Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Теңіздік тоннаж тасымалы бойынша брокерлік қызмет

Читайте также:
  1. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  2. C. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша І курс студенттеріне арналған дифференциальды сынақтың тест сұрақтары.
  3. G. Халықтан салынымдар бойынша ақша алу арқылы ағымдағы шоттар бойынша өз міндеттемелерін өсірсе
  4. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  5. Автокөлік құралдарын жөндеу» пәні бойынша емтихан сұрақтары
  6. Азақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары
  7. АИВ-инфекциясы пәні бойынша
  8. АИВ-инфекциясы пәні бойынша
  9. АНАТОМИЯ-2 ПӘНІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
  10. аржы қызметтері:Бөлу: Бақылау: Есеп.

Тоннажды тасымалдау жүк-тасымалды теңізбен тасымалдау иеленушілерінің мүдделері кеме иелерінің мүдделеріме сәйкес келетін қызмет саласы. Тасымалдау пәні теңіздік тасымал келісімшарттарын бекітетін қызметтің арнайы облысын білдіреді. Қазіргі уақытта көп қолданылатыны мамандандырылған брокерлік фирмалар ретінде шығатын делдал-брокерлер арқылы тасымалдау келісімдерін бекіту болып табылады.

Брокерлік фирмалардың негізгі қызметі кеме мен жүк иелеріне клиентті тауып беруде және теңіз тасымалы келісімшарттын даярлаумен теңіз кемелерін тасымалдау келісімдерін бекітуде делдалдық қызмет көрсету болып есептелінеді. Делдал рөлін атқарып, брокер көп жағдайда жақтарға бір реттік қызмет келісімін ұсынады. Дегенмен ол, комиссионер ретінде шығып, өзінің атынан, бірақ сенім артушының шотымен келісімдер жасай алады.

Тасымалдау келісімдерін бекіту кезінде делдал ретінде 2 брокер шығады: бірінші кеме иесінің тапсырысы бойынша; екіншісі – тасымалдаушы бойынша. Брокерлерге, әдетте, сыйақы, демередж пен өлі кірепұлы қосып, кірепұлдан 1,5-5% көлемінде белгіленеді.

Көптеген елдерде брокерлік қызмет ұлттық немесе аралас компаниялардың жеке кәсіпорындары болып табылады. Брокерлік фирма әр бөлімін жоғары білікті және үлкен тәжірибесі бар маман басқаратын бірнеше бөлімдерден тұрады. Осылайша, Ұлыбританияда теңіз кеме қатынасында делдалдық қызметпен біліктілігі патшалық дипломмен расталған тасымалдау брокерлері институтының мүшелері ғана айналыса алады.

АҚШ-та (Нью-Йорк) брокерлік қызмет бойынша қажетті ережелер мен ұсыныстарды, кәсіби этика кодексті, қатысушылардың тізімін, брокерлердің төлем қызметі тарифтерін және т.б. құрастыратын және жариялайтын кәсіби орган – Кеме брокерлері мен агенттері ассоциациясы қызмет атқарады. Ұқсас ұйымдар (ассоциациялар, одақтар) Данияд, ГФР, Италия, Швеция, Жапония мен т.б. елдерде бар.

Жоғарыда аталған ұйымдардан басқа,, батыс елдерінде құру мақсаты брокерлерді халықаралық деңгейге шығары болып табылатын ұлттық ассоциациялардың түрлі федерациялары қызмет етеді. Осындай ұйымның бірі – Лондонда құрылған Брокерлер мен кеме агенттері ұлттық ассоциациясының Федерациясы. Федерация халықаралық коммерциялық емес ұйым деп есептелінеді, оның мүшелері-құрылтайшылары 10 елдің (Бельгия, Дания, Финляндия, Нидерланды, Италия, Норвегия, Швеция, Ұлыбритания және ГФР) ұлттық ассоциациялары болып табылады. Брокерлік қызметте маңызды рөл ойнайтын ірі халықаралық ұйым – 1985 жылға дейін Балтық және Халықаралық теңіз конференциясы атын иеленген Балтық Халықаралық теңіз кеңесі (БИМКО). Қазіргі уақытта БИМКО арасында кеме иелері де, брокерлер де, өзара сақтандыру клубтары да, тасымалдау ассоциациялары да және т.б. бар 2700 астам қатысушыдан (әлемнің 103 елінен) тұрады. БИМКО қатысушылары флотының жалпы тоннажы теңіз сауда флотының барлық тоннажының 50 %-ға жуығын қамтиды.

Ресейде теңіз көлігінің нарықтық қызметі мамандандырылған сыртқы сауда бірлестіктері «Кеңесфрахт» АКК, «»Кеңескомфлот» АКК, «Кеңесбункер» ВАО арқылы жүзеге асады. Осындай бірлестіктердің негізгі құрылымдық бөлімшелері – заңды тұлға болып табылмайтын және бірлестік тапсырысы бойынша немесе оның атынан ғана келісімшарттарға отыратын арнайы фирмалар.

Бірлестіктер коммерциялық ұйымдар ретінде екі нарықта: ішкі және сыртқы нарықтарда қызмет атқарады. Бірлестіктердің комитенттермен (кеме иелерімен, жү иеленушілерімен және т.б.) өзара қарым-қатынасы комиссияның арнайы келісімшарттары немесе тапсырыстар келісімшарттары негізінде құрылады. Комиссионер ретінде бірлестік сыртқы нарықта өз атынан, бірақ комитенті шоты арқылы шығады және делдалдық қызметі үшін келісімшартпен анықталған комиссиондық сыйақы алады. Келісімшарт бойынша инофирмамен келісімді тапсыру кәсіпорын атынан және оның шотымен бекітіледі, бірлестік келісімнің қарастырылмаған жағдайын орындауға жауапты емес, ал оның делдал ретіндегі қызметі сыйақы түрінде беріледі.

Дәстүрлі түрде тасымалдау қызметімен байланысты жұмысты сыртқы сауда ұйымдарынан, акционерлік компаниялардан және т.б. алатын уәкілеттіліктер негізінде «Кеңесфрахт» жүзеге асырады. Делдалдық операциялар үшін бірлестіктер брокерлік сыйақылар алады. 1987 жылға дейін «Кеңесфрахт» бұл қызмет түрінде монополист болды, кемелерді алу бойынша операциялардың айтарлықтай өсуі тағы бір бірлестіктің құрылуына себепші болды – «Кеңескомфлот» АКК. «Кеңесфрахт» қазіргі уақытта монополдық брокер болып табылмайды, әсіресе, ТМД елдері кеме иелері үшін, және оның олармен өзара қарым-қатынасы келісімшарттық негізде құрылады, ол баяғыша КСРО территориясында күшті бәсекелесі жоқ негізгі брокерлік компания болып қала береді.

Нарықта бункерлік жанармайды кемемен тасымалдауын иемдену координаторы «Кеңесбункер» ВАО болып табылады. Шетелдік порттарда ресейлік кемелерді жанармаймен қамтамасыз етумен қатар, «Кеңесбункер» ВАО «Инфлот» агенттігі арқылы отандық порттарда шетелдік кемелерге бункерлік жанармайды сатуды ұйымдастырады. Шетелде отандық кемелерді жанармаймен «Беминфлот» (Гамбург) брокерлік компаниясы қамтамасыз етеді.

 




Дата добавления: 2014-12-18; просмотров: 56 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав