Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 8. Отандық философиясы.

Читайте также:
  1. Дәріс
  2. Дәріс (лекция), зертханалық және зертханалық сабақтар жоспары
  3. Дәріс (лекция), практикалық және зертханалық сабақтар жоспары
  4. Дәріс 1. Философия пәні мен қызметі
  5. Дәріс 10. Онтологияның негізгі ұғымдары мен принциптері.
  6. Дәріс 11.Гносеология және эпистемологияның негізгі ұғымдары мен жалпы мәселелері.
  7. Дәріс 12. Қоғам философиялық талдаудың негізі.
  8. Дәріс 13.Философиядағы адам мәселесі.
  9. Дәріс 14. Адамның рухани әлемі. Сана.
  10. Дәріс 2. Ежелгі шығыс философиясы.

Дүниежүзілік тарихта адамзаттың көшпелі тұрмысы, номадтық мәдениет - бірегей құбылыс. Кейбір ғалымдар мұндай құбылысты артта қалғандық, сананың жетілмегені деп келді. Ежелгі және орта ғасырдағы көшпенділікті қажетті тұрмыс салты ретінде қарастыру керек.

Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақал-мәтелдер, адамның табиғи және әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайларын, ізгілік мақсаттарын танып білуге мүмкіндік берді. Рухани және материалдық ескерткіштерді зерттеу ─ халқымыздың танымдық, адамгершілік-тәрбие және дүниеге деген көзқарастық ерекшелігін білуге көмектеседі. Қазақтың мақал-мәтелдерін алайық. Олардың әрқайсысын философиялық афоризм (түйінді ой) деуге болады, олар арқилы дәуірдің ауыр сынынан өткен, жан-жақты шыңдалған. Айталық: «көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың», «Көп көрген біле ме, көп жасаған біле ме?», «Өнер алды - қызыл тіл», «Сөз - өмір, сөйлеу - өнер», «Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады», «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас», «Ат шаппайды, бап шабады», «Байлық қолдың кірі, жусаң кетеді», т. б. Қазақ жерінде дүние туралы жүйелі философиялық ой-пікір айтқан данышпандар жетіп жатыр. Қорқыт ата, әл-Фараби (Оңтүстік Қазақстан жерінде Отырарда дүниеге келген. Ол ұрпақтарына 160-тай философиялық трактат жазып қалдырған), Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Қожа Иассауи, қазақ философиясының қайнар көзі болды.

Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ.) қазіргі Жамбыл облысында өмір сүрген. Ол араб әріпімен түркі тілінде жазған, ақын әрі философ. Ақынның негізгі дастаны - «Құтадғұ білік» («Құтты білік») (1069 ж.) деп аталады. Бұл дастанды саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат десе де болады. Адам баласының қадір-қасиеті, білім мен ақыл деп дүниеқоңыздықтан, жамандықтан аулақ болуға шақырды. «Құтты білігінде», төрт кейіпкер бар: Әділет,Бақыт, Ақыл, Қанағат. Күнтұды бек-әділет, Айтолды уәзір-бақыт, Өгдүлміш уәзірдің баласы ─ ақыл-ой, Одғұрмыш уәзірдің бауыры- қанағат бейнесінде беріледі. Әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ жауаптары арқылы дамиды.

Махмұт Қашқари (ХІ ғ.) негізгі еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» (түрік тілдерінің жинағы). Тұрмыс-салт жырлары, түркі халықтарының фольклор жанрларының ең көне түрлері жиі кездеседіМахмұт Қашқари еңбегінің құндылығы ─ ондағы орта ғасыр түркілер өлең- жырларының бар болуы. Ерлік жырларының тақырып- мазмұны, суреттеу тәсілі жағынан қазақ эпос-жырларына ұқсас. Онда сопылық поэзияға тән көзқарастар, дүние жимай ақыл білім жинауға, өмірдің мәнін түсініп, оның бәрі өткінші кететінін ұғынуға шақырады. Махмұт Қашқари: «Жасауы мол келіннің күйеуі жуас болады», «Көзден алыстаса, көңілден де алыстар», «Құс тұзаққа жем үшін ілінер», «Берекесіздіктен құт қашар».

Ахмет Қожа Иассауи (1094-1167 жж.) - ақын, ойшыл. Сопылық бағытты ұстанған әулие дәрежесінде құрметтеп, халқымыз оны «Әзірет Сұлтан» деп атаған. Оның басты еңбегі - «Диуани Хикмет». Келесі аты аңызға айналған тұлғалардың бірі ХV ғасырдағы алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің ақылшысы болған ақын, философ, ─ Асан Қайғы (ХV ғ.) атанып кеткен - Хасен Сәбитұлы. Оны Шоқан: «Көшпелі ноғай, қазақ ұлысының философы» деп атады.

Батыс Қазақстан жерінде өмір сүрген Асан Қайғы, Жәнібек ханның халыққа қысым жасаушы билігінен қашып, елдің көшіп жүрген тұрмысына қанағаттанбай, ренжиді. Желмаяға мініп әлемді, кең дүниені аралайды. Халыққа қолайлы көп жерді көреді. «Жерұйық» оның орындалмаған арманы. «Жерұйық» ─ қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған, ел аласы, ру таласы жоқ, қойны құт, суы сүт жер. Бірақ ол оны ешжерден таба алмай қайғырады.

Мұхамед Хайдардың (1499-1559) «Тарих и Рашиди» еңбегінде адамгершілік,әлем, дүние өз замандастары туралы дәлелді деректердің негізінде мазмұны мәнді, философиялық тұжырымдар жасап, қазақ хандығының қалыптасу кезеңін баяндай отырып, оның халықтық мемлекет болуына, ұлтымыздың қазақ ретінде қалыптасу барысында өмір сүріп, қоғамдық ойдың дамуына ұлттық философиялық білімнің қалыптасуына ат салысты.

Бұхар жырау (1684-1781жж.) ─ қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі. Абылай ханның кеңесшісі.

Жырау дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ екендігін, өмір күнделікті өзгерістерге ұшырап отыратынын атап көрсетті. Мұндай өзгерістер тұрмыста ғана емес, адамды қоршаған ортада, табиғатта да жүріп жатады. Бұхар жырау шығармалары нақыл сөздер, мен филсосфиялық ой- толғауларға толы, ол өз заманының көкейтесті мәселелерін көтерген отрыған азамат ақын болды.

Шалкиіз Тіленшіұлы ( 1465-1560) ─ барлық қазақ жырауының атасы деуге де болады. Ол ел билеушінің опасыздығын, қара басының қамы үшін бүкіл халықты сатып жіберуге баратынын бетіне айтып, сені хан көтерген халық еді, асып-таспа, халықтан қол үзбе, «көп қорқытады, терең батырады» - деген өзекті ақыл кеңестер айтты.

Шалкиіз-шығармаларында философиялық толғау көбірек орын алған. Қиынан қиыстыру, нақтылық сонымен қатар, ойларындағы тереңдік оның шығармаларына тән. «Көп түкірсе ─ көл» деп жауға айбар, елге қорған болатын бірлікке шақырады

Орыстың отаршылдық саясатына ашық наразылық білдірушілер «Зар заман» ақындары деп аталды. Олар: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Канайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906). Бұлар өз өлеңдерінде Қазақ елінің Ресейге қосылуы нәтижесінде болған жаңалықтарды қабылдамай, өткен заманды «алтын заман» деп атады. Өз заманындағы кейбір жексұрын мінездерді, бай мен болмыстың, қожа мен молданың озбырлықтарын, кедей шаруаның ауыр халін реалистік тұрғыдан суреттеді.

Сол себепті, көп уақыт бойы олардың аттары аталмай, шығармалары тарихтан бетінен алынып тасталды, олар Ресейге қарсы болған кертартпа идеология деп қаралды. Тікелей осының әсерінен, қазақ жерінде, әр кезде, жер-жерде ұлтазаттық көтерілістер болып жатты. Оларды: Сырым Датов, Исатай Тайманов, Кенесары Қасымов, Жанқожа Нұрмұхамедов, т.б. басқарды. Бұл көтерілістерді патша өкіметі арнайы әскер жіберіп басып тастап отырды. Патша өкіметі оларды қарақшылар деп атаса, жергілікті халық «батыр» деп дәріптеді. Кеңес өкіметі қазақ халқының отаршылыққа қарсы күресін орыс халқына қарсы күрес, реакцияшыл (кертартпа) қозғалыс деп, дұрыс баға бере алмады. Тек қазақтың тәуелсіз мемлекетінің пайда болуына байланысты кеткен қателіктер жөнделе бастады.

Ресейдің басқа ұлт аймақтарында сияқты қазақ жерінде де білімге, прогреске ұмытылған алдыңғы қатарлы ойшылдар болды. Бұлар: Шоқан Уәлиханов (1835-1865), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), Абай Құнанбаев (1845-1904), т.б. Оларды революционер-демократ, утопист деуге болмайды. Оның себебі: олар өмірді өзгерту үшін революция жасауға шақырған жоқ, социализм орнатуды армандамады. Осының нәтижесінде, олар ағартушы-демократ ретінде тарихтан орын алды.

Қазақ жеріндегі ХІХ ғ. қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікірдің өкілі - қазақтың тұңғыш ресми ғалымы, көрнекті ұлы Ш. Уәлиханов (шын аты Мұхаммед - Ханафия), ағартушы-демократ. Ол: ориенталист (шығыстың тілі мен мәдениетін зерттеуші ғалым), этнограф (қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы), фольклорист (халық ауыз әдебиетін зерттеуші, жинаушы), географ және тарихшы.

Оның дүниетанымдық көзқарасы көп жағдайда, материалистік көзқарасқа жақын келеді. Материя мен сананың арақатысын материалистік тұрғыдан шешті. Мәңгілік, шексіздік идеяларының негіздерін дамытты. Дін түрлерінің ішінде ислам мен христандыққа қарағанда буддизмді «гуманистік ілім» деп бағалады. «Даладағы мұсылмандық туралы» деген еңбегінде Исламды «Қазақтың ойы мен сезіміне кедергі жасайды, орта ғасырлық қараңғылықты уағыздайды, орыс мәдениетінен бездіреді» - деп жазды. Қазақ халқының прогреске жетуі үшін ислам дінін таратушы татар молдалардан құтылу, ислам дінінің ықпалынан халықты босату, қазақ жерінде орыс мектептерін ашып, қазақтарды оқытуды ұсынды. Жалпы алғанда, оның дүниетанымы, шығармашылық мұрасы мен практикалық іс-әрекеті Орта Азия мен Қазақстанның рухани қалыптасуы жолындағы үлкен белес болып табылады.

Ыбрай Алтынсарин. Ыбрай, надандыққа, сауатсыздыққа қарсы болып, халықты еңбекке, білімге шақырады. Оның шығармалары: «Надандық», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Лұқпан Хәкім», «Қыпшақ Сейтқұл» және «Асан мен Үсен». Ыбрай еңбектерінде халықты егін салумен айналасуға, өнеркәсіпті дамытуға және білім алуға шақырады.

Қоғамдық-саяси және философиялық көзқарасында утопиялық түсініктер басым болды. Материалдық өндір

істің қоғам өміріндегі шешуі күш ретіндегі орнын түсінбеді. Мәселені шешу кілті оқуда, ағарту ісінде деп санады. Білім мәселесінде мектептегі діни-схоластикалық оқуға қарсы болды. Білімнің өзін ол заттар мен табиғи құбылыстар туралы ілім деп есептеді. Білім көзі ғажайып рухқа сенуде емес, табиғи әлемде, сондықтан білім ғажайып жол. Ол Құдай арқылы емес, адамның қабілеті мен еңбегінің арқасында жиналады дегенді ұстанды. Табиғат қатынастарын түсіндіруде стихиялық материалистік көзқараста болды. Тәжірибелік тұрғыдан танып-білу қажеттілігін атап көрсетеді.

Абай Құнанбаев. ─ қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы гуманист, ойшыл, философ, қоғам қайраткері әрі сазгер. Абай басқа философтар секілді әдейілеп философиялық трактаттар жазбағанымен. Бірақ, оның өлеңдері мен қара сөздері философиялық салиқалы ойларға, терең мағыналы толғауларға толы. Ол философиялық ойдың заңғар биігіне арнайы оқудан емес, өмір мен болмысты тоқу арқылы жеткен табиғаттың өзі тудырған ғұлама.

Шығармалары өлең түрінде жазылған, 45 қара сөзі (ғаклиясы) де бар. Абай қазақ фольклорын жетік меңгерді. Абайдың қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікірлерінің негізіне: қазақ халқының әлеуметтік деңгейі, тұрмысындағы кемшіліктері, эстетикалық мәселелер, өнерді, білімді игеру, еңбекке баулу, өзбектер мен татарлар секілді белсенді саудаға араласу, дүниетанымында - Құдай мен Табиғат, Адам мен Құдірет, Жан мен Тән, Өмір мен Өлім мәселелері қойылды.

Танып-білу құмарлығы туралы отыз екінші сөзінде, дүние тану сатыларын былай белгілейді:

1. Білу үшін ынтық болу, білуді дәулет көру;

2. Білгеніңді жадыңда ұстап, тағы да жаңа білім алуға ұмтылу;

3. Білгеніңді жақсы ұғып, оның анық суретін іште, санада жайғастырып қою;

4. Білу мен құмарлықты игеру, ақиқатқа ұмтылу. Ақиқатқа көзің жетсе, соны пір тұту, өлсең де айырылмау.

Ол білімнің екі жолын көрсетті: мулахиза - барлық күш қуатыңды білу үшін қызмет етуге жұмылдыру; мухафаза - білгенді сақтау, оны дәріптей білу.

Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінде материалистік және идеалистік көзқарастар, ой-пікірлер араласып жатады. Абай - деист. Құдайдың құдіретін тек жарату әрекетімен шектейді. Таным мәселесіне материалистік тұрғыдан қарайды, адамның танымы априорлық (тәжірибесіз ой жорамалдаушы) емес, шындықтың заттары мен құбылыстарының өзін білу, таным көзі объективтік дүние дейді. «Еңбек таным қабілетін дамытады. Елден естігенді санада (жадыда) сақтауға көмектеседі. Еңбек процесінде адам өз білімін ретке келтіреді, керекті білімді керексіз білімнен бөліп, ақылын арттыра түседі» - дейді. Бірақ Абай үшін ақиқаттың критерийі (дәйегі) ─ сайып келгенде практика емес, ақыл-ойдың өзі болып шығады. «Бұдан көсемсіз ел көгермейді, басшысыз ел азады, жер тозады, берекелі жердің көрікті болашағы басшыға, ел ағасына байланысты, сондай-ақ азаматының қадірін біл» - деген тамаша асыл ойлар туындайды.

Абай өз философиясында, адам болам десең бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой - бес асылың көнсеңіз деп өсиет айтады. Өсиеттерінің бірі - бірлік: бірлік алды тірлік, бірлік жоқ болса, оның үстіне күндестік қосылса, адамдардың әлеуметтік күйі құлдырап, төмендей беретінін айта келіп: «Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ. Сапырылды байлығың, баққан жылқың» деп жазды. Қоғамдағы бір жағымсыз, зиянды құбылыс - маскүнемділіктің дерт болып жайылып бара жатқандығын көрегендікпен әшкерелейді. «Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі не пайда, не залалды біле алмай жүр». Абай білімсіздіктің, надандықтың, әлеуметтік ауыр жағдайға алып келетіндігін көрсетеді.

Міржақып Дулатов (1885-1935). Алаш елінің келешегін ойлай келіп, 1909 жылы Уфа қаласында Каримов-Хұсайновтар баспасынан жарық көрген, «Оян, қазақ» дастанын жазды. Бұл шығармасы үшін Патша Өкіметі 1913 жылы оны түрмеге отырғызды, ол түрмеден февраль (ақпан) революциясынан кейін ғана босатылды..

Осы өлеңде Россияның отаршылдық саясатының негізінде қазақтың кең даласы тарылып, оның халқы жерінен айырылып қалу мүмкіндігін ашына жырлайды. Мұнда елге сүйіспеншілік-патриотизм мәселелерін көтереді. Оның айтқандары сол кездегі қазақ азаматтарының көкейтесті, бостандық тілеген ой-армандары еді. Ол 1916 жылы Ұлт азаттық қозғалысқа алып келді, Алаш өкіметін орнатуға мүмкіндіктер жасады.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937). Ақын, лингвист, түркі әлемін зерттеуші,ғалым, талантты аудармашы. Ол қазақтың Тәуелсіз мемлекет құрып, өндірісті дамытып, қалалар салып, мәдениет ошақтарын ашуын, мектептер мен жоғары оқу орындарының жұмысын жолға қоюын, ұлт интеллигенциясын қалыптастыруын армандады. Байтұрсынов: «Біз кейін қалған халық, алға басып жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін білімді, бай, һәм күшті болуымыз керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деді. Демократиялық мемлекет құру үшін. 1. білім; 2. кәсіптік дайындық; 3. байлық; 4. күштілік; 5. ұлт бірлігін ұсынды. Оның тәуелсіздік туралы осы идеялары әлі өзінің құндылығын жоймағанына, ақыл-парасатымызбен, танымдық сезімімізбен бүгін де қайран қаламыз.

Қазақ халқының тағдыры көп толғандырған азамттарың бірі ─ Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920). Дене азығы дегеніміз ─ ғылыми-техникалық прогрестің табыстарын пайдалану. Ар азығы дегеніміз - әділдік. Өзінің талап-тілегі жөнінен Торайғыров бір жағынан Жүсіп Баласағұн, Әбу Насыр әл-Фараби секілді қайырымды қала тұрғындары, әділ әкім халқындағы утопиялық ойды дамытушы. Екіншіден, Жан Жак Руссо, Л. Н. Толстой секілді өркениеттің дамуын көзбен көрген ағартушылар идеясын жалғастырушы, жақтаушы. Жаңа адамзатқа қажетті үйлесімдікті іздеуі ─ игілікті талап етуі. Ол қоғамдағы әрбір өзгерістен үміткер болған, халқының қолын теңдікке, бостандыққа социализм жеткізеді деп сенген. Социализм ақынның кезекті үміті еді. Бұған дейін ол Алаш партиясының мүшесі, хатшы болған. Тәтті тілек, әрбір жаңалық халқыма жақсылық болып оралса деп бар жан-тәнімен тіледі. «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдарында ғасырдан келе жатқан әлеуметтік теңсіздікті әшкерледі.

Басқа да халқының зиялы өкілдері өз шығармаларында халықтың сана-сезімін ояту, әйел теңдігін жақтау, керенаулықтан құтылуды сөз етті. Мұны С.Көбеевтің «Қалың мал» романы, М. Дулаттың «Бақытсыз Жамал» романы, М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімесі терең күрсініспен қозғады.

Мағжан Жұмабаев (1843-1938). Мағжан халық ауыз әдебиетінің сюжеттерін пайдалана отырып, халқымыздың бостандығы үшін күрестегі ерліктерін кейінгі ұрпақтарға мирас еткен, сол арқылы халықтың рухани сезімін оятқысы келген. Мағжан Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасында Қорқыттың адамзат баласы үшін «мәңгілік өмір іздеуі», Мағжанның ел егенмендігі идеясымен сай келеді. Мәңгілік өмірді аңсау ─ адам жаратылысынан келе жатқан арман. «Көлдің суалғысы, гүлдің солғысы келмейді». Бұл табиғи шындық. Бостандық аңсаған халық мақсаттарына жетпей қоймайды. Бұл қажеттілік. Ол: «Қорқыт жан күйзелісін, арман шерін қобыз сарынымен білдірсе, мен өлеңмен аңғартамын, соны түсініп жаныңмен ұқ» ─ деп оқырмандарға кеңес береді. Сондықтан Қорқыт зары ақын мұңымен үндес.

Қазақ халқының қарапайым ой-пікірін алғашқы болып жүйелі философиялық деңгейге көтерген Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931). Ол орыс, араб, парсы, түрік тілдерін тектік білген. Еуропалық қоғамдық ойлармен және орыстың революцияшыл-демократ ойшылдарымен таныс болған. Ол Абайдың қара сөзіндегі ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан 1928 жылға дейін, яғни 30 жыл бойы табанды ізденістің нәтижесінде қазақтың алғашқы жүйелі философиясының жолын салды, «Үш анық» деген еңбегін шығарды.

«Үш анық» деген не?

1. Заттық дүниені ғылыми жолмен тану.

2. Діни ұғымдар, ғажап жағдайларға сену (магентизм, спиритизм, телепатия).

3. Ұждан, былайша айтқанда ынсап, әділет, мейірім деп оны бөліп, адамның моральдық мәселелерін арнайы қозғайды. Ұжданды орысша ─ совесть деп атап келіп, Шәкәрім: «Совесть - жанның тірегі»,- дейді.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 84 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав