуелсіздікке, егемендікке ұмтылуы. Абылайдың Ресеймен, Цин империясымен қарым-қатынасы.

Қазақ қоғамының әлеуметтік дамуы. ХҮІІІ ғ. соңындағы Орталық Азиядағы геосаяси жағдайлардың динамика мен трансформациясы. ХҮІІІ ғ. соңындағы Қазақстанның сыртқы саяси жағдайларындағы өзгеріс.

ХҮІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан және Орта азиялық мемлекеттер. Абылай ханның мұрагерлері басқару дәуіріндегі (ХҮІІІ ғ. 80 жылдарынан 1821 ж. Дейін) Орта Азия территориясындағы саяси ситуация. Ресей және Англияның отаршылдық экспанциясы жағдайында Қазақстан мен Орта Азияның егемендік пен тәуелсіздікті сақтап қалу проблемалары. Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы. ХҮІІІ ғ. мен ХХ ғ. басы аралығында қазақ халқының егемендігі мен мемлекеттілік тәуелсіздігінен айырылған кездегі ұлт-азаттық қозғалысы. Негізгі кезеңдері, қорытындылары, проблемалары.

Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының бірінші кезеңі (1731-1837 жж.). Қазақтардың Ресейдегі азаттық қозғалыстарға қатысуы. Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы, Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілістер. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың басталу кезеңінің идеологиялық ерекшеліктері мен өзіндік ерекшеліктері.

 

ХІХ ғасырдағы және ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 94 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав