Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арында астың қорытылуы және оның жасерекшеліктері

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  6. Ағымдық және жедел жоспарлау
  7. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  8. Абілет және нышан
  9. Абсолютті және қатыстық шамалар
  10. Абылдау және оның физиологиялық негізі

Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға барып жеткеннен кейін қарындағы астың қорытылуы басталады. Бұл жерде ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етеді. Қарын сөл і н і ң құрамында 0,35-0,5 %-дық тұз қ ы ш қ ы л ы, органикалық заттар мен хлордың, фосфордың натрийдің және күкірттің тұздары болады. Қарын сөлінің 98,5-99 % -су, 0,2-0,3 % органикалық заттар, қалғандары — тұздар. Қарын сөлінің белсенді рН реакциясы — қышқыл болады. Қарын сөлінің реакциясы тамақтың түріне байланысты, мысалы, ет жегенде сөлдің қышқылы 0,56 %, сүт ішкенде 1,48-0,50 %, нанға 0,45-0,49 % болады.

Органикалық заттарға ферменттер, азотты қосылыстар жатады.

Сөл құрамында белокты ыдырататын п е п с и н, сүт казеинін үйытатын х и м о з и н (мәйек), майды қорытатын л и п а з а ферменттері болады.

Түз қышқылы ас түйіршіктерін ұсақ тап, майдалап, ферменттердің, әсіресе пепсин мен липазаның әсер етуіне дайындайды.

Пепсин рН реакция 1,5-2,5, яғни қышқыл ортада ғана белсенді қызмет атқарады. Пепсиннің әсерінен ірі молекулалы белок ыдырап, ұсақ молекулалы пептон мен альбумозаларға айналады. Қарында барлық белоктар қорытылады, соның ішінде тамақпен бірге енген бактериялар да қорытыла бастайды, яғни қарын сөлі қорғаныс қызметін де атқарады. Қарын сөлі ұзақ тұрғанда бүлінбейді, шірімей, ашық тұра береді. Химозин сүтті ұйытады, сондықтан жаңа туған балалардың асты қорытуында оның маңызы үлкен.

Қарын сөлінің құрамындағы липаза ферменті ұсақ молекулалы, айталық жұмыртқаның сары уызындағы, ана сүтінің құрамындағы майды ғана қорытады. Ол майды глицерин мен май қышқылына дейін ыдыратады.

Бұл ферменттің әсер етуі үшін түз қышқылы астың құрамындағы майды ұсақ май тамшыларына айналдырады.

Қарын сөлінде амилаза ферменті болмаса да, ауыз қуысында қорытыла бастаған көмірсу сілекей амилазасының әсерінен ас қоймалжыңының ортасында әрі қарай қорытылады.

Қарын сөлінің асты қорыту күші тамақтың құрамына байланысты. Оның қорытқыш күші өсімдіктен жасалған тағамдарды жегенде жоғары болады, өйткені өсімдік белоктарының қорытылуы қиын. Майлы тағамдар қарында ұзақ уақыт қорытылады. Жалпы алғанда қарын сөлінің мөлшері, құрамы, асты қорыту күші адамның тамақ қабылдау кестесіне, тамақтың түрлеріне, жасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты. Қарында ас шамамен 3-4 сағаттан 10-11 сағатқа дейін болады.

Баланың қарнының кілегей қабаты нәзік, қан тамырларына бай, бірақ сөл шығаратын бездері аз болады, сыйымдылығы да кішкентай: 6 айлық баланың қарынының аумағы не бары 250- 300 мл.

Қарын сөліндегі тұз қышқылы мен ферменттердің күші 1 жасқа дейінгі балалардың сөлінде төмен болады да, содан кейін күшейе бастайды. Оның есесіне химозин ферменті өте белсенді болады, ал ересек адамда оның белсенділігі төмен. Емшектегі баланың сөлінің рН реакциясы жоғары. 1 айда — 5,84; 3-7 айда — 4,94; 7-9 айда — 4,48. 9 айдан аса -3,76-ға тең болады. Сондықтан сөлдің құрамындағы рН =2,0 болғанда белсенді болатын пепсин ферментінің қарындағы асты қорытуда рөлі төмен болады. Сондықтан емшектегі балаларға сиыр сүтін, немесе басқа жасанды сүттерді көп бергенде д и а т е з — бет терісінде қызғылт қышыма қабыршақтар пайда болады. Бұл баланың қарын сөлінің ферменттік белсенділігінің төмен екенін білдіреді.

Қарын сөлі қарынның кілегей қабатындағы без клеткаларында өндіріледі. Қарынның 1 мм2 кілегейлі қабатында жүз шақты бездер болады.

Қарын қуысындағы ас қоймалжыңы х и м у с деп аталады. Қарын қабырғасындағы еттер жиырылып және босап, қорытылған асты араластырады, химустың ортаңғы жағын шетіне шығарып, ферменттердің әсер етуіне ыңғайлайды. Сонымен қатар, қорытылған химусты қарынның төменгі ішек жағына айдайды.

Жаңа туған сәбидің қарыны құрсақ қуысында көлденеңдеу орналасқан. Ересек адамда ол тік орналасқан. Қарынның пішіні де жасына байланысты әр түрлі: 1,5 жасқа дейін дөңгелек, 2-3 жаста алмүрт іспетті, 7 жаста ересек адамның қарынындай болады. Баланың жасына сай оның сиымдылығы да өзгереді: жаңа туған сәбиде 30-35 мл, 1 жаста он есе өседі, 10-12 жаста — 1,5 л. Ересек адамда -1,5-2 л. Бала туғаннан кейін оның қарынының ет қабаты мен кілегейлі қабаты күшті өзгереді. Сәбилердің қарынының ет қабаты әлсіз, без клеткалары нашар дамыған және аз болады. Қарын сөліндегі ферменттердің белсенділігі ересектерден анағүрлым төмен. 1,5-3 жаста, 5-6 жаста және 12-14 жаста белокты ыдырататын ферменттер, 15-16 жаста түз қышқылының мөлшері көбейеді. Балалардың қарын сөліндегі тұз қышқылының концетрациясы аз болғандықтан қарын сөлінің бактерицидтік қабілеті 6-7 жасқа дейін нашар болады да, ішек-қарын инфекцияларына қарсы күрес нашарлайды. Баланың осіп, дамуына байланысты қарын сөлінің мөлшері көбейіп қана қоймай, ферменттердің белсенділігі артып, жоғарғы сынып оқушыларында ересектердегідей болады. Айта кететін жағдай, 10 жасқа дейін балалардың қарын қабырғасында сіңу ересектерден қарқынды болады. Ал ересек адамдарда сіңу, негізінен, ащы ішекте ғана болады дей аламыз.




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 76 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав