Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылыми танымның деңгейі екеу - эмпириялық және теориялық.

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. G. Пайыз мөлшерлемесі мен табыс деңгейі тәуелділігін сипаттайды.
  6. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  7. Ағымдық және жедел жоспарлау
  8. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  9. Абілет және нышан
  10. Абсолютті және қатыстық шамалар

Эмпириялық(тәжірибелік) - адамның тәжірибесіне негізделген. Ғылымның эмпирикалық деңгейінде, ғалым сезім мүшелерінің дүниетану күштілігіне, приборлардың оларды арттыра түсу мүмкіндігіне сүйенеді. Микроскоп нәрселердің аса ұсақ детальдарын көруде көздің қабілетін арттыратындығы соншама, бұған ешқандай жаттығу арқылы жету мүмкін емес. Приборлар сезім мүшелерінің күш-қуатын арттырып қана қоймай, сондай-ақ бізге қабылдаудың қосымша органдарын береді десе де болады. Мысалы, біз радиоактивті сәулелендірудің көбін, магнит өрісін тікелей түйсігімізде сезіне алмаймыз, ал приборлар бұған мүмкіндік береді.

Теориялық деңгейі. Ғылыми зерттеу дегеніміз – проблема қоюдан басталады. Проблема - адам әлі танып - білмеген, бірақ танып - білуі керек нәрсе, құбылыс. Осыған байланысты, соларды түсіндіруге бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір көзқарастың қорытындысын – теория дейміз. Теория абсолютті емес, ол білімнің даму барысында өзгеріп отыратын, относительді түрде ғана аяқталған білім жүйесі. Жаңа теория мен ескі теорияның арасында күрделі қатынастар болады, солардың бірі сәйкестік принципінен көрінеді. Бұл принцип бойынша ескі теориялар жаңа теорияның кейбір шеткі сәтіне айналған кезде ғана жаңа теория өмір сүреді.

Гипотеза(гр Hipotheses- негіз, болжам) - ой қорыту жүйесі арқылы бірқатар фактілер негізінде объектінің байланысы, себептері туралы тұжырым жасалады, алайда оны әбден анықталған деп санауға болмайды. Болжам - объективті дүниенің заңдарына негізделген болашақта не болатыны, қандай жаңалықтар ашылатыны туралы білім.

Егер теория белгілі бір заттың саласын түсіндіруге бағытталса, онда ол танымдық және практикалық реттеушілік - әдістемелік ( методологиялық) қызмет атқарады.

Методология- (әдіс,- сөз, түсінік, ілім) адамның теориялық және практикалық қызметіндегі принциптік жүйелері, ұйымдастыру тәсілі және осылар туралы ілім. Ғылыми таным әдісінің маңызы туралы: жолмен жүрген ақсақ адам да жолсызбен жүгіргеннен озады – деп, Ф. Бэкон әдістерді қараңғы үйдегі шам-шырақпен теңестіреді, ал Лаплас - ғылым үшін ғалымның қолданған әдісін зерттеу, оның керемет жаңалығынан ешбір кем болмайды - дейді.

Ақиқатты ғылыми тұрғыдан танып-білу, тарихи және логикалық әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, бұлардың арасында бірлік пен айырмашылық бар. Тарихи әдіс - дамудың нақтылы тарихи процесін ойша суреттеуді талап етеді. Оның ерекшелігі: оқиғалардың уақыт жағынан жүйелі болып келуі; сан-алуан кездейсоқ құбылыстардың, оқиғалардың сақталуы. Логикалық әдіс - тарихи әдісті түзетудің ерекше әдісі, ол да тарихи әдiс, бірақ тарих жүйелігін бұзатын, тарихи кездейсоқтықтан арылған әдіс, тарихи процесті жинақтап, қорытып бейнелеуге ұмтылады. Сондықтан логикалық тарихи жүйелер жалпы алғанда бір-бірімен дәл келеді. Бұл әдістерді абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу әдістері арқылы құруға болады және керісінше жүруге де болады.


Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 23 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2018 год. (0.008 сек.)