Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары. Фотопериодизм.

Читайте также:
  1. F. Көптеген рискілердің болуымен байланысты
  2. Азіргі заманғы ғаламдық экологиялық және экономикалық проблемалар, олардың Қазақстандағы ерекшеліктері
  3. Аламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлері
  4. Дәріс. Жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту
  5. Лемдегі экологиялық жағдай және оны жақсартудағы биотехнологияның рөлі
  6. Медициналық көмектің көлемі байланысты: жағдайлардың талабына
  7. Ненің өзгеруіне байланысты ағзаларда фотопериодизм реакциясы жүреді
  8. Организмдердің биологиялық ырғақтары. Биологиялық сағат.
  9. Организмдердің температурағы байланысты экологиялық топтары.

Жарыққа байланысты өсімдіктерді үш экологиялық топқа бөледі: гелиофиттер – жарық сүйгіш өсімдіктер, сциофиттер – көлеңке сүйгіш өсімдіктер және факультативті гелиофиттер – көлеңкеге төзімді өсімдіктер.

Гелиофиттер немесе жарық сүйгіш өсімдіктер – күн сәулесі жақсы түсетін ашық кеңістікте өсетін өсімдіктер. Мысалы үшін оларға көптеген шабындық, дала, шөл және шөлейт өсімдіктері, орманның биік ағаштары жатады. Әдетте олардың жапырақтары қалыңдау, мезофилл және эпидермис клеткалары майда болып келеді. Бұған құрғақ аймақтарда (шөл, дала, саванна) өсетін астық тұқымдастары, амаранттар, алабұта тұқымдасына жататын және т.б. өсімдіктер жатады.

Сциофиттер немесе көлеңке сүйгіш өсімдіктер – жарық аз түсетін жерде өсетін өсімдіктер. Бұларға фитоценоздың төменгі ярусында өсетін саумалдық (Oxalis acetosella), құсықшөп (Asarum europaeum), жасыл мүктер, плаундар жатады. Жарықтың 0,1-0,2%-да тек мүктер мен селягинеллалар өседі. Плаундардың өсуі үшін күндізгі жарықтың 0,25-0,5% қажет. Ал гүлді өсімдіктер әдетте аспан бұлт кезде жарықтың мөлшері 0,5-1% кем болмайтын жерлерде өседі.

Факультативті гелиофиттер немесе көлеңкеге төзімді өсімдіктер – жарықтың көп мөлшерінде де және аз мөлшерінде де өсе беретін өсімдіктердің үлкен тобы. Оларға жөке (Tilia cordata), мойыл (Podus racemosa), бүлдірген (Fragaria vesca) және шалғындықта, орман алаңқайларында өсетін көптеген өсімдіктер жатады.

Жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің ерекшеліктерін салыстыра отырып олардың анатомиялық, морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтары әртүрлі екенін көруге болады Жануарлар үшін күннің жарығы жасыл өсімдіктердегідей аса қажетті емес. Алайда жануарлар өмірінде жарықтың маңызы орасан зор. Осыған байланысты жануарларды фотофиллдер (жарық сүйгіш) және фотофобтар (көлеңке сүйгіш) деп ажыратады. Жарық жануарлар үшін кеңістікте бағдар алу, көру үшін қажет. Жарық арқылы жануарлар сыртқы әлем туралы ақпараттар алып отырады. Жануарларда көздің дамуы жүйке жүйесінің дамуымен қатар жүріп отырды. Күн энергиясының Жер бетіне түсуі жылдық маусымға және тәулік ұзақтығына байланысты. Организмдердің жарықтың тәуліктік ырғағына реакциясы, яғни, тәуліктің жарық (күн ұзақтығы) және қараңғы (түн ұзақтығы) мезгіліне ара қатынасы фотопериодизм (грекше photos – жарық, peridos – шеңберлі, айналым) деп аталады. Мысалы, жаз соңына қарай тәуліктің жарық мезгілінің қысқаруы өсу процесінің тежелуіне, қорлық заттардың жиналуына, тыныштық күйге ауысуына алып келеді. Қыс соңында, көктемде тәуліктің жарық мезгілінің ұзаруы өсімдіктердің гүлдеуін және дамудың басқа да кезеңдерін анықтайды. Қоңыржай және полярлық ендіктерде ұзақ күнді өсімдіктер (қара бидай, бидай, зығыр), субтропика жақта қысқа күнді өсімдіктер (темекі, хризантема, күріш, тары) кең таралған. Фотопериодизм жануарларда да байқалады: жұп құру, түлеу, қысқы ұйқыға кету, миграция күн ұзақтығына байланысты.




Дата добавления: 2014-12-18; просмотров: 217 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав