Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница | Спросить на ВикиКак

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экологиялық факторлар.

Читайте также:
  1. Азіргі заманғы ғаламдық экологиялық және экономикалық проблемалар, олардың Қазақстандағы ерекшеліктері
  2. Аламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлері
  3. Лемдегі экологиялық жағдай және оны жақсартудағы биотехнологияның рөлі
  4. Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары. Фотопериодизм.
  5. Организмдердің температурағы байланысты экологиялық топтары.
  6. Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары
  7. Р негізгі экологиялық мәселесі неде
  8. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ...
  9. Экологиялық биотехнология туралы түсінік
  10. Экологиялық биотехнологияның ғылыми-зерттеу бағыттары және басқа пән ғылымдарымен байланысы және пәндермен бірлестігі

Тірі организмдерге әсер ететін ортаның элементтерін экологиялық факторлар д.а. Эк.ф-р организмдер мекендейтін ортасының жағдайын анықтайды. Кез-келген организмге қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді.Экологиялық факторлар тірі организмдердің тіршілігіне,санына,географиялық таралуына тікелей н\е жанама әсер етеді. Дәстүрлі жіктелу бойынша оларды: абиотикалық, биотикалық және антропогендік деп бөледі.

Абиотикалық факторлар – бұл тірі организмге әсер ететін қоршаған орта жағдайларының тірі емес компоненттері.Оған сыртқы ортаның физикалық, химиялық қасиеттері жатады. Мысалы, ауа райы, жылу, ылғалдық, қысым, жел күші, тұздылық. Абиотикалық факторлар популяциялық деңгейде, түрлік деңгейде, экологиялық жүйелер деңгейінде әсер етеді. Соның ішінде популяциялық деңгейде олардың нақты экологиялық жағдайларға бейімделуіне қарай стацияларға бөлінеді. Мысалы, солтүстікке қарай құрғақтау, өсімдік жамылғысын сиректеу, ал оңтүстікке қарай өсімдіктер жамылғысы қалың болып бөлінеді. Негізгі абиотикалық факторларға: жарық, температура және ылғалдылық жатады. Биосфераға жарық өте қажет, өйткені ол фотосинтезге қатысып, өсімдіктер үшін энергия көзі болып табылады. Жарық немесе күн сәулесі қалың атмосфера қабатынан өтіп, электромагнитті толқындар болып, жерге түседі. Абиотикалық факторлардың ішінде температура ең негізгі фактолардың бірі болып саналады.Әр организм белгілі бір температура аралығында ғана өмір сүруге бейімделген.Олардың дене температурасы сыртқы орта температурасына байланысты,тек қана кейбір түр өкілдерінде температураның белгілі мөлшерін тұрақты сақтап тұратын бейімделушілік механизмдері болады. Су-өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде өте маңызды рөл атқаратын компонент.Организмдердің сумен тығыз байланысын Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы мен дамуының сулы ортадан басталғанымен түсіндіруге болады.Организм үшін судың маңызы өте зор:ол-еріткіш,тасымалдаушы және тіршілік ортасы.Барлық тірі организмдер судан құралған,организмдердегі оның мөлшері 90%-ға дейін болады.Биотикалық факторлар –Жеке организімдер арасындағы және папуляциялар арасындағы өзара әрекеттесудің әр алуан формаларын биотикалық факторлар деп атайды. Олар түрішілік және түраралық қарым-қатынасқа бөлінеді. Бір түрге жататын организім топтары арасындағы түрішілік өзара әрекеттесулерді гомотиптік реакциялар деп айтады. Оған организімдердің бірлесіп күнелту жағдайы жатады. Топ, үйір болып біріккен жануарлар қорғануда, жемтігін аулауда кұшті болып, жеңіске жетеді. Организімдер арасындағы бәсекелестік тіршілік үшін күресті көрсетеді.Әр түрге жататын жеке организімдермен папуляциялар арасында жүретін тұрарлық қарым-қатынас формаларын гетеротиптік реакциялар деп атайды.

Антропогендік факторлар – адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы,н\е адамның қатысуымен қоршаған ортаға,организмдердің тіршілігіне н\е өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету.Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблемалар пйда болуда.Мыс:биоәртүрліліктің азаюы,парникті эффект,қышқыл жаңбырлар т.б.Антропогендік факторлар роганизімге тікелей (ағаштарды кесу, аң аулау) және жанама әсер ету(ортаның ластануы, өзендерге су қоймаларын салу) болып бөлінеді. Антроаогендік факторларға техногендік факторлар (радияция, ластану, құрғату жұмыстары, электромагнитизм және т.б.) да жатады. Жалпыға белгілі факторлар классификациясынан (абиотикалық, биотикалық, антропогендік) басқа экологиялық факторлардың басқа да классификациялары кездеседі.


Дата добавления: 2014-12-18; просмотров: 40 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2017 год. (0.01 сек.)