Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Философия античного Средиземноморья.

Читайте также:
  1. E) миф, религия, философия.
  2. II. ФИЛОСОФИЯ ДРЕВНЕГО МИРА.
  3. II. Философия как специальность.
  4. VII. ФИЛОСОФСКАЯ МЫСЛЬ УКРАИНЫ ХХ ВЕКА И ФИЛОСОФИЯ УКРАИНСКОЙ ДИАСПОРЫ
  5. Абай философиясы
  6. Абай философиясына сипаттама
  7. Андай философиялық теория қоғамдағы әлеуметтік айырмашылықтарды зерттеуге көмектеседі?A) әлеуметтік стратификация теориясыALMAT
  8. Античная философия
  9. Античная философия
  10. АНТИЧНАЯ ФИЛОСОФИЯ

«Жеке тұлға» - заңды тұлғаға (қоғамдық құрылыс) қарағанда, құқық субъектісінің индивидуалдылығын айқындайтын арнайы термин. Мәні бойынша заңда қолданатын «жеке тұлға», «адам», «индивид» атауларының мағынасы бір. Индивид – бұл өзгеше психофизикалық ерекшеліктерге ие адам. Жеке тұлғалар қатынастарға-тұлға, адам және қоғам ретінде түседі. Жеке тұлғалар және олар құрған қоғам белгілі бір құқықтық қатынастың қатысушысы болуына жол беретін әртүрлі құқықтық мәртебеге ие болады.

Жеке тұлғалардың құқықтық жағдайын, олардың нақты бір мемлекеттегі құқықтары мен міндеттерін анықтау үшін сол мемлекеттің ұлттық заңнамасы қолданылады. Мысалы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 12-бабына сәйкес жеке тұлға ұғымына Қазақстан Республикасы азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар жатады. Ал халықаралық жеке құқықта шетелдік азаматтарының азаматтық-құқықтық жағдайына (себебі олар біздің еліміздегі заңмен қатар, өз еліндегі құқықтары мен міндеттерін сақтайды), сонымен қатар азаматтығы жоқ және босқындарға басты назар аударылады. Ары қарай тұлғалардың нақты осы категорияларын шетелдіктер немесе шетелдік азаматтар деп қарастырамыз.

Халықаралық құқық ғылымында шетелдіктердің құқықтық жағдайын «шетелдіктер» категориясына қай тұлғалар кіретіні, «шетелдіктердің құқықтық режимінің» құрамын анықтау арқылы зерттейміз. Күнделікті өмірде шетелдік дегенде ойымызға басқа елден келген адам келеді, бірақ мұндай анықтама бұл терминнің заңды мағынасын ашпайды. Әр мемлекетте шетелдіктерді атауда әртүрлі термин қолданылады. Мысалы, «шетелдік», «шетел азаматы», «азаматтығы жоқ тұлға», «шетелдік тұлға». Осы терминдердің барлығы нақты сол мемлекеттің азаматығына ие емес тұлғаларға қолданылады.

«Шетелдіктер» термині заңнамаларда жеке тұлға категориясын анықтайтын термин, сондықтан бұл категорияға заңды тұлғалар кірмейді. Ұзақ уақыт бойы халықаралық-құқық құжаттарында жеке тұлғаның құқықтық жағдайына тікелей немесе жанама қатысы бар құжаттарда «шетелдік» терминіне ешқандай анықтама берілмеген еді. Тек 1972 жылы қабылдаушы мемлекетінің азаматы болып табылмайтын тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы Декларациясының жобасында «азамат емес» деген терминді енгізуге талпыныс жасалды, нәтижеде «шетелдіктер» терминімен ауыстырылды. Соңғы ресми басылымда бұл терминге мынадай анықтама берілді. «Шетелдік» - бұл өзі тұрып жатқан мемлекет азаматы болып табылмайтын тұлғалардың барлығы «шетелдіктер» деп аталады. Бұл анықтамаға сәйкес «шетелдіктер» категориясына басқа елдің азаматтары да, азаматтығы жоқ тұлғалар да, босқындар, саяси эмигранттар да кіреді.

Шетелдік азматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар жеке тұлғалардың 2 түрлі категориясы. Азаматтығы жоқ тұлғалар бір ғана мемлекет заңына бағынады, оларға реторсии қолданылмайды. Себебі реторсии жауапты шара ретінде белгілі бір мемлекет азаматтарына қолданылады. Азаматтығы жоқ тұлғаның азаматтық әрекетқабілеттілігі оның жеке заңымен анықталады. Азаматтығы жоқ тұлғаларға қарағанда, шетелдік азаматтар өз елінің тарапынан дипломитиялық қорғау құқығы болады, олар екі заңға бағынады. Олардың әрекетқабілеттілігі қай елдің азаматы болса сол елмен анықталады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шетелдік азаматтар келесі белгілері бойынша бөлінеді.

1. Қазақстан Республикасының «шетел азаматтарының құқықтық жағдайы» туралы жарғысында шетелдіктердің 2 категориясы анықталған: Қазақстан Республикасының тұрақты тұратын және уақытша келген. Бұл байланыс уақытпен анықталмайды, біздің елмен шетелдіктің арасындағы құқықтық байланыстың тығыздылығымен анықталады. Осыған орай Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін шетелдік азамат, уақытша кеген азаматқа қарағанда көлемірек құқықтар мен міндеттерге ие. Олар өз тұрғын үйін, баспанасын иемденуге құқылы.

2. Қазақстан Республикасының юрисдикциясына бағыну дәрежесіне сәйкес барлық шетел азаматтарын 2 топқа бөлуге болады:

1. Қазақстан Республикасының юрисдикциясына толық немесе жартылай бағынатын шетелдіктер (жұмысшылар, туристтер, студенттер)

2. Қазақстан Республикасының юрисдикциясынан босатылған шетелдіктер (дипломаттар, мемлекет басшылары, т.б.)

Халықаралық жеке құқықтағы және азаматтық құқықтағы жеке тұлғалардың классификациясы.

Жетекші елдердегі ұлттық заң актілеріне анализ жасай отырып, шетелдіктердің бір мемлекетте қалу ұзақтылығы және келу мақсаттарына байланысты әртүрлі категорияларға бөлінетінін анықтаймыз. «Шетелдік» терминінің түсінігіне сол мемлекеттің азаматы болып табылмайтын барлық тұлғаларды кіргіземіз. Азаматтық қатыстылығына қарай шетелдіктер:

а) шетелдік азаматтар

б) азаматтығы жоқ тұлғалар

Шетелдіктер тек қабылдаушы мемлекеттер заңнамасына емес, сонымен қатар өз мемлекетеріндегі құқықтар мен міндеттерін сақтайды.

Ал азаматтығы жоқ тұлғалардың жағдайы басқаша. Осыған орай Болгарь заңгері Александр Яиков былай дейді «азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты әрқашан (lex domicili) тұрғылықты жерінің заңы қолданылады, себебі олар басқа елдермен ешқандай байланысы жоқ.» Оларға басқа шетелдіктер азаматтары туралы жасалынған келісімдер азаматтығы жоқ тұлғаларға қолданылмайды. Азаматтығы жоқ тұлғаларға lex patriae қағидасы қолданылмайды. Азаматтығы жоқ тұлғалар шетел азаматтарына қарағанда қабылдаушы мемлекет заңына тығызырақ байланысты.

Шетелдіктерді классификациялаудың негізгі мақсаты жеке тұлғаның халықаралық-құқықтық жағдайын анықтау болып табылады.

Шетелдіктер қабылдаушы мемлекетте қалу мерзіміне қарай шетелдіктер 2 топқа бөлінеді:

1) қабылдаушы мемлекеттерде тұрақты тұратын

2) қабылдаушы мемлекетте уақытша тұратын

Ұлттық заңнамада шетелдіктерді тұрақты және уақытша тұру айырмашылығына қарай бөлуі осы шетелдіктердің әр категориясын мемлекетпен қаншалықты құқықтық байланысы бар екенін анықтау.

Уақытша келген шетелдіктерге қарағанда Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер қабылдаушы мемлекеттің өмірімен тығыз байланысты. Қабылдаушы мемлекетте тұрақты тұратын шетелдіктер мемлекеттің ішкі заңнамасымен белгісіз мерзімге тұрақты тұруға рұқсаты бар, уақытша келіп-кетуге құқығы бар тұлғаларды жатқызамыз.

Болгарияның «шетелдіктердің Болгарияға келу» туралы заңының 3 бабында тұрақты тұратын шетелдіктерге мемлекеттен кету мерзімі көрсетілмеген тұрақты қалуға рұқсаты бар тұлғалар деп жазылған. Тұрақты тұратын шетелдіктер өз мемлекетімен құқықтық байланысына қарай 2 топқа бөлінеді:

Бірінші топ - өз мемлекеттерімен құқықтық байланысы жоқ тұлғалар. Нақтырақ айтсақ, баспана құқығын алған шетелдіктер.

Баспана беру құқығының 3 формасы бар:

1. Территориялық баспана беру (басқа елдің территориясында қудаланған азаматқа қорғаншылық беру)

2. Діни (қудаланған тұлғаны діни мекемелерде – шіркеу, мешіттерде тығып ұстау)

3. Дипломатиялық (консулдық және дипломатиялық мекемелерде қорғау)

Бірақ 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Конвенциясында дипломатиялық мекемелер өз қызметінен басқа функцияларды жүзеге асыруға құқылы емес деп жазылған.

Екінші топ - өз мемлеттерімен құқықтық байланысқа ие және дипломатиялық қолсұғылмаушылық құқығына ие тұлғалар.

1. Өз мемлеттерінен басқа елдерге жұмыс табу мақсатында эмигрантталған еңбекші мигранттар.

2. Қабылдаушы мемлекеттің азаматы мен некеге тұрған, бірақ өз азаматтығын сақтап қалған тұрақты тұратын шетелдіктер.

3. Қабылдаушы мемлекетке өз жанұясына бірге тұрақты тұруға келген шетелдіктер.

Уақытша келген шетелдіктер – қабылдаушы мемлекетке белгілі мерзімге қалуға рұқсаты бар, мәртебесі ішкі заңмен анықталатын, халықаралық құқықтың ықпалы тиетін тұлғалар. Олардың қабылдаушы мемлекетте қалу мерзімі алдын-ала анықталған. Әдебиеттерде оларды классификациялаудың негізгі критерийлері қабылдаушы мемлекет юрисдикциясының таралу дәрежесіне қарай бөлінеді. Осы критерийлерге сәйкес шетелдіктер 2 топқа бөлінеді.

Бірінше топқа – қабылдаушы мемлекет юрисдикциясынан толық дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие тұлғалар жатады. Сонымен қатар, қабылдаушы мемлекет юрисдикциясынан шектеулі дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие тұлғалар жатады. Дипломатиялық иммунитеттер мен арттықшылықтар дегеніміз дипломатиялық өкілдіктер мен басқа да халықаралық құқыққа сәйкес қабылдаушы мемлекетте қорғанысқа ие тұлғаларға берілетін құқытар мен жеңілдіктердің жиынтығы болып табылады. 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Конвенция осы иммунитеттер мен артықшылықтар бекітілген және осы конвенциямен кепіл етіледі. Иммунитет дипломатқа өз қызметі мен функцияларын жүзеге асыруға және құқықтары мен міндеттерін орындауға жеңілдік береді. Дипломат өз қызметін осы иммунитет негізінде ғана толық жүзеге асыра алады, бірақ дипломатиялық жеңілдіктер мен артықшылықтар оның жұмысын адал атқаруға көмектеседі.

Бұл тұлғалар қабылдаушы мемлекет заңын орындауы тиіс бірақ құқық бұзушылық болған жағдайда олар қылмыстық, әкімшілік, азаматтық юрисдикциядан иммунитетке ие. Халықаралық құқыққа сәйкес дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтарды мемлекет басшылары, үкімет басшылары сыртқы істер министрлері шетел территориясында толық қолданады. Сонымен қатар, елшіліктің қызметкерлері халықаралық ұйымның жоғарғы лауазымды тұлғалары, халықаралық ұйымдардағы дипломатиялық құрамындағы өкілдер де толық иммунитеттер мен артықшылықтарға ие.

Екінші топқа – қабылдаушы мемлекет юрисдикциясынан иммунитеттерге ие емес уақытша келген шетелдіктер жатады. Олар шетелдіктердің ең көп топтарын құрайды. Оларды категорияларға классификалиялаудың негізгі критериі – келу мақсаты болып табылады. Келу мақсатына қарай халықаралық құқық тәжірибеде 4 негізгі топқа бөлінеді:

1. Қызмет бабымен

2. Туризм мақсатымен

3. Жеке жұмыстарымен

4. Қабылдаушы мемлекеттен транзит арқылы өту

Бірінші категорияға:

а) шетелдік оқушылар, іс сапарға келген шетелдіктер, өндірістік практиканы өтуге және квалификациясын көтеруге келген шетелдіктер

б) қабылдаушы мемлекетке щарт бойынша жұмыс істеуге келген шетелдік жұмысшылар және қызметкерлер

в) жарыстарға, гастрольдерге, съездерге, жиналыстарға, симпозиумдарға өкілдік ету мақсатымен келген шетелдіктер

г) халықаралық әуе жолдарындағы әуе, теңіз кемелерінің экипаж құрамындағы мүшелер

д) автомобиль және темір жол көліктерінің жұмысшылары. Олар өздерінің жұмыстарын оындау үшін басқа мемлекеттің шекарасын кесіп етуге мәжбүр.

Екінші категория – бұл туристтер. 1989 жылғы туризм туралы Гаага деклорациясының 4 бабында шетелдік туристердің белгілері көрсетілген:

а) өздерінің тұрғылықты тұратын мемлекетінен басқа елдерге саяхат мақсатымен баруы

б) басқа елде үш айдан аспайтын мерзімге қалуы, мерзімді ұзартуға рұқсат алған жағдайларды қоспағанда

в) қабылдаушы мемлекетте пайда көру мақсатында, мұндай жағдай ұсынылып, ұсынылмағанына қарамастан жалақы төленетін жұмыс атқармауы

г) келу мақсаты біткенде өз еліне немесе басқа елге қабылдаушы мемлекеттен міндетті түрде кетуі.

Жеке жұмыстармен қабылдаушы мемлекетке келген тұлғаларға әдетте жанұясын, туыстарын көруге, құқықтық және әлеуметтік мәселелерді шешуге келген шетелдіктерді жатқызамыз. Транзит арқылы өтетін жолаушыларға қатысты әртүрлі елдердің ұлтық заңнамаларында аса айырмашылық жоқ.

Айырмашылық тек мемлекеттен өту мерзімінде ғана. Мысалға Болгария елінің заңында транзиттік жолаушы мемлекеттен сағаттан аспайтын уақытта кететін шетелдіктерді жатқызады. Басқа елдердеде осыған ұқсас анықтама берілген.

Екі азаматтылық заңдарға сәйкес бір тұлғаның екі немес одан да көп мемлекеттердің азаматы болып танылатын жеке тұлғаның құқықтық жағдайы.

Азаматық жоқтық бір тұлғаның ешқандай мемлекеттің азаматы болып танылмайтын жеке тұлғаның құқықтық жағдайы.

Халықаралық құқыққа сәйкес екі азаматтылық және азматтылықтың жоқтығы мүмкін емес, себебі осы екі жағдайда да жеке тұлға мемлекетаралық қатынастарда өзіне тығыз байланыс елдің азаматы болып танылады деген пікірлер бар.Екі азаматтылық пен азаматтығы жоқтарды халықаралық құқық мойындайды себебі ол бұл жағдайға тиым салмайды деген де пікір бар.

Екі азаматылықты және азаматтығы жоқтылықты азайту немесе жою мақсатында мемлекеттер тиісті заңды акт қабылдайды немесе мүдделі мемлекеттермен халықаралық шарттар бекітеді. Соңғы шара тиімдірек себебі

Себебі, ешқандай заңды акт азаматтарға қатысты заңдар коллизияларын жоюға кепіл бере алмайды. Мұндай актілер бір жақты, сондықтан басқа мемлекеттердің заңнамаларының өзгеруін жобалай алмайды.

Екі азаматтылықтың пайда болуының негізгі қайнар көзі туылған кезде азаматтықты алу жағдайын реттейтін заңдардың коллизиялары болып табылады. «Қан құқығы» қағидасын ұстанатын және «жер құқығы» қағидасын ұстанатын заңдар арасты коллизиялар көп кездеседі.

Көптеген мемлекеттер осы екі принципті ауыстырып оның орнына азаматтықты адамның білім алған, тәрбие алған немесе тұрақты тұратын оның ата-анасы тұрақты тұратын жеріне байланысты беруді ұсынды.

Бұл жағдай қиындықтар туғызады. Жеке тұлға азаматы болып табылатын немесе одан көп елдер арасында сол тұлғаның азаматтылығы туралы дау туу мүмкін. Екіншіден үшінші мемлекет екі азаматтылығы бар жеке тұлғаның қай мемлекеттің азаматтылығына бағыну керек екенін бір белгілер бойынша шешуі тиіс.

Әдетте, сот «тиімді азаматтылық» қағидасына негізделеді. Егер сотқа азамат басқа елдерге қарағанда көбірек фактылық байланыс тызырақ болса талап қанағаттандырылады. Ал егер азамат талап қойып отырған мемлекетпен басқа мемлекеттерге қарағанда байланысы тығыз болмаса талап орындалмайды. Бұл қағида 15 мамыр 1957 жылы италиян-американдық комиссия италияның да, американың да азаматтығына ие тұлғаға зиян құнын қайтару ісінде қолданылды.

Азаматтығы жоқ тұлға ешқандай мемлекетте толық саяси, азаматтық құқықтарға ие болмайды, оның жалпы құқық қабілеттілгі әрқашанда шектеулі.

Екі азаматтығы бар тұлға мұндай жағдайда емес.

Адам туылғанда азаматтығы жоқ болуы мүмкін. Мысалы, ата-анасының азаматтығы жоқ, ал бала «қан құқығын» ұстанатын мемлекет туылса, некеге тұру барысында азаматтығын жоғалту жағдайында пайда болуы мүмкін. Мысалы, Лихтенштейннің «Азаматтығы туралы» заңының 20 бабында «Егер әйер шетелдікке тұрмысқа шықса, ол Лихтенштейн азаттығын жоғалтады». Егер әйел күйеуінің азаматтығын алмаса, ол азаматтығы жоқ тұлға болып саналады. Сондықтан мемлекеттер жалпыға бірдей халықаралық қағидаларымен негізгі адам құқықтарын орындау керек.

Адам құқық жөніндегі Декларациясының 15 бабынды «Әр адам азаматтыққа құқығы бар. Ешкімді өз азаматтығынан айыруға немесе азаматтығын ауыстыру құқығына айыруға болмайды»

«Азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесі» туралы Конвенцияның (1954 жылғы 28 қыркүйек) 1 бабынды азаматтығы жоқ тұлғаларға «ешқандай мемлекетте заң бойынша азаматтылығы жоқ тұлға» деп анықтама берілген.

Бұл Конвенция мына тұлғаларға қолданылиайды:

а) тиісті органдармен Біріккен Ұлттар Ұйым мекемелерінен көмек алып жатқан тұлғаларға

б) қабылдаушы мемлекетке кедмес бұрын бейбітшілікке қарсы қылмыс бүкіл азаматқа қарсы қылмыс не болмаса саяси емес қылмыстар жасады деп, Біріккен Ұлттар Ұйым қағидаларымен, мақсаттарына қайшы әрекет жасаған адамдарға да қолданылмайды.

Конвенцияның 3 бабы азаматығы жоқ тұлға қабылдаушы мемлекеттің заңын құрметтеуі керек.

Кейбір авторлар тұлғаның құқықтық мәртебесін олардың қоғамдағы заңы бекітілген жағдайы, кейбіреулері заңда бекітілген жеке тұлғаның субъективті құқықтар мен міндеттеріне сілтеме жасайды, немесе осы тақырыпта зерттелген категорияларға берілетін құқықтар мен міндеттерін айтады.

Біздің ойымызша, тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтауда құқықтар мен міндеттер маңызды орын алады, бірақ тек құқықты жағдайдың бір ғана элементі болып табылады. Құқықтық мәртебеге құқықтар мен міндеттерден басқа зерттеліп отырған категориялардың құқықтық жағдайының қағидаларын, олардың құқық субъектілігін реттейтін нормаларды, құқықтыры мен міндеттерін жүзеге асыруын да кіргізуіміз керек.

 

Философия античного Средиземноморья.

Этот регион охватывает южную Европу, Малую Азию, острова и побережье Средиземного моря, северную Африку.

В этой области существовала древнегреческая (эллинская) культура: множество городов, поселений, колоний.

Каковы особенности античной философии?

1. Материальной основой расцвета философии был экономический расцвет полисов (торгово-ремесленных центров).

2. Философы (мудрецы) превратились в самостоятельную прослойку, претендующую на духовное и политическое руководство обществом.

3. Принцип космоцентризма, который вытекает из мифов и просматривается в философских рассуждениях этого времени (преклонение перед Космосом, интерес к происхождению материального мира, стремление объяснить явления окружающего мира).

4. На поздних этапах – космоцентризм смешивается с антропоцентризмом (в его основе лежат проблемы человека).

5. В античной философии допускалось существование богов, они были частью природы и близки людям.

6. Человек был частью природы и не выделялся из окружающего мира.




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 43 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.015 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав