Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстандағы балалар хирургиясының даму тарихы.

Читайте также:
  1. Азақстандағы орма өсетін аймақтар?
  2. Азіргі заманғы ғаламдық экологиялық және экономикалық проблемалар, олардың Қазақстандағы ерекшеліктері
  3. Антты диабеттің балалар ауыз қуысындағы көріністері, диагностикасы, емдеу нұсқаулары.
  4. Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері. Ата- ана құқығынан айыру.
  5. Балалар хирургиясының ерекшеліктері.
  6. Балаларда бұлшықет сүйек жүйесінің даму ақаулары және зақымдалуы.
  7. Биоэлектрлік құбылыстардың ашылу тарихы.
  8. Гендерлік лингвистиканың қалыптасу тарихы.
  9. Жасқа дейінгі балаларға арналған газ қағарлар:Балаларға арналған фильтрлік противогаз-Ш. ПДФ-Ш.

Балалардың бойындағы туа біткен және жүре пайда болған аурулар мен кемшіліктердің пайда болу себебін (этиологиясын), дамуын (патогенезін), белгілерін (клиникасын), анықтау тәсілдерін (диагностикасын), емдеу жолдарын зерттейтін және оларды операция жасау арқылы емдейтін ілімді балалар хирургиясы ілімі деп атайды. Балалар хирургиясы жалпы дені сау нәрестелер мен сәбилердің қалыпты анатомиясы мен физиологиясын, өсіп-өнуін зерттей отырып, олардың бойында кездесетін аурулардың алдын алумен, емдеу және қалпына келтірумен шұғылданатын педиатрия деп аталатын үлкен ғылыми медицина саласының ажырамас бір бөлігі.

Қазақ еліндегі балаларды операция жасау арқылы емдеу тәсілдері ертеден басталғаны анық. Мысалы, қол-аяқ сүйектері сынған сәбилердің сынықтарын орнына салу арқылы емдеуді халық арасынан шыққан емшілер, яғни сынықшылар, соқталы іріңді (абсцесс) жарып емдеуді оташылар, суық тиіп немесе iшінe жел қарысқан нәрестелерді емшілер емдегені бәрімізге белгілі.

Жалпы қазақ еліндегі медицинаның дамуы туралы әңгіме қозғаған кезде, бүкіл дүние жүзі ғалымдары терең білімінің алдында бас иген,пip тұтқан, «Адам ағзалары жайлы», «Жануарлар ағзалары жайлы», «Темпераменттер туралы», «Адам ағзалары жөнінде Аристотельмен алшактығы туралы Галеннің пікірінe қарсы жазылған трактат» атты, медицина іліміне тікелей қатысы бар ғылыми, зерттеу еңбектерін жазып қалдырған, бүкіл әлемдік дәрігерлер қауымының үлгі-өнегесіне айналған, сан гасырлар бойы барлық дәрігерлер оқулық ретінде пайдаланып келе жатқан «Медицина негіздері» деп аталатын, теңдесі жоқ бес кітаптың авторы, ұлы шипагер Әбу Әли Ибн-Синаның (Авиценна) ұстазы болған, Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» атанган, қазақ халқының ұлы перзенті, киелі бабамыз Әбунасыр Мухаммед Ибн Мухам­мед Ибн Ұзлаг ибн Тархан Әл Фарабидің атын ең бipiншi атап өткен жөн. Әбу Насыр Мұхаммед 870 жылы Түркстандағы Отырар (Фараб) қаласында туған, сөйтіп туған жерінің атымен Әл Фараби атанған. Медицина мен философиядан Багдатта білім алған. Аристотельдің логикалық шығармасы «Органонға» түсініктемелер жазып «Екінші ұстаз» деген, яғни бipiншi ұстаз Аристотельдің ізбасары деген ең құрметті мәртебеге ие болады (А. Көбесов, 1971; М. М Хайруллаев, 1975; Әл Фараби, 1994).

Ежелгі қазақ жеріндегі медицинаның дамуы туралы сөз болғанда, атын атамай кетуге болмайтын адамның бipеуi — ол XV ғасырда қазақ хандығын алғаш құрған Әз Жәнібек ханның тапсырмасы бойынша, артындағы ұрпағына «Шипагерлік баян» атты медициналық ғылыми кітап жазып қалдырған, ғұлама ғалым, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы екендігінде дау жоқ. «Шипагерлік баянды» оқып отырған адам, қазақ еліндегі шипалау ілімінің түп төркінi тереңде, ғасырлар қойнауында, тіптi Әл Фарабиден де әріректе жатқанына көз жеткізеді.

1940 жылы Қазақстан республикасының балалар хирургиясы жалпы хирургия және педиатриядан бөлініп жеке ғылыми-тәжірибелік пәнге айналды. Бұл жұмысты басқару ici, балалар хирургиясы бойынша Мәскеуден арнайы білім алып, маманданып, келген осы кафедраның ассистенті Евдокия Давыдовна Черкасоваға жүктеледі.

1957 жылы Алматы мемлекеттік медици­на институтының құрамында, 50 төсектік клиникалық базасы бар, алғашқы балалар хирургиясы кафедрасы ұйымдастырылды.

Ал 1964 жылы дәрігерлердің білімін жетілдіру институ­тында балалар хирургиясының доценттік курсы ашылады.

1968 жылы м.ғ.к., доцент Е.Д.Черкасованың зейнетке шығуына байланысты, кафедра мeңrepyшіci болып м.ғ.к., доцент К. С. Ормантаев бекітіледі. Дәл осы кезеңнен бастап Қазақстандағы балалар хи­рургиясы ілімінің дамуы жаңа бағытқа бетбұрыс жасайды. К. С. Ормантаев «Балалардың eкі өкпесінің созылмалы іріңді ауруларын хирургиялық жолмен емдеу» деген тақырыпта 1971 жылы Қазақстанда 6ipіншi болып 35 жасында диссертация қорғап, медицина ғылымының докторы, ал 1972 жылы профессор деген атаққа ие болады.

Осы арада Қазақстандағы педиатрияның, оның ішінде балалар хирургиясының дамуына үлкен көмек көрсетіп, зор үлестерін косқан, Ресей медицина ғылым академиясы (ол кездегі Кеңес Одағының) педиатрия ғылыми-зерттеу институтының директоры, академик М.Я.Студеникиннің, сол институттың балалар хирургиясы бөлімінің мeңrepyшici профессор А.Г.Пугачевты, балалар проктологы А. И. Ленюшкиннің, балалар хирургы, портальды гипертензия кеселінің қас шебepi А.Ф. Леонтьевтің, патоморфолог И.Н.Патапованың, уролог П.К.Яцыктың, нефролог В.И.Наумованың аттарын ерекше атап өткен жөн.

Сонымен қатар Қазақстандағы балалар хирургтерін дайындауда зор қолдау көрсетіп отырған Алматыға талай рет келіп, тәжірибелермен бөліскен РМҒА академигі, профессор С.Я. Долецкийдің, профессор Ю.Ф. Исаковтың, профессор, корреспондент мүшесі Э.А.Степановтың, Санкт-Петербургтағы педиатрия институтының балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.А.Баировтың есімдерін құрметтеп атаған дұрыс.

Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі К.С. Ормантаевтың Қазақстандағы балалар хирургиясының даму тарихында ғылыми, емдеу, педагогикалық және жалпы қызметінің алатын орыны.

Қазақстандағы балалар хирургиясының дамуына ерекше ықпалын тигізген, қазақ дәрігерлерінің арасынан көптеген ізбасар шәкірттер дайындаған, аты дүние жүзіне белгілі ғалым, қолы шебер балалар хирургы К.С.Ормантаевтың ұлы есімі қазақ медицинасының тарихында қалатынында күмән жоқ.

К.С.Ормантаев 1968 жылдан бүгінгі күнге дейін Қазақ мемлекеттік медицина универтитетінің балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі.

Кафедра ашылған күннен осы уақытқа дейін балалар хирургиясы саласын дамытуды дереу іске асыра бастады.

1981 жылы «Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» деген атақ алды.

1989 жылы Қазақстан Республикасы ғылым академиясының корреспондент мүшесі, 1994 жылы академигі болып сайланды.

1995 жылы Профилактикалық медицина Академиясының академигі және вице-президенті болды.

К.С.Ормантаев 110 медицина ғылымының кандидаты, 11 ғылым докторын дайындады. 13 ғылыми еңбектер мен конференциялардың жинағының, 7 монография, 42 өнертабыстың (изобретение), 1 патенттің және 310-ден астам ғылыми мақалалардың авторы.

Қазақстан региондарында қазіргі заманда балалар хирургиясы кафедралары бар: Астана қаласындағы ҚазММУ - кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор А.Е.Ерекешов; Ақтөбе қаласындағы ММУ - кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Б.К. Дженалаев; Қарағанды қаласындағы ММУ - кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор А.Б. Марденов; Оңтүстік ММУ - кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор А.Қ. Қарабеков. Қазақстанның барлық облыстық орталықтарында балалар хирургиясы бөлімдері бар. Сонымен қоса Алматы және Астана қалаларында Педиатрия және балалар хируругиясы Ғылыми орталықтары бар.




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 68 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав